Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп. «Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Б. Ахмет Құрсанова Б.Қ




Скачать 62.12 Kb.
НазваниеСырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп. «Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Б. Ахмет Құрсанова Б.Қ
Дата конвертации17.02.2013
Размер62.12 Kb.
ТипДокументы
Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп.


«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі

Б.Ахмет___________ Құрсанова Б.Қ.______

«___»________2010ж. «___»________2010ж.


Сынып сағаты
Тақырыбы: «Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі- Сапарғали Бегалин 115 жаста.»

Сынып жетекші: Татыгужинова К.Қ.


  • АСТАНА-

Сапарғали Ысқақұлы Бегалин-115 жаста.
Мақсаты: Оқушыларға қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі С.Бегалин жайлы мәліметтер бере отырып,жазушының өмірбаянымен таныстыру.шығармашылық жолдары жайлы әңгімелеу.білімдерін толықтыру.Жазушыға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Жазушы,қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Ысқақұлы Бегалин 1895 жылы қараша айының 24 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы, Дегелең ауылында туған.1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз училищесін бітірген.1916 жылы 1-дүниежүзілік соғыс майданының қара жұмысына алынған.

1929-1935 жылдары Дегелең облыстық комитетінің төрағасы,Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі,бөлім меңгерушісінің орынбасары,аудандық халық соты қызметтерін атқарған.Қазақ егіншілік халық комиссариатында,Түріксібтемір жол басқармасында жауапты қызметтерде болды.

1935-1956 жылдары «Темір жолшы»газетінде,Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және Әдебиет институтында,Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті.

Бегалин шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған. Оның «Қазақ қызбозбалаларына»деген тұңғыш өлеңі 1914 жылы «Айқап» журналында басылған. 1916 жылы жазған «Азамат арманы», «Көшер ме тұман серпіліп» деген өлеңдерінде Ресей өкіметі саясатында қарсы ой-пікір білдірген. Кейін бейнелі ой тереңдігімен,лирикалық-романтикалық тоғаныстармен елдегі өзгерістерді,Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қаһармандар тұлғасын,туған жердің сұлу көркін шабыттана жырлаған «Қыран кегі», «Цимлян теңізі»т.б. өлеңдер мен поэмалары жарық көрді.

Жас ұрпақтың өмір тануына,табиғат сырын ұғынуына ықпал етіп,оларды сүю рухында тәрбиелейтін «Көксегеннің көргендері», «Ермектің алмасы», «Сәтжан» «Шоқан асулары» т.б. әңгімелер мен повестер жинақтары, «Заман белестері» атты романы жарық көрді.

Бүгін де ақсақалдың «Балалар жазушысы»деген атағы мәңгілік тарихта қалып Республиканың балалар кітапханасы өз тарапынан жазушының шығармашылығын көпшілік оқырман арасында насихаттаушы көшбасшылардың бірі ретінде оқырмандармен кітапхана көптеген шаралар өткізуде.

Әдия: Қазақ халқының кемеңгер әрі сүйікті жазушысы Сапарғали Бегалиннің есімі елімізде кеңінен танымал.

Сапарғали Бегалин артына мол әдеби мұра қалдырды.

Ол халқымыздың ғасырлар бойы ауызша тараған әңгіме аңыздарын,айтыс-өлеңдерін,шешендік толғауларды жатқа білетін ескінің көзі.Оның үстіне этнограф,әрі тарихшы,қазақ халық ауыз әдебиетінің білгірі және жинақтаушысы.Ол көптеген халық әндерін аңыз ертегілерін,айтыскер ақындардың айтыстарының мәтіндерін жазған.

Риза: Сапарғали Бегалин -әдебиетіміздің поэзия,проза жанрларында тартымды,толымды шығармалар берген көрнекті суреткер.Оның шығармашылық сапарында суреткер қаламынан жиырманың үстінде поэма,оннан астам повесть,жүздеген әңгіме,бір роман,көптеген естеліктер,мақалалар туды.

Жанбота ол сазды лирик,сыршыл ақын.Оның өлеңіндегі басты тақырып-туған жерге деген махаббат,өмірге,тіршілікке деген құштарлық.Талантты аудармашы.Ол Пушкин, Лермонтов және басқа да көптеген орыс классиктерінің шығармаларын қазақшаға аударған.

Бекзат:Т.Г.Шевченко,А.С.Пушкин,М.Ю.Лермонтовтың жекелеген өлеңдерін,Д.Н.Мамин-Сибиряк,Л.В.Соловьевтың кейбір әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне аударды. «Қарагөз», «Көктем», «Бесік жыры», «Ақ көгершін» т.б. 50-ге тарта өлеңдеріне ән шығарылған. Жазушы шығармалары көптеген тілдерге аударылған.Халықтар достығы,екі рет «Құрмет белгісі»ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Аделя Сапарғали Бегалин драматург ретінде де көпшілікке танымал Ол оншақты пьесаның авторы.Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбылдың шығармашылық өміріне арнаған шығармасы. С.Бегалиннің ғалымдық еңбегінің үлкен жемісі.

Рауан: Халық ақындары Иса,Шашубай,Төлеу, Доскей шығармаларын сұрыптап бастырып,олардың тұңғыш өмірбаянын жазған.Тәттімбет,Әміре, Естай, Майра,Қажымұқан тұлғасын кейінгі ұрпаққа танытуда мол еңбек сіңірген де Сапарғали Бегалин.Сапарғали Бегалин 50-ден аса әндерге өлең жазған ақын. Ақтамақ, ақ көгершін сынды әндері халық әніне айналып кеткен Ақынның өлеңдері бойынша М.Төлебаев,Л.Хамиди,Е.Ерзакович,СМұхамеджанов,Е.Рахмадиев сияқты талантты композиторлар ән жазды.

«Ақ көгершін»әнін Рауанның орындауында қабыл алыңыздар.

Ақмаржан: Десек те,ең бірінші Сапарғали Бегалин қазақ балалар әдебиетінің дамуына көп еңбек сіңірген.Оның негізін қалаушы алғашқы көшбасшысы.Оны қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы және классигі деп атайды.

Әлиби: Бүгін де жас ұрпақты Сапарғали Бегалиннің кітаптары оқуға шақырғанда,біз алдымен одан халықтың дәстүрлі тіршілігі тудырған кәсіптердің неше түрлі көріністерін,дала өмірінің сан қилы қызықтарын тамашалауға болатынын еске аламыз.Оның төрт түлік туралы жырлары,ертегі, аңыз,мысалдары балалардың өмір тануына,табиғат сырын түсінуге,жан-жануарлар дүниесін ұғып,сырласуына жол ашады.

Сұлтан: Балаларға арнап жазған өлең,әңгіме,повестері ондап,жүздеп саналады. Сапарғали Бегалин есімін тек қазақ баласына емес,көптеген елдердің балалары арасында да танымал.Оның балаларға арнап жазған кітаптары көптеген ел тіліне аударылған.

Бүгінде ақсақалдың «Балалар жазушысы»деген атағы мәңгілік тарихта қалып Республиканың балалар кітапханасы 1996 жылдан бастап Сапарғали Бегалин есімімен аталады.

Айжан:Жалпы,Сапарғали Бегалиннің балаларға арналған шығармашылығына шолу жасай отырып оны бірнеше топқа бөлуге болады.Бірінші топқа аң аулауды,мергендерді суреттейтін: «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала мерген» деген әңгімелерін жатқызуға болады. Екінші топтағы: «Будан», «Қозышы Нұрман» «Жылқышы» атты поэмалары мал шаруашылығында жұмыс істейтін еңбекшілерді қиын да қажырлы өмірін паш етеді. Ал табиғат қорғау,балалардың жан-жануарларға деген қамқорлығы,қоршаған ортаға деген жақсы көзқарас қалыптастыратын «Жас бұтақ», «Қант бұршақ», «Мектеп бағында» деген әңгімелері тағы бір топқа жинақталған. Жазушы Бегалиннің тағы бір үлкен тақырыбы жас жеткіншектердің кейбір ұнамсыз мінез-қылықтарын,есірткен еркелердің олпы-солпы ұрыншақ мінездерін әшкере етеді, өмірге икемсіздікті мінейді,соларды түзу жолға,жөнге салуға,жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады.

Әнел: Міржақып пен Ахметтің кітаптарын жастығының ішіне тығып сақтап келген Сапарғали жазушы ұлтының рухани мұрасына адалдығын көрсеткен тағы бір сүйсінерлік мінезі осы болса керек.Ол өзінің «Сырым» деген өлеңдерінде былай дейді:

Өмірге түзде туып, қырда өскенмін,

Күңгірт күн күңіренген жылда өскенмін.

Еңбектен ес білгенше балапандай

Тұңғиық тұман басқан күн кешкенмін.

Қарманып,қараңғыда күнді іздегем,

Сырымды сұрапыл жел білгізбеген,

Өкпені өрде өшіріп алқынғанмен,

Тар заман күнгейіне кіргізбеген,

... Тозаңға топтан қалмай ілескенмін.

Бәйгесін бостандықтың құрбылармен

Бірге алып, бірге бөліп үлескенмін.

Сол бәйгем алтын шоқты айдарымдай,

Заманда адамдықтың майданындай,

Желпілдеп жел естіртіп айдарымнан

Міне, мен жеттім заман айғағындай.

Бұл өлеңде суреткер өз өмірінің негізгі кездерін,ізденісін тап басып тауып айтқан.С.Бегалин өз өмір жолында өзі білген жақсы мінезін,сырын,ақылын,даналығын бойына жинай беріпті.Өзін де өзгені де байытар рухани мол күш жинапты. Міне,шежіре адамның өмірі қандай қызық болса,шығармашылығы да сондай қызық.

Сапарғали Бегалин 1983 жылы дүниеден өтті.
Міне, осындай көрнекті жазушы,ақын,тарихшы,этнограф,зерттеуші Сапарғали Бегалиннің туғанына биыл 115 жыл толады.Еліміздің жас жеткіншектері осындай тамаша жазушының шығармашылығын білулері керек.

Жазушының еңбектері өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы» әдістемелік құралы шықты.

Бүгін біз де өзіміздің кітапханада жазушының туған күніне орай дайындаған сынып сағатымызды өткізіп жатырмыз.
Құрметті балалар, халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп бүгінге жеткізген ардақты ақсақал Сапарғали Бегалин-біздің алтын сандығымыз.Ол сандық ашқан сайын көз қызықтырып,көңілімізді өсіреді.Осы игілікті іске сәт –сапар тілейміз.

Жазушы,қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Ысқақұлы Бегалин 1895 жылы қараша айының 24 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. Сапарғали Бегалиннің туғанына биыл 115 жыл толады.Еліміздің жас жеткіншектері осындай тамаша жазушының шығармашылығын білулері керек.

Осы орайда 4 «ә» сыныбы «Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі- Сапарғали Бегалин 115 жаста.» атты сынып сағатын мектеп кітапханасында өткізді.Балалар жазушының өмірбаянымен танысып, оның шығармашылық жолы жайлы біраз мағлұматтар алды.Мектеп бағдарламасында өткен шығармаларын атап өтті.Сынып сағатынан балалар үлкен әсер алды.Болашақта Сапарғали Бегалиннің әңгімелерін оқып,білуге ат салысатындарын айтты.

Похожие:

Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп. «Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Б. Ахмет Құрсанова Б.Қ icon2003ж. Қалалық мектеп мұғалімдерінің педагогикалық оқу байқауының
«Логика»сабақтарында қолдануда. Педагогикалық еңбек жолының 22 жылының 14 жылын оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыстанды және №28...
Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп. «Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Б. Ахмет Құрсанова Б.Қ iconСырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ж.Қ. Утебаеваның 3 «Б» сынып оқушыларымен өткізген тәрбие сағыты

Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп. «Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Б. Ахмет Құрсанова Б.Қ iconҰлыстың ұлы күні-әз Наурыз! Мұғалімнің сөзі
...
Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп. «Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Б. Ахмет Құрсанова Б.Қ icon"Келісемін" "Бекітемін" Эстетика және дене тәрбиесі Ә. Ж. №37 орта мектеп директоры
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын спортпен шұғылдануға және дене тәрбиесі сабағына еліктеу
Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп. «Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Б. Ахмет Құрсанова Б.Қ iconБекітемін: келісемін: Мектеп директоры: А. Мәдибаев мкк төрайымы А. Мырзағазина
Осы ереже Қр еңбек кодексіне және мектеп- жарғысына сай құрастылған, қызметкерлер мен әкімшілік ішкі еңбек тәртібін анықтайды және...
Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп. «Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Б. Ахмет Құрсанова Б.Қ iconАстана қаласы №37 Сырбай Мәуленов атындағы орта мектеп
Сабақтың мақсаты: Оқушылар бойына өзінің ұлтына,достарына,ата-анасына,табиғатқа деген ізгілік ниеттерін қалыптастыру. Имандылыққа...
Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп. «Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Б. Ахмет Құрсанова Б.Қ icon«Бекітемін» Мектеп директоры: Ш. Байжанова №148 қазақ орта мектебінің 2011-2012 оқу жылына арналған
Атап айтатын болсақ 5-11 сыныптардағы білім сапасының қорытындысы өткен оқу жылында 69,4 болса, биыл 71,1% болып отыр
Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп. «Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Б. Ахмет Құрсанова Б.Қ icon№41 орта жалпы білім беретін мектеп бекітемін мектеп директоры
Бағдарламаны жасақтағандар: №41 орта жалпы білім беретін мектептің пән мұғалімдері
Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп. «Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Б. Ахмет Құрсанова Б.Қ iconБекітемін: Мектеп директоры: Б. Сыздық №46 А. С. Пушкин атындағы
Оның 150 жоғары білімді, аяқталмаған жоғары, 22 арнаулы орта білімді мамандар. Сапалық құрамына келсек 1-і жоғары, 49-ы І санатты,...
Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп. «Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Б. Ахмет Құрсанова Б.Қ iconБекітемін: Мектеп директоры: Б. Сыздық №46 А. С. Пушкин атындағы
Оның 150 жоғары білімді, аяқталмаған жоғары, 22 арнаулы орта білімді мамандар. Сапалық құрамына келсек 1-і жоғары, 49-ы І санатты,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница