Ф кгма 1-8-21/02 му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г

Скачать 58.94 Kb.
НазваниеФ кгма 1-8-21/02 му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г
Дата конвертации07.03.2013
Размер58.94 Kb.
ТипДокументы
Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической

работы в соответствии

с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы

Анатомия кафедрасы

ДӘРІС
Тақырыбы: Лимфа жүйесінің жалпы морфологиясы, дамуы және оның ағзадағы ролі. Осы жүйенің негізгі бөлімдері, олардың құрылысы.

.

Пәні: Анатомия - 1

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Курс: І

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

Қарағанды 2007

Тақырыбы: Лимфа жүйесінің жалпы морфологиясы, дамуы және оның ағзадағы ролі. Осы жүйенің негізгі бөлімдері, олардың құрылысы.

Мақсаты:Студенттерге лимфа жүйесінің құрылысын, оның организмдегі маңызын түсіндіру. Лимфа жүйесінің жіктелуінің негізгі принциптерімен таныстыру.

Дәріс жоспары:

  1. Лимфа жүйесі туралы жалпы мәліметтер және қысқаша тарихы.

  2. Лимфа жүйесінің құрылысы.

  3. Лимфа тамырлыры және олардың жіктелуі

  4. Лимфа түйіндерінің құрылысы.

  5. Лимфа жүйесінің функциональдық маңызы.

  6. Лимфаның организмдегі көлемі.

Лимфа жүйесі тамырлар дүйесінің құрамында бөлігі және вена жүйесінің қосымша саласы болып есептеледі. Өйткені, лимфа жүйесі вена жүйесімен тығыз байланыста дамиды және құрылыстарында да көп ұқсастық бар /клапындары бар, лимфа, вена қаны сияқты, ұлпалардан жүрекке қаарй ағады./

«Лимфа» деген сөз «таза су» - «ылғал» деген мағынаны береді

Лимфа жүйесінің құрылысы.

Лимфа жүйесіне лимфа капиллярлары /лимфокапиллярлық тамырлар/, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері, лимфа сабаулары және дененің өзектері жатады.

Лимфа капиллярлары /лимфокапиллярлық тамырлар/ лимфа жүйесінің басқы бөлімі, түбірі болып саналады және барлық мүшелер мен ұлпалардың дерлік ішінде өтетін тұтасқан және бір ұшы бітеу өзара анастомоз жасайтын. Энфтелиальдық түтіктер болып табылады.

Мұндай капиллярлар мида, жұлында, олардың қабығында, көк бауырдың паренхимасында, терінің эпителиальдық жамылғысында, шеміршектерде, көз алмасының белокты қабығында /склера, мүйіз қабығы мен көздің бұршағында, гипофизде, сүйек майында және плацентада болмайды/. Қан тамырларының капиллярларын қарағанда лимфа капиллярының диаметрі үлкен /от 0,035 до 0,2мм/, сыртқы пішіні тегіс емес, бүйірлік томпаюлары – прелимфатикус болады. Организмде лимфаның түзілуі күшейгенде толатын резервтік капиллярлар болады.

Лимфа тамырлары. Олар мүшелердің ішінде, 2 ден 7 ге дейін лимфа капиллярларының бірігуінен пайда болады. Лимфа тамырларындағы клапандар мен жақсы дамыған сыртқы қабығы олардың ерекшеліктері болып саналады. Диаметріне байланысты лимфа тамырлары уақ, орташа және ірі болып бөлінеді.

Уақ тамырларда /диаметрі 30-40 мкм/ бұлшық еттік элементтер болмайды, эндотелиальдық түтік дәнекер ұлпалық қабықпен қоршалған. Мұндай лимфа тамырлары, негізінен, мүшеішілік болып табылады. Орташа және ірі лимфа тамырларында жақсы дамыған үш қабығы бар: ішкі – эндотелиальдық, ортаңғы – эластикалық талшықтар араласқан, айналма және қиғаш бұшық ет талшықтарымен түзілген, сыртқы: - құрамына, қоршаған дәнекер ұлпаға айқын шекарасыз өтетін, борпылдақ талшықты, қалыптаспаған дәнекер ұлпа кіретін адвентицияльдық. Лимфа тамырларының қабырғаларында орналасқан эластикалық, коллогендік және жазық салалы бұлшық ет элементтері тамырлардың беріктік, эластикалық және жиырлғыштық қасиеттерін қамтамысыз етеді. Осы қасиеттерінің арқасында лимфа тамырлары 30-80 мм – сынап бағанасы /4-ІІк Па/ дәрежесіндегі қысымға төтеп бере алады. Мұның лимфа тамырларына дәрі жіберіп /эндолимфалық терапия/ емдеуге маңызы өте зор. Клапандарының барлығы себепті, лимфа тамырларының түрі таспик /четки/ тәрізді болады да, ұзына бойы алма-кезек кездесетін тарылған және кеңіген жерлермен сипатталады.

Лимфа тамырлары беткей фасцияның /шандыр қабықтың/ үстінде жатқан – беткей және бұл фасцияның астында жатқан – терең тамырларға бөлінедді. Мүшелердің ішінде немесе сыртында жатуына байланысты лимфа тамырлары мүшелер ішіндегі және мүшелер сыртындағы болып бөлінеді.

Мүшелер ішіндегі лимфа тамырлары өзара анастомоз жасап, өрім түзеді. Бұл өрімдер қан тамырларына ере отырып, олармен бірге мүшеден шығады. Мүшеден тыс лимфа тамфрлары, әдетте веналардан көп, бір-бірімен бірігіп, бірінші қатардағы аймақтық лимфа түйіндеріне барады. Мүшелерден тыс лимфа тамырлары да өзара анастомоз жасап, өздеріне тән өрім түзеді. Лимфа түйіндері. Лимфа тамырларының 500 ден 1000 дейін жетеді де, дененің салмағының шамамен 1% береді. Лимфа түйіндері жұмсақ қызғылт-сұр түсті, домалақ, сопақ, ұршық тәрізді, жарты ай тәрізді немесе бұршақ пішіндес және әртүрлі мөлшердегі: 1 ден 50 мм ұзындығы бар денелер болып табылады. Олар, әдетте, қан тамырларының, әсіресе, ірі веналардың маңында орналасады. Лимфа түйіндері лимфа тамырлары біреуден орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны лимфа тамырлары басталатын ұлпалардан, мүшелерден немесе дененің бөліктерінен қабылдайды

Лимфа түйіндерінін құрылысы. Лимфа түйіндері сыртынан дәнекер ұлпалық қабықпен жабылған паренхимадан тұрады. Лимфа түйіннің қабығын оның паренхимасына дәнекер ұлпадан бірдей аралықта өсінділер кетеді – қабықтың трубкалар /шарбақтар/. Түйіннің қақпасының аймағында қабықтың қалыңдауынантүйін паренхимасына тағы да аралықтар кетеді – қақплық трабекулалар. Олардың қабықтық трабекулалармен бірігіп кетуі мүмкін. Қабық пен талшықтар көлемі үш өлшемдері тор түзеді. Бұл түйіннің тұлғасы. Оның ілмектерінде қыртысты және милы заттар түрінде лимфоидтар ұлпа орналасады.

Лимфа түйініне лимфа әкелетін 2-4 лимфа тамырлары, әдетте, түйіннің қабығын оның дөңес жағынан қиғаш бағытта тесіп өтеді. Бұл тамырлардың қабырғалары түйіннің қабығымен бірігіп кетеді де, тамырлардың эндотелиі шеткі қойнаудың эндотелиіне өтеді. Лимфа түйіннің ішінде лимфа үш жолмен ағады: 1) шеткі қойнау арқылы /лимфаның көпшілігі/, 2) аралық қойнаулар арқылы және 3) лимфоидтық ұлпа арқылы /лимфаның аз бөлігі/. Аймақтық лимфа лимфа түйндерінен лимфа жинайтын тамырлар ірі сабауларға құяды. Бұл сабаулар соңында екі ірі өзек түзеді: көкірек өзегі және оң жақ лимфалық өзек. Олар барып мойының веналық бұрыштарына құяды.

Көкірек өзегі құрсақ қуысында, көбінесе 1 бел омыртқаның деңгейінде, екі бел сабайынан, түзіледі. Қазіргі уақытта үшінші, ішектік сабау, адамда жоқ деп есептеледі. Сүтқоректілерде бұл сабау тұрақты түрде кездеседі, адамдарда да болады, бірақ көкірек өзегін түзуде маңызы жоқ Екі белсабауының біріккен жерінде, ¾ жағдайда, көкірекөзегі кеңіген де сүттіген цистернасы – деп аталады; ¼ жағдайда цистернаның орнында лимфа тамырларының өрімі кездеседі.

Көкірек өзегінің оң жақ бойында 2 ден ІІ ге шейін клапандар орналасқан. Ол клапандардың бір жұбы өзектің веналық бұрышқа құятын жерінде орналасып, лимфаның кері қарай ағцына және вена қанының өтуіне кдергі жасайды. Бұған көкірек өз өзегінің сағасының вена бұрышының қуысына қарай шығыа тұруы және қиғаш орналасуы да әсер етеді: ол қанның қысымының нәтижесінде еріндер сияқты қабысады да, сағаны жауып, қанды өзекке қарай жібермейді.

Оң жақ лимфа өзегінің ұзындығы -1-1,5 см және диаметрі 2 мм. Ол үш сабаудың тотығысуынан пайда болады: оң жақ бұғана астылық, оң жақ мойылдырықтық және оң жақ бронх – көкірекаралық. Бұл өзек оң жақ бұғана үстіңгі аймақта орналасып, оң жақ веналық бұрышқа құяды. Бұл өзектің де сағасында клапаны бар. 75% жағдайда бұл өзектің болмауы мүмкін де, аталған үш сабау өз беттерімен оң жақ веналық бұрышқа немесе бұғана асты венаға құяды.

Лимфа жүйесінің функциональдық маңызы.

Осы күнгі түсініктерге сүйене отырып, лимфа жүйесінің мынадай негізгі қызметтерін айыруға болады: 1) иммунологиялық 2) сорып алу резорбциялық 3) транспорттық тасмалдау, 4) тосқауыллық – фильтрациялық барьерлік 5) гемопоэздық қан жасаушы, 6) зат алмасулық және, 7) резервуарлық.

Көрнекі құралдар: таблицалар, плакаттар, слайдтар.

Әдебиеттер:

А) Негізі әдебиеттер

1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы І,II том 20042. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,II том. Алматы: «Кітап», 2006.

3. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,II, III, IV том. Астана: «Фолиант», 2005.

Б) Қосымша әдебиеттер

1. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.

2. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

Бақылау сұрақтары.

  1. Лимфа деген сөз қандай мағынаны береді?

  2. Лимфа тамырлырының қабырғалары қандай қабықтардан тұрады?

  3. Қандай лимфа тамырларын білесіз?

  4. Қандай лимфа түйіндерін білесіз?

  5. Лимфа жүйесінің функциональдық маңыздарын атаңыз?

  6. Лимфаның организмдегі көлемі шамамен қанша болады?

Похожие:

Ф кгма 1-8-21/02 му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г iconФ кгма 1-8-22/02 му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г
Му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г
Ф кгма 1-8-21/02 му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г iconФ кгма 1-8-23/02 му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница