Скачать 154.2 Kb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ Ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғышты монолит керамзитбетон әзірлеу үшін қолдану жөніндегі ұсынымдар Қазақстан Республикасы Алматы, 2011 Жұмыс Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттіктің тапсырысы бойынша орындалды «ҚазСҚС ҒЗИ» РМК «ИННОБИЛД» ЖШС Жұмыс жетекшісі: техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҒЗИ академигі Нұрбатыров К.А. Жауапты орындаушы: байланыстырғыш материалдар мен бетондар зертханасының меңгерушісі техника ғылымдарының кандидаты Родионова А.А. Осы Ұсынымдарды Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттіктің рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға, көбейтуге және таратуға болмайды. Материалдарды басып шығарған кезде міндетті түрде көзге сілтеме жасалуы керек. ҰСАҚ ТАРТЫЛҒАН ЦЕМЕНТКҮЛ БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШТЫ МОНОЛИТ КЕРАМЗИТБЕТОН ДАЙЫНДАУ ҮШІН ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАР Осы Ұсынымдар тұрғын үй және азаматтық құрылыста монолиттік керамзитбетон қоршау құрастырмаларын тұрғызуға арналған сутұтынушылығы төмен ұсақ тартылған белсендірілген цементкүл байланыстырғышты (бұдан әрі – цементкүл байланыстырғыш) қолдану жөніндегі негізгі нұсқауларды қамтиды. Аралас цементкүл байланыстырғыштарды құрылысы түрлі қондырғыларда – шартәріздес, ағысты, құйынды, роторлы-соққылы және басқа агрегаттарда жеткізе тарту жолымен белсендіру портландцемент деңгейіндегі немесе сапасы бойынша одан 2-3 маркаға асып түсетін цементкүл байланыстырғыштар алуға мүмкіндік береді. Цемент, күл және пластификациялаушы қоспаларды бірге жеткізе тартумен алынған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштың белсенділігі жоғары (қысқан кездегі беріктігі 55-80 МПа), суперпластификатордың және күл-тозаңның белсенді ұсақтолтырғыш ретіндегі оң әсері есебінен сутұтынушылықтың төмендеуі нәтижесінің арқасында бетонның жоғары беріктігі мен ұзақмерзімділігін қамтамасыз етеді. Ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғышты қалыпты немесе ылғалдылығы жоғары ауа ортасында пайдалануға арналған аязға төзімділігі кемінде F35 талабымен бетон және темірбетон құрастырмаларын керамзитбетоннан тұрғызу үшін ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғышты пайдалану ұсынылады. Ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштағы керамзитбетоннан дайындалған құрастырмалар мен бұйымдардың айрықша пайдалану жағдайларындағы (мысалы - сейсмикалық, динамикалық әсерлер) жұмысы кезінде тиісті нормативтік құжаттардың қосымша талаптары сақталуы тиіс. Ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштың меншікті беті 450-550 м2/кг. Ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыш құрамдастарының ұсынылатын массалық үлесі, %: - портландцемент – кемінде 50; - күл-тозаң – 50 артық емес; - суперпластификатор С-3 – кемінде 2,0 және 3 тен артық емес. Ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыш алу үшін мыналарды қолдану ұсынылады: - портландцемент, маркасы ПЦ500-Д0, ГОСТ 10178 бойынша; - күл-тозаң ГОСТ 25818 бойынша; - суперпластификатор С-3; - қатаюды тездеткіш қоспа – 2 % , цемент құрамында. Ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштың беріктік шегі 1-кестеде көрсетілген мәндерден кем болмауы тиіс. 1 – кесте. Модифицикацияланған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштың беріктігіне қойылатын талаптар
Ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштағы маркасы М150-М250 керамзитобетонның жоғары жылужинақтағыш қасиеті бар, тұрғын жайларда қажетті температуралық-ылғалдылық жағдайды қамтамасыз етеді және оларды ҚНжЕ 21-01 бойынша өрт қауіптіліктің барлық дәрежесіндегі дерлік ғимараттарды тұрғызу кезінде пайдалануға болады. Ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштағы керамзитбетоннан дайындалған құрастырмалар мен бұйымдардың айрықша пайдалану жағдайларындағы (мысалы - сейсмикалық, динамикалық әсерлер) жұмысы кезінде тиісті нормативтік құжаттардың қосымша талаптары сақталуы тиіс. Ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы қабырғалары талаптардың бүтін бір кешеніне сәйкес болуы және төменде санамаланған сәйкес келуі тиіс (сурет 1)*. *Семченков А.С., Семечкин А.Е., Литвиненко Д.В. Комплексный подход к проектированию наружных стен// Бетон и железобетон, пути развития. Екінші Бүкілресейлік (халықаралық) конференция.-2005, 5-9 қыркүйек -М.:-Т.4.-С.213-222 Сыртқы қабырғалардың тұтынушылық қасиеттері Қауіпсіздік Эстетико-физиологиялық Үнемділік Тіреуіштік қабілеттілігі жылуұстағыштығы Өрт қауіпсіздігі Экологиялық тазалығы Санитарлық гигиенасы және жайлылығы Сәулет-эстетикалық қасиеттері Технологиялылығы Жөндеуге жарамдылығы Ұзақ мерзімділігі Энергиялық тиімділігі Материалдың құны Салмағының төмендеуі 1 – сурет. Ғимараттардың қоршау құрастырмаларын жобалаудың функционалдық схемасы Ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштағы монолит керамзитбетон өндіру жөніндегі ұсынымдар. Жоғары сапалы керамзитбетон алу үшін мыналарды қолдану ұсынылады: - ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыш, қысқан кездегі беріктігі кемінде 55 МПа, құрамындағы күл-тозаң 50 % артық емес, пластификациялайтын қоспа С-3 3 % артық емес, қатаюды тездеткіш 2 % артық емес; - фракцияландырылған керамзит қиыршықтас, үйілгендегі тығыздығы 530 кг/м3 артық емес және қысқан кездегі беріктігі кемінде 4,5 МПа; - табиғи, керамзит және вермикулит құм. Қолданылатын бастапқы компоненттер нормативтік талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Б е т о н қ о с п а с ы н а қ о й ы л а т ы н т а л а п т а р. Бетон қоспасы ГОСТ 7473 талаптарына сәйкес болуы және нормаланған сапа көрсеткіштерінің барлығы бойынша талаптарды қанағаттандыратын бетон алуды қамтамасыз етуі тиіс. Қоспа түйірсіз және қойыртпақсыз гомогенді қоюлықта болуы, түрлі қасиет кешендерімен және жоғары сапа кепілдігімен бетон алу мүмкіндігін беретін монолит құрастырмалар мен бұйымдар жасаудың жоғары технологиялығына ие болуы керек. Қысқы уақытта бетон қоспасы оң температуралы болуы және жылытылған толықтырғыштар мен суда дайындалуы тиіс. Қосылатын судың ең жоғары рұқсат етілген температурасы 400С, толтырғыштардың - 200С. Бетон қоспаларының техникалық сипаттамалары – салуға қолайлылығы, орташа тығыздығы, қабыршықтануы және қозғалғыштығы - ГОСТ 10178 бойынша. Жеңіл бетонға қойылатын техникалық талаптар. Керамзитобетон өтетін қажетті сынақтардың тізбесі ГОСТ 25820 сәйкес белгіленеді. Бетон дайындаушы кәсіпорын бекіткен технологиялық құжатқа және Ұсынымдардың талаптарына сәйкес дайындалуы керек. Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден жасалған керамзитобетон беріктігі бойынша мынадай дәрежелермен сипатталады: - жылуоқшаулағыш В2; - құрастырмалы-жылуоқшаулағыш – В5, В7,5, В10, В12,5; - құрастырмалы –В15, В20. Вариация коэффициенті 10 % жағдайында қысу кезінде және қамтамасыз етілуі 95 % болғанда, бетонның орташа беріктігі 2-кестеде көрсетілген мәндерден кем болмауы тиіс. 2 –кесте. Бетон беріктігінің нормативтік көрсеткіштері (ГОСТ 26633)
Бетонның аязға төзімділігі бойынша F35, F50, F75, F100 маркалары белгіленеді. Бетонның құрғақ күйіндегі жылу өткізгіштік коэффициенті 250С температура кезінде бұйымның нақты түріне берілетін нормативтік және жобалық құжаттамалардың талаптарына, ал бұл талаптар болмаса - ҚНжЕ II-3 сәйкес болуы тиіс. Монолит құрастырмалардың жеңіл керамзитобетонына арналған жылуөткізгіштік коэффициенті мынадай шектерде болуы тиіс: - кварц құмда – 0,35-0,37 Вт/(м∙К); - керамзит құмда– 0,34-0,35 Вт/(м∙К); - вермикулит құмда – 0,32-0,33 Вт/(м∙К). Модификацияланған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғышты қолдану судың минималды шығыны жағдайында бетон қоспасының талап етілетін салуға ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Қалыптау қасиеттерінің (жоғары байланысып ұстасу, икемділігі) жақсаруына, сондай-ақ қатқан бетонның қасиеттерінің (отыруы төмендеді, суға, аязға, сызаттануға төзімділігі артты) жақсаруына ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштың құрамындағы пластификациялаушы қоспалардың әрекеті есебінен қол жеткізііледі. ГОСТ 25820 сәйкес керамзитбетон өзінің мақсаттылығы және физикалық-техникалық қасиеттері бойынша жылуоқшаулағыш, құрастырмалық-жылуоқшаулағыш және құрастырмалық болып бөлінеді. Ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштағы жылуоқшаулағыш керамзитбетонның құрғақ күйіндегі орташа тығыздығы 500-600 кг/м3 және жылуөткізгіштік коэффициенті 0,2 Вт/м∙К. Керамзитбетонның жылуоқшаулағыштығына жоғары беріктік талаптары қойылмайды және оның орташа тығыздығы бүтіндей керамзиттің сапасына (тығыздығына) байланысты. Жылуоқшаулағыш керамзитбетон үшін құрамындағы күлдің мөлшері 50 % дейін, күлді суперпластификатормен қосып алдын-ала жеткізе тартып дайындалған, кейін цементпен араластырылған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғышты қолдану ұсынылады. Жылуоқшаулағыш керамзитбетон алу үшін құрамындағы күлдің мөлшері 50 % дейін, күлді суперпластификатормен қосып алдын-ала жеткізе тартып дайындалған, кейін цементпен араластырылған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғышты қолдану ұсынылады. Ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыш, шашылу тығыздығы 450- 550 кг/м3 фракцияланған керамзит шақпақтас пайдаланылған В10-В15 дәрежелі құрастырмалық-жылуоқшаулағыш керамзитбетонды: - керамзит немесе вермикулит құмдарын пайдалану есебінен жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған сыртқы қабырға панельдерін; - әрленген бірқабатты ішкі керамзитбетон қабырға панельдерін; - әрленген сыртқы керамзитбетон қабырғаларын; - сыртқы аралас керамзитбетон қабырғаларын; - көлемді бөлме блоктарын тұрғызуда қолдану ұсынылады. Көлемді блоктар - қабырғалар мен бөлгіш плиталарды қамтитын бүтінқалыпты кеңістіктік құрастырма және сейсмикалық беріктігі 9 (тоғыз) баллға дейін бір және екі қабатты тұрғын үйлер салуға арналған. Көлемді керамзитбетон блоктарының типтері мен мөлшерлері жұмыс сызбаларына сәйкес болуы тиіс. Жылуоқшаулағыш керамзитбетонмен салыстырғанда құрастырмалық-жылуоқшаулағыш керамзитбетонның жоғары беріктігі аса жоғары емес жылуөткізгіштік коэффициенті кезінде(0,5 Вт/м∙К дейін) оны ғимараттардың қоршау құрастырмаларында қолдануға мүмкіндік береді. Оған аязға төзімділігі бойынша талаптар қойылады (маркасы F35, I санаттағы ғимараттарға арналған). ГОСТ 11024 сәйкес сыртқы қабырғалар мен астыңғы қабат панельдеріне арналған жеңіл бетонның аязға төзімділігі F35 тен кем болмауы тиіс. Ұсақ тартылған цементкүл байланыстрғыштағы құрастырмалық-жылуоқшаулағыш керамзитбетонға қойылатын талаптар. Негізгі қасиеттері бойынша керамзитбетон ГОСТ 7473 және осы Ұсынымдардың талаптарын қанағаттандыруы керек: - қысуға беріктігі бойынша дәрежесі кемінде В7,5 (бетон маркасы М100); - орташа тығыздығы бойынша маркасы D1200-D1500; - аязға төзімділігі бойынша маркасы кемінде F35; - жылутехникалық қасиеттері ГОСТ 25820 жобалық құжаттаманың нұсқауларына жауап беруі тиіс. Жылуөткізгіштігі белгіленген мәндердің 10 % нан артауы тиіс; - жұмсару коэффициенті кемінде 0,8 болуы керек; - жылжымалығы бойынша бетон қоспасының маркасы П3 по ГОСТ 7473 кем болмауы тиіс; - суцемент қатынасы 0,4 тен артпауы керек. Бетон қоспасына пластификаторларды енгізу кезінде олардың тиімді әрекет ету мерзімін ескеру қажет. С-3ті пайдаланғанда бетон қоспасын дайындалған орнынан салу орнына дейін тасымалдау уақыты бір сағаттан аспауы тиіс.тасымалдау уақтының ұзақтығы немесе сыртқы ауаның температурасы 25 0С артық жағдайда бетон қоспасы жылжымалығын жоғалтпас үшін оны екі сатыда дайындауды қабылдаған дұрыс: судың 80-85 % ын дайындау процесінде, қалған бөлігін бетонды түсіру алдында 10-15 мин бойы араластыра отырып, автобетонараластырғыштың араластыру барабанына енгізу қажет. Құрғақ әрі ыстық климат жағдайында бетондау. Құрғақ әрі ыстық климат деп жергілікті жерге тән температураны (барынша жоғары 300С және орташа күндізгі сағ 13 те 200С артық) және ауаның салыстырмалы төмен ылғалдылығын ( 50 % төмен) айтады. Бұл жағдайларда белсенділігі жоғары портландцементті қолдану анағұрлым тиімді саналады, өйткені ол бастапқы қатаю қарқынының жеделдігімен және суды аз бөлетіндігімен сипатталады, бұл бетонға күтім жасау ұзақтығын қысқартуға және оның бастапқы отыруын төмендетуге мүмкіндік береді. Ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштың жоғары белсенділігі және күл мен жеңіл кеуек толтырғыштардың жоғары суұстағыш қабілеті ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштағы керамзитбетонның құрғақ және ыстық климат жағдайларындағы қолданылуын жеткілікті түрде тиімді етеді. Қысқы жағдайларда бетондау Бетонсорғының қабылдауыш бункеріне салу кезінде жеңілбетон қоспасының температурасы +150С кем болмауы тиіс. Технологиялық көлікке салу кезіндегі бетон қоспасының температурасы 25-300С кем болмауы керек, бұған суды алдын-ала 600С дейін, толтырғыштарды 400С дейін ысытумен қол жеткізуге болады. Құрылыста керамзиткүлбетонды қолдану қажетті нормативтік және техникалық құжаттама боғанда, қабырға құрастырмаларын қажетті сынақтардан өткізгенде, өндіріс технологиясы мен құрылыс жұмыстары пысықталғанда мүмкін болады. Бетон дайындауға арналған материалдар қолданыстағы стандарттардың талаптарына және осы материалдарға арналған техникалық шарттарға сәйкес келуі әрі аталған техникалық сипаттамалы бетон алуды қамтамасыз етуі тиіс. НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ
Кестенің жалғасы
|