Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы




Скачать 329.4 Kb.
НазваниеТехникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы
страница1/3
Дата конвертации03.11.2012
Размер329.4 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы № 215 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 25-26, 186-құжат


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      2) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәлiктер беру жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      3) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      4) нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды тiркеу, қайта тiркеу және де мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2010 жылғы 18 наурыздағы
№ 215 қаулысымен   
бекiтiлген       

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған
арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың
тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы,
мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы
машиналарды тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн бере отырып,
тiркеу, қайта тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет
көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн бере отырып, тiркеу, қайта тiркеу мемлекеттiк қызмет (бұдан әрi - Мемлекеттiк қызмет) болып табылады.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 14) және 15) тармақшалары және Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2564 тiркелген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн мемлекеттiк тiркеу ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi № 467 бұйрығы негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық инспекциялары (бұдан әрi - Мемтехинспекция) көрсетедi, олардың мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды тiркеу, қайта тiркеу болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетiледi.
      7.  Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмде көрсетiледi:
      1) өтiнiш берушi қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 күнтiзбелiк күн iшiнде;
      2) қажеттi құжаттарды тапсырған кезде (талонды тiркеген, алған кезде және т.б.) кезек күтуге, электронды сауалды қалыптастыруға рұқсат берiлген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi ретiнде барынша рұқсат етiлген файл мөлшерi құжаттарды алу кезiндегi кезек күтуге рұқсат берiлген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес мемлекеттiк алымдар мен баж (жаңа техникалық паспортты және мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiсiн алған кезде) белгiленген, олар мыналарды құрайды:
      тiркеу үшiн мемлекеттiк алым - 0,25 айлық есептiк көрсеткiш;
      баж салығы: машинаға техникалық паспорт бергенi үшiн - 0,5 айлық есептiк көрсеткiш;
      машинаға мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiсiн бергенi үшiн - 1 айлық есептiк көрсеткiш.
      Мемлекеттiк алым және баж төлемнiң мөлшерiн және төленген күнiн растайтын түбiртек беретiн Қазақстан Республикасының банк ұйымдары арқылы төленедi.
      9. Мемлекеттiк қызмет керсетудiң тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.kz интернет-ресурсында және Мемтехинспекцияларда орналастырылады, олардың мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген.
      10. Мемлекеттiк қызмет сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн жұмыс күндерi (дүйсенбi - жұма) көрсетiледi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезекке тұру тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға (күту залы, құжаттардың үлгiлерi қойылған таған), сондай-ақ мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қолайлы жағдайлар жасалады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:
      1) Мемтехинспекция қызметкерi бланкiсiн беретiн белгiленген нысандағы өтiнiш, олардың мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген;
      2) жеке тұлғалар үшiн - өтiнiм берушiнiң жеке басын және тұрғылықты жерiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi мен түпнұсқасы;
      3) заңды тұлғалар үшiн - заңды тұлғаның мөрiмен куәландырылған заңды тұлғаның құрылтай құжаттары (тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң статистикалық картасының көшiрмелерi);
      4) машинаны кәдеге жарату (жарамсыз деп тану, шығынға жазу) жағдайларын қоспағанда, оны мемлекеттiк тiркегенi, қайта тiркегенi және тiркеу құжатының телнұсқасын бергенi үшiн алымдардың төленгенi туралы құжат;
      5) шарттың (сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, қарыз және басқалары), машинаны қабылдау-беру актiсiнiң немесе машинаға меншiк құқығын растайтын өзге де құжаттың (анықтама-шот, кассалық кiрiс ордерiнiң түбiртегi, соттың шешiмi немесе меншiк құқығын растайтын өзге де құжаттар) нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      6) машинаның тiркеу құжаты және мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiсi үшiн мемлекеттiк баж төленгенiн растайтын құжат;
      7) жаңа және қолдан жасалған немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген машиналарға берiлген Қазақстан Республикасының сәйкестiк сертификаты немесе оның қауiпсiздiк техникасының белгiленген талаптарына сәйкестiгiн растайтын басқа құжат;
      8) кедендiк жүк декларациясы (машинаны шетелден сатып алған жағдайда), кедендiк құжаттардың көшiрмелерi осы құжаттарды берген кеден органы ғана куәландырады.
      Құжаттарды өкiл ұсынған жағдайда өтiнiшке оның өкiлдiгiн растайтын құжат (сенiмхат) қоса берiледi.
      Машиналарға және нөмiрлi агрегаттарға меншiк құқығын растайтын басқа да құжаттарға мыналар жатады:
      машиналарды сатып алғанын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелгенiн растайтын құжаттардың түпнұсқалары (МКД);
      нотариалды тәртiппен куәландырылған шарттар, куәлiктер, мүлiкке құқығы туралы құжаттар және басқа да құжаттар, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған өзге де құжаттар;
      Қазақстан Республикасына әкелiнген машиналардың «Транзит» белгiлерi және тiркеу құжаттары;
      заңды тұлғаның машинаны жеке тұлғаға сату туралы мөрмен куәландырылған бұйрығы (өкiмi).
      Мемтехинспекцияда есепте тұрған және жаңа заңды немесе жеке тұлғаларға сатылған (берiлген) заңды тұлғалардың машиналарын тiркеу қолда бар тiркеу құжаттарының, жалпы жиналыстың хаттамасы, жарғыға сәйкес жоғары органның шешiмi, бiрiншi басшының қолы қойылып, мөрмен расталған осы ұйым бойынша бұйрықтың үзiндi көшiрмесi, негiзгi құралдарды қабылдау-тапсыру актiлерi (НК-1 нысаны) сатылған машина үшiн төлемдi растайтын төлем құжаттары, мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық органдардың рұқсаттары (мемлекет меншiгiндегi заңды тұлғалар үшiн) негiзiнде жүргiзiледi.
      13. Бланкiлердi (өтiнiш нысанын) мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген тiркеу орны бойынша Мемтехинспекциялардан немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.kz интернет-ресурсынан алуға болады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi толтырылған бланкiлер, нысандар, өтiнiштер және басқа да құжаттар Мемтехинспекцияның инженер-инспекторына ұсынылады, олардың мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген, ол құжаттарды осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестiгiне тексередi және кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына тиiстi жазба енгiзедi. Ұсынылған құжаттар осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес келмесе, тұтынушыға құжатты қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талабы бойынша оған құжатты қабылдаудан бас тартудың дәлелдi жазбаша растамасы берiледi.
      15. Құжаттарды қабылдау кезiнде өтiнiш берушiге құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын Мемтехинспекцияның инженер-инспекторы қажеттi құжаттарды қабылдағаны туралы белгi қойылған өтiнiштiң көшiрмесiн бередi.
      16. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн (бұдан әрi - МТНБ) және техникалық паспорттарды мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген Мемтехинспекция жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейiн техникалық паспорттарды және МТНБ беру тiзiлiмiне жеке қолын қойғызып, көлiк құралдарының иесiне (өкiлiне) бередi.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден көлiк құралының иесi (өкiлi) осы стандарттың 12-тармағындағы құжаттарды ұсынбаған жағдайда бас тартылуы мүмкiн.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн Мемтехинспекцияның мамандары өз қызметiнде:
      1) қарапайымдылық танытуға, өзiнiң лауазымдық жағдайын, соның iшiнде көлiк, сервистiк және өзге де қызметтердi алу кезiнде баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
      2) сыпайы және әдептi болуға;
      3) өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге, олар бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қабылдауға;
      4) тұтынушы құжаттарының сақталуын, қорғалуын және мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге тиiс.

4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. Мемтехинспекцияның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жұмыс тобы бекiтедi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасына наразылықтар болған жағдайда Мемтехинспекция маманының әрекетiне шағым мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген аудандық, облыстық және қалалық аумақтық инспекциялар бастықтарының атына немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң төрағасының немесе оның орынбасарының атына берiледi - 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi 36, 703, 702-кабинеттер, интернет-ресурсы: www. minagri.kz; тел. (87172) 555-880, 555-961; факс 555-762; е-mail: tehnika@minagri.kz
      22. Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы, электрондық почтамен не қолма-қол осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес аумақтық инспекциялардың кеңселерi арқылы жұмыс күндерi қабылданады.
      23. Қабылданған шағым мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген аумақтық инспекциялардың ақпараттарды есепке алу журналына тiркеледi және түскен уақытынан бастап 15 күн iшiнде қаралады.
      Шағымдарды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарланады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi 36, 703, 702-кабинеттер, интернет-ресурсы: www. minagri.kz; тел. (87172) 555-880, 555-961; факс 555-762; е-mail: tehnika@minagri.kz

Тракторларды және олардың базасында  
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер  
мен механизмдердi, монтаждалған арнайы
жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн
ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және  
жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн,
сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы   
машиналарды тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн
бере отырып, тiркеу қайта тiркеу бойынша
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
1-қосымша              

Кесте. Сапа және қол жетiмдi көрсеткiштердiң мәнi

Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

100%







1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан көп емес күткен тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%







2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%







2.2. Лауазымды адам құжаттарды дұрыс рәсiмдеген жағдайлардың (жүргiзiлген есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесi)

100%







3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%







3.2. Тұтынушы бiр дегеннен дұрыс толтырған және тапсырған жағдайларының %-ы (үлесi)

100%







3.3. Ақпаратқа интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)

100%







4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiздi шағымдардың %-ы (үлесi)










4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)










4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100%







      Көрсеткiштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк қызмет стандарттарының көрсеткiштерiн анықтау бойынша үлгi әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес есептеледi (сайт www.kyzmet).

Тракторларды және олардың базасында 
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған арнайы  
жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн
ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және 
жол құрылыс машиналары мен механизмдерiн,
сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары машиналарды
тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн бере отырып,
тiркеу қайта тiркеу бойынша мемлекеттiк
қызмет көрсету стандартына 2-қосымша
  1   2   3

Похожие:

Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы iconТехникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi...
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы iconТехникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi...
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы iconМемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы iconОблыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
«Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру...
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Негізгі ұғымдар
«Ветеринария саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенттерін бекiту туралы»
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница