Скачать 331.54 Kb.
|
![]() Программа дисциплины Форма для студентов Ф СО ПГУ 7.18.2/07 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігіС. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақ филологиясы кафедрасы «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған ПӘн БАҒДАРЛАМАСЫ Павлодар 2007![]() Лист утверждения Форма к программе дисциплины Ф СО ПГУ 7.18.2/11 для студентов БЕКІТЕМІНФЖиӨ факультетінің деканы ________________ Ж.Т.Сарбалаев «___»_____________2007ж. Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Г.К.Кажибаева__________ аға оқытушы А.О.Кәріпжанова __________ Қазақ филологиясы кафедрасыСТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ«Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәні бойынша 050117-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері үшінСтуденттерге арналған пән бағдарламасы «___»________2007жылы бекіген жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды. Қазақ филологиясы кафедрасының «___»___2007ж. мәжілісінде ұсынылды. Хаттама №__ Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.ЖүсіпФилология, журналистика және өнер факультетінің «_____»_____2007 ж. әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №___ ӘК төрайымы____________________ М.В. СеменоваОқытушы туралы мәлімет: ф.ғ.к., аға оқытушы Қажыбаева Гүлден Кенесқызы Тел. (8-7182) 32-43-08 Қабылдау уақыты: жұма сағ.15.35, ауд. №324 Оқытушы Кәріпжанова Айнұр Оралқызы Тел. (8-7182) 60-07-36 Қабылдау уақыты: жұма сағ.14.00, ауд. №324 Пән туралы мәліметтер: «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» пәні 050117-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында 1 семестрде 15 аптада оқытылады. Жалпы сағат саны – 45, дәріс -7,5с, тәжірибешілік -7,5, СӨЖО-7,5с, СӨЖ-22,5с. Фонетиканың зерттеу нысаны, дамуы, қалыптасуы туралы мәлімет беру; қазақ фонетикасының зерттелуіне шолу жасау; тіл дыбыстарын игерту; дауысты дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту; дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту; буын, екпін, тасымал туралы түсінік беру; дыбыстардың бір-біріне әсер ету заңдылықтарымен таныстыру, дыбыстық өзгерістердің түрлермен таныстыру; орфография принциптерімен таныстыру; қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясынан толық түсінік беру. Пәннің қысқаша аннотациясы Қазақ тілінің дыбыстық құрамына, әр дыбыстың жасалу орнына, жасалу жолына, жасалу тәсіліне, үннің және салдырдың ішкі сапасына, дыбыстардың жуан-жіңішке, қатаң-ұяң сыңар түзуіне, сөз ішінде қолданылатын орнына қарай жан-жақты анализ жасап, әр дыбысқа қажетті толық мінездеме беріп, олардың табиғатын дұрыс танып меңгереді, буын құрылыстары мен өзгерістерін, екпіннің түрлері мен олардың атқаратын қызметтерін ажыратып тануға баулу; шектік өзгерістер, олардың түрлерін, игерулі өзгерістерді үйренеді; дыбыс өзгерістерінің бір-біріне ұқсайтын және ұқсамайтын жақтарын байқап; тіліміздің орфоэпиялық, орфографиялық құрылыстарына байланысты фонетикалық заңдылықтардың сырын ашып ерекшеліктерін байқайды. Пәнді оқыту мақсаты: Сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылықтарының негізінде студенттерге тілдің дыбыстық жүйесінен, дауысты, дауыссыз дыбыстардан, қазақ тілінің дыбыстық құрамы мен ерекшеліктерінен, үндестік заңынан, орфоэпия мен орфографиядан, сонымен қатар қазақ тілінің фонетикалық даму заңдылықтары туралы теориялық тұрғыдан жүйелі білім беру. Қолданылатын әдебиеттер Негізгі:
Қосымша:
17. Оралбаева Н., Қалиев Ғ., Бейсенбаева К., Хасанова С., Әбілқаев А., Шалабай Б. Қазіргі қазақ тілі курсы бойынша лабораториялық жұмыстар. –А., 1991 18. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. –Астана, 2000 19. Сыздық Р. Емле және тыныс белгілері. –А., 1996 ![]() дисциплины Ф СО ПГУ 7.18.2/07
Теориялық курс мазмұны 1- тақырып. Дыбыс туралы жалпы түсінік Тіл дыбыстарының жасалуы. Тіл дыбыстарын жасаудағы қозғалтқыш күш, оның ырғағы; ауаның жолы, қарқыны, күші, созылыңқылығы. Жаңғырық жасайтын (резонаторлық) қуыс орындар (көмей қуысы, тамақ қуысы, ауыз қуысы). Ауаның түрлері: үнге айналған (фонациялық) ауа, тон, обертон, тембр. Дыбыстардың физикалық, анатомия-акустикалық жақтан құралатын өзіндік қасиеттері, табиғаты. Артикуляциялық дағды (артикуляционная база). Артикуляциялық дағдының бір тілде сөйлейтін адамдардың сөздерін не дұрыс, не бұзып айтуына (орфоэпияға) тигізетін әсері; орфографиямен қарым-қатынасы.дыбыс және фонема олардың ортақ жақтары мен айырмасы. Фонеманың өзіндік қасиеті; фонеманың түрлері (аллофондары); аллофондардың вариант, варияциялық ерекшеліктері. Әріп, алфавит. Әріптің нақтылы фонемаларды таңбалау кезінде негізделетін принциптері. 2- тақырып. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары Дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері (артикуляциялық мүшелер); олардың актив, пассив түрлері және атқаратын қызметтері. Қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен түрлері. Дауысты (вокализм) дыбыстар мен дауыссыз (консонантизм) дыбыстар. Дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстардан айырмашылығы. 3- тақырып. Дауысты дыбыстар (Вокализм) Дауысты фонемалардың құрамы. Дауысты дыбыстардың жасалуы; олардың әр түрлі артикуляция-акустикалық тұрғыда топтастырылуы (классификациясы): а) жасалу орнына (тілдің қатысына) қарай – жіңішке (тіл алды), жуан (тіл арты) болып бөлінетін түрлері: қазақтың төл сөздеріндегі дауыстылардың тіл алды – жіңішке, тіл арты-жуан болып бөлінуінің жаңа мағыналы сөз жасаудағы негізгі қызметі (боз-бөз, тұз-түз, ал-әл т.б.), ә)жасалу жолына (жақтың қатысына) қарай ашық, қысаң болып бөлінуі; б) жасалу тәсіліне (ерін мен езудің қатысына) қарай еріндік, езулік болып бөлінуі (бірақ ашық-қысаң, еріндік-езулік болып, жұптаса бөліну әрқашан тұрақты емес шартты екендігі: олардың кейде мейлінше ашық немес қысаң кейде орташа ашық немесе қысаң болатындығы). Акустикасына қарай дауыстылардың мейлінше айқын, көтеріңкі және бәсең, көмескі әрі аралық дыбыстар болып естілу ерекшеліктері, в) үнінің ішкі сапасына қарай қазақ тілінің төл дауыстылардың жалаң және дифтонг болып бөлінетін түрлері. Дифтонг дауыстылардың өзіндік ерекше сапалық белгілері. Кейбір дифтонг болып бөлінетін түрлері. Дифтонг дауыстылардың өзіндік ерекше сапалық белгілері. Кейбір дифтонгоид дауыстылар: сөз басында «у, и» дауыстыларының (дифтонгоид сапада айтылуы) да кей жағдайда дифтонгоидқа айналуы. Орыс тілінен енген сөздердегі дауыстылар. Олардың рекшеліктері. Қазақтың төл сөздеріндегі және халықаралық сөздердің жазылуындағы «я, ю, е (ё)» әріптерінің қызметі; г) дауыстылардың сөз ішінде қолдагылатын орындары (сөз ішінде орын талғамайтын және талғампаз дауыстылар). 4- тақырып. Дауыссыз дыбыстар (Консонантизм) Дауыссыз дыбыстардың құрамы. Қазақтың төл сөздеріндегі және халықаралық сөздерден қосылған дауыссыздар. Қазақ тілі мен халықаралық сөздерге ортақ дауыссыздар (к, т,с, л, т.б.). Дауыссыз дыбыстардың жасалуы. Дауыссыздардың әр түрлі тұрғыда топтастырылуы (классификациясы). Дауыссыздар: жасалу орнына қарай: 1) тіл тобы, 2) ерін тобы болып бөлінетіндігі. Актив, пассив сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасына байланысты. 1) тіл тобына жататын дауыссыздар өз ішінен : тіл-тіс, тіл алды, қатты таңдай, тіл ұшы-үстіңгі тіс, тіл арты-астыңғы тіс, тіл ортасы-орта таңдай, тіл арты-артқы таңдай сияқты тағы басқа түрлерге бөлінетіндігі. 2) ерін тобына жататын дауыссыздар өз ішінен: ерін мен ерін, ерін мен тіс болып түрленетіндігі. Жасалу жолына қарай дауыссыздар: а) қабысыңқылар тобы, ә) жуысыңқылар тобы болып бөлінетіндігі. Жасалу тәсіліне қарай: а) қабысыңқылар тобындағы дауыссыздар өз ішінен (үзілмелі-шғыл, бүйір, үзілмелі-сүзілмелі, діріл, айналмалы) 5 түрге бөлінетіндігі; ә) жуысыңқылар тобындағы дауыссыздардың жасалу тәсілі әрдайым сүзілмелі болатындыгы; б) жуысыңқы сүзілмелі дауыссыздардың акустикасы шулы, ызың сыбысты болып естілетіні. Дауыссыздар үн мен салдырдың қатысына қарай: а) үнділер тобына және ә) үнсіздер тобына бөлінетіндігі, үнділер тобындағылар жасалу жолына қарай ауыз жолды, мұрын жолды болатыны; акустикасына қарай ашық үнді, міңгір үнді болатыны. Үнсіздер тобындағылар үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, ұяң болып бөлінетіндігі. Дауыссыздардың айтылуы: а) қатаң-ұяң болып және ә) тіл ұшының қызметіне байланысты жуан-жіңішке болып сыңар түзуі б) қазақтың төл сөзіндегі дауыссыз дыбыстардың бірде жуан, бірде жіңішке айтылуының (үн-ұн, от-өт т.б) фонетикалық мәнінің жоқтығы (тек аллофон болатыны): халықаралық сөздердегі дауыссыздардың жуан-жіңішке айтылуы жаңа ұғымды сөз жасайтындығы (фонетикалық қызмет атқаратындығы). Халықаралық сөздердің жазылуына жуан, жіңішке дауыссыздардың таңбалану тәсілі. Дауыссыздар сөз ішінде қолданылуы (сөз шегін дыбыстар тіркесін талғамайтын және талғампаз дауыссыздар). 5- тақырып. Буын (Силлабизм) Буын, оның дауысты дыбыстың буын ішінде алып тұрған орнына қарай бөлінетін және буын құрайтын дауыстының акустикасына (жуан, жіңішке, көтеріңкі, бәсең, айқын, күңгірт т.б) қарай бөлінетін түрлері. Қазақтың төл сөздерінің буын жөніндегі ерекшеліктері. Сөздерді буынға бөлудің жолдары мен қажеттілігі. Сөз ішіндегі дыбыстардың орналасуына қарай буынның бөлінетін түрлері. Сөздердің буын жігі мен морфемалық жігі; бұларды ажырата білудің практикалық маңызы. Буынның бір түрінің екінші түріне ауысуы (буын жылысуы, буын ығысуы т.б), оның себептері. Буын жігінің ауызекі тілде бөлінуі мен жазуда бөлінуінің кейде сәйкес келетіні, кейде сәйкес келмейтіні, оның себептері. 6- тақырып. Дауыс ырғағы (Интонация) Дауыс ырғағы (интонация) және кідіріс (пауза) туралы жалпы түсінік. Адам сөйлеп тұрғанда, айтылған пікірдің тыңдаушыға түсінікті болу үшін, мәнерлеп оқу үшін дауыс ырғағы мен кідірістің маңызы зор екендігі. Дауыс ырғағы арқылы сөйлемдегі сөздердің жеке айтылмай, бір ғана мағыналық топқа жинақталып, үздіксіз ұласа айтылатындығы. Кідіріс арқылы жеке мағыналы сөздер немесе мағына жағынан жинақталып ұласқан сөзтаптарының басқа сөздерден бөлініп үздік-үздік жіктеліп айтылатындығы. Ауа толқыны арқылы топталған фонетикалық бөліктер: сөйлеудің кідірістік, буындық жіктері (фраза, такт немес синтагмалар). Паузадан кейінгі күшті бас буын, паузаның алдындағы күшті соңғы буын. Дауыс ырғағының грамматикалық мағыналарды білдірудегі суперсегменттік қызметі. 7- тақырып. Екпін (Акцентуация) Екпін, оның басты-басты түрлері: ой екпіні (логикалық екпін) және инверсия, көңіл-күй екпіні (эмфазалық екпін), сөз екпіні және олардың бір-бірінен айырмалары. Сөз екпіні, оның түрлері: үнді (музыкалық, тоникалық екпін); лебізді (динамикалық, экспираторлық) екпін. Лебізді екпіннің күшті лебізді, бәсең лебізді болып бөлінетіні: тіркес екпіні (фразалық немес комплекстік), көмекші (квантитатив) екпін. Қазақтың төл сөздері мен халықаралық сөдердегі негізгі және квантитатив сөз екпіндері. Лебізді сөз екпінінің тиянақты, тиянақсыз: тұрақты, тұрақсыз түрлері. Қазақ тіліндегі сөздердің екпіні көбінесе тиянақты (көбінесе соңғы буынға түсетін) және көбінесе тұрақты (омоним тұлғалы сөздерден басқалары) болып келетіні. Екпіні тұрақсыз сөздердегі сөз екпінннің атқаратын лексика-грамматикалық қызметтері. Қазақ тілі сөздерінің екпінді қабылдамайтын элементтері. |