Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары Жалпы ережелер




Скачать 78.36 Kb.
НазваниеДене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары Жалпы ережелер
Дата конвертации20.02.2013
Размер78.36 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы

Спорт және дене шынықтыру істері

агенттігі төрағасының

2012 жылғы « ___ » ________________

№ __________ бұйрығымен бекітілген

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған

спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының
21) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының (бұдан әрі - Клубтар) қызметін ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын реттейді және меншік нысанына және ведомостволық тиістілігіне қарамастан мүгедектерге арналған барлық спорт клубтары үшін ортақ міндетті болып табылады.

2. Бірыңғай Қағидаларын белгілеу мүмкіндіктері шектеулі жетекші спортшылардың шеберлігін арттырудың басты буыны ретінде олардың жұмысын ұйымдастыруда қолайлы жағдай қалыптастыру, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі спортшыларды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында жүзеге асырылады.

3. Клуб өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, осы Қағидаларды және Клубтың Жарғысын басшылыққа алады.

4. Осы Қағидалар негізінде Клуб өзінің міндеттерін, қызмет нысаны мен функцияларын нақтылайтын жарғысын әзірлейді.

5. Клубтар, ұйымдың-құқықтық нысанына қарамастан, оқу-жаттығу, жарысу, дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие қызметін жүзеге асырады.

6. Клубтар Қазақстан Республикасы мен шет елдердің мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ түрлі дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтасады және өзара әрекет етеді.

7. Клубтар әлемдік спорттық қозғалыста Қазақстан Республикасының беделіне жан-жақты ықпал жасай отырып, халықаралық спорттық ұйымдарды қолдайды және байланыстарын дамытады. Осы мақсаттарда: клубтар тиісті келісімдер жасайды, халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерге ұжымдық мүше ретінде кіре алады және жалпыға танылған халықаралық құқық нормалары мен қағидаттары, халықаралық шарттар мен тиісті мемлекеттердің заңнамасының негізінде шет мемлекеттерде өздерінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдарын) құрады.

8. Клубтар:

1) спорт түрлері бойынша клубтар;

2) кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің клубтары болып бөлінеді.
2. Клуб қызметін ұйымдастыру
9. Спорт түрлері бойынша Клубтың қызметі:

1) мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың мүшелерін және спорттық резервті орталықтандырылған даярлауды ұйымдастыру;

2) мүмкіндіктері шектеулі спортшылардың жеке дайындық жоспарлары мен оқу-жаттығу бағдарламаларын іске асыру;

3) мүмкіндіктері шектеулі спортшыларды даярлауды ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық қамтамасыз ету, алдын алу және қалпына келтіру іс-шараларын тұрақты жүргізу;

4) мүмкіндіктері шектеулі спортшылардың жеке дайындық жоспарларына және спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуы;

5) жаттықтырушы-оқытушы құрамның біліктілігін арттыру және тағылымдамадан өткізу бойынша жұмыстар ұйымдастыру;

6) дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы спорт саласында жетекші мамандарды, жаттықтырушыларды, ғылыми және медициналық қызметкерлерді тарту арқылы семинарлар мен курстар ұйымдастыру және өткізу;

7) мүмкіндіктері шектеулі спортшылар үшін оңалту жұмыстарын жүргізу.

10. Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер Клубтарының қызметі:

1) сауықтыру және оңалту бағытындағы спорттық секцияларда және топтарда клубтық сабақтар ұйымдастыру;

2) спорт түрлерінен бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;

3) мүмкіндіктері шектеулі спортшылардың спорттық іс-шараларға дайындалуы және қатысуы бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізу;

4) дене шынықтыру кадрларын дайындау және біліктілігін арттыру, қоғамдық комиссияларды, жаттықтырушылар кеңесін, төрешілер алқасын құру және олардың жұмысын ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар спортын одан әрі дамытуды жоспарлау.

11. Спорт түрлері бойынша клубтар мынадай мақсатта құрылады:

1) республикада мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы спорт түрлерін дамыту;

2) спорттық резервті және халықаралық дәрежедегі дене мүмкіндіктері шектеулі спортшыларды даярлау;

3) спорттық байланыстарды, соның ішінде халықаралық байланыстарды дамыту және нығайту;

4) халықаралық жарыстарда, олардың ішінде Паралимпиалық және Сурдлимпиалық ойындарға, қатысу үшін спорт түрлерінен дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы ұлттық құрама командаларын қалыптастыру.

12. Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің Клубтары мынадай мақсаттарда құрылады:

1) салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді демалыстар ұйымдастыру, дене дайындығының деңгейін арттыру, ерік-жігерлік және азаматтық-патриоттық қасиеттерді қалыптастыру;

2) спортта мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшін жағдайлар жасау;

3) мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында бұқаралық спорттық қозғалысты қалыптастыру.

13. Клубтардың міндеттері мыналар болып табылады:

1) мүмкіндіктері шектеулі спорт резервінің және спортшылардың қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу үшін дайындалуына жағдайлар жасау;

2) спорт секцияларында, оқу-жаттығу жиындарында клубтық сабақтар ұйымдастыру және мүмкіндіктері шектелуі тұлғалар арасында спорт түрлерінен спорттық іс-шаралар өткізу;

3) материалдық-техникалық базаны нығайту және дамыту;

4) тәжірибемен алмасу және озық технологияларды енгізу мақсатында ел ішіндегі және шетелдегі клубтар арасында байланыстар орнату және дамыту жөнінде жұмыстар жүргізу.
3. Клуб қызметін басқару
14. Клубты басқару алқалылық қағидатында жүзеге асырылады. Алқалық басқару нысаны Клуб кеңесі болып табылады. Клуб жыл сайын өзінің жиналысында Клуб кеңесін, оның төрағасы мен орынбасарларын сайлайды. Клубты тікелей басқаруды Клуб кеңесіне есепті директор жүзеге асырады.

15. Клуб кеңесі:

1) Клуб қызметкерлерінің штаттық санын бекітеді;

2) Клубқа мүшелікке қабылдау мен клубтан шығаруды жүзеге асырады;

3) оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарын бекітеді;

4) кіріс және шығыс сметаларын бекітеді;

5) өз құзыреті шегінде халықаралық шарттар мен келісімдер жасайды;

16. Клуб кеңесі кемінде жарты жылда бір рет отырыс өткізеді, онда комиссиялардың, секциялардың, топтардың, командалардың есептері талқыланады. Клуб кеңесі (басқармасы) өткізілген дене шынықтыру-сауықтыру және бұқаралық-спорттық іс-шаралардың қорытындыларын шығарады, клубтың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды.

17. Клубқа мүшелік жеке сипатқа ие. Мүшелікке қабылдау үміткердің жеке өтініші негізінде, оқу, жұмыс орнынан анықтама, 3х4 екі фотосурет, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама қоса беріле отырып, жүзеге асырылады.

18. Клуб мүшесіне мүшелік билет беріледі және Клуб мүшелерінің тізіліміне енгізіледі.

19. Клуб мүшелері:

1) Клуб жарғысын және оның жұмыс тәртібін сақтауға;

2) мүлікке және құрал-жабдыққа ұқыпты қарауға;

3) өздерінің физикалық дамуын және спорттық шеберлігін одан әрі арттыруға;

4) салауатты өмір салтын насихаттауға;

5) дене шынықтыру-спорттық ұйымның және мемлекеттің атынан жергілікті, республикалық және халықаралық жарыстарда лайықты қатысуға;

6) жасы 18 жылға толғандарға мүшелік ақыны дер кезінде төлеуге міндетті.

20. Осы ережелердің 19-тармағын орындамау клубтан шығару үшін негіз болып табылады.

21. Клуб мүшелері:

1) Клуб кеңесін сайлайды және оған сайлануға;

2) Клуб қызметіне қатысуға, оның жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар беруге;

3) Клуб қызметіне қатысты ақпарат алуға;

4) бұқаралық дене шынықтыру – сауықтыру және спорттық іс-шараларға, спорттық жарыстарға қатысуға;

5) спорттық құралдар мен жабдықтарды, спорттық ғимараттарды, әдістемелік нұсқауларды пайдалануға.

6) курстарда, семинарларда және жиындарда оқуға;

7) Клубқа бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша көмек көрсетуге;

8) Клуб спортшысы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігі төрағасының міндетін атқарушының «Спортшының бір дене шынықтыру-спорттық ұйымнан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорттық ұйымға (спорт клубына) өту ережелерін бекіту туралы» 2004 жылғы 15 наурыздағы
№ 06-2-2/91 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2004 жылғы 2 сәуірде № 2792 тіркелген), спорттық қызмет туралы келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін бір дене шынықтыру-спорттық ұйымнан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорттық ұйымға (спорттық клубына) немесе шетелдік дене шынықтыру-спорттық ұйымға (шетелдік спорт клубына) өтуге құқылы;

9) дәлел себептерге қатысты (емдік-сауықтыру мекемелерде ұзақ мерзімде болуы) мүшелік ақыны төлемеу үшін Клубта мүшелігін уақытша тоқтату.

22. Клубтар өз қызметтерін өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырады.

23. Клуб қаражаты мыналардың есебінен:

1) құрылтайшылардың қаражаттарынан;

2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстан;

3) ерікті қайтарымсыз жарналардан, қайырымдылық және демеушілік қаражаттан;

4) ақылы спорттық іс-шараларды, лотереяларды, аукциондарды, көрме – сатуларды және т.б. өткізуден түскен кірістерден;

5) Клубқа тиесілі спорттық ғимараттарды, базаларды, жабдықтарды пайдаланғаны үшін ұйымдар мен азаматтардан алынатын кірістерден;

6) Клубтың өндірістік, жарнама-баспалық қызметінен түсетін кірістерден;

7) шетелдік одақтардың (қауымдастықтардың), клубтардың, қоғамдық бірлестіктер мен жекелеген азаматтардың ерікті жарналары мен қайырымдылықтарынан;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдерден қалыптастырылады.

24. Клуб оның басшылығының шешімі, не болмаса Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздемелер бойынша қайта құрылуы және таратылуы мүмкін.

25. Клубты қайта құру және тарату тәртібі Қазақстан Республикасының Заңымен және басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
______________________________________________________

Похожие:

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер Жалпы ережелер
Осы Ережелер меншік нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептері қызметінің тәртібін...
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары Жалпы ережелер icon«Спорт құрылыстарын салуға арналған жобалау құжаттаманы келiсу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызметті 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру...
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары Жалпы ережелер icon«Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі»
«Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- бөлім) спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру...
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары Жалпы ережелер icon«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер
Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы...
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары Жалпы ережелер icon«Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер
Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан...
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары Жалпы ережелер icon«Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер
Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан...
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары Жалпы ережелер iconҚашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары Жалпы ережелер Осы Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы»
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 29 тармақшасына сәйкес әзірленген және қашықтықтан...
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары Жалпы ережелер icon«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
Лары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау мемлекеттік...
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары Жалпы ережелер iconОңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы
Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері халыққа Жолдауын, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру...
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары Жалпы ережелер iconРегламенті жалпы ережелер
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница