Астана қаласындағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2011 жылғы I жартыжылдыққа арналған талдау есебі




Скачать 282.58 Kb.
НазваниеАстана қаласындағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2011 жылғы I жартыжылдыққа арналған талдау есебі
страница1/2
Дата конвертации17.11.2012
Размер282.58 Kb.
ТипДокументы
  1   2
Астана қаласындағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2011 жылғы I жартыжылдыққа арналған талдау есебі

Әлеуетті салалар

2011 жылғы 1 шілдедегі мемлекеттік басқару органы Мәдениет басқармасының мәдениет ұйымдары желісі бір бірлікке қысқартылды.

Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 қаңтардағы № 27-31 қ Қаулысымен «Конгресс-холл» МКҚК «Мемлекеттік филармония» МКҚК қосылып, қайта құрылды. 2011 жылғы 7 маусымдағы Астана қаласы Әділет департаментінің № 4593 бұйрығымен заңдық тұлғалар тізімдемесіне «Конгресс-холл» МКҚК қызметін тоқтатқандығы туралы жазба енгізілді.

Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 27-260қ Қаулысымен «Астана балет компаниясы» МКҚК «Астана Сазы» МКҚК болып өзгертілді.

Осыған орай, 2011 жылғы 1 шілдедегі мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының Мәдениет басқармасының саласын дамыту бойынша көрінісі мынадай: 1 – 23 кітапхананы біріктіретін «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» МК; 17 – МКҚК; 3 – ЖШС. Оның ішінде:

- кітапханалар – 23;

- театрлар – 6.

- мұражай – 4

-концерттік ұйымдар – 1 (Мемлекеттік филармония);

- мәдени демалыс кәсіпорындары (ғимараттар, орталықтар) – 5;

- цирк – 1;

- кинобейнені жалға беру ұйымы – 1;

- өзгелер – 2 (Дыбыс жазу, Астана Сазы).

2011 жылғы жергілікті бюджет есебінен (анықталған бюджет) бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға мәдениет саласына бөлінген қаржы мөлшерінің көлемі 5274,5 млн. теңге. I жартыжылдықта орындалуы 99,5% құрап, жоспар бойынша 3294257,3 мың теңге болды.
Стратегиялық бағыт бойынша ақпарат

Саланы дамыту Стратегиясы негізінде қызметтің үш стратегиялық бағыты анықталды:

  • Тарихи – мәдени мұраны сақтау мен насихаттау;

- Қаланың мәдениет және өнер саласының бәсекелестік қабілетінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету;

  • Елорданың тұрғындары мен қонақтарының мәдени өмірін байыту.

  • Есептік кезеңде қаланың мәдениет кәсіпорындары аталған бағытпен жұмыс істеді.

1-стратегиялық бағыт. Тарихи- мәдени мұраны сақтау мен насихаттау

Тарихи-мәдени мұраны сақтау аясында Қазақстан Республикасының заңын сақтауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

2011 жылғы 1 наурыздағы Астана қаласы әкімдігі Қаржы басқармасымен бірлесіп «Ескерткіштер мен мүсіндерді Астана қаласының коммуналдық меншігіне қабылдау туралы» № 16-144қ Қаулысын қабылдады.

Тарихи-мәдени мұра объектісін сақтау мақсатында тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланушылар мен иеленушілермен қорғау міндеттемелерін ресімделу аяқталды. Қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінің қорғау міндеттемелерін қажет ететін 35 объектісінің барлығы да 100% жаңа үлгіде жасалынған. 12 археология ескерткішінің бәрінің қорғау міндеттемелері жаңа үлгіде бекітілген. Нәтижесінде, 47 тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау міндеттемелері бар. Аталған стратегиялық бағыт бойынша тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

Жылжымайтын материалдық тарихи-мәдени құндылықтарға кезеңдік тексерістер жүргізіліп, нәтижелері тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау бойынша қалалық комиссия отырыстарында қарастырылды.

2010 жылғы 29 желтоқсандағы Астана қалалық мәслихатының шешімімен бекітілген № 421/55-IV 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасының орындалу барысында мемлекеттік сатып алу бойынша С. Сейфуллин әкімшілік ғимаратына (доктор Благовещенскийдің үйі) - ағаш өнері ескерткішіне жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бюджеттен 43448,0 мың теңге бөлінді. (келісімшарт сомасы 43224,8 мың теңге); жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары осы жылғы мамыр айында басталды.

- ХХ ғасыр басындағы тарихи – мәдени ескерткіш көпес Кубриннің үй-жайына жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына (13 мамыр е.к.) бюджеттен 28900,0 мың теңге бөлінді. (келісімшарт сомасы 28778,0 мың теңге); жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары осы жылғы маусым айында басталды.

- С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің алдындағы Сәкен Сейфуллин ескерткішінің тастұғырын жасау мен орнату жұмыстарына бюджеттен 4840,0 мың теңге бөлінді. (келісімшарт сомасы 4840,0 мың теңге).

Аталған іс-шараларды жүзеге асыру Астана қаласының қалпына келтірілген тарих және мәдениет ескерткіштерінің саны көрсеткішін орындауға мүмкіндік беріп, 2011 жылға арналған жоспарлық мәні 3 бірлікті құрайды.

Бұдан өзге, «XIX ғасырдың соңындағы тарих және мәдениет ескерткіші – бұрынғы мұсылман мектебінің ғимаратын қалпына келтіру бойынша ғылыми-зерттеу және жоба жұмыстары» жобасының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. (мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс е.к 17 мамырда өтті), бұл іс-шараны іске асыруға бюджеттен 9562,0 мың теңге бөлінген. (келісімшарт сомасы 9562,0 мың теңге).

Осыған орай мәдени әлеует, оның ішінде туризмді дамыту, тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау, республика мен елорда абыройын көтеретін мәдени әлеуеті сақталады.

Мұражай заттарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі заманғы өнер мұражайынан 9 бірлікті (7 кескіндеме жұмысы, 2 кенеп) қалпына келтіруге 647,0 мың теңге бөлінді. «АЛЖИР» мұражайында лагерде болған тұтқын- әйелдің сандығы қалпына келтірілді.

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету реестріне сәйкес – әкетілетін және әкелінетін затттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытындыны Мәдениет басқармасы береді. Аталған қызмет түрі – әкетілетін және әкелінетін мәдени құндылықтар бойынша сараптама комиссиясының қорытындысы мен уақытша әкетілетін мәдени құндылықтарға сараптама комиссияның қорытындысы. 2011 жылғы I жартыжылдық бойынша мәдени құндылық болып есептелмейтін әкетілетін заттарға 93 қорытынды ресімделді.

2011 жылғы I жартыжылдықта өткізілген шаралар тарихи-мәдени мұраны насихаттау өз септігін тигізе білді.

«Астана қаласындағы туристердің қызығушылығын тудыратын тарих және мәдениет ескерткіштерінің саны» көрсеткішіне қолжеткізу мақсатында е.к. 15 қаңтарында Халықаралық «Арман-Тур» туристік агенттігінің аудармашы-гидтер мен экскурсия жетекшілері мектебінде оқитын топтар үшін Орыс театрының ғимараты (қала құрылысы мен XIX ғасырдың соңындағы сәулет өнері ескерткіші) мен мұражайында экскурсия ұйымдастырылды. «Атамекен» Қазақстан Картасы Этномемориалдық кешенінде өткен Халықаралық мұражайтанушылар форумы аясында «Ақмола турист» АҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Халықаралық форумда қаланың өзге де туристік агенттіктерінің өкілдері қатысты.

2-стратегиялық бағыт. Астана қаласының мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету

Астана қаласының мәдениет және өнер саласының бәсекелестікке қабілеттілігінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету мәдениет кәсіпорындарының театрлық-концерттік қызметін жақсартуға ықпал етеді.

Музыкалық өнердің барлық жанры репертуар балансын сақтауға мүмкіндік тудыратын Мемлекеттік филармония жарнамасында ұсынылған. I жартыжылдықта 118 концерттік шаралар өткізіліп, 378160 көрерменге қызмет көрсетілді. Симфониялық оркестрдің 8 концерті; «Солистер академиясының» 5 концерті; «Сарыарқа» қазақ ұлттық аспаптар ансамблінің ұлттық вокал солистерінің қатысқан 9 концерт.

Мемлекеттік филармония концерттердің сапасын көтеру мақсатында концерттерді фонограммасыз өткізуге кірісті. Е.к. 24 қаңтарда 70-80 жылдардағы қазақ авторлары мен композиторларының шығармаларын эстрада әншілері фонограммасыз, фортепианоның сүйемелдеуімен орындады.

Астана қаласының Мемлекеттік филармония ұжымының репертуары мен концерттік бағдарламаларының мазмұнын жаңартуға аса қатты мән беріледі. Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында Қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Сары Арқа» фольклорлық ансамблі, халық әндерін орындаушылар қазақтың танымал композиторлары мен авторларының шығармаларымен өз репертуарлары толықтыруда. I жартыжылдықта ұлттық жанр әншілері өз репертуарына 16 жаңа туынды енгізді. Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің репертуары Құрманғазы, Махамбет, Тілендиев, Жұбанов және т.б. шығармаларымен толықтырылды; барлығы 38 жаңа шығарма. «Сарыарқа» қазақ ұлттық аспаптар ансамблі өз репертуарына 15 жаңа туынды; камералық хор 25; ағаш үрмелі аспаптарының квинтеті. Мемлекеттік филармония симфониялық оркестрінің симфониялық музыкадан концерті өтті, репертуар саны – 35. Бағдарламада М. Дунаевскийдің, А. Зацепинаның, Т. Хренникова және басқалардың шығармалары орындалды барлығы - 49 жаңа шығарма. Классика және эстрада жанрындағы солистер бөлімі де өз репертуарларын 37 шығармамен түрлентті. Мемлекеттік филармония ұжымының жалпы репертуарындағы жаңа шығармаларының 2011 жылғы 1 шілдедегі үлесі 11,2% (239 шығарма); 2010 жылғы репертуарға 12,2% құрайды.

Алғашқы қойылымдар деңгейін өткен жылдардағы жетістіктерімізді сақтау мақсатында есеп беру кезеңінде театрларда келесі жұмыстар өтті.

М. Горький атындағы орыс драма театрында 3 қойылым өтті:

е.к. 4 ақпанда театр ұжымы ГИТИС режиссерлік факультетінің түлегі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері А. Эфростың шәкірті - режиссер Дмитрий Горниковпен (РФ, Мәскеу қ.) кездесті. о.ж. 11 ақпанда режиссер француз драматургы Франсис Вебердің пьесасы бойынша «Ақымақпен бірге ішкен кешкі ас» спектаклін қойды.

Тарихи-мәдени мұраны насихаттау аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Әлімбек Оразбеков орыс театрында өзінің алғаш рет орыс тіліндегі «Бір түп алма ағашы» пьесасын ұсынды. Премьера 18 наурызда өтті. Драма Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығының арналған ұлттық театрлардың I фестиваліне қатысуға іріктеліп алынды. Спектакль «Ұлттық драматургияны меңгеру» номинациясы бойынша дипломға ие болды; спектакльдегі Тұрсынның қайынатасы ролін сомдаған актер Денис Анников «Екінші орындағы ең үздік еркек ролі » дипломымен марапатталды.

Е.к. 29 мамырда Н. Коляданың «Amerika for Russia подарила пароход» пьесасының тұсаукесері өтті. Пьеса авторы Ресей және ТМД елдерінің театрларының қызығушылығын арттыратын жаңа драматургия мектебінің негізін қалаушы.

20 наурызда Орыс театрында Гогольдің «Ревизор» пьесасы бойынша «Мұнда бәрі өзіміз...» 100-ші комедиясының көрсетілімі болды.

Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында 2 қойылым өтті.

19 наурызда Макс Фришттің «Дон Жуанның думаны» комедиясы бойынша ҚР Халық әртісі, режиссер Асанәлі Әшімовтың қойылымы көрсетілді.

19 мамырда Е. Жуасбектің «Антивирус» комедиясының тұсаукесері болды.

Қазақ театрында ұлттық театрлардың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған I фестивалінде «Кенесары-Күнімжан» спектаклінің премьерасы қойылып, «Ұлттық драматургиядағы ең үздік жұмыс» номинациясында дипломға ие болды.

Е.к. маусым айында театр Е. Жуасбектің «Терең тамырлар» аллегорикалық драмасының әзірлігіне кірісті.

Жас көрермендер театрында Л. Бернстайнның «Ветстсайд оқиғасы» мюзиклінің премьерасы көрсетілді (17 және 18 ақпан).

«Наз» Мемлекеттік би театры «Нұрғиса» хореографиялық спектаклі мен «Начало войны» және «Достық гүлшоғы» хореографиялық композициясы қойылды.

Көңілді тапқырлар театрының Жеңіс күніне арналған эстрадалық миниатюралық қойылымы болды.

Астаналық циркте «Сфера» әуе гимнастары мен «Испания» аттар акробатикасының премьералық жұмыстары аяқталды. «Бамбук», «Канатоходцы», әуе нөмірлері, фокус және жаңа үш Клоунада репризаларының жаңа қойылымдарына әзірлік аяқталды.

Кәсіби өнердің жаңа туындылардың жалпы репертуарын ұйымдастырудың 2011 жылғы I жартыжылдықтағы үлесі 11,0% құрайды; 2010 жылғы репертуар – 12,0%.

Шығармашылық кеңестің жұмысында театрдың барлық қойылымдарының деңгейін қамтамасыз етуге ықпал ететін репертуарлық саясаттың мәселелері қаралады; декорацияның эскиздері мен спектакльдердің костюмдері және т.б шығармашылық мәселелер талқыланып бекітіледі.

Театрлар өтетін премьералар жөнінде тұрғындарды хабардар ету мақсатында PR-компаниялар ұйымдастырады. Премьера қарсаңында БАҚ пен кездесу-интервьюлер өткізіледі. Мақалалар «Казахстанская правда», «Вечерняя Астана», «Республика.кz», «Инфо-цес», «Литер», «Караван», «ОКО» газеттері мен «Weekend.kz», «Business Women», «Made in Kazakhstan», «Театр. kz» және «Русский век» (Мәскеу қ.) журналдарында жарияланды. Бейнесюжеттер «Астана ТВ», «Қазақстан», «Хабар» Агенттігі, «Мир»ХТРК (Мәскеу қ.), «ЯМАЛ-регион», «7-арна» арналарында көрсетілді.

2011 жылғы I тоқсан бойынша театрларда 553 спектакль көрсетіліп, 7 театрлық қойылым өтті; 5 хореографиялық қойылымдар мен миниатюралар премьералары ұсынылды; театрға келуші көрермендер саны 71500 адам.

Е.к. 10-14 сәуірде Орыс театрының көркемдік жетекшілері Алматы қаласындағы Ғ. Мүсірепов атынд. Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында өткен «Театр режиссурасындағы жаңа әдістеме» XI республикалық практикум жұмысына қатысты. Қатысушылар «Sound Drama» жаңа режиссерлік әдістемесі ұсынылды.

30 мамырда мен 26 маусымда театрдың жас әртістері Ульяна Апрельская мен Евгений Карачаров Звенигород қаласында өткен Ресей Федерациясының театр қызметі одағының V халықаралық жазғы театр мектебінде өткен жас кәсіби әртістерге арналған курсқа оқыды. Бір ай бойы ресейдің Б. Щукин атынд. театр институтының, М. Щепкин атынд. театр институтының педагогтарының басшылығы белгілі театр және кино әртістері сахналық сөйлеу мәнерімен және қимыл-қозғалыс, сайысқа түсу, акробатика, вокалмен, орыс және шетел театрларының тарихымен, актерлік шеберлікпен айналысты. Оқу аяқталғаннан соң Ресей театр режиссерлерінің төрағасы Григорий Дитятковскийдің басшылығымен басты ролде театр әртісі Е. Карачаров ойнаған У. Шекспирдің «Гамлет» спектаклі қойылды. Жазғы мектептің пластикалық жобасында актриса У. Апрельская режиссер Ренат Маминнің қойған «Кинотанец» спектакліне қатысты. Мектептің жабылуында актерлерге Ресей халық әртісі РФ ТҚО төрағасы А. Калягиннің қолы қойылған Ресей Федерациясы театр қызметі одағының V Халықаралық жазғы театр мектебінің аяқтағаны жөнінде сертификаттар табыс етілді.
Халықаралық және республикалық деңгейдегі Астана қаласының мәдениет орталығы ретінде имиджін көтеруге мына іс-шаралар мүмкіндік берді:

  • шетелде елорданың өнер қайраткерлерінің қатысуымен өткен іс-шаралар:

Ақпан айында Мемлекеттік филармонияның «Академия солистері» камералық оркестрі Франция (Париж қ.), Италия (Рим, Неаполь), Иорданияға барған гастролінде 5 концерт өткізді. Концертті 5500 көрермен тамашалады.

Мамырда Мемлекеттік филармонияның камералық хоры Варшава және Белостоке (Польша) қалаларындағы гастроль барысында XXX Халықаралық «Хайнувка-2011» музыкалық фестиваліне қатысты. Ұжым концертке 5000 адам келді. Гастрольдер бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асырылды.



  • шетелдік өнер қайраткерлерінің қатысуымен өткен іс-шаралар:

Е.к. 16 наурызда шетелде білім алып жатқан халықаралық байқаулардың лауреаттары - Ордабек Дүйсен (скрипка, АҚШ, Далас қ.) және Ордабек Динаның (фортепиано, Англия, Лондон қ.) ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған классикалық музыкадан концерт өткізді.

23 мамырда симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Ресей еңбек сіңірген әртісі Граф Муржаның концерті өтті.

10 маусымда симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен дирижер Роберт Гуттердің (АҚШ); солист Марко Скьявоның концерті болды.

2011 жылғы маусымның 24-і мен 26-сы аралығында Астанада Анкара күндері өтті. Түркия өнер шеберлерінің концерті «Қазақстан» ОКЗ өтіп, оған Ferhat Goder, Chiden Tunch, би топтары «Woman Forged», «Man Forged» мен оркестр және басқалар қатысты.



  • байқаулар мен фестивальдар:

29 наурыз бен 1 сәуір аралығында Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» II Халықаралық фестивалі өз мәресіне жетті. Фестиваль екі тур бойынша үш номинациядан құралды: классикалық вокал (әйел адамдар, ерлер), домбыра, дирижерлер байқауы. Әділқазылар алқасында қазақ сахнасының мэтрлері Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Нұржамал Үсенбаева, Алтынбек Қоразбаев, Секен Тұрысбеков, Айтқали Жайымов және басқалар қазылық жасады.
- Қазақстан аумақтары бойынша гастрольдік іс-шаралар:

Ақпан айында Мемлекеттік филармонияның үрмелі ағаш аспаптары квинтеті Павлодар қаласында гастрольдік сапарда болды; наурызда «Сарыарқа» ансамблінің Қызылорда қаласына гастролі; сәуірде классикалық вокал бөлімі Көкшетау қаласында; мамырда «Академия солистері» мемлекеттік камералық оркестрі Атырау қаласында және «Шалқыма» халық би ансамблі классикалық және эстрада вокалымен бірге Ақмола облысына гастрольдік сапармен барды.

«Көңілді тапқырлар театры» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына 20 концерт» жобасын іске асыруда. Ақпанда Тараз, Қызылорда, Ақтауда; наурызда Жезқазған, Сәтбаев, Қарағандыда; сәуірде Павлодар, Семей, Өскеменде; мамырда Алматы қаласында гастрольдік сапармен болды.

Сәуірдің 17-21 аралығында Жас көрермендер театры Павлодар қаласы тұрғындарына 4 спектакль ұсынды. 13 қойылым көрсетіліп, оған 3097 көрермен қатысты.

Қазақ театры Ақтөбе қаласында (12-17 сәуір) 7 спектакль қойылды. 10 қойылым көрсетіліп, осы кезеңде қазақ театрының сахнасында «Алақай» Ақмола қуыршақтар театрының алмасқан гастрольдері өтті.

Орыс театры мамырдың 11-13 аралығында Степногорск қаласындағы «Горняк» орталық мәдениет үйінің сахнасында 3 спектакль (4 қойылым) қойылып, 1962 көрермен қатысты.

Қуыршақ театрының 17 мамырда Көкшетау қаласында гастролі өтті.

«Фестивальдер мен байқауларда берілген жүлделер мен марапаттар» саны:

Е.К. 28 наурызында Орыс театрының актрисасы С. Фортуна Қазақстан театр қайраткерлер кеңесінің республикалық «Еңлікгүл» сыйлығын иеленді. Салтанатты шара Алматыдағы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрдың сахнасында өтті.

24 наурызда Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ театры Шымкент қаласында өткен аймақаралық театрлар фестивалінде Е. Жуасбектің «Сен үшін» спектаклін ұсынды. Екі номинация «Ең үздік спектакль» және «Ең үздік әйел ролі» (театр актрисасы Л. Ханинга-Бекназар) бойынша жеңімпаз атанды.

23-25 сәуірде Мемлекеттік филармонияның камералық қоры «Жұбанов көктемі - 2011» Халықаралық фестивалінде (Ақтөбе қ.) Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

27-28 мамырда Мемлекеттік филармонияның камералық қоры «Хайнувка-2011» XXX Халықаралық музыкалық фестивальде (Польша, Варшава қ.) 1-орынды иеленді.

Е.к. маусым айында Хакасия Республикасында (РФ) өткен этникалық эстрада Халықаралық байқауында Мемлекеттік филармонияның солисі Нұрбол Балапанов Гран-при жүлдесін жеңіп алды; республикалық «Жас қанат» байқауында «Алтын қанат» сыйлығын иеленді.

  1   2

Похожие:

Астана қаласындағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2011 жылғы I жартыжылдыққа арналған талдау есебі icon2012-2016 жылдардағы Абай ауданы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамыту болжамы Кіріспе
Абай ауданы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамыту болжамы (әрі қарай Болжам) 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 Қазақстан...
Астана қаласындағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2011 жылғы I жартыжылдыққа арналған талдау есебі iconАстана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011-2014 жылырға арналған кешенді жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат
Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011-2014 жылырға арналған кешенді жоспары Қазақстан Республикасы...
Астана қаласындағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2011 жылғы I жартыжылдыққа арналған талдау есебі iconОблыс АӨК әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы 1-тоқсандағы қорытындылары және 2 тоқсанға арналған міндеттер туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі индикаторларын орындау мақсатында аудандар...
Астана қаласындағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2011 жылғы I жартыжылдыққа арналған талдау есебі iconҰлан ауданының 2010 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Анықтама
...
Астана қаласындағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2011 жылғы I жартыжылдыққа арналған талдау есебі iconЗайсан ауданының 2010 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама
Зайсан ауданының 2010 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы
Астана қаласындағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2011 жылғы I жартыжылдыққа арналған талдау есебі iconЗайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама Өнеркәсіп
Зайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама
Астана қаласындағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2011 жылғы I жартыжылдыққа арналған талдау есебі iconЗайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама Өнеркәсіп
Зайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама
Астана қаласындағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2011 жылғы I жартыжылдыққа арналған талдау есебі iconСеменовка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері
Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша 2011 жылғы 13 қаңтарда округ халықтардың алдында округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының...
Астана қаласындағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2011 жылғы I жартыжылдыққа арналған талдау есебі iconАқтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған болжамы
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 – 2015 жылдарға арналған болжамы (бұдан әрі – Болжам) Қазақстан Республикасы...
Астана қаласындағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2011 жылғы I жартыжылдыққа арналған талдау есебі iconАягөз ауданының 2005 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Аягөз ауданының 2005 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы экономикалық өсу тенденциясын көрсетеді
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница