Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң көтермелеу түрлерiн бекiту туралы




Скачать 78.98 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң көтермелеу түрлерiн бекiту туралы
Дата конвертации20.02.2013
Размер78.98 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң көтермелеу түрлерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 1-1-2/327 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2002 жылғы 24 қаңтарда тiркелдi. Тiркеу N 1734
"Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлер Бюллетенi", 2002 ж., N 12, ст.559




Сала қызметкерлерiн көтермелеу және Қазақстан Республикасында туризм

дамуын ынталандыру мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң

мынадай көтермелеу түрлерi бекiтiлсiн:

"Қазақстан Республикасы туризмiнiң құрметтi қызметкерi" төс белгiсi;

"Қазақстан Республикасында туризм дамуына сiңiрген еңбегi үшiн" төс

белгiсi;

"Қазақстан Республикасының құрметтi туризм нұсқаушысы" төс белгiсi;

Құрмет грамота;

Алғыс.

2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Туризм және спорт

жөнiндегi агенттiгiнiң көтермелеу туралы Ереже бекiтiлсiн.

3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен мезеттен бастап күшiне

енедi.

4. Қаржы және экономика бөлiмi (Г.С. Әлiмбекова) белгiлердi және осы

көтермелеу түрлерiне сәйкес куәлiктердi әзiрлеу мен дайындау үшiн қаражат

бөлсiн.

5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның орынбасары

Е.С. Никитинскийге жүктелсiн.

Төраға


Қазақстан Республикасы Туризм
және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң

2001 жылғы 20 желтоқсандағы

     № N 1-1-2/327 бұйрығымен бекiтiлген

               Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
               жөнiндегi агенттiгiнiң көтермелеу туралы
                               ЕРЕЖЕСI

                          1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) көтермелеу туралы Ереже сала қызметкерлерiн көтермелеу және Қазақстан Республикасында туризм дамуын ынталандыру мақсатында әзiрлендi.
      2. "Қазақстан Республикасы туризмiнiң құрметтi қызметкерi" төс

белгiсiмен марапаттау;

"Қазақстан Республикасында туризм дамуына сiңiрген еңбегi үшiн" төс

белгiсiмен марапаттау;

Агенттiктiң Құрмет грамотасымен марапаттау;

Алғыс жариялау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi

агенттiгiнiң көтермелеулерi болып табылады.

3. Төс белгiсi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларынан

төмен, кеуденiң оң жағына тағылады.

4. Кеуде белгiсiмен қайталап марапаттау жүргiзiлмейдi.

2. "Қазақстан Республикасы туризмiнiң құрметтi қызметкерi"

төс белгiсiмен марапаттаудың шарттары

5. Төс белгiсiмен туризм саласының үздiк қызметкерлерi:

- халықаралық талаптарға сай туризмдi ұйымдастырудағы және дамытудағы

елеулi табыстары;

- аймақтық, республикалық және халықаралық бағдарламаларды және

жобаларды iске асырудағы жетiстiктерi;

- туризмдi дамытудың өзектi мәселелерi бойынша зерттеулерi мен

жұмыстары;

- кәсiби бiлiктiлiгiн арттырудағы табыстары;

- халықаралық, республикалық, аймақаралық туристiк және спорттық

iс-шараларға белсендi қатысқаны;

- Қазақстан Республикасында туризмдi дамытуға қосқан қомақты үлесi,

туризмнiң бiлiктi кадрларын даярлауға белсендi қатысқаны үшiн

марапатталады.

6. "Қазақстан Республикасы туризмiнiң құрметтi қызметкерi" төс

белгiсiмен туристiк салада кемiнде 5 жыл қызмет өтiлi және тәжiрибесi бар

қызметкерлер марапатталады.

3. "Қазақстан Республикасында туризм дамуына сiңiрген еңбегi

үшiн" төс белгiсiмен марапаттаудың шарттары

7. Төс белгiсiмен үздiк қызметкерлер:

      - қаржы - шаруашылық қызметтi ұйымдастырудағы туризмнiң материалдық-техникалық және экспериментальды-өндiрiстiк базасын дамытудағы және нығайтудағы табыстары;
      - туристiк қызметке қазiргi заманғы нысандар мен жұмыс тәсiлдерiн, интерактивтi технологияларды, ұйымдық техниканы және электронды байланысты енгiзгенi;
      - туризм саласындағы еңбек жетiстiктерi мен туризмнiң барлық түрлерiн дамытудағы еңбегi;
      - туризм саласындағы нормативтiк құқықтық базаны даярлауға қатысқаны және оны iске асырғаны;
      - Қазақстанның туристiк беделiн құру жөнiндегi ақпараттық, жарнамалық

жұмыстары, келу және iшкi туризмдi дамытудағы, туризмдi насихаттаудағы

және тұрғындарды туризмге тартудағы жетiстiктерi;

- Туристiк қызметтер көрсету және оларды жетiлдiру жөнiндегi туристiк

қызметтiң ең үздiк көрсеткiштерi үшiн марапатталады.

8. "Қазақстан Республикасында туризмдi дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн"

төс белгiсiмен туризм саласында кемiнде 10 жыл жұмыс тәжiрибесi бар

қызметкерлер марапатталады.

4. "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген туризм нұсқаушысы"

төс белгiсiмен марапаттаудың шарттары

9. Төс белгiсiмен туризм нұсқаушылары:

- туризм саласындағы еңбек жетiстiктерi мен туризмнiң барлық түрлерiн

дамытудағы еңбегi;

- туризм қауiпсiздiгiн қамтамасыз еткенi;

- көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын қамтамасыз еткенi;

- жаңа бағдарларды игерудегi кәсiбилiгiн және шығармашылығын

жетiлдiргенi;

- туристiк қызметтер көрсету және оларды жетiлдiру жөнiндегi туристiк

қызметтiң ең үздiк көрсеткiштерi үшiн марапатталады.

10. "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген туризм нұсқаушысы" төс

белгiсiмен туризм саласында кемiнде 5 жыл жұмыс тәжiрибесi бар туризм

нұсқаушылары марапатталады.

5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi

агенттiгiнiң құрмет грамотасымен марапаттаудың шарттары

11. Құрмет грамотасымен туризм саласының үздiк қызметкерлерi:

- туристiк қызметтi жаңа нысандарды және оны ұйымдастыру тәсiлдерiн

енгiзу жөнiндегi үлкен әрi жемiстi жұмысы;

- туризмнiң өзектi мәселелерi бойынша ғылыми зерттеулердi дамытқаны

және оны жұмыста пайдаланғаны;

- туризм дамуының аймақтық, республикалық және халықаралық

бағдарламалары мен жобаларын iске асырудағы жақсы нәтижелерге қол

жеткiзгенi;

- бiлiктi туристiк кадрларды практикалық даярлаудағы тұрақты және

белсендi жұмысы үшiн марапатталады.

6. Алғыс жариялаудың шарттары

12. Үздiк қызметкерлерге:

- агенттiк ұйымдастырған жекелеген бiрегей iс-шараларды (байқауларды,

көрмелердi, жарыстарды, көрсетiлiмдердi) өткiзгенi;

- Агенттiктiң атаулы тапсырмаларын жоғары деңгейде орындағаны;

- еңбек және әкiмшiлiк қызметтегi табыстары үшiн үздiк қызметкерлерге

алғыс жарияланады.

7. Марапаттау материалдарын ұсынудың және қараудың тәртiбi

      13. "Қазақстан Республикасы туризмiнiң құрметтi қызметкерi", "Қазақстан Республикасында туризм дамуына сiңiрген еңбегi үшiн", "Қазақстан Республикасының құрметтi туризм нұсқаушысы" төс белгiлерiмен, Құрмет грамотамен, Алғыс жариялаумен марапаттау туризм мәселелерiне басшылық ететiн облыстық, Алматы және Астана қ. атқарушы органдарының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiк төрағасының бұйрығымен жүргiзiледi.
      14. Оларды берген мерзiмнен бастап бiр ай iшiнде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң құқықтық, ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлiмi марапаттау жөнiндегi материалдарды ұсынады және рәсiмдейдi.
      15. Марапаттау жайлы өтiнiш жасағанда оның еңбегiнiң мәнi мен

дәрежесiн ашып көрсететiн үмiткердiң нақты қызметi, жетiстiктерi және

табысы көрiнiс табуы қажет.

16. Марапатталғандарға төс белгiлерi мен оларға сәйкес куәлiктер

тапсырылады, ал олардың есiмдерi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт

жөнiндегi агенттiктiң құрмет кiтабына жазылады.

17. Басқа министрлiктiң, ведомствоның немесе мемлекеттiк емес ұйымның

қызметкерi марапаттауға ұсынылған жағдайда, сол министрлiктер мен

ведомстволардың өтiнiш жасауы немесе марапаттаудың қажеттiлiгiн

негiздемесi қаралады.

8. Қорытынды ережелер

18. Төс белгiсi мен оған сәйкес куәлiк, сондай-ақ құрмет грамота

салтанатты жағдайда марапатталушының жұмыс орны бойынша агенттiк

төрағасының атынан тапсырылады.

19. Еңбек кiтапшасына және қызметкердiң жеке iсiне марапаттау туралы

бұйрықтың күнi мен нөмiрi көрсетiлген тиiстi жазба түсiрiледi.

20. Көтермелеудiң кез келген түрi оның алдын алу мүмкiндiгi болмаған

кезде жоғалған жағдайда, марапатталғандарға телнұсқа берiледi.

Қазақстан Республикасы

Туризм және спорт

жөнiндегi агенттiгi төрағасының

2001 жылғы 20 желтоқсандағы

N 1-1-2/327 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы

Агенттiгiнiң көтермелеу туралы

Ережеге 1 қосымша

"Қазақстан Республикасы туризмнiң құрметтi қызметкерi"

төс белгiсiн сипаттау

Белгi қалыңдығы 2 мм тiкбұрыштан тұрады. Белгiнiң қоңыр жасыл түстi

бетiнде алтын түстес республика картасының кескiнi астында Қазақстанның

елтаңбасы орналасқан. Кескiннiң айналасында белгiнiң атауы мемлекеттiк

тiлде жазылған.

Белгi мыс пен никельдiң қорытпасынан жасалады.

(қағаздағы ңұсқадан суреттi қараңыз).

Қазақстан Республикасы

Туризм және спорт

жөнiндегi агенттiгi төрағасының

2001 жылғы 20 желтоқсандағы

N 1-1-2/327 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы

Агенттiгiнiң көтермелеу туралы

Ережеге 2 қосымша

"Қазақстан Республикасында туризм дамуына сiңiрген еңбегi үшiн"

төс белгiсiн сипаттау

Омырауға тағатын белгi белгiнiң төменгi жағы дөңгелектеу келген,

қалыңдығы 2 мм тiкбұрышты құрайды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк

Туымен астасып жататын көгiлдiр түстi белгiнiң ортасында алтын түспен

бүркiт қанатының астында алтын түстес Қазақстан картасы мен жер шары

орналасқан. Белгiнiң жоғарғы жағында "Қазақстан Республикасында туризмнiң

дамуына сiңiрген еңбегi үшiн" деген мемлекеттiк тiлде жазу бар.

(қағаздағы нұсқадан суреттi қараңыз)

Қазақстан Республикасы

Туризм және спорт

жөнiндегi агенттiгi төрағасының

2001 жылғы 20 желтоқсандағы

N 1-1-2/327 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы

Агенттiгiнiң көтермелеу туралы

Ережеге 3 қосымша

"Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген туризм нұсқаушысы"

омырауға тағатын белгiнi сипаттау

Омырауға тағатын белгi белгiнiң төменгi жағы дөңгелек тәрiздес болып

келген қалыңдығы 2 мм тiкбұрыштан тұрады. Қоңыр көк түсте Т және И

әрiптерi орналасқан, төменгi дөңгелекте күннiң кескiнi бар. Белгiнiң

шетiнде және жоғарғы жағында "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген

туризм нұсқаушысы" жазуы бар.

(қағаздағы нұсқадан суреттi қараңыз)

Мамандар:

Омарбекова А.Т.

Жұманазарова А.Б.

Похожие:

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң көтермелеу түрлерiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi туралы
Азақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң 2004 жылғы 21 шiлдедегi n 06-2-2/229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң көтермелеу түрлерiн бекiту туралы iconСпорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы
Азақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 15 шiлдедегi n 06-2-2/214 бұйрығы. Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң көтермелеу түрлерiн бекiту туралы iconТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы
Азақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң көтермелеу түрлерiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы
Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік, азаматтардың денсаулығын...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң көтермелеу түрлерiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасының орындалуы үшiн жеке кәсiпкерлiк саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекiту туралы
Республикасы Туризм және спорт министрiнiң м а. 2011 жылғы 13 қыркүйектегi №02-02-18/182 және Қазақстан Республикасы Экономикалық...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң көтермелеу түрлерiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1732 Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң көтермелеу түрлерiн бекiту туралы icon2011 жылғы 14 сәуір №02-02-18/59 Астана қаласы Спорт ғимараттарын пайдалану ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы»
Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 14-тармағына сәйкес және спорт ғимараттарын пайдалануды одан әрі жетілдіру,...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң көтермелеу түрлерiн бекiту туралы icon1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы»
«Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы»...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң көтермелеу түрлерiн бекiту туралы icon2011 жылғы 24 тамыз №02-02-18/169 Астана қаласы Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру
Республикасы 1999 жылғы 2 желтоқсандағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 23-бабы 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң көтермелеу түрлерiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница