Астана қаласы №37 Сырбай Мәуленов атындағы орта мектеп




Скачать 57.23 Kb.
НазваниеАстана қаласы №37 Сырбай Мәуленов атындағы орта мектеп
Дата конвертации20.11.2012
Размер57.23 Kb.
ТипДокументы
Астана қаласы

37 Сырбай Мәуленов атындағы орта мектеп

Ашық сынып сағаты
«Ғарыш сарбазы»


Өткізген: Спатаева С.М.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар бойына өзінің ұлтына,достарына,ата-анасына,табиғатқа деген ізгілік ниеттерін қалыптастыру. Имандылыққа үйрету,адалдық, адамгершілік,дос тық махаббат сезімдерін жоғары ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Прожекторлар,эвалюция сатылары жазылған плакаттар, мәңгі жол мен жерұйық суреті «Күмән», «Махаббат», «Ақиқат», «Мейірім», «Күдік», «Шындық» жазулары, таспаға жазылған күйлер (домбыра, шаңқобыз) таспаға жазылған ата-ана дауыстары. Айран, нан, тостаған.

Сахна тастай қараңғы. Біртіндеп жарық беріледі. Алыстан күңіріле шыққан қобыз дауысы. Сахна толық жарықталған кезде, өз ұстаздармен әлде бір тақырыпты қызу талқылап, талдап жатқан 7ә сынып (әрине № 37 мектеп) оқушыларының белсенді пішіндері, қызғылықты сұрақтары, ұстаздың жауаптары байқалады. Саз әлсірей бергенде, оқушы шәкірттер де тыныштала беріп, бар зейіндерін ұстаз сөзіне құлақ қояды. Қызғылықты сабақты жүргізіп жатқан Сағила Мансұрқызының әнгімесіне еліте ден койған шәкірттер мүлдем қыбырсыз қалған. Бәріде беріле тыңдап қалған. Ұстаз ойы шар тарапты кезіп бірте-бірте алдындағы бүлдіршіндерінен ойша бөлініп залға, кең де үлкен аудиторияға, әріптестеріне, көрермендерге шертер сырын жалғастыра береді.(бұл тақырыпқа неге қызыққандығын, ол несімен қымбат, оның зәрулігі неде деген ыңғайда түсінік беріп өтеді).

Екпініді музыка Құрманғазы күйлері болуы да мүмкін. (Сары-Арқа,Адай немесе Балбырауын сияқты). Күй әлсірей бергенде, бүкіл 7ә сынып оқушылары дүрілдете қол соғып апайлары айтқан қызғылықты түсініктемеге құрмет көрсетеді. Сәл паузадан соң,бәрі бір кісідей,бір мезітте; «Ақ сарбаз», «Ақ сарбаз», «Ақ сарбаз» деп үш қайтар хормен ұран салады.

Ұстаз ризашылық сезімін білдіріп:

Жиһанның әрқалай сын сағатында тәңірім, қазақ жерін, қазақ елін сақтай гөр: Ақ сарбаз демей,жебей жүрсін өздеріңді, -деп ақ тілегін білдіріп, түлектерін әрекетке шақырады. Өзі залға өте береді. Көрініске қатысатын оқушылар әрқайсысы өз әрекетеріне ыңғайланады. Сахна күңгірттеніп, жарық қайта берілгенде, аулақтан естілер шаңқобыз үні кісі көңілін қияннан -қиянға жетелгендей болады.

Сахнаның екі жағынан екі жүргізуші, (бір ұл, бір қыз) шығады.

Бірінші жургізуші:

Құрметті халайық!

Ғаламат қиял иесі, жер жиһан жаңалықтарын түгел жазып, тасқа түсірген,тарихқа таңбалаған Жиһан Желтоқсанның Ақ сарбаз деп аталатын IX-тараулы толымды еңбегіннің небәрі XII-ші тарауынан үзінділер көріңіздер! Осынау шағын көріністердің басын біріктіріп, оқиға өрнектеген 7ә сынып оқушылары екенін де ұмытпаңыздар!

Екінші жургізуші:

Қазақта жеті киелі сан. Киелі ұғым. Жеті ата, жеті күн,жеті жарғы,жеті шелпек болып кете береді. Ендеше, біздің бас кейіпкеріміз Ақ сарбазда өзінің рухани өрлеуінде жеті сатыдан өтеді. Мысалы: 7-жасқа дейін-Балалық шағы... 7-ден 14 жасқа дейін- Физикалық дүниеге сіңіп кіруші....14-тен 21-ге дейін адасушы...Қысқасы, 49-жастан бастап-жаңа әлемдерді ашушы...
Бірінші жургізуші:

Жә..Жә... оның бәрі ұзақ әңгіме. Ол баста келіскендей, қысқаша көселейік. Ақ Сарбазда қырдағы киіз үйде нағашы апасынның бауырында өскен. Осылайша, Ак Сарбаз саһаралық тектіліктің алғашқы сабағын алып, өз халқынын рухани тани бастады. Өлім-жітім, той-думан, қуаныш реніштен тұратын адам тағдырына тереңдей берді, деңдей берді. Ащыны да, тұщыны да талғап көруге асықты, Болашақ ғарыш Жауынгері осылайша өсіп жатты.

Кенет, жақындай түскен дауылпаз үнін естейміз. Екі жүгізуші бір - біріне тыныш дегендей емеурін білдіріп, кейінірек шегіне береді де тізерлеп,отыра қалады. Алай түлей әуен сарынымен әр қадамын санап басып, өзін Қобыландыдай сезінген Ақ Сарбаз сахнаға шығады. Қолын төсіне қойып, ел- жұртпен амандасқан ол сөз бастай береді.

Ақ Сарбаз:

-Мен дала перзентімін, Таза ауа жұттым асық ойнадым,Ит асырадым,Тіпті үшеуін де асырадым. Бала болмай бірден дана болмайсың. Бір күні асық ойнап жатқанда...

(Қалтасынан асықтарын алып, лезде баяғы балалығы есіне түскен Қобыланды Ақ сарбазымыз кездейсоқ ауыл баласымен сайысқа түсе береді.)

Екі бала ерегісіп асыққа таласып шекісе қалады. Осы кезде таспаға жазылған Атасының өсиет сөзі оған тоқтау салады.

Атаның даусы:

-Балам,тексіз біреумен таласқа түскенің не? Хан әулетінің ұрпағына бұл жараспайтын қылық! Өз тегіңнің абыройы мен даңқын сақтап, бұндай ерегістен өзіңді жоғары ұста!

Рухани патшалықтың тағына көтерілу үшін, халыққа қорған бол,

-кез-келген ісіңді аяғына дейін жеткізу үшін ерікті бол,

-тек қана беруші бол және қос қолыңмен беретін бол.

-туған халқының қарызын өтеу үшін қажет болса жанынды құрбан ет.

(Осы кезде екі жүргізушінің ым- ишаратымен жайлап жиналған оқушылар бет сипасады )

Екінші жүргізуші:

Содан бері, Ақ Сарбаз мынадай танымдық қорытындыға келді

Бірінші оқушы:

Жамандыққа үнемі жамандықпен жауап беру шарт емес.

Екінші оқушы:

Егер сенің бір жаққа баруыңа қарсылық туса ол сен бармайтын орын болғаны

Үшінші оқушы:

Сені аластағанның бәрі саған жау емес, керісінше, сені қуған адам өзі және онымен пікірлес адамдар ғана тағдырдың қалауын орындауы мүмкін.

Ақ Сарбаз қалың ойға қалды Саз әуені. Ол басы салбыраған қалпы толғанып кеткен.
Бірінші жүргізуші:

Ақ Сарбаз аздап демалсын.Мына дүниеден озған жақындарымен әрі қарай жанасcын. Бәлкім ол қайтыс болған дәу әжесімен де жолығар! (оқушылар тарай бастайды).

Таспада әже даусы: (ренішті)

Кімсің сен өзің? Ата-тегің кім?

Ақ сарбаз: (басын көтеріп)

Апа, бұл менмін ғой! Сені көрейін деп келдім. Оқу, ізденісімнің арқасында бір биіккке жетсем деймін!

Әже даусы:

Көріп тұрмын жетеріңді! Түріңе, ойыңа не болған? Мына отырысың не? Халқыңнан алған қасиеттерің қайда? Сені кім туды? Түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтімен асыраған кім? Қорқыт пен Асанқайғыны, Алпамысты саған кім айтып еді? Саған ән айтып, күй тартқан кім еді? Ал қазір сен кімсің, қай халықтың перзентісің?

Ақ сарбаз:

Апа, мен әрқашан да елімнің ұлы – сенің немерең боп қаламын!

Әже даусы:

Олай болса аяғыңды жіпше орап алған мына отырысың не? Сенің маңдайыңа халыққа қорған болу жазылған. Сондықтан орныңнан тұрып, ата-тегіміздің жолымен шайқасқа шығуға дайын бол!

(Әже даусы басыла бере, екі жүргізуші ақ сарбазға тандыр нан мен бір тостақ айран ұсынады. Наннан үзіп ауыз тиіп, айранды немесе қымызды басына көтеріп салған ол ширыға орнынан атып тұрады. Шалқыған күй сарынында ерсілі-қарсылы аунап-қунап, айналасына елжірей қарап, рахатқа бөленгендей болады)

Екінші жүргізуші:

Ақиқат, Мейірім, Даналық, Шындық іздеген Ақ сарбаз мақсатына жетпей тынбайтынына мына сіздер куәсіздер (көрермендерді меңзейді)

Ортаға «Шындық», «Махаббат», «Күдік», «Күмән», «Сенімсіздік» деген сөздері бар плакат ұстаған оқушылар шығып, бірінен кейін бірі:

Шындық:

Ғарыш сарбазының талабын қолдайық!

Күдік:

Шынымен-ақ Ғарыш сарбазы осы ма?!

Күмән:

Мен оны жеңістен үміт үзбес үшін ойлап шығарылған аңыз екен десем!

Сенімсіздік:

Ол алып болуы керек сияқты еді ғой!

Шындық:

Тұлғасында тұрған ештеңе жоқ! Қараңдар, болайын деп тұр!

(Шындық пен Махаббаттан өзгелері сахнадан жылыстап шыға береді, Ақ сарбаз Шындық пен Махаббатқа тіл қатады).

Ақ сарбаз:

Шындық, тіліңе май! Қазақ халқының дархан тілі –оның ең маңызды игілігі.Тіл жеперішін көргеннен гөрі, қазақ халқының мүлдем өлгені артық. Қазақстанды өздерінің тарихи отаны деп таныған барлық халықтар қазақ халқының менталитетін, тілін, музыкалық мәдениетін және жартылай болса да өмір салтын қабылдау болып табылады. Жердегі мәңгі шайқас және Жерұйыққа барып тірелетін соңғы күш, исі қазақ нәсілінің бір жерге жиналуын талап етеді. (Шындық пен Махаббаттың қолдарын көтере ұстаған Ақ сарбаз алға жылжиды. Көңілді музыка)

Шындық пен Махаббат: (Екеуі қосыла)

Жиханның осындай сын сағатында тәңірім, тәуелсіз қазақ елін, ата-бабалар жерін сақтай гөр!

Сахынаның артқы жағынан бастары салбыраған «Күдік», «Күмән», «Арамзалық», «Сенімсіздік» сияқты жайсыз элементтер көріне береді. Ұстазы шығып әлгі плакаттарды жинап, сахна сыртына лақтырады. Оқушылар музыка соңында қол соғады.

Похожие:

Астана қаласы №37 Сырбай Мәуленов атындағы орта мектеп iconСырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп. «Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Б. Ахмет Құрсанова Б.Қ
Тақырыбы: «Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі- сапарғали Бегалин 115 жаста.»
Астана қаласы №37 Сырбай Мәуленов атындағы орта мектеп iconСырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ж.Қ. Утебаеваның 3 «Б» сынып оқушыларымен өткізген тәрбие сағыты

Астана қаласы №37 Сырбай Мәуленов атындағы орта мектеп iconҰлыстың ұлы күні-әз Наурыз! Мұғалімнің сөзі
...
Астана қаласы №37 Сырбай Мәуленов атындағы орта мектеп iconАстана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Сынып сағаты Тақырыбы: «Алғашқы көмек көрсету» Сынып: 9 «Ғ»
Мақсаты: Алғашқы көмек және оның адам өмірі үшін маңызымен таныстыру. Оқыс жағдайда жарақат алған, зардап шеккен адамдарға көмек...
Астана қаласы №37 Сырбай Мәуленов атындағы орта мектеп iconАстана қаласы С. Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Ашық сабақ Тақырыбы: «Орта Азия, Кавказ халықтарының музыкасы»
Сабақтың твақырыбы: Орта Азия халықтарының музыкасы. Кавказ халықтарының музыкасы
Астана қаласы №37 Сырбай Мәуленов атындағы орта мектеп icon«Махаббат оты сөнбейді!» поэзия кешінің сценарийы. 16. 03. 2010ж. 15. 00 сағ №37 ом актовый зал
Астана қ. Көпбаева С. К. №11 кітапхана меңгерушісі; Сырбай Мәуленов атындағы №37 ом жұмабай Н. С. қазақ тілі мен әдебиет пәнінің...
Астана қаласы №37 Сырбай Мәуленов атындағы орта мектеп iconАстана қаласы №37 орта мектеп Төлегенова А.Қ. география және биология пән мұғалімі Сабақтың тақырыбы: «Табиғат-ел ордасы, жан сарайым»
Астана қаласы №37 орта мектеп Төлегенова А.Қ. география және биология пән мұғалімі
Астана қаласы №37 Сырбай Мәуленов атындағы орта мектеп icon1 «ә» сынып Мұғалімі: Татыгужинова К.Қ. Сабақтың тақырыбы: «Сыр аға-жыр аға» Сырбай Мәуленов-89 жаста. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Сырбай Мәуленовтың өмірбаянымен таныстыра отырып, біздің мектеп осы кісінің атымен аталатыны жайлы айтып...
Астана қаласы №37 Сырбай Мәуленов атындағы орта мектеп iconАстана қаласының білім басқармасы «№57 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
Ақын Мұхтар Шаханов, Төлеген Айбергеновтың қызы Айбергенова Хорлан Төлегенқызы, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы,...
Астана қаласы №37 Сырбай Мәуленов атындағы орта мектеп iconСырбай Мәуленов атындағы гимназия «Кинематика негіздерін қайталау» (аукцион сабақ) 9 – сынып
Білімділік: Тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау, жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница