«Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың» 2004-2008




Скачать 300.7 Kb.
Название«Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың» 2004-2008
страница1/3
Дата конвертации16.02.2013
Размер300.7 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Источник: справочная правовая система ЮРИСТ, 29.11.2007 15:42:34
«Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың» 2004-2008

жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысы

(2006.08.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 2.6.4-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың" 2004-2008 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi жыл сайын жарты жылдық және жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2004 жылғы 12 сәуiрдегi

405 қаулысымен

бекітілген

2004-2008 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында атом

энергетикасын дамыту» ғылыми-техникалық бағдарламасы

ҚР Үкіметінің 2006.08.06. № 531 қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

1. Бағдарламаның паспорты

     Атауы            Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту

     Әзiрлеу үшiн  негiздеме: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы

    20 тамыздағы № 926 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбiн және атом энергетикасын дамытудың 2002-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар

жоспары (2.6.4-тармақ).

     Бағдарламаның   мақсаты:  Ғылымды қажетсiнетiн ядролық технологияларды, атом      ғылымын, техникасын дамытуға және атом энергетикасының қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған әдiстер мен жүйелердi әзiрлеу.

     Негiзгi      мiндеттерi: Ядролық жарылыстар өткiзiлген және ядролық қондырғылар орналастырылған жерлердегi радиациялық жағдайды сипаттайтын сандық ақпараттар алу. Бiрыңғай мемлекеттiк мониторинг жүйесi шеңберiнде қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң жүйесiн ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының радиациялық қауiптi объектiлерiнiң және аумақтары. ның әсерiнен болатын қатердi азайту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру. Радиоактивтi қалдықтармен (бұдан әрi - РАҚ) жұмыс

iстеу және оларды сенiмдi оқшаулау жөнiндегi ұсынымдар мен технологияларды әзiрлеу.   Қазақстанда атом станцияларын салуды негiздеу жөнiнде техникалық ұсыныстарды әзiрлеу.   БН-350 реакторын iстен шығару жөнiндегi жұмыстарды ғылыми-техникалық сүйемелдеу.   Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi объектiлерiнде қазiргi заманғы экологиялық қауiпсiз технологияларды әзiрлеу.   Ядролық және термоядролық энергетика мен өнеркәсiбiнiң қауiпсiздiгiн және тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi мiндеттердi шешуге бағытталған ғылыми зерттеулердi дамыту. Реакторлар физикасының перспективалы бағыттары бойынша жұмыстар жүргiзу.

  Қазақстанның медициналық және өнеркәсiптiк мақсаттағы изотопты өнiмдерге қажеттiлiгiн

қамтамасыз ету.   Қазақстанның атом өнеркәсiбi үшiн перспективалы материалдар өндiрiсiнiң технологиясын зерттеу және әзiрлеу.

  Халық шаруашылығының әртүрлi салаларына ядролық-физикалық әдiстер мен ғылымды қажетсiнетiн

технологияларды әзiрлеу және енгiзу.   Ядролық сынақтардың геофизикалық мониторингi

жүйесiн дамыту.  Жерасты ядролық жарылыстар өткiзiлетiн жерлердегi жер қойнауының жай-күйiн зерделеу және бағалау әдiстерiн дамыту, РАҚ-ты оқшаулау, ядролық қондырғыларды салу және пайдалану.

  Сақтау мерзiмi өтiп кеткен оқ-дәрiлердi кәдеге жарату және конверсиялау технологияларын әзiрлеу.

  Атом ғылымы, техникасы, энергетикасы мен өнеркәсiбi үшiн кадрлар даярлауда бiлiм беру технологияларын дамыту және жетiлдiру.

     Iске асыру      мерзiмдерi:  2004-2008 жылдар (I кезең - 2004-2006 жылдар) (ІІ кезең - 2007-2008 жылдар)

     Күтiлетiн нәтижелер: Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде мынадай негiзгi нәтижелер алынатын болады:   ядролық және термоядролық энергетика мен өнеркәсiптiң қауiпсiздiгi мен тиімділiгiн арттыру

жөнiндегi әдiстер мен технологиялар әзiрленедi;   реакторлар физикасының перспективалы бағыттары

бойынша жаңа деректер алынады;   ауыр авариялар кезiнде энергетикалық реакторлар жұмысын сипаттайтын есептiк кодтардың верификациясына арналған жаңа экспериментальдық деректер алынады;

  Қазақстанда атом станцияларының құрылысын негiздеу жөнiндегi техникалық ұсыныстар әзiрленедi;

  БН-350 реакторын пайдаланудан шығару жөнiндегi жұмыстарды ғылыми-техникалық сүйемелдеу қамтамасыз

етiледi;   энергетикалық реакторлар элементтерi мен қауiпсiздiк жүйелерiн жобалау үшiн қажеттi

ақпараттық база құрылады; радиоактивтiк қалдықтармен, соның iшiнде пайдаланылған ядролық отынмен жұмыс iстеу жүйесi құрылады; ядролық қондырғылардың жұмыс iстеу циклының барлық кезеңдерiнде қазiргi заманғы экологиялық қауiпсiз технологиялар енгiзiледi;   Бiрыңғай мемлекеттiк мониторинг жүйесi шеңберiнде

радиациялық-қауiптi жерлерде қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингi жүйесi құрылады;

  Қазақстан аумағында радиациялық қауiптi объектiлердi жою жөнiнде жұмыстар жүргiзiледi; ядролық физика және радиациялық материалтану жөнiнде жаңа деректер алынады;   медициналық және өнеркәсiптiк мақсаттағы радиоизотопты өнiмдер өндiру жолға қойылады;   Қазақстан өнеркәсiбiне ядролық және радиациялық технологиялар мен әдiстер әзiрленедi және енгiзiледi;   әлемдiк жүйе құрамындағы ядролық сынақ мониторингiнiң ұлттық жүйесi құрылады;   ядролық жарылыстар жүргiзiлетiн жерлердегi жер

қойнауының жай-күйi туралы жаңа деректер алынады;   Қазақстанның атом саласы үшiн кадрлар даярлайтын

ұлттық жүйе ұйымдастырылады. Атом энергетикасы мен өнеркәсiбiнiң басым бағыттары бойынша мамандар

даярлау және оларды қайта даярлау жөнiнде оқу-әдiстемелiк сыныптар ұйымдастырылады;   атом энергиясын бейбiт мақсатта пайдалану мәселелерi жөнiнде халыққа ақпарат беру және ағарту жүйесi ұйымдастырылады.

     Қаржыландырудың көлемi мен көздерi:  Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджете технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми  зерттеулерге көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттен Бағдарламаны қаржыландырудың қажеттi көлемi 2004-2006 жылдары 2870,3 миллион (бұдан әрi - млн.) теңге, соның iшiнде жылдар бойынша: 2004 жылы - 498 млн. теңге; 2005 жылы - 522,9 млн. теңге; 2006 жылы - 580,9 млн. теңге; 

2007 жылы - 615,8 млн. теңге; 2008 жылы  -652,7 млн. теңгені құрайды. Жыл сайынғы көлем тиiстi бюджеттiк бағдарлама бойынша республикалық бюджетте көзделетiн көлемге сәйкес нақтыланады. Бағдарламаны iске асыру үшiн қосымша тартылатын бюджеттен тыс қаражаттың жоспарланған көлемi оны iске асыру кезеңiне шамамен 1000 млн. теңгенi құрайды.

     Бағдарламаның  әкiмшiсi:   Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi

2. Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 15 мамырдағы № 779 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 21 қаңтардағы № 55 қаулысына сәйкес құрылған "Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрі - ҚР ҰЯО) негiзгi мiндеттерi Семей сынақ полигонын конверсиялау (оның ғылыми-техникалық әлеуетін Қазақстан Республикасы экономикасының мүдделерiне пайдалану); атом энергетикасы, радиациялық экология, ядролық және радиациялық технологиялар, Қазақстан аумағындағы ядролық қаруды сынау зардаптарын жою, проблемаларын шешу үшiн атом ғылымы мен техникасы саласында жұмыс iстейтiн ғалымдар мен мамандардың күш-жiгерiн бiрiктiру болып белгiленген.

Осы мiндеттердi шешу 1999-2003 жылдарға арналған негiзгi тапсырмалар мен көрсеткiштер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 наурыздағы № 235 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстанда атом энергетикасын дамыту" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының шеңберiнде жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған бағдарламаның негiзгi тапсырмалары iске асырылды:

Семей сынақ полигонында (бұдан әрі - ССП) ядролық қаруды сынау инфрақұрылымын жою жөніндегі жұмыстар табысты жүргiзiлдi;

Қазақстанда атом энергетикасының дамуы үшін ғылыми-техникалық және технологиялық база құрылды;

Қазақстан аумағының кейбір учаскелерiнде радиациялық-ластанған жерлердiң картасы әзiрлендi;

радиофармацевтикалық препараттар өндiру ұйымдастырылды;

халық шаруашылығының әртүрлi салалары үшiн бiрқатар ядролық-физикалық зерттеу әдістері әзiрлендi;

қазақстандық мониторинг жүйесiнiң негiзi қаланды (бiрқатар стационарлық сейсмикалық және инфрадыбыстық қадағалау станциялары жаңғыртылды және салынды, Қазақстанда тұңғыш рет нақты уақыт режимiнде дepeктep жинаудың телекоммуникациялық жүйесi жасалды, Ұлттық деректер орталығы функцияларымен Деректер орталығы құрылды);

жерасты ядролық жарылыстары өткiзiлетiн жерлердiң геофизикалық үлгiлерi бағаланды және жарылыстан кейiнгi процестер мониторингiн өткiзу әдiстерi негiзделдi;

ССП геологиялық формацияларын және оларға iргелес аумақтарды олардың РАҚ көму үшiн әлеуетті жарамдылығы бойынша аудандарға бөлу орындалды, перспективалы учаскелердiң бiрiне зерттеу орындалды.

Осы салалардағы жұмыстардың одан әрi дамуы жетекшi атомдық державалардың тәжiрибесiн ескере отырып, алдыңғы қатарлы технологиялар негiзiнде Қазақстандағы атом саласын ғылыми-техникалық қолдау, радиоэкологиялық зерттеулердiң аппаратуралық және әдiстемелiк базасын дамыту, халықаралық қазiргi заманғы талаптар деңгейiнде РАҚ-пен және пайдаланылған ядролық отынмен жұмыс iстеудiң тиiмдi жүйесiн құру, радиофармпрепараттар өндiрудiң ұлттық саласын құру, iрi халықаралық жүйе құрамындағы геофизикалық мониторинг желiсiн одан әрi дамыту болады.

Елдiң табысты дамуының басты қағидаттарының бiрi оның энергетикалық тәуелсiздiгi болып табылады. Органикалық отынның табиғи қорының шектеулiлiгiне, оның салыстырмалы қымбаттығына байланысты, экономикасы дамыған бiрқатар елдерде энергетика негiзiнен атом электр станцияларын салу есебiнен дами бастады. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында өндiрiстiң энергияны қажетсiнетiн өндiрiс салалары қарқынды дамуда, бұл Қазақстан үшiн халық шаруашылығының ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялық саласы ретiнде атом энергетикасын сақтауды және одан әрi жедел дамытуды өте маңызды етедi. Қазақстан үшiн сондай-ақ атом энергиясын бейбiт мақсатқа қолдану саласында өңiрлiк жетекшiлiктi нығайту мен сақтау да аса маңызды. Дамыған атом энергетикасының болуы Қазақстанға ғылымды қажетсiнетiн, жоғары технологиялар иеленетiн ел мәртебесiн бере алады.

Қазақстанның оңтүстiк және батыс өңiрлерi үшiн аса өзектi болып табылатын ұлттық атом энергетикасын жасау және дамыту қазiргi заманғы жоғары технологиялар негiзiнде электр энергиясы мен энергия тасымалдаушылардың импортын алмастыру мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi.

Республикада бұл үшiн қажеттi барлық объективтi алғышарттар бар. Бiрiншi кезекте бұл - атом электр станциялары (бұдан әрi - АЭС) үшiн уран кенiн өндiруден бастап отын таблеткаларын өндiруге дейiнгi қолда бар отындық цикл. Тәуелсiздiк жылдары Қазақстан бұрынғы КСРО шеңберiнде қалыптасқан уран мен реакторлық отын өндiрiсi кооперациясындағы өз орнын сақтады. Екiншiден, атом энергиясын бейбiт мақсатта қолдану жөнiндегi қызметтiң барлық аспектiлерiн реттейтiн, қолда бар заңнамалық және нормативтiк база. Үшiншiден, республиканың ғылыми-техникалық және кадр әлеуетi.

Атом энергиясын пайдалану объектiлерiнiң тиiмдi және қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн жоғары технологиялық деңгейiн дамыту үшiн отандық атом энергетикасы мен өнеркәсiбiн дамыту жөнiнде жұмыстарды ғылыми-техникалық сүйемелдеу қажет.

2004-2008 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту" ғылыми-техникалық бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) осы мiндеттердi шешуге бағытталған.

3. Проблемалық қазіргі заманғы жай-күйін талдау

Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының басты мақсаты нарық жағдайында ел экономикасының тұрақты дамуының негiзiнде халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылады. Отын-энергетикалық кешен экономиканың маңызды, құрылымдық құрамдас бөлiгi, қоғамның және халықтың өндiргiш күштерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етушi өзектi факторлардың бiрi болғандықтан, бұл энергетиканың тұрақты, озық дамуы жағдайында болуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбiн және атом энергетикасын дамытудың 2002-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 тамыздағы № 926 қаулысымен мақұлданған болатын. Тұжырымдамада көрсетiлген мақсаттар Қазақстан Республикасы атом энергетикасы мен өнеркәсiбiн Қазақстан Президентiнiң саланың алдына қойған Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясында қойған мiндеттердi шешуге бағдарлайды. Тұжырымдамада қойылған мiндеттер Қазақстан энергетикасын жоғары технологиялы, ғылымды қажетсiнетiн, серпiндi дамушы салаға айналдыруға бағытталған, ол ел экономикасын жылдам және тұрақты дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруға сенiмдi негiз болар едi. Атом энергетикасы ғылымның соңғы жетiстiктерiн: изотоптардың центрифугалы және лазерлi бөлiнуiн, жаңа композициялы, отындық және құрастырмалы материалдарды, қазiргi заманғы жоғары өнiмдi процессорлар мен компьютерлердiң автоматты басқару жүйелерiн және т.б. күрделi өндiрiс пен жаңа технологиялардың үлкен кешенiн өзiне қамтиды. Атом саласы жетекшi ұйымдарының ғалымдары, мысалы, актинидтер трансмутациясы мен көп жасайтын радионуклидтер сияқты радиоактивтi қалдықтармен жұмыс iстеудiң қағидатты жаңа технологиясын әзiрледi және жақын болашақта қолданысқа енгiзетiн болады.

Бағдарлама Қазақстанда атом энергетикасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының, радиоэкология, таратпау, қолданбалы ядролық физика проблемаларының жалғасы болып табылады. 1993-2003 жылдарға арналған "Қазақстанда атом энергетикасын дамыту" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының негiзгі тапсырмаларын орындау кезiнде алынған нәтижелер көптеген шетелдiк ұйымдардың қызығушылығын туғызды және Америка, Жапония және Европалық Одағымен халықаралық ұйымдары гранттары, келiсiм-шарттары нысанындағы қосымша қаржы инвестицияларын тартуға мүмкiндiк бердi. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бюджеттен тыс қаржыландырылу сомасы 50%-ға жуық болды. Бюджеттен тыс қаражатты тарту аппараттық базаны жетiлдiруге, қолда бар бiрегей стендтердi жаңғыртуға және жаңасын тұрғызуға, геофизикалық станциялар желiсiн кеңейтуге, ҚР ҰЯО қолда бар реакторлы жылдамдатқыш қондырғылардағы радиофармпрепараттар өндiрiсiнiң технологиясын әзiрлеуге мүмкiндiк бердi.

Компьютерлiк парк толығымен қайта жарақтандырылды, зертханалар радиоэкологиялық зерттеулер жүргiзу үшiн қазiргi заманғы жаңа аппаратурамен, (Canberra спектрометрлерi, ORTEC GMX 13180-S германий детекторлары, жылжымалы радиологиялық зертханалар), атомдық қондырғылардың қауiпсiздiгi бойынша зерттеулер жүргiзу үшiн EAGLE, COTELS бiрегей стендтерiмен жарақтандырылды, реакторларды табиғи қорғау жүйелерiн жаңғырту жүргiзiлдi, Қаратау, Ақтөбе, Мақаншы қалаларында ядролық сынақтарды жүргiзудi бақылау жөнiндегi инфрадыбысты және сейсмикалық станциялары пайдалануға енгiзiлдi және жұмыс iстейдi. Семей сынақ алаңының 40%-ға жуық аумағы iрi ауқымды кесте бойынша тексерiлдi. Технеций, таллий, йод үш радиофармпрепараттарының технологиялары жетiлдiрiлдi және өндiрiсi реттелдi.

Қазақстан мен Ресейдiң жоғарғы оқу орындарында ғылыми байланыстың дамуы Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттiк университетiнде "Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар" мамандығы бойынша отандық мамандардың (2001 жылы - 14 адам, 2002 жылы - 12 адам) алғашқы түлектерiнiң бiтiрiп шығуына мүмкiндік бердi.

Проблеманың әлсiз жақтары: осы проблема бойынша шешiмдер қабылдауды кешеуiлдету реакторлық қондырғылар мен үдемелi техника жұмысының тоқтап қалуына әкеп соғады және Қазақстанның атом саласының ғылыми-техникалық және кадр потенциалының дамуына келеңсiз әсер етедi, радиофармпрепараттар өндiрiсiнiң қалыпқа түскен технологиясы бұзылатын болады, сондай-ақ, Қазақстанның халық шаруашылығына арналған ядролық технологиялар әзiрленiмдерi аяқталмай қалады.

Проблеманың мықты жақтары: Қазақстанның атом саласының ғылымды қажетсiнетiн технологияларын, кадр әлеуетiн, ғылыми-техникалық базасын сақтау және одан әрi дамыту.

  1   2   3

Похожие:

«Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың» 2004-2008 iconҚазақстан Республикасында ювенальды әдiлет жүйесiн дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Азақстан Республикасында ювенальды әдiлет жүйесiн дамытудың 2009 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы...
«Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың» 2004-2008 iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың» 2004-2008 icon7. Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытудың
«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының...
«Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың» 2004-2008 iconҚазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген
Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
«Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың» 2004-2008 iconҚазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
...
«Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың» 2004-2008 iconШығыс Қазақстан облысының «электрондық әкімдігін» қалыптастырудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарын ақпараттандыру жөніндегі осы үлгі бағдарлама Қазақстан Республикасында «Электрондық...
«Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың» 2004-2008 iconҚазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Азақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң...
«Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың» 2004-2008 iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 Қаулысы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы»
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
«Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың» 2004-2008 iconҚазақстан республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың

«Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың» 2004-2008 iconҚазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсiбiн дамытудың 2004-2010
Республикасының мұнай-химия өнеркәсiбiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) бекiтiлсiн
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница