Сыйлықтар ережесі ғылым және техника саласындағы жас ғалымдардың ең үздік зерттеу жұмыстары мен жеткен жетістіктері үшін




Скачать 67.66 Kb.
НазваниеСыйлықтар ережесі ғылым және техника саласындағы жас ғалымдардың ең үздік зерттеу жұмыстары мен жеткен жетістіктері үшін
Дата конвертации17.11.2012
Размер67.66 Kb.
ТипДокументы
СЫЙЛЫҚТАР ЕРЕЖЕСІ

ғылым және техника саласындағы жас ғалымдардың ең үздік зерттеу жұмыстары мен жеткен жетістіктері үшін
1. Жалпы ереже
1.1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық Қорының Қазақстан Республикасының ең дарынды жас ғалымдары мен мамандарына арналған жыл сайынғы сыйлықтары (бұдан әрі – сыйлықтар) төмендегі ғылыми бағыттардың бірі бойынша ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын жас ғалымдар мен мамандардың шығармашылық қызметін ынталандыру мақсатында белгіленеді:

(01) Физика, математика, инженерлік ғылымдар.

(02) Экология, Жер туралы ғылымдар, ауыл шаруашылығы ғылымдары.

(03) Химия, технология, техника ғылымдары.

(04) Медицина және биология.

(05) Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар.

(06) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуындағы рөлі туралы.
1.2. Сыйлықтар жыл сайын жаратылыстану ғылымдары саласындағы ең мәнді жетістіктер – жаңалықтар, өнертабыстар, әзірленген және сынақтан өткізілген жаңа технологиялар, теориялық және іс-тәжірибелік үлкен маңызы бар жекелеген ғылыми еңбектер, біртұтас тақырыптағы ғылыми еңбектер тізбектері үшін; ізгілік ғылымдары саласында – теориялық және іс-тәжірибелік үлкен маңызы бар, зерттеулердің жаңашылдығымен және өзектілігімен ерекшеленетін, Республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалдасатын еңбектер үшін беріледі.

1.3. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры»ҚҚ әзірлейтін ғылым және техника саласындағы жас ғалымдардың ең үздік зерттеу жұмыстары мен жеткен жетістіктері үшін сыйлық тағайындау шарасы байқау негізінде өткізіледі.

2. Байқау шарттары
2.1. Байқауға өзекті ғылыми мәселелерді шешу бойынша зерттеулер жүргізуге белсенді ат салысып жүрген, байқау өткізілетін жылы 40 жастан аспаған жас ғалымдар, PhD докторанттар, ғылым кандидаттары мен докторлары қатыса алады.

2.2. Сыйлықтарды алу үшін соңғы бес жылда, соның ішінде байқау жарияланған жылдың алдындағы жылы іске асырылған, ғылыми жұртшылықтың арасында кеңінен танылған, Қазақстан Республикасындағы оқу орындарында, ұйымдардың ғылыми кеңестерінде (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) жан-жақты талқылаудан өткізілген, жарияланған еңбектер ұсынылады.

2.3. Сыйлықтарды алу үшін ұсынылатын еңбектер олардың нәтижелері еңбектерді қабылдау мерзімі өткенге дейін кем дегенде бір жыл бұрын іс-тәжірибеде жүзеге асырылған болса қабылданады.

2.4. Бұрын Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы Мемлекеттік сыйлығын және республикалық бюджеттен төленетін басқа сыйлықтарды, сондай-ақ шетелдік мемлекеттердің сыйлықтарын алған еңбектер осы сыйлықты алуға арналған байқауға қатысуға жіберілмейді.

2.5. Байқаудың жеңімпаздарын айқындауды Байқау комиссиясы айқындайды, оның құрамын «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық Қоры бекітеді.

2.6. Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан құралуға тиіс. Комиссияның отырыстары оның құрамының кем дегенде 2/3 бөлігі қатысып отырғанда толық құқылы деп саналады.

2.7. Байқау комиссиясының құрамына тиісті бейіндегі мамандар кіреді, олар тұрғылықты жері мен жұмыс орнының қандай екенінен тәуелсіз, белсенді жұмыс істеп жүрген ғалымдар қатарындағы жоғары білікті, үздік құзырлығы әрі әділдік қасиеттерімен қатар кең ауқымды дүниетанымы бар, ғылыми және адамгершілік адалдығымен ерекшеленетін мамандар ретінде танылған болуға тиіс.

Байқау комиссиясының мүшелерін Қор тараптардың келісуі бойынша ақысыз негізде немесе ақылы негізде (келісім бойынша) тартуы мүмкін.

Ақылы негізде жұмыс істейтін ғылыми сарапшылар ретінде тартылатын адамдарды таңдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2.8. Байқаудың қорытындысы бойынша шешім жасырын дауыс беру жолымен қабылданады. Грант отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің дауыстарының кем дегенде 3/4 бөлігін жинаған қатысушыға беріледі.

Комиссияның шешімдері хаттамамен рәсімделеді.

2.9. Байқау қорытындысы бұқаралық ақпарат құралдары мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының веб-сайтында жарияланады.

2.10. Байқаудың жеңімпазына «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, лауреаттың дипломы, төсбелгісі және ақшалай сыйлық тапсырылады.

2.11. Премияның мөлшері, саны, сондай-ақ байқау бағыттары Қормен құрылады.

3. Еңбектерді ұсыну тәртібі

 

3.1. Қордың сыйлығын алудан үміткер еңбектерді ұсыну құқығы, меншік нысанының қандай екенінен тәуелсіз, Қазақстан Республикасының білім беретін және басқа да ұйымдарының (бұдан әрі – ұйымдар) ғылыми кеңестеріне (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) беріледі; Қордың сыйлығын алудан үміткер еңбектерді ұсыну туралы шешім сыйлықты алудан үміткер еңбек іске асырылған ұйымдарда белгіленген тәртіпте қабылданады.

3.2. Сыйлықтарды алуға арналған еңбектерді ұсыну ақпараттық жариялылық қағидаларына негізделіп іске асырылуға тиіс, бұл төмендегілерден көрінеді:

  • ұсынылатын еңбек пен оның авторлары туралы ақпараттың жұртшылық үшін ашық болуы;

  • ғылыми-техникалық қауым еңбекті ұсыну бойынша көзделіп отырған талқылаулар мен шешімдер туралы хабардар етілуі;

  • еңбектің ұсынылуына қоғамдық бақылау жасалуын жүзеге асыру.

Сыйлықтарды алу үшін ұсынылып отырған зерттеулер мен әзірленімдердің нәтижелерін өздерінде қолданатын ұйымдардың өкілдері еңбектерді талқылауға міндетті түрде қатысуға тиіс.

3.3. Қордың сыйлықтарын алудан үміткерлер ретінде жеке авторлар, авторлық ұжымдар (көп дегенде 3 адам) – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жас ғалымдардың еңбектерін ғана ұсынуға болады. Әр авторлар немесе авторлық ұжымдар байқауға тек бір ғана еңбекті ұсынуға құқығы бар.
4. Еңбектерді рәсімдеу мен ұсыну тәртібі
4.1. Ғылым және техника саласындағы жас ғалымдардың ең үздік зерттеу жұмыстары мен жеткен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының сыйлығын алудан үміткерлерге еңбектерін ұсыну, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында қыркүйек айында жарияланғаннан бастап ағымдағы жылдың 10 қарашасына дейін қабылданады.

4.2. Байқауға төмендегі құжаттар ұсынылады:

1) Өтініш (Қосымша №1)

2) ғылыми еңбектің сипаттамасы (20 парақтан аспауға тиіс), онда еңбектің мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңашылдығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың мәнділігі және ғылымның әлемдік деңгейіне сәйкестігі, оларды келешекте пайдалану мүмкіндіктері.

Сипаттамаға тақырыптық парақ (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) қоса тіркеліп, еңбекті ұсынып отырған ұйымның атауы, еңбектің атауы, үміткердің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, үміткердің қолы қойылады;

3) қысқаша аннотация (2 бетке жазылған), онда төмендегі мәлімет болуға тиіс: беттік жағында – еңбектің мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылған атауы: ұсынып отырған ұйымның толық атауы; автордың тегі, аты, әкесінің аты, оның жұмыс істейтін жері, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы; сыртқы бетінде – еңбектің қысқаша мазмұны және алынған нәтиженің маңызы, еңбектің авторының қолтаңбасы;

4) ұсыныс-негіздеме, ұйымның басшысы қол қояды (ресми бланкте), еңбектің (еңбектер тізбегінің) ғылыми өзектілігі, Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін оның маңызы көрсетілуге, сондай-ақ үміткердің ғылыми қызметіне қысқаша сипаттама берілуге, сонымен қатар еңбек ұсынушының аталмыш байқауға қосқан зерттеу жұмысының ерекшелігі немесе негізгі үлесі көрсетілуі тиіс. Авторлық ұжымның байқау өтініші болған жағдайда, қосымша әрбір автордың аталмыш байқауда көрсетілетін зерттеуге үлесін көрсетіңіз;

5) алқалы органның отырысының хаттамасынан үзінді көшірме, еңбекті ұсынған ұйымның мөрімен куәландырылуға тиіс;

6)  негізгі ғылыми еңбектердің тізімі (соңғы 5 жылғы), үміткердің негізгі жұмыс орнындағы ұйымның мөрімен куәландырылуға тиіс;

7) еңбекті ұсынған ұйымнан алынған анықтама, оның басшысы қол қоюға, мөр арқылы куәландырылуға тиіс, ол байқауға ұсынған еңбектің (еңбектер тізімінің) байқау шарттарының 2.4.-тармағында аталған сыйлықтарды бұрын иеленбегенін куәландырады.

8) ұйымның жас ғалымдар Кеңесінен ұсыныс хат;

9) жеке бас куәлігінің көшірмесі;

10) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;

Барлық құжаттар бір данадан, нөмірленген түрде ұсынылып, тігіледі және қолтаңбамен куәландырылады.

2,3,4,6 т құжаттарды автор баспа немесе электронды үлгіде көрсетеді.

4.3. Байқауға қатысушы дайындаған байқауға қатысу туралы өтінім Қор айқындаған пішінде, мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі.

Байқауға мынадай өтініштер жіберілмейді:

- Ережемен белгіленген тәртіптерге сәйкес келмеген жағдайда;

- Байқауға бағытталған өтініштердің қабылдау уақытынан кешігіп жіберілген жағдайында.

- Байқауға қатысу үшін өтініштер электронды пошта немесе факс арқылы қабылданбайды.

4.4. Авторларға байқау өтініштерінде болған өзгерістер туралы хабарланбайды;

4.5. Авторларға байқау өтінішімен жіберілген материалдар қайтарылмайды.
Өтініштер мен құжаттарды қабылдау мекен-жайы:

050059, ҚР, Алматы қаласы, Махатма Ганди көшесі,10.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры»ҚҚ

Электронды пошта: e-mail: сму@fpp.kz.

Похожие:

Сыйлықтар ережесі ғылым және техника саласындағы жас ғалымдардың ең үздік зерттеу жұмыстары мен жеткен жетістіктері үшін icon«Үздік мектептен тыс мекеме» байқауының ережесі «Үздік мектептен тыс мекемел»
Байқауға қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдардың барлық түрлері қатысады. Оқушылар Сарайы (Үйі), жас техниктер, табиғатшылар,...
Сыйлықтар ережесі ғылым және техника саласындағы жас ғалымдардың ең үздік зерттеу жұмыстары мен жеткен жетістіктері үшін icon8 701-185-15-62 Астана қ
«Жетіген» команда құрамында «Мақал-сөздің мәйегі» ғылыми байқауында 1 орын, оқуда жеткен жетістіктері мен маб сәтті тапсырғандығы...
Сыйлықтар ережесі ғылым және техника саласындағы жас ғалымдардың ең үздік зерттеу жұмыстары мен жеткен жетістіктері үшін iconҚазақстан Республикасы Ғылым және техника, әдебиет және өнер
Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйақысы (ары қарай – Мемлекеттік сыйақы және мелекеттік сыйақылар) ғылым,...
Сыйлықтар ережесі ғылым және техника саласындағы жас ғалымдардың ең үздік зерттеу жұмыстары мен жеткен жетістіктері үшін iconҒылым комитеті ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты
Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Отан тарихы және мәдени мұралардың өзекті мәселелері» атты жас тарихшы ғалымдардың...
Сыйлықтар ережесі ғылым және техника саласындағы жас ғалымдардың ең үздік зерттеу жұмыстары мен жеткен жетістіктері үшін iconС. Ж. Асфендияров атындағЫ
ОҚу жылына арналған студенттер жас ғалымдардың Ғылыми-зерттеу жұмысының жоспары
Сыйлықтар ережесі ғылым және техника саласындағы жас ғалымдардың ең үздік зерттеу жұмыстары мен жеткен жетістіктері үшін iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы
Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы...
Сыйлықтар ережесі ғылым және техника саласындағы жас ғалымдардың ең үздік зерттеу жұмыстары мен жеткен жетістіктері үшін iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. «Сырдария»
«Адам физиологиясы мен жас физиологиясы негіздері» пәні бойынша. „Дене тәрбиесі және спорт” 050108 мамандығының студенттері үшін
Сыйлықтар ережесі ғылым және техника саласындағы жас ғалымдардың ең үздік зерттеу жұмыстары мен жеткен жетістіктері үшін iconЖҰМАҒҰлов бақытжан тұрсынұЛЫ
Инженерлік академиясының, Нью-Йорктік ғылым академиясының (АҚШ), ғылым, техника және білім саласындағы Қр мемлекеттік сыйлығының...
Сыйлықтар ережесі ғылым және техника саласындағы жас ғалымдардың ең үздік зерттеу жұмыстары мен жеткен жетістіктері үшін icon«Қазақстан республикасындағЫ Ғылыми ұйымдар мен жоғАРҒы оқу орындарындағы ең Үздік жас ғалымдар кеңестеріне» жарияланған байқау ережесі
Осы ереже байқаудың тәртібі мен байқаудың өтетін мерзімін анықтап, Қазақстан Республикасындағы ғылыми ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарынан...
Сыйлықтар ережесі ғылым және техника саласындағы жас ғалымдардың ең үздік зерттеу жұмыстары мен жеткен жетістіктері үшін iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай анықтамалығының (бтба) «Тұрмыстық қызмет саласындағы жұмыс» бөлімі тұрады еңбекті...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница