Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық Экономикалық даму және
шаруашылық істері агенттігі сауда министрлігі
2011 жылғы 28 наурыздағы № 124 2011 жылғы 31 наурыздағы № 73
Астана қаласы Астана қаласы
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамыз:
1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және аккредиттеу департаментінің директоры (Ғ.Р. Әбдірайымов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 18 ақпандағы № 60 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 82 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп талысын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6075 тіркелген, 2010 жылғы 4 наурыздағы № 33 (1829) «Юридическая газета» газетінде жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй- Экономикалық даму
коммуналдық шаруашылық және сауда министрі
істері агенттігінің төрағасы
С.Нокин _____________ Ж.Айтжанова __________ Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 28 наурыздағы № 124 және
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы № 73 бірлескен бұйрығымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жеке кәсіпкерлік
саласында тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң) және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңдарына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғым пайдаланылады:
тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы.
2. Тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлерін айқындау
3. Тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің жауапкершілік дәрежелерін ескере отырып, белгіленген объективті факторларды ескере отырып айқындалады.
Объективті критерийлер бойынша субъектілер мынадай тәуекел дәрежесіне бөлінеді:
1) жоғары тәуекел дәрежесі бар бірінші топ – жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер;
2) орташа тәуекел дәрежесі бар екінші топ – жауапкершілігі екінші деңгейдегі объектілер;
3) болмашы тәуекел дәрежесі бар үшінші топ – жауапкершілігі үшінші деңгейдегі объектілер.
4. Белгіленген жауапкершілік деңгейлеріне байланысты жобалау процесінде объектілер жоғары, орташа не болмашы тәуекел дәрежесіне ауыстыруға жатпайды.
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің жауапкершілік деңгейлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1656 қаулысымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесіне сәйкес белгіленеді. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 29 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6928 болып енгізілді.
|