Әкімдіктің отырысы




Скачать 256.66 Kb.
НазваниеӘкімдіктің отырысы
страница1/3
Дата конвертации03.11.2012
Размер256.66 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Әкімдіктің отырысы

Аудан әкімі Сапаргелді Смағұловтың төрағалығымен өткен әкімдіктің отырысында аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына облыс әкімінің грантын беру және 2009-2010 жылдары аудан экономикасын тұрақтандыру мәселелрі қаралды.

Уақыттың әңгімесі

Бірінші мәселел бойынша аудандық жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Таисия Кривцун хабарлады. Павлодар ЖОО-да ауданнан 36 студент облыс әкімінң грантымен оқуда. Облыстық бұл бағдарлама 2004 жылдан бері жүзеге асуда, барлығы 68 шарбақтылық оқушы грант алды, оның 21 ауданға қайтып келіп шартнамалық екі жылдық мерзімді өтеуде. Проблема да жоқ емес. Осы уақытта 10 студент тәртібі, оқуы нашарлығы, ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған. Ал оқудың ақысы студенттің есебіне көшіріліп бергенмен, студент оны жұмсап қойған. Мұндай отбасылардың балаларынан кеткен қаражатты қайтарып алудың өзі мүмкін емес. Оқу бөлімінің бастығы Глазинскийдің сөзінше жылына ауданда 15-18 оқушы облыс әкімінің грантын сұрайды. Кбіне олар қандай мамандыққа баратынын ойламастан сұраныс бере салады, тек грант алса болғаны. Ата-аналары болса баласының оқуына барлық жағыдайды жасайтынын айтып, грант сұрайды. Бірақ іс жүзінде олпай болмай шығады. Оның үстіне ондай отбасылардың балалары негізінен тәртібінен де ақсап келеді. Міне сондықтан Т.Кривцун селолық округ әкімдерінен осындай балаларды таңдағанда абай болуды, жақсылап таңдауды сұрады. Грант ауданға қажет ммандықтарға беріледі. әрине, үмітті ақтайтын балалардың саны көпшілік.

Биыл ауданға 39 жаса маман келеді. Оларға 70 АЕК мөлшерінде көтерме қаражат беріледі, тұрғын үй мәселесі назарда болып, жұмыс жасауға лайықты жағыдайлар қаралады. Ал тәртіпті бұзушыларға аудан әкімінің қаулысы шығарылып, олардың қаражатты игеруі қатаң бақылауға алынады.
Дағдарыс жағыдайында

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Бахтылы Қмалыбаева аудан экономикасын дағдарыс жағыдайында тұрақтандыру мәселесінде баяндама жасап, қазір оң динамика сақталып тұрғанын айтты. Мал шаруашлығының негізгі көрсеткіштері өткен жылғыдан атық, жұмыртқа 5,6 есе артық өндірілді. Бірақ қайта өңдеу, нан, крупа, күнбағыс майын өндіруде қысқару көрініп тұр. Барлық әлеуметтік бағдарламалар толық көлемде орындалуда, әлеуметтік төлемдер өткен жылғыдан 8,8 млн.-ға өсті. Жыл басынан бері ауданда 363 жаңа жұмыс орыны ашылды, жұмыссыздықты қысқарту іс-шаралары қаралуда. Жұмыспен қамтамасыз ету бөлімі «Топав», «Шығыс жолдары», «Болашақ» сияқты өндірістік қауқары қысқарған және жұмыссыздық табы бар ЖШС-дерді бақылауға алып, ақпарат жинауда. Биыл мектеп жанындағы асханаларды көкөнісепен қамтамасыз ету қолға ла алынып, Назаровка мекетебі 4 га-ға картоп екті. 4 мектепте кіші орталық ашылады, нәтиежеде мектепке дейінгі жастағы балаларды қамту 29 пайыздан 33 пайызға өседі.

Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Людмила Сероокая тауарлар өндіру мен қызмет көрсету саласында 1 мамырға дейінгі өндірілген өнім көлемі 683 млн.құрады, бұл өткен жылғыдан 42 пайыз артық екенін жеткізді. Бірақ бұл көрсеткіш Шарбақты құс фабрикасындағы жедел өскен өнімділікке байланысты. «Артур» ЖШС-гі сияқты жағыдайы ауырлап қалған мекемелер де жоқ емес. Жалпы дағдарысқа қарамай жағыдай тұрақты, кіші бизнес субъектілері қысқаруы байқалмайды. Қайта бұл салада 95 жаңа жұмыс орыны ашылды. Жаңа қайта өңдеу объектілері ашылған жоқ. Сероокаяның айтуынша жұмыс істеп тұрған объектілерді барынша жұмыс істету – қазіргі басты міндет.
Балалар күні

Аудан әкімі Сапаргелді Смағұлов үйінде оқып, тәрбиеленетін алты мүгедек балаға ноутбук берді. Оның төртеуі Шарбақтыда болып өткен балалдар күні меркесінде берілді, екеуі балалардың үйлеріне жеткізілді. Абай атындағы орта мектеп осы мерекенің тұрақты өткізілетін дәстүрлі майданына айналды. Сол күні түнеріп жаңбырлы болып тұрған ауа-райының өзі шуақ шашып, мерекеге жиналған балалар да, ата-аналар да күндей күлімдеп тұрды. Мерекелік бағдарламаны «Радуга» мектептен тыс жұмыстар орталығы музыка мектебінің, «Айгөлек» балалар бақшасының тәрбиеленушілерімен бірге өткізді. Катя Степаненко мен Ангелина Тимощик орындаған әндер өте әсерлі шығып, іс-шараға ерекше арай берді. Аудан әкімі Сапаргелді Смағұлов балаларды қорғау күнімен құттықтап, Елбасының саясаты арқасында олардың еркін, жан-жақты өсуіне барлықө жағыдайды жасап отырғанын айтты. Мүгедек балаларға ноубуктерді тарқатқасын мерекенің мәдени бөлімі басталды. «Радуга»-ның би топтары ортаға шығып өнерлерін көрсетті. Концерттенсоң балалар велосипед, самокаттар, ироликтерде шағын шеру ұйымдастырды. Көңілді ойындар ойналып, сыйлықтар үлестірілді. Барлық балаға тегіс сыйлықтар табыс етілді, әрине, мұндай күнде ренжіген бала болмауы керке қой!

Жол картасы

Бір оқпен екі қоян

Аудан әкімі Сапаргелді Смағұлов жол картасы бойынша кезектегі отырысты жұмысты бастаған мердігер фирмалар өкілдерінің қатысуымен өткізді. Конкурстар өтті, шартнамалар түзілді, қаражаттың 30 пайызы мердігерлердің есепшотына түсірілді. Жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығы Т.Кривцун 273 жұмыссыздың жұмыспен қамтылуы қажеттігін жеткізді. Осы адамдарды жұмысқа алғаннан кейін ғана жұмыстың басталғаны жөнінде айта аламыз. Бұл адамдар білікті мамандар емес, сондықтан оларды көмекші жұмыстарға алып, ең төменгі еңбекақы мөлшерінде ақы төлеу керек. Бұл о баста келісіліп алынған мәселе. Жол картасы бірінші кезекте елді жұмыспен қамтамасыз ету картасы, сонан кейін барып қана әлеуметтік саланы жөндеу картасы. Бұл жөнінде мердішер фирмаларға тағы да айтуға тура келіп тұр. «Шығыс жолдары» ЖШС-нің директоры Виктор Лямцев жұмысшылардың 80 пайызы жұмыссыздар болса, атқарылған жұмыста сапа бола ма? –деген сұрақ қойды. Сұрағына жауапты Виктор Григорьевич өзі іздеуге тура келеді, жұмыстың сапасын күзде сұрайды, ал жұмыссыздар бүгін істеуі керек. Оның үстіне, аудан әкімінің айтуынша бұндай 80 пайыздық жұмыспен қамтуды мердігерлер конкурсқа қатынасып жатқанда білді, енді неге бұл сұрақ туындап отыр. Онда конкурсқа қатынаспау керек еді?! Павлодарлық «Ақмарал холдинг» мекемесіне сұрақ қойылды. Конкурсқа қатынасып, бастапқы бағаны 20 пайызға дейін төмендетіп жеңіп шыққанда олар жұмыстың сапасын қалай қамтамасыз етеді? Бір ғана Абай атындағы орта мектептің жндеу жұмыстарында бастапқы бағаны 1 млн. 280 мыңға дейін түсірген! Бірақ мкеменің өкілі жұмыстарға алдын ала барлық материалдардың дайындалғандарын, қазірдің өзінде жұмысты бастап жатқанын жеткізді. Ал жұмысқа алынғандарды тәртіпсіздік көрсетсе бірден шығарып тастайтындықтарын тура жеткізді. Владимир Глазинский жұмыстардың сапасы үшін мердігерлерден қатаң сұраныс болатынын, сонымен бірге жұмыссздардың санын күнделікті текесріп отыратынын жеткізді. Әрбір мектепте ата-аналардан құралған комиссия жұмыстың сапасын тексеріп отырады. Қазір мердігерлер 30 пайыз қаражатты алды, енді қалған қаражат жұмысқа алынуы тиіс жұмыссыздардың алынғаны жөнінде мәлімет берлігенде ғана аударылады. Бүгін жұмыстан шығарылған адамның орнына басқа жұмыссыз алынуы керек. Енді тек жұмыс істеу керек...
Құлындыдағы концерт

Ресей федерациясының шекара қызметкрлері күні Шарбақты ауданы Мәдениет Үйінің көркемөнерпаздары концерттік бағдарламамен Ресйедің Құлынды ауданында болып қайтты. Кейінгі жылдары бұл дәстүрге айналды. 28 мамырда қонақта болып, 18 тамызда қонақтарды қабылдау екі елдің шекара қызметкерлері күніне арналып отыр. Любовь Нуркенова, Гульнар Хавай, Динара Жуматаева және Жанибек Айдаргазиновтың өнерін тамашалаған құлындылық көрермендер дән риза болды. Мәдениет үйінің директоры З.Дауитовтың басшылығындағы жерлестерімізге гүл шоқтары мен грамоталар табыс етілді. Бұл сапарда әртістерді шекара қызметі капитаны Сұңғат Байжанов алып барды. Мұндай кездесулер екі елдің арасындағы татулықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді.
«Аманат»-қа шақырамыз

Павлодардағы Мир көшесі 26 үйде орналдасқан «Аманат» супермаркетінде Шарбақты ауданының әлеуметтік бөлімі ашылды. Облыстық және аудандық БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауп берген аудан әкімі Сапареглді Смағұлов келешекте ауданымыздың өз дүкенін ашатынан жеткізді. Дүкенді ашу оңай болған жоқ. Аудан кәсіпкерлері ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілері сауда майданын арендалауға, жаңадан мұздатқыштар мен құралдар сатып алуға тура келді. Жарнамалық хабарламалар жасалды. Енді мұндай дүкендерді тек қана жәрмеңкелерде ғана емес, арзан бағада азық түлікті дүкендер мен бөлімдерде де алуға болады. «Аманат» түнгі уақытта да жұмыс істейді.Алғашқы күні дүкенге етті «Победа» ЖШС-гі, шұжықтар мен сүрлерді кәсіпкерлер Қарашашевтар, нан мен кондитерлік өнімдерді «Болашақ» ЖШС-гі, ұнды элеватор, құс фабрикасы өз өнімдерін, бұтпылдақтың жұмыртқасын кәсіпкер Қараев ұсынды. Бағалар супермаркеттегіден төмен. Оның үстіне экологиялық таза біздің өнімдер сапалы да, тек сыртқы көрінісі керемет безендірілмегені болмаса. Ашылу салтанатына облыс әкмімінің орынбасары Төлеген Закарьянов, қалалық басшылар қатысты. Басты мәлімет пен бағаны аудан әкімі Сапаргелді Смағұлов берді. Қазір бірнеше аудан әлеуметтік дүкендерді құруға кірісіп жатыр, біз Қашыр ауданынан кейін екінші болып ашып отырмыз. Бірақ бір проблема - әлеуметтік дүкендегі өнімдерді тек қана зейнеткерлер мен мүгедектер ғана емес қалаған кісіге тауар ұсынуы болды. Себебі өнімді ұснынп отырған шаруашылықтарға артық шығыннан басқа ештеңе алып келіп тұрғаны жоқ. Пайданы көздеп тұрған ешкім жоқ. Кеткен шығын мен аренда, сатушылардың айлығы өтелсе болды. Бірақ аудан иоысндай арзан өніммен қамтамасыз етуге қашанға дейін мүмкіндігі бар? Бағаларды реттемесе рыноктың заңдылығына қарсы әрекет етіп отырған сияқты ма, қалай?!
Ешкім де ұмытылған жоқ

31 мамырда Шарбақтыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған митинг болып өтті. Шарбақтының тұрғындары мен қонақтар жазықсыз құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Село әкімі Н.Ушаков сол жылдары Қазақстанның басына түскен ауыртпалыққа тоқталды. Мемлекеттік машинаның астына жеке адамдар, бүкілдей халықтар түсіп жатты. Солардың бәріне қазақ халқы кеудесін тосты. Онан соң Қызыр атындағы мешіттің имамы Әдил Райымбек, православие шіркеуінен отец Сергий сөз сөйледі. Қандай қиын заман болмасын адамдардың бірін біріне деген сүйіспеншілігі, қорғаныш болуы сол қиындықты жеңудің жалғыз жолы болғаны айтылды. Алексеевкалық Степан Антонович Рябушко, Абдулла Умарович Дзугаев және Геннадий Эдуардович Блиндт өз өмірлерінің мысалымен бұлар туралы әңгімелеп берді. Қазақстанның екінші Отан болғаны туралы кеңінен айтылды. Мұндай отбасылардың әрбірінде 31 мамыр күні ескерткішке келіп гүл шоқатарын қою – отбасылық дәстүрге айналған. Демек, адамның жады атадан балаға беріліп бара береді.
Тағайындау

«Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы болып Смағұлов Қайып-Назар тағайындалды. Смағұлов Қайып-Назар Павлодар облысының Лебяжье ауданы Лебяжье селосында дүниеге келген. Білімі –жоғары, 1995 жылы Павлодар педагогикалық институтын, 2007 жылы КИПМО, 2008 жылы Павлодар мемлекеттік технологиялық колледжді бітірген. Мамандығы дене шынықтыру пәні мұғалімі, заңгер, жер орналастыру технигі. «Павлодар қаласы әкімінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-де бас маман болып жұмыс істеген. 2002-2004 жылдары «Павлодар МЕОжер» ДММ заңгер және кадрлер бөлімінің бас иснпекторы болып жұмыс істеді. 2005-2008 жылдары «Павлодар МЕОжер» ДММ-де техник-маман, кадастр бөлімінң маманы және заңгер лауазымдарында жұмыс істеді. 2008 жылдың июлінен желтоқсанына дейін «Павлодар қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-де бас маман болып істеді. 2008 жылдың ақпанынан сәуіріне дейін «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің бастығы лауазымын уақытша атқарушы болды.
Менің елім – менің мақанышым

Мемлекеттік рәміздер күні аудандық мәдениет үйінде «Ел рєміздері – елдігімніњ, тендігімніњ рењі» салтанатты іс-шарасы өткізілді. Зал мемлекетміз рәміздерімен безендіріліп, Динара Жұматаева мен Данагул Түсіпова басқарған концерттік бағдарлама осы күнге арналды. «Менің туым» биін «Гүлдер» тобы орындады, №3 мектеп оқушысы Карина Штенгаур, малиновкалық Аңсат Айдарғазинов, №1 мектептен Юра және Алина Гумаровтардың орындауында әндепр тыңдалды.Ал Аня Лукьянец, Юля Лобанова, Аяна Габитова, Асем Ахат и Ажар Айдарова тақпақтар арнады. «Жастар толқыны» жастар қозғалысының төрағасы, аудандық маслихат депутаты Сейтахмет Амренов құттықтау сөзін сөйледі. Мереке барысында фильм көрсетіліп, әнұран орындалды.
«Мал» операциясы

Аудандық ішкім істер бөлімі «Мал» жедел профилактикалық акциясын өткізді. Криминалдық полиция бөлімінің өкілетті полициясы Талғат Жақовтың айтуынша жыл басынан бері 6 мал ұрлығының 5-уі шешілген. 23 сәуірде Шалдайда ұрлықпен шұғылданатын 3 кісі ұсталды. Бірі Павлодар тұрғыны, екіншісі – Баянауылдан, үшіншісі – Ақтоғайдан. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір елдің малының қайда қанша жайылатыны кез келген ұрыға белгілі. Демек, аудан тұрғындары сақ болғаны жөн.
Алыс ауылда телефон

Александровка селосында сымсыз телефон байланысын орнату жұмыстары аяқталды. Павлодарлық «Байланыс индустриясы» фирмасы 165 абоненттік номерлі жүйені орнатты. Шарбақты ауданының басшылығымен жүзеге асырылған бұл тәжрибелі жоба 2008 жылдың қазанында басталған болатын. Тұрғындардың өтінішін орындауға дәстүрлі телефон байланысын ортану өте үлкен қаражатты талап ететіндіктен, жаңа заманауи технологиялар көмекке келді. Александровкада телефон орнату 15 мың.теңге, айлық абоненттік ақы 700 теңге. Есесіне қалалық спутниктік номер өте таза сапалы байланыспен қамтамасыз етеді. «Қазақтелеком» ауылдық байлпаныс жүйесінде монополист болудан қалды. Енді «Байланыс индустриясы» Жаңауыл, Есілбай, Арбаиген, Жылыбұлақ ауылдарына орнататын болды.
3 ауысымдағы лагерь

Биыл «Чайка» лагеріндегі жұмысты 3 ауысымда ұйымдастыру көзделуде. Дем алып жатқан балалардың ішінде ақ қамтамасыз етілген отбасылардың балалары да болады, оған аудан бюджетінен қаражат бөлініп отыр. Бір ауысымның бағасы 26500 теңге. Аудандық бюджет есебінен 71 жолдама аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына алынды. Бұдан тыс сенбіліктерде жиналған қаражатқа тағы 26 жолдама алынды. Сонымен алғашқы ауысым толығымен қайырымдылық қаражатымен атқарылады. Екінші ауысымда кәсіподақтар қаражатына оқушылар келеді, үшінші ауысымға Шарбақты және Павлодар аудандарының балалары келеді деп күтілуде, әлі жолдамлар сатылған жоқ. Аудандық оқу бөлімі ЖШС-тер, мекемелер мен ұйымдар әлі өз қызметкерлері үшін жолдама алады деп күтуде. Қазір жақсы дем алуға барлық жағыдай жасалған. Жөндеуден өткізілген лагерге жаңа мебель сатып алынды. Ал таза ауа бұл жерде жетерлі.
Заседание акимата

На заседании районного акимата под председательством Сапаргельды Смагулова рассмотрены вопросы о выполнении программы предоставления грантов акима области выпускникам из малообеспеченных семей и плана мероприятий по стабилизации экономики района на 2009-2010 годы.

Разговор ко времени

По первому вопросу докладывала начальник отдела занятости и социальных программ Таисия Кривцун. Она сообщила, что на сегодняшний день в ВУЗах Павлодара по грантам акима области обучаются 36 студентов из Щербактинского района. Областная программа, о выполнении которой идет речь, реализуется с 2004 года, за это время гранты получили 68 щербактинских выпускников, и 21 специалист уже успел вернуться в район, чтобы отработать положенный по договору двухлетний срок. Однако без проблем не обходится. За все время существования программы 10 молодых людей отчислены из высших учебных заведений из-за нарушений дисциплины, слабой успеваемости и даже по причине неоплаты за обучение, хотя деньги за обучение на счет студентов перечислялись. Увы, случается даже такое, по действующей схеме студент лично платит деньги за обучение, снимая их со своего счета, а потом предоставляет соответствующие квитанции. И были случаи, когда деньги до ВУЗа не доходили, один из них и сейчас является предметом судебного разбирательства. Ведь проблема в том, что вернуть деньги, уже потраченные на обучение нерадивого студента, практически невозможно – это по определению молодые люди из малообеспеченных семей, которым государство в лице акима области пытается помощь получить высшее образование.

Владимир Глазинский впоследствии рассказал, что ежегодно от 15 до 18 молодых людей, недобравшие баллы на ЕНТ, просят предоставить им гранты акима области. Часто случается, что, пытаясь попасть в число студентов, эти люди даже не берут в расчет специальность, хотя речь идет об их будущей профессии. А малообеспеченные родители клянутся, что в случае предоставления гранта обеспечат проживание своего ребенка в городе, отдадут последнее, чтобы их он получил образование. На практике часто все оказывается совсем не так. Ведь, зачастую, это дети не только малообеспеченные, но и не вполне благополучные…

Именно поэтому Таисия Кривцун в своем выступлении просила присутствующих на заседании акимата директоров школ и акимов сельских округов выбирать таких выпускников, которые будут учиться. Разумеется, большое значение имеет специальность, как правило, гранты предоставляются по профессиям, востребованным в районе. В прошлом году, скажем, приоритет отдавался медицинским специальностям. Ребят, которые добросовестно учатся, чем оправдывают вложенные в их образование деньги, конечно же, большинство. Начальник отдела внутренней политики Валентина Рыбалко предложила найти формы поощрения лучших студентов, и аким района поддержал это предложение. Деньги для этого потребуются небольшие, но в будущем появится больше оснований рассчитывать, что выпускники ВУЗов, получившие красный диплом, не станут пытать счастье далеко от родного дома…

В этом году ожидается прибытие в наш район еще 39 молодых специалистов. Для них предусмотрены подъемные в размере 70 МРП, будут рассматриваться вопросы предоставления жилья, создания благоприятных условий для работы. А что касается тех, кто продолжает учиться, то постановлением акимата района руководителям исполнительной власти на местах поручено усилить контроль над своевременной оплатой за обучение студентов, которые учатся по грантам акима области. И принять все необходимые меры, чтобы численность таких студентов не сокращалась, и деньги не тратились зря.
  1   2   3

Похожие:

Әкімдіктің отырысы iconНормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 17 мамырда №5-1-188 тiркелдi «Әкімдіктің 2010 жылғы 27 сәуiрдегi №6857 «Көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн орындар белгiлеу туралы»
«Әкімдіктің 2010 жылғы 27 сәуiрдегi №6857 «Көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн орындар белгiлеу туралы» қаулысына өзгертулер енгізу...
Әкімдіктің отырысы iconСело әкімі аппаратының отырысы

Әкімдіктің отырысы iconСемей қаласында «Электрондық әкімдіктің» дамуы туралы
Интернет желісіне қосылып, жоғары қорғанышты жеке ip-адреспен электронды пошта орнатылды
Әкімдіктің отырысы iconШемонаиха ауданының әкімі А. Ж. Тоқтаровтың облыстық әкімдіктің мәжілісіндегі есебі
Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайы және болашағы туралы
Әкімдіктің отырысы iconМинистрліктерге, ведомстволарғы және қарамағындағы ұйымдарға
Каспий теңізінің қазақстандық сектор мониторингінің жедел жүйесін дайындау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының (бұдан әрі жұмыс...
Әкімдіктің отырысы icon«Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Республикасының Президенті мен Үкіметінің қаулылырымен, аудан әкімінің және әкімдіктің осы шаралармен қамтамасыз етілуі керек
Әкімдіктің отырысы iconӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысы Хаттама № 2012 ж. «6М020300-Тарих»
Бағдарлама «6М020300-Тарих» мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес дайындалған
Әкімдіктің отырысы iconӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысы Хаттама № 2012 ж. «6М011400-тарих»
Бағдарлама «6М011400-Тарих» мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес дайындалған
Әкімдіктің отырысы icon«Техникалық және кәсіптік білімi бар мамандарды даярлауға арналған 2012 жылдың мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» әкімдіктің 2012 жылғы 26 наурыздағы №138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Әкімдіктің отырысы icon«Бекітемін» Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С. Нұрқатова
«Облыс бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау проблемасы туралы» кәмелетке толмағандардың істері және олардың...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница