Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы




Скачать 332.75 Kb.
НазваниеТехникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы
страница1/3
Дата конвертации16.02.2013
Размер332.75 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы № 215 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 25-26, 186-құжат


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      2) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәлiктер беру жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      3) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      4) нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды тiркеу, қайта тiркеу және де мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң       
2010 жылғы 18 наурыздағы
№ 215 қаулысымен   
бекiтiлген       

Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердiң, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер беру мемлекеттiк қызмет (бұдан әрi - Мемлекеттiк қызмет) болып табылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағы, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-тармағы 14) тармақшасы, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген № 3928 «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердiң кепiлiн тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрiнiң 2005 жылғы 14 қазандағы № 597 бұйрығы негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық инспекциялары (бұдан әрi - Мемтехинспекция) көрсетедi, олардың мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген.
      5. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн тiркеу (бұдан әрi - кепiлдi тiркеу) және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмде көрсетiледi:
      1) өтiнiш берушi қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде;
      2) қажеттi құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берiлген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берiлген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес мемлекеттiк алым белгiленген, ол мыналарды құрайды:
      1) жеке тұлғалардан - 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      2) заңды тұлғалардан - 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      3) машиналар кепiлiн тiркеудi куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергенi үшiн - 0,5 айлық есептiк көрсеткiш.
      Мемлекеттiк баж төлемнiң мөлшерiн және төленген күнiн растайтын түбiртек беретiн Қазақстан Республикасының банктiк ұйымдары арқылы төленедi.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.kz интернет-ресурсында және Мемтехинспекцияларда орналастырылады, олардың мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген.
      10. Мемлекеттiк қызмет сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн жұмыс күндерi көрсетiледi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезекке тұру тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға (күту залы, құжаттардың үлгiлерi қойылған таған), сондай-ақ мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қолайлы жағдайлар жасалады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:
      1) Мемтехинспекцияның қызметкерi беретiн машина кепiлiн тiркеу туралы өтiнiш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) банктiң төлем туралы белгiсiмен тiркеу ақысының енгiзiлгенi туралы құжат;
      4) кепiл туралы шарт немесе кепiлдiң талаптары бар шартты Мемтехинспекцияның қызметкерi бередi;
      5) мемлекеттiк қызмет сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн жұмыс күндерi көрсетiледi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезекке тұру тәртiбiмен жүзеге асырылады. Байланысу мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген. Құжаттарды өкiл ұсынған жағдайда өтiнiшке оның өкiлеттiгiн растайтын құжат (сенiмхат) қоса берiледi.
      13. Бланкiлердi (өтiнiш нысанын) мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген тiркеу орны бойынша Мемтехинспекциялардан немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.kz интернет-ресурсынан алуға болады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi толтырылған бланкiлер, нысандар, өтiнiштер және басқа да құжаттар Мемтехинспекцияның инженер-инспекторына ұсынылады, олардың мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген, ол құжаттарды осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестiгiне тексередi және кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына тиiстi жазба енгiзедi. Ұсынылатын құжаттар осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес келмесе, тұтынушыға құжатты қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талабы бойынша оған құжатты қабылдаудан бас тартудың дәлелдi жазбаша растамасы берiледi.
      15. Құжаттарды қабылдау кезiнде өтiнiш берушiге құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын Мемтехинспекцияның инженер-инспекторы қажеттi құжаттарды қабылдағаны туралы белгi қойылған өтiнiштiң көшiрмесiн бередi.
      16. Куәлiктердi мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген Мемтехинспекция жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейiн көлiк құралдарының иесiне (өкiлiне) жеке қолхатпен бередi.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкiн:
      1) кепiл туралы шарт немесе өзге де шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 307-бабының талаптарына сай келмесе;
      2) осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуi ұсынылмаса;
      3) тiркеу үшiн төлем төленгендiгi туралы құжаттар болмағанда.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн Мемтехинспекцияның мамандары өз қызметiнде:
      1) қарапайымдылық танытуға, өзiнiң лауазымдық жағдайын, соның iшiнде көлiк, сервистiк және өзге де қызметтердi алу кезiнде баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
      2) сыпайы және әдептi болуға;
      3) өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге, олар бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қабылдауға;
      4) тұтынушы құжаттарының сақталуын, қорғалуын және мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге тиiс.

4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. Мемтехинспекцияның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жұмыс тобы бекiтедi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасына наразылықтар болған жағдайда Мемтехинспекция маманының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген аудандық, облыстық және қалалық аумақтық инспекциялар бастықтарының атына немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң төрағасының немесе оның орынбасарының атына берiледi - 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi 36, 703, 702-кабинеттер, интернет-ресурсы: www. minagri.kz; тел. (87172) 555-880, 555-961; факс 555-762; е-mail: tehnika@minagri.kz
      22. Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы, электрондық почтамен не қолма-қол осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес аумақтық инспекциялардың кеңселерi арқылы жұмыс күндерi қабылданады.
      23. Қабылданған шағым мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген аумақтық инспекциялардың ақпараттарды есепке алу журналына тiркеледi және түскен уақытынан бастап 15 күн iшiнде қаралады.
      Шағымдарды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарланады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi 36, 703, 702-кабинеттер, интернет-ресурсы: www. minagri.kz; тел. (87172) 555-880, 555-961; факс 555-762; е-mail: tehnika@minagri.kz

Тракторлардың және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер
мен механизмдердiң, монтаждалған 
арнайы жабдығы бар тiркемелердi  
қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң,
өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы,
мелиоративтiк және жол-құрылыс   
машиналары мен механизмдерiнiң,  
сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы
машиналардың кепiлiн тiркеу және 
мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру
бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету
стандартына 1-қосымша       

Кесте. Сапа және қол жетiмдi көрсеткiштердiң мәнi

Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

100%







1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан көп емес күткен тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%







2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%







2.2. Лауазымды адам құжаттарды дұрыс рәсiмдеген жағдайлардың (жүргiзiлген есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесi)

100%







3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%







3.2. Тұтынушы бiр дегеннен дұрыс толтырған және тапсырған жағдайларының %-ы (үлесi)

100%







3.3. Ақпаратқа интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)

100%







4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiздi шағымдардың %-ы (үлесi)










4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)










4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%







      Көрсеткiштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк қызмет стандарттарының көрсеткiштерiн анықтау бойынша үлгi әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес есептеледi (сайт www.kyzmet.kz).

Тракторлардың және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер
мен механизмдердiң, монтаждалған 
арнайы жабдығы бар тiркемелердi  
қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң,
өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы,
мелиоративтiк және жол-құрылыс   
машиналары мен механизмдерiнiң,  
сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы
машиналардың кепiлiн тiркеу және 
мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру
бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету
стандартына 2-қосымша       
  1   2   3

Похожие:

Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы iconТехникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi...
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы iconТехникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi...
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы iconМемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы iconОблыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
«Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру...
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Негізгі ұғымдар
«Ветеринария саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенттерін бекiту туралы»
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница