2011–2020 жылдарға арналған «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының даму стратегиясы




Скачать 262.24 Kb.
Название2011–2020 жылдарға арналған «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының даму стратегиясы
страница1/2
Дата конвертации16.02.2013
Размер262.24 Kb.
ТипДокументы
  1   2


Қазақстан Республикасының Үкіметінің

«___» _________ 2011 жылғы № ______

қаулысымен бекітілген

2011–2020 жылдарға арналған

«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының даму стратегиясы


Мазмұны











бет




Кіріспе

2

1.

Ағымдағы жағдайды талдау

3

1.1.

Сыртқы ортаны талдау

3

1.2.

Ішкі ортаны талдау

6

2.

Миссия және пайымдау

9

3.

Жұмыстың стратегиялық бағыттары, мақсаттары, негізгі көрсеткіштері және олардан күтілетін нәтижелері

9

3.1.

Стратегиялық бағыт – Қазақстан Республикасындағы зерттеуден бастап ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің енгізілгеніне дейінгі ғылыми-инновациялық циклді толық жүзеге асыру

10

3.2.

Стратегиялық бағыт – Холдингтің активтерін тиімді басқару

15




Қорытынды

17



Кiрiспе
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы (әрі қарай - Холдинг) жарғылық капиталында 100 пайыздық мемлекеттік қатысуымен «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі, «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі, «Зерде» Ұлттық инфракоммуникативті холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» 2008 жылдың 3 шілдесіндегі № 668 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына (бұдан әрі – қаулы) сәйкес құрылған, сондай-ақ, осы қаулыда заңды тұлғалар тізімі мен Холдинг акциясына салу ақысы үшін берілетін акциялардың мемлекеттік үлесі де бекітілген.

Холдингтің 2011-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) мынадай стратегиялық құжаттамаларда көрсетілген Қазақстан Республикасың даму қағидаларына сәйкес келеді:

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылдың 29 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа онжылдықта – жаңа экономикалық даму – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы;

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылдың 6 наурызындағы Қазақстан халқына жолдаған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауы;

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылдың 6 ақпанындағы Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының артуы –мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы;

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылдың 28 ақпанындағы Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» атты Жолдауы, «Қазақстан-2030» Стратегиясы. Қазақстанның жаңа даму сатысындағы біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 ең маңызды бағыттары»;

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылдың 10 қазанындағы Қазақстан халқына жолдаған ««Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы, гүлденуі»» атты Жолдауы;

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылдың 15 мамырындағы «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІІ-ші съезінде «Біздің болашағымыз үшін Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы» атты сөйлеген сөзі;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы» Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 958 «Қазақстан Республикасының 2010–2014 жылдарға арналған үдемелі индустралды-инновациялық дамуы туралы Мемлекеттік бағдарламасы жіне Қазақстан Республикасының Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылуы туралы» Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсанындағы № 1118 «Қазақстан Республикасының 2011–2020 жылдарға арналған білімді дамыту туралы Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 39 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010–2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» қаулысы.

Осы құжат Холдингтің 2011–2020 жылдарға арналған дамуының негізгі стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін белгілейді.

Стратегияда қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру Холдингің қазыналық ұйымдарын тиімді басқару арқылы қамтамасыз етіледі.

Стратегияны жүзеге асырудың нәтижелері бойынша Холдингтің жұмысы бағаланады.

Холдингтің және оның қазыналық ұйымдарының барлық бағдарламалық және жоспарлық құжаттамалары осы стратегияның ережелерін ескере отырып жасалады немесе осыған орай сәйкестендіріледі.

1. Ағымдағы жағдайды талдау

1.1. Сыртқы ортаны талдау
Сыртқы ортаның ғылыми-техникалық және технологиялық факторлары. Экономиканы тұрақты дамытуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын құралдардың алғашқысы инновация мен инновациялық жұмыстар болмақ. Инновация өндірістің техникалық және технологиялық базасының үзіксіз жаңарып отыруын қамтамасыз етеді, бәсекеге қабілетті жаңа өнімді игеруге және өндіруге, тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарығына тиімді енуге ықпал етеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында отандық кәсіпорындардың 5 % жуығы инновацияны әзірлеу және игеру үстінде. Ресейде инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі шамамен 10 % құрайды. Шығыс Еуропа елдерінде олар 40 % дейін қамтылған. Өзінің макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша Қазақстан орта табысты елдер қатарына жатады, алайда KEI (білімді экономикада пайдалану деңгейі) индексі бойынша елімізді халықтың табысы анағұрлым төмен Кения және Моңғолия сияқты елдермен салыстыруға болады. Тұтастай алғанда, сарапшылардың көрсеткеніндей, Қазақстандағы қалыптасқан жағдайды бағалауда еліміздегі инновацияны қолдаудың және енгізудің тиімді жолдарын табу ұлттық инновациялық жүйенің әлсіз тұсы болып қалуда.

Сыртқы ортаның экономикалық және қаржы-шаруашылық факторлары. Инновацияны құрудағы негізгі база ғылыми инфрақұрылымдар болып табылады, бірақ, отандық ғылымның ел экономикасының дамуына ықпал етуі анағұрлым әлсіз, оған себеп жаңа ғылыми технологияларды құру және енгізу үшін қажетті жағдайлардың жасалмауы болып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік реттеулер мен нарық механизмдерінің рационалды үйлестіру керек. Ғылымды, ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстарды тікелей және жанама түрде ынталандырып отыру қажет.

Ғылыми-техникалық дамуларға белгілі бір ықпал етудегі негізгі мәселелердің бірі ғылымның жеткіліксіз қаржыландырылуы болып табылады. Елімізді ғылыми зерттеулерді қаржыландыруда оның жылдық көлемі соңғы бес жыл ішінде ішкі жалпы өнім 0,2-0,3 % ғана құраған. Ал сарапшылардың анықтауы бойынша егер бастапқы қаржыландыру 1 % төмен болса, онда елдің ғылыми-техникалық әлеуеті құлдырауға ұшырайды.

Тағы шешуін таппай отырған мәселенің бірі –Қазақстандағы тәжірибелік-құрастырылымдық жұмыстарды (бұдан әрі – ТҚЖ) ғылымды дамытудың жалпы үлесінде мемлекеттік қаржыландырудың шамалы болуы. Ғылыми-зерттеу жұмыстары (бұдан әрі – ҒЗЖ) құрылымында соңғы жылдардағы іргелі зерттеулердің үлестік мөлшері - 21 %, қолданбалылар үлесі - 71 %, тәжірибелік-құрастырылымдық жұмыстар үлесі - 8 % құрайды. Экономикалық дамыған елдерде, салыстырмалы түрде, түбегейлі, қолданбалы зерттеулер және ТҚЖ үлесі сәйкесінше 20-30-50 % құрайды. Нәтижесінде ғылыми бастамалардың қажетті бөлігі өндіріске енгізуге дайын, аяқталған ғылыми-техникалық өнімге дейін жете алмайды.

Сонымен қатар 2010 жылдың 30 қарашасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуды қолдау бойынша 2010-2014 жылдарға арналған Бағдарламаны бекіту туралы» № 1308 қаулысымен (әрі қарай – инновацияларды дамыту Бағдарламасы) 2015 жылға қарай инновация мен ғылымға мемлекеттік шығындарың жалпы ішкі өнімнің 1 % дейін артуы қарастырылған.

Өндірістік кәсіпорындарда ғылыми зерттеулер бағдарламасы мен инновациялық жоспарлар арасында байланыс жоқ, сондай-ақ өндірістік салаларда инновацияны енгізуге қызығушылықтардың деңгейі төмен. Бұл елдегі шынайы секторға білім берудің жолға қойылған механизмдері болмауына байланысты, сонымен қатар жаңалықтарды енгізу үшін кәсіпорындардағы ынталандыру тетіктерінің болмауы да себеп. Осыған орай, инновацияларды дамыту Бағдарламасы жоғары технологиялық шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

Сыртқы ортаның саяси және құқықтық факторлары. Соңғы уақыттары елдегі басшылар Холдинг жұмысының ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларын ықпал ететін ғылым мен инновацияның дамуына оң әсерін тигізетін бірқатар шараларды қолға алды.

2008-2010 жылдары заманауи зерттеу құрылғыларымен жабдықталған ұжымдық қолданыстағы 5 Ұлттық ғылыми зертхана және жоғары оқу орындарындағы (бұдан әрі – ЖОО) инженерлік жолдағы 15 зертхана ұйымдастырылды.

2011 жылдың 18 ақпанында Мемлекет басшысы ғылым саласы мен ғылыми-технологиялық қызметіндегі қарым-қатынастарды реттеуге, еліміздің ұлттық ғылым жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуының механизмдері мен принциптерін анықтауға бағытталған және ғылымды басқару жүйесінің жаңа моделі қарастырылған «Ғылым туралы» Заңға қол қойды. Аталған Заңға сәйкес тікелей қабылданатын шешімдердің барлығына ғалымдардың рөлі әдейі жоғарылатылған, ғылыми-техникалық сараптамалар жетілдіріледі, зерттеулерді қаржыландырудың жаңа жүйесі енгізілді. Елдің ғылыми-техникалық даму үшін аса маңызды жайт - мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарына инновациялық кәсіпорын құруына құқық беретін тетіктер заң жобасына енгізілген.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік қайта құру және даму Банкімен бірігіп технологияларды коммерцияландыру жобасын іске қоспақ, жобаның мақсаты ғылым жетістіктерін коммерциялық істерге жаратуда тиімді жүйелерді ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін игеру болып табылады.

Республикамыздағы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және диверсификациялауды қамтамасыз ету мақсатында «2010–2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустралды-инновациялық дамуы туралы Мемлекеттік бағдарламасы» 2010 жылдың 19 наурызындағы
№ 958 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұзақ мерзімге бекітілді. Осы бағдарлама аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі салалық бағдарламалар бекітті, соның ішінде, Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу, Қазақстандық қамтуды дамыту, минералды-шикізаттық кешенді, фармацевтикалық, химиялық өндірісті, тау-металлургиялық саланы дамыту бойынша бағдарламалар. Осылайша, Холдингтің қазыналық кәсіпорындарының бай ғылыми әлеуетін есепке ала отырып, оның әлеуетін пайдалануға үлкен мүмкіндіктер ашылады.

Сонымен қатар, Холдинг еліміздің негізгі салалары: мұнай-газ және тау-металлургиялық, геология, агроөнеркәсіптік кешен салаларын технологиялық көшбасшыларға айналдырудың негізін қалауды жылдамдату үшін бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 30 қарашасындағы № 1291 «2020 жылға дейінгі елдің ғылыми-технологиялық дамуының Салааралық жоспарын бекіту туралы» қаулысының іс-шараларын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысады.


1.2. Ішкі ортаны талдау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуі бойынша Холдингтің негізгі жұмысы Қазақстан Республикасындағы ғылыми-технологиялық даму үшін оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында оның жарғы капиталына берілген үлестік қатысулар мен акциялар пакетін, заңды тұлғаларды тиімді басқару болып табылады.

Холдингтің құрылымында 12 ұйым біріктірілген (осы Стратегияның 1-қосымшасына сәйкес сурет 1 – Холдингтің ішкі құрылымы, сурет 2 – Холдингтің жалпы құрылымы), құрылым жұмыстарын мынадай негізгі бағыттарға бөлуге болады:

ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-өндірістік, өнеркәсіптік;

ғылыми-техникалық және тәжірибелік-құрылымдық жобаларды қаржыландыру және басқару;

ғылыми-техникалық ақпараттарды басқару;

білімді ақпараттандыру.

Холдингтің еншілес ұйымдарының қызмет ету сферасы:

көмірсу мен тау-кен металлургиясы секторы және онымен байланысты қызмет көрсету салалары үшін технологияларды жасау және енгізу; техногенді шикізат пен кенді металлургиялық өңдеу мен байыту облысында металл, қоспа және композициялық материалдардың өнідірісі. Аталған сферада алатын нарық бөлігі - 25 %;

биотехнологиялар, ерекше отандық фитодәрілер жасау: биологиялық белсенді заттарды іздеу, дәрілік шикізаттарды өсіру мен оны өңдеуден бастап жаңа фитодәрілеріңң дәрілік формаларының тәжірибе-өнеркәсіптік партияларын өндіруге дейін. Аталған сферада алатын нарық бөлігі - 75 %;

зерттеулер және келесі бағыттар бойынша инновациялық қызметтер: күн және су энергетикасы, фитоэнергетика және энергосақтаушы жарықтаушы техника, жаңа материалдар, спектроскопия және аналитикалық аспап жасау, сұйылтылған орта физикасы және материалдардың ионды-радиационды модификациясы, наноқұрылымдар және нанотехнологиялар, ақпараттық жүйелер және технологиялар, жоғары энергия және ғарыштық сәулелер физикасы, ядролық физика және радиоэкология, ядролық технологиялар және жаңғырмалы энергетика технологиясы. Аталған сферада алатын нарық бөлігі - 20 %;

білім жүйесін жаңартуды қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде сандық білімдік мултимедиа-индустрия құру және дамыту, соның ішінде әдістемелік қамтамасыз ету, қашықтықтан оқыту технологиясы, білімдік қолданбалы бағдарламалық өнімдер, теледидарлық мультимедиялық оқу видеофильмдері, инфокоммуникациялық инфрақұрылым мен бағдарламалық қамтамасыз етуді дамыту. Аталған сферада алатын нарық бөлігі - 50 %;

ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік ресурстарын құру, ғалымдарды ғылыми-техникалық ақпаратпен және тұтынушыларды ақпараттың отандық және шетелдік көздеріімен пайдалануға мүмкіндігін қамтамасыз ету. Аталған сферада алатын нарық бөлігі - 99 %;

сейсмикалық қауіпті, жер сілкіністерін болжау, қатты техногенді және табиғи жер сілкіністерінің салдарын азайту. Аталған сферада алатын нарық бөлігі - 80 %;

гидрогеология және гидрофизика, геоинформатика және табиғи гидрологиялық үрдістерді моделдеу, су ресурстарын қорғау мен кешенді әрі рационалды қолдану, техногенді гидрология, жер асты суларының мониторингі салаларындағы зерттеулер. Аталған сферада алатын нарық бөлігі - 50 %;

минералды-шикізаттық сектордың дамуы және экологиялық мәселелерді зерттеу; келесі салаларда алынған нәтижелерді зерттеу және тәжірибеде қолдану: геология; минерагенин, кен- және мұнайөңдеу; тау-кен және мұнай-газ аудандарын, көмірсутек шикізаттары мен қатты пайдалы қазбалар кен орындарын, геоэкологияны кешенді зерттеу; пайдалы қазбаларды іздеу, барлау мен шығару, геолого-түсіру, іздестіру-бағалау мен іздестіру-барлау жұмыстарын өткізудің методикаларын және әдістерін жетілдіру мен дайындау. Аталған сферада алатын нарық бөлігі - 40 %;

географиялық орта эволюциясының заманға сай заңдылықтарын және республиканың географиялық жүйелерінің табиғи-ресурстық әлеуетінің динамикасын зерттеу; шаруащылық қызметті және климаттың өзгеруін есепке ала республиканың жер үсті суларының режимдері мен ресурстарын бағалау және болжау; қауіпті стихиялық құбылыстардың, табиғи апаттардың және табиғи ортаның қауіпті экологиялық өзгерістерінің қалыптасуының заңдылықтарын анықтау; тұрақсыз экологиялық табиғи-шаруашылық жүйелерді реконструкциялаудың, қоршаған ортаны қорғаудың, табиғатты рационалды пайдаланудың ұлттық және аймақтық бағдарламаларының негізі ретіндегі географилық ортаның жағдайын басқарудың аналитикалық және ғылыми-әдістемелік базасын құру; табиғатты пайдалану саласындағы басқарушы, жоспарланып жатқан және зерттеушілік ұйымдар қызметін геоақпараттық және картографиялық қамтамасыз ету құралдарын құрастыру және жетілдіру. Аталған сферада алатын нарық бөлігі - 75 %.

Холдинг компаниясының құрамында 2091 қызметкер еңбек етеді, соның ішінде 102 ғылым докторлары, 231 ғылым кандидаттары бар.

Холдинг құрамына енетін компаниялар ғылымның әрқилы салаларында ұзақ уақыттар бойы басты ұйымдастырушы болып келеді, соның арқасында кәсіпорындар бәсекеге қабілеттіктің жоғары деңгейі мен көшбасшысы болуына ықпал етуде (осы Стратегияның 2-қосымшасына сәйкес кесте 1 - 2008-2010 жылдарға арналған ғылыми-технологиялық жұмыстар көрсеткіші).

2009 жылы Холдингтің қаржылық-шаруашылық жұмыстарының нәтижесінде 2 744 218 мың теңге табыс әкелді және 3 229 276 мың теңге шығынды құрады. (осы Стратегияның 3-қосымшасына сәйкес кесте 2 – Холдингтің қаржылық-шаруашылық жұмыстарының шоғырландырылған көрсеткіштері). Холдингтің шоғырландырылған табысына түбегейлі және қолданбалы зерттеулерді жүргізу бойынша бюджет көздерінен алынған ұйым табыстары енгізіледі – 70 % және негізгі (қолданбалы зерттеулер) және негізгі емес (жалға беру және тағыда басқалар) жұмыстар бойынша бюджеттен тыс көздер – 30 % болды.

Холдингтің ағымдағы жағдайына SWOT-талдау қорытындысы төменде келтірілген.

Әлсіз жақтары:

бюджеттік қаржыландыруға тәуелділігінің жоғары деңгейі;

Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін коммерциализациялаумен және трансфертпен жүйелі түрде айналысатын тиімді құрылымның болмауы;

ғылыми ұйымдардың ғылыми зерттеу және тәжірибелік құрастырылымдық жұмыстарды (бұдан әрі – ҒЗТҚЖ) коммерцияландыру жолдарында тәжірибесі мен біліктіліктерінің болмауы, инвесторларды іздеу, халықаралық қаржыландыру нарығында қарым-қатынастардың әлсіз болуы, меншіктің технологиялық және интелектуалдық түрлерін түсінбеуі;

Холдингтің құрамына кіретін компаниялардың рентабельділігінің төмен деңгейі және Холдингтің өзінде жеке инвестициялық көздердің болмауы;

негізгі құралдардың тозуы;

аз қаржыландырылған менеджмент.

Күшті жақтары:

Холдинг құрамына кіретін ғылыми-зерттеу институттарының жұмыстарын интеграциялау мүмкіндігі және осының есебінен синергетикалық тиімділікке қол жеткізу;

Компаниялар мен Холдингтің ғылыми қызметкерлерінің жоғары кәсіби деңгейі;

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің, зияткерлік меншікке құқықтың және өндіріске енгізуге технологиялырдың болуы;

серіктестік қатынастардың және отандық, шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен, өндірістік кәсіпорындармен негізгі қызметтер бойынша іскерлік қатынастардың болуы.

Сыртқы қауіп-қатерлер:

жалпы ғылымды қаржыландыру көлемінде ТҚЖ қаржыландыруда мемлекеттік қатысуы аз;

өндірістік салада инновациялар ендіруге қызығушылықтың аз болуы. Өндірістік кәсіпорындарға ғылыми-техникалық әзірлемелерді ендіру үшін тиімді ынталандырулардың болмауы;

халықаралық және шетелдік ғылыми ұйымдар тарапынан бәсекелестіктің күшті болуы;

мемлекеттік тапсырыс беруде шығындар бабы құрылымының нақты шығындармен сәйкес келмеуі.

Мүмкіндіктері:

ғылым мен инновацияны дамытуға ықпал етуге бағытталған мемлекеттік саясатта оңтайлы жағдайлар тудыру;

инновациялық даму кезінде жеке сектор ресурстарын тарту үшін жеке капиталдармен мемлекеттің серіктес болуын дамыту мүмкіндігі;

өзінің ғылыми жұмыстарында коммерциялаудың жеткілікті деңгейде әлеуеттігі бар техникалық және табиғи ғылыми бейімділікті Қазақстанның ғылыми-зерттеу ұйымдарын басқаратын компанияларға Холдингті трансформациялау;

инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірген құрылымдарды біріктіретін орталық болу мүмкіндігі. Холдинг басты ұйым ретінде инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін әкімшілік, ғылыми және өндірістік құрылымдарды топтастырып күшейтуді қамтамасыз ете алады;

ғылыми ұйымдар мен өндірістік кәсіпорындар арасында ұлттық инновациялық жүйеде негізгі біріктіруші күш болу мүмкіндігі;

Холдингтің шағын инновациялық өндірістерді ынталандыру және дамыту үшін ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктердің болуы.
  1   2

Похожие:

2011–2020 жылдарға арналған «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының даму стратегиясы icon2011 жылға арналған «Парасат» ҰҒТХ» АҚ табыстарының шоғырланған табысы
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму Стратегиясына қосымша 5
2011–2020 жылдарға арналған «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының даму стратегиясы icon«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы одан жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ғылым»...
2011–2020 жылдарға арналған «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының даму стратегиясы iconПарасат ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі акционерлік қоғамының 2011 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы №892 Қаулысы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827...
2011–2020 жылдарға арналған «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының даму стратегиясы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «парасат» Ұлттық Ғылыми-технологиялық холдингі ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ
Нұрғалиева Г. К., Ахметова Г. Б. Ақпараттық-білімдік порталдар модераторы іс-әрекетінің әдістемесі. – ҰАО, Алматы. – 52 б
2011–2020 жылдарға арналған «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының даму стратегиясы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1510 Қаулысы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы»
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы
2011–2020 жылдарға арналған «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының даму стратегиясы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «парасат» Ұлттық Ғылыми-технологиялық холдингі ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы терминдер мен оның анықтамаларының қазақ тіліндегі педагогикалық сөздігі
2011–2020 жылдарға арналған «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының даму стратегиясы icon«Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының 2011-2013 жылдарға арналған шикізат, материалдар, электр энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту туралы

2011–2020 жылдарға арналған «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының даму стратегиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Парасат» Ұлттық ғылыми технологиялық холдингі Ұлттық АҚпараттандыру орталығы мультимедиа технологиялары мен «Қазақстан тарихы, 11 сынып»
Мультимедиа технологиялары мен «Қазақстан тарихы, 11 сынып» электрондық оқулығының интерактивтік контентін пайдаланып
2011–2020 жылдарға арналған «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының даму стратегиясы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы төлқұжат
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
2011–2020 жылдарға арналған «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының даму стратегиясы iconҚазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница