Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы




Скачать 108.55 Kb.
НазваниеҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Дата конвертации20.11.2012
Размер108.55 Kb.
ТипДокументы


Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу

және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
№ 1 хаттама Қарағанды қ.

2010 жылғы 12 мамыр Обләкімдік, Конференцзалы

Ішкі еңбек нарығын қорғау және халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау туралы шешім

(2009 - 2011 жылдарға арналған облыстық Келісімнің 87т.)
Облыста 2008-2010 жылдарға арналған Қарағанды облысының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарын орындауда нақты жұмыстар атқарылуда, оның ішінде облыстық жоспар бойынша 2010 жылы 33,3 мың адам жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарға жіберу - 10,3 мың адам, кәсіптік оқуға, қайта даярлау және біліктілікті арттыру - 4,1 мың адам. Ағымдағы жылда жоспарда көзделген іс-шараларды жүзеге асыру қалалар мен аудандардың бюджеттерінде 513,2 млн.теңге қаралған

2010 жылдың 1 мамырында жұмыспен қамту мекемесінде 8900 жұмыссыз тіркелді, өткен жылмен салыстарғанда 1834 жұмыссыз адамға өсті (01.05.09ж. - 7066 адам). Жылдың басынан бастап салыстырғанда жұмыссыз адамдардың саны 3256 адамға өсті (01.01. 10ж. - 5644 адам).

Қазақстан Республикасының заңнамасының талабына сәйкес облыс атқарушы билік органдары ішкі еңбек нарығын қорғау жөнінде облыс экономикасын дамыту есебімен және қазақстандық жұмысшылардың мүддесін қорғау шаралары қабылданды.

Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, кәсіподақ және жұмыс берушлермен бірге ішкі еңбек нарығын қорғау және халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға жұмыс жургізеді. 2010 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік инспекторларымен 549 мекемеде тексеріс өткізілді, оның ішінде жоспар бойынша - 39. Тексерістер нәтижесі бойынша 1165 еңбек заңнамасының кемшіліктері, оның ішінде 15 халықты жұмыспен қамту кемшіліктері анықталды (2009ж. - 27).

Жұмыс беруші «Қазмыссервис» ЖШС, «Галушкина» жеке кәсіпкер, «Жезқазған қаласының мәдени-сауықтыру орталығы» ҚМК халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға жұмысшыларды қысқарту жөнінде ақпарат бермегені.

2010 жылғы 4 айда заңсыз шетел жұмысшы күшін анықтау мақсатымен көші-қон полициясы органдарымен 34 кәсіпорын және ұйымдар тексерілген. 21 жұмыс беруші заңсыз шетел жұмысшы күшін қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған (2009 жылы - 18). Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған 2661 шетелдік және Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылған (2009 жылы - 2689), 203 шетелдікті Қазақстан Республикасы аумағынан шығарған (2009 жылы - 202). Шетел жұмыс күшін пайдаланатын тәртіп бұзушылардың қатарында ұн тартатын кешен «ДАРАТ» бар.

Ішкі еңбек рыногын, жергілікті халықтың мүддесін қорғау мақсатында, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруді жүзеге асырады.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ішкі еңбек рыногын және жергілікті халықты қорғау мақсатында, шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсаттар береді.

Орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты тек қана бос жұмыс орындар барысында және ішкі еңбек рыногында жұмыс күшіне сұранысты қанағаттандыруға мүмкіншілік жоқ болғанда беріледі.

2009 жылы Қарағанды облысы бойынша шетел жұмыс күшін тартуына 400 бірлік квота белгіленген (2008 жылы - 1045).

Қарағанды аймағында мынадай АҚ «АрселорМиттал Темиртау», АҚ «Карцемент», АҚ «Central Asia Cement», ЖШС «Қазақмыс» Корпорациясы» кәсіпорыны шетел жұмысшы күшін тартады.

2009 жылы басқармамен 244 шетел мамандарын тартуға 244 рұқсат берілді.

Оның ішінде:

  1. санат бойынша 7 шетел маманы - ұйымдардың бірінші басшылары тартылды;

  2. санат бойынша 181 шетел мамандары - инженер - техник маман лауазымдардың орнын ауыстыру үшін тартылған;

  3. санат бойынша ЖШС «Китай строй» ҚХР 56 азаматтарына, «Нұра өзенін тазартуға» арналған мемлекеттік жобаны іске асыруға рұқсат берілген.

Қазіргі уақытта, шетелдік жұмыс күшін тартқан 16 ұйымда 157 шетелден келген мамандар және 104622 Қазақстан Республикасы азаматтары жұмыс істеп жатыр.

Жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөнінде ерекше шарттарды орындау жүктеледі. Ерекше шарттарға: кейіннен шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен алмастыра отырып, шетелдік жұмыс күші тартылып мамандықтар бойынша немесе еңбек рыногында сұранысқа ие мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарын кәсіптік даярлау немесе қайта даярлау енгізіледі.

2009 жылы шетел жұмыс күшін тартатын ұйымдар қазақстандық азаматтарға 1289 қосымша жұмыс орындарын ашты, 90 қазақстандық азамат қайта даярлаудан өтті, 2 - Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орнын бітірген, 15 шетел мамандары қазақстандық кадрлармен ауыстырылған. Кәсіпкерлер қауымдастығы жұмысшы мамандар жөнінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған тәртіпті оңайлату бастамасымен шығуға ұсыныс білдірді.

Сондай-ақ кәсіпкерлердің және кәсіподақтар өкілдерімен, жұмыспен қамту бөлімдерінде есепте турған қазақстандық азаматтармен салыстарғанда, шетел азаматтары еңбек тәртібі сақтаумен және жоғары орындаушылық қасиеттерімен ерекшеленеді. Кәсіподақтар шетелдік жұмысшы күшін тарту тәртібін шектен тыс регламенттеу жекелеген бизнес түрлерін қылмысқа ұрындыратыны жөнінде атап көрсеткен.

Осы мәселені талқылау нәтижесінде Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясының мүшелері шешім етті:

1. Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне (А.С. Шалабаев) халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша облыс ұйымдарында Қазақстан Республикасында еңбек заңнамасына сәйкес бақылауды күшейтсін, әсіресе уәкілетті органға жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары туралы мәліметті жібергенін қадағаласын.

2. Кәсіпкерлер қауымдастағының басшылары (Т.Қ. Доскенов, Г.Т. Құрбанбаева, Ж.Т. Алдаңғаров), жұмыс берушілері кеңесінде (Д.В. Павлов) жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзбауы, әсіресе уәкілетті органға жұмыс берушілерге жұмыспен қамту шаралары туралы түсінік жұмыстарын жүргізсін.

3. Кәсіпкерлер қауымдастығының басшыларына және облыс еркін кәсіподақтары Конфедерациясы (Т.Қ. Доскенов, Г.Т. Құрбанбаева, Ж.Т. Алдаңғаров, СЛ. Белкин) жұмыс топбымен (Н.А. Крюкова) бірге Республикалық үш жақты комиссияға және Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне дәлелді ұсыныстардың қажеттілігі туралы еңбек заңнамасына өзгертулер енгізу, жұмысшы мамандар жөнінде шетел азаматтарын жеңілдетілген рәсіммен тартып, даярласын және жіберсін.

4. Осы шешімді орындауға жауапты ұйымдар басшылары облыстық үш жақты комиссияға әр айдың 20 дейін 2010 жылғы жарты жылдық аясында ақпарат берсін.

5. Комиссияның жұмысшы тобы (Н.А. Крюкова) осы шешімді облыс әкімінің сайтына орналастыру жүктелсін.
Тараптар:


Үш жакты комиссия Облыс кәсіподақтары Облыс жұмыс берушілері

төрағасы Федерациясының төрайымы Кеңесінің төрағасы

Т. Рақымбеков А. Мадиярова Д. Павлов
Облыс кәсіпкерлері Қарағанды облысының еркін

Қазақстан қауымдастығының Конфедерациясының кәсіподақтары

президенті президенті

Т. Доскенов С. Белкин
Облыс кәсіпкерлері Еуразиялық кәсіпкерлер

қауымдастығының атқарушы қауымдастығының төрағасы
директоры

Г. Құрбанбаева

Ж. Алдаңғаров



Похожие:

Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Р ек 124-бабы қарастырылғандай, еңбекақыны көбейту тиісті кезеңге ҚР нормативтік құқықтық актілерімен анықталған инфляция деңгейінен...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия
Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар және Қарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Федерациясы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, заңнамасын орындауда еңбек шарттары ерекше жұмыстармен...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Жұмыскерлерге еңбекақыны, жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшылардың міндетті зейнетақы салымдарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс»
Жезқазған қаласының жұмыс берушілерінің, кәсіподақтар бірлестіктерінің және атқарушы өкімет органдарының жұмысы туралы
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс»
Республикасы «Жұмыскерлердің еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені үшін жұмыс берушінің...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconӘлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қарағанды облысының үш жақты комиссиясы №3
Облыстық үш жақты комиссияның 2009 жылғы 31 наурыздағы шешімімен комиссияның үйлестірушісі болып Қарағанды облысының әкімі аппаратының...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Жұмыс берушілерге рұқсат бергенде ерекше жағдай жасау жүктеледі: даярлық, қайта даярлау және шетел жұмыс күші тартылатын мамандықтар...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комисиясы
Тарифтерді негізсіз өсіруді болдырмау шаралары және табиғи монополиялар тарифтерін реттеу жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органның...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы iconӘлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қарағанды облысының үш жақты комиссиясы №3
Жұмыскерлердің денсаулығын сақтауды ұйымдастыру, жұмыс пен демалыс үшін қолайлы жағдай жасау, жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница