Қандай ауру жайлы ойлауға болады және неліктен?




Скачать 150.77 Kb.
НазваниеҚандай ауру жайлы ойлауға болады және неліктен?
Дата конвертации19.03.2013
Размер150.77 Kb.
ТипДокументы
1 есеп

Науқас Я., тәулік бойы мойын, кеуде, арқа терісінің зақымдалуы және зақымдалған аймақтың шамалы айқын қышынуына байланысты дерматологқа қаралған. Жоғарыда аталған белгілер 4 ай бұрын басталған. «Синалар» майын қолданып, қысқы уақытқа дейін оң әсер берген. 5 ай бұрын науқас жаңа иіс су алып, осы уақытқа дейін күнделікті қолданып келеді.

Дерматологиялық статус: мойын, кеуде, арқа терісінде әр түрлі өлшемді дөңгелек пішінді, қызғылт түсті дақтар; қабыршақтану, қасыған іздер және ошақ беткейінде қанды қабыршақтар.

  1. Қандай ауру жайлы ойлауға болады және неліктен?

  2. Аурудың жалпы емдеу жоспарын жазыңыз.


2 есеп
Таңертең «Жедел жәрдем» станциясына қоңырау түсті: азамат Н., денесінде қатты қышумен сипатталатын қалақай күйігіне ұқсас, қызғылт бөртпе байқаған. Үйге келген дәрігер науқастың денесінен яғни, саннының ішкі жағынан, арқа, көкірек, шап және шынтақ қатпарларында қасыған іздер және қанды қабыршақтар көрді. Науқаста басқа бөртпе элементтері табылған жоқ. Сұрастыру кезінде науқас қатты қышыну түннің екінші жартысында және таңертең мазалайтынын айтты. «Жедел жәрдем» келер алдында бөртпе және қышу басылған. Кешке науқас апельсин және шарап ішкен.

  1. Қандай ауру жайлы ойлауға болады?

  2. Науқасқа зерттеу тағайындаңыз.


3 есеп

Науқас Б., тері бөліміне түсті, шағымдары: көкірек, қол, сан және бет терісінің күйдіріп, қышуы және осы аймақтардың қызаруы. Аталған шағымдар екі күн бұрын зақымдалған аймақтарға девесил спирттік тұнбасын қолданғанда пайда болған. Екі күн бойы қышу, күйдіру күшейген, жергілікті қызу, терінің қызаруы, көпіршік және үлкен көпіршіктер пайда болды.

Дерматологиялық статус: көкірек, қол, сан, бет терісі ашық гиперемияланған, ісінген, сипағанда ыстық, папулалар, көпіршіктер, үлкен көпіршіктер, эрозиялар бар.

  1. Қандай диагноз қоюға болады?

  2. Сіздің болжамыңызды дәлелдейтін белгілер.


4 есеп
Тері бөліміен науқас Д., 16 жаста шап аймағы терісінің ауырсынуы, тітіркенуі, арқа және қол терісінің қышуы шағымдарымен түсті. Қасаға терісіне 3 күн күкірт-сынап майын жаққаннан кейін төртінші күні білек, шап аймағы, санның ішкі беткейі, жыныс мүшелерінде бөртпелер және қышыну пайда болған. Одан бір тәуліктен кейін бөртпелер иық, арқа терісіне жайылған. Анамнезінде-ЖРВИ, тонзиллит, ревматикалық полиартрит. Кезеңді түрде индомецитин курсын (жылына 2 рет) қабылдайды. Соңғы рет индомецитин 4 ай бұрын қабылдаған. Объективті: негізінен патологиялық үрдіс қатпарлар және жыныс мүшелерінде орналасқан, існген, эритема және жедел қабынулы папулалар ошағы арқа және қолдардың терісінде байқалады. Бірншілік элементтер – қабынулы дақ және жедел қабынулы папулалар қосылуға бейім.

  1. Анамнезін (күкірт-сынап майын қасаға терісіне қолдану, эритема және жедел қабынулы папулалар) зақымдалудың орналасуын ескере отырып диагноз туралы ұсыныс.

  2. Науқасты емдеу жоспарын ұсыныңыз.

5 есеп
Клиникаға 19 жасар науқас шынтақ аймағының және тізе астының терісінің қышуы мен бөртпелердің шығуына шағымдарымен түсті. Анасының айтуы бойынша 6- айлығынан ауырады. Аурудың өршуі шоколад, апельсин жегеннен кейін пайда болады. Объективті: шынтақ, тізе астының терісі құрғақ, механизацияланған, гемморагиялық қабыршақтар, экскориация іздері.

  1. Аурудың диагнозын, клиникалық түрін, кезеңін атаңыз.

  2. Емдеу жоспары.



6 есеп

Қабылдауға 17 жасар жігіт келді, шағымдары: екі жыл бұрын бет, арқа және көкірек терісінде бөртпелер шыққан. Емделмеген, өйткені әкесінде жас кезінде дәл осындай бөртпелер шығып, өздігінен қайтқан, жанұялық анамнезінен белгілі болғандай әкесі қазіргі уақытта қан диабетімен ауырады. Қарағанда: бет, кеуденің жоғарғы бөлігі, арқа терісі майлы, май бездерінің шығару түтіктері ашық, кейбіреуі комедонмен бітелген. Көптеген фолликулярлы папулалар және пустулалар, ашық – қызғылт, ауырсынатын, ірі горох көлеміндей, инфильтрацияланған түйін ұшында пустула, қанды- іріңді қабыршақ, дөңгелек тыртық, гипертацияланған дақ бар.

  1. Сіздің алғашқы диагнозыңыз.

  2. Емдеу тактикасы.

  3. Науқасты амбулаторлы қарау тактикасы


7 есеп
Қабылдауға 53 жасар әйел бет аймағында бөртпелер пайда болу шағымымен келді. Бірінші рет үш жыл бұрын, бірен- саран бөртпелерді байқаған. Бөртпелер өздігінен кеткендігінен емделмеген. Әсіресе ультрофиолет сәулесінен (ультрофиолетового облучения) кейін. Соңғы кезде етеккірі уақытылы емес. 10 жыл көлемінде асқазан ойық жарасымен ауырады. Қарағанда: бет терісі (әсіресе иек, бет, иек асты) көкшіл түсті, көптеген телеангиэктазиялар, қызғылт папулалар, бірен-саран іріңдіктер. Бөртпе шамалы қышумен жүреді.

  1. Диагноз

  2. Ауруды өршітетін себептерді атаңыз

  3. Ауруды емдеу жоспары және алдын-алу.

8 есеп
Балалар дерматологына жолдамамен 6 жасар бала жіберілді. Бастың шашты бөлігінде ошақты шаштың түсуі байқалады. Анасы алғаш рет ошақты бір апта бұрын байқаған. Өз бетімен сармсақ тұнбасымен емдеген. Әсер байқалмаған. Дерматологиялық статус: бастың шашты бөлігінде ошақты шаштың түсуі байқалады, ошақ дөңгелек пішінді, қабыршақтанады. Зақымдалу ошағында 3-5 мм деңгейінде шаштың сынуы байқалады. Шаштардың босауы анықталмайды.

  1. Алғашқы диагноз

  2. диагнозды нақтылау үшін зерттеулер

  3. Дәрігер тактикасы



9 есеп
Дәрігерге қабылдауға қол экземасы диагнозымен диспансерлік науқас келді. Қарау кезінде: саусақ теріснде бірен-саран екіншілік гиперпигментация ошақ, гиперемия. Екі ай бұрын ОТВД-де стационарлы ем қабылдаған. Дәрігер преднизолон 0,005-4 рет тәулігіне; «Гиоксизон» майын тағайындаған.

  1. Дәрігер қандай қателік жіберді?

  2. Науқасқа қандай препарат және физиоем тағайындау қажет.


10 есеп

Науқас С., 24 жаста, сауыншы, дәрігерге бет аумағындағы бөртпеге шағымданумен түсті. Бөртпе 2 жыл бұрын жазда күнде ұзақ уақыт болғаннан кейін пайда болған. Қарағанда: бет және иек аймағында қызғылт-қызыл түсті дақ, анық шекаралы «көбелекке» ұқсас, беткейінде ақшыл- сұр түсті, тығыз бекіген қабыршақтар. Ошақтың ортасында тыртықты атрофия, шеттерінде телеангиэктазиялар, гиперпигментация.

  1. Клиникалық диагнозды қойыңыз.

  2. Қандай лабораторлы зерттеу жүргізу керек?

  3. Қандай аурумен дифференциялды диагноз жүргізуге болады?

  4. Емдеу жоспары.


11 есеп
Науқас Н., 28 жаста, тас қалаушы, 3 жыл бойы қызыл жегінің дискоидты түрімен ауырады. Дерматологиялық статус: сол жақ иек терісінде қызғылт-қызыл түсті табақша, анық шекаралы, ортасында тыртықты атрофия, шеттерінде тығыз орналасқан сұр қабыршақтармен жабылған.

  1. Төмендегі препараттардың қайсысын науқасқа тағайындайсыз? Неліктен? Қандай дозада?

а) пенициллин б) сульфадимезин в) стафилококк вакцина

г) делагил д) преднизолон е) димедрол

2. Жоғарыдағы препараттардың қайсысы тағайындалмайды?

3. Науқасты диспансерлік бақылау керек пе?

4. Диспансерлік бақылаудың негізгі звеносын атаңыз.

12 есеп
Учаскелік дәрігерге 40 жастағы науқас келді. Шағымдары: әлсіздік, қышынумен бірге дене жамылғысының бөртуі. Бөртеп 2 күн бұрын амидопирин қабылдағаннан кейін пайда болып, біртіндеп саны және көлемі жағынан ұлғайған.

  1. Диагноз қоюға бола ма?

  2. Сіздің әрі қарай тактика.



13 есеп
Дәрігер дерматологқа 36 жастағы науқас қаралды, шағымдары: 6 ай көлемінде іштің терісінің зақымдалуы, терінің жансыздануы, тартылу сезімі байқалады. Қарағанда іштің жоғарғы үштен бірінде зақымдалу ошағы 7х8 см, дөңгелек пішінді, беткейі жұмсақ, жылтыр, сарғыш түсті, бөртпелер жоқ. Ошақтың шеттерінде күлгін жиек. Пальпациялағанда зақымдалу ошағы тығыздалған, теріні қатқыл қыртысқа жинауға болады.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Аурудың қандай себептері болуы мүмкін

  3. Дифференциалды диагноз жүргізіңіз

  4. Ем тағайындаңыз

  5. Аурудың болжамы қандай



14 есеп
8 жасар балада ұзақ уақыт аяқ-қолдарының үсігінен кейін терісі тығыздалған. Бірнеше уақыттан кейін тері атрофиясы, денесінде эритематозды тығыз ошақ, күлгін жиек пайда болған.

1) Алғашқы диагноз

2) Дифференциалды диагноз жүргіз

3) Зерттеу жоспары

4) Керекті терапиялық шаралар


15 есеп

Науқас К, 21 жаста, соңғы жылдары шаштары түсе бастаған. Қарағанда: бастың шашты бөлігінде d-1см көптеген ошақтарда шаштың сиреуі байқалады. Зақымдалу ошақтарда шаштың түсуі толық емес, фолликулярлы аппарат сақталған. Қабыну белгілері және қабыршақтану жоқ. Мойын терісінде жеке, гипопигментацияланған дақ, өлшемі 1,5 см-ге дейін, қабыну белгілерінсіз. Субьективті белгілері жоқ, теріде және шырышты қабаттарда басқа көріністер жоқ. Анамнезінде: 3 ай бурын науқаста денесінде бөртпе шығып, кейін емдеусіз қайтқан.

  1. Клиникалық көрініс негізінен қандай ауруға тән

  2. Диагнозды нақтылау жолдары


16 есеп
Науқас 45 жаста, дерматологқа бет терісінің зақымдалу шағымымен келді. 3-ай көлемінде ауырады. Ешқандай қаралмаған, ішімдік шектен тыс қолданады. Дерматологиялық статус: оң жақ иек терісінде төмпешік, бұршақтың үлкендігіндей, қоңырқай-қызыл түсті, қамыр консистенциялы, беткейін тегіс, жылтыр, шамалы қабыршақтану бар.

  1. Алғашқы диагноз

  2. Арнайы дерматологиялық зерттеу және ары қарай тактика



17 есеп
Науқас 41 жаста, 10 жыл тері ауруымен ауырады. Бөртпелер ылғи, шынтақ, тізе терісінде және бастың шашты бөлімінде орналасқан. Соңғы өршуі 2 апта бұрын. Обьективті: бастың шашты бөлімінде, денесінде және аяқ-қолдарында көптеген папулалар және табаншалар ашық-қызғылт түсті, анық шырышты дөңгелек және фестончатый оцертаний, сұр-ақ түсті қабықшалы. Субьективті қышыну.

  1. Болжамды диагноз

  2. Нақты диагноз қою үшін қандай қосымша зерттеу қажет



18 есеп
Дәрігерге 18 жасар науқас шамалы қышынумен жүретін, денесінде және аяқ-қолдарында пайда болған көптеген бөртпелерге шағымданып келді. 3 күн бұрын жуынғанда кеудесінде үлкен дақты байқаған. Келесі күні денесінде және аяқ-қолдарында көптеген майда бөртпелер пайда болған. Қарағанда: сопақ пішінді, сары-қызғылт түсті, ісінген, диссеминерленген дақ, ортасы шамалы түскен және «медальон» пішіне ұқсас, терінің тартылу сызығымен орналасқан.

  1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

  2. Қосымша зерттеулер жүргізу керек пе?

  3. Асқынуы мүмкін бе?

19 есеп
18 жастағы науқас, дерматовенерологқа қаралды. Шағымдары: жыныс мүшесінде басында жара пайда болған. Өз бетімен жараны 4 апта бойы әр түрлі майлармен және ерітінділермен емдеген, нәтижесіз. Жара шыққанға дейін 1 ай бұрын кездейсоқ жыныстық қатынаста болған.

1. Қандай ауруға күдіктенуге болады?

2. Диагноз қою үшін қандай зерттеулер керек?


20 есеп
50 жасар науқас дәрігерге қатты қышынумен жүретін бет және аяқ-қолдарының бөртпесіне шағымданып келді. Қарағанда: иек, маңдай, иық, шап және қолтық асты қыртысында анық гиперемия аясында көптеген көпіршіктер орналасқан, көлемі просяного зерна до бұршаққа дейін папула-везикулалар топталып орналасқан.

1. Алғашқы клиникалық диагноз?

2. Қандай арнайы дерматологиялық зерттеулер қажет?

3. Қандай лабораторлық зерттеулер жүргізіледі?

21 есеп
Терапевтке қабылдауға науқас қаралды, 65 жаста, шағымдары: 5 күн бойы сол жақ кеуде бөлімі ауырсынады, біртіндеп күшейген. Қарағанда: кеуденің оң жақ бөлімінде қабырғааралық жүйе бойымен сызықтық зақымдалу ошағы байқалады. Гиперемияланған, ісінген тері аясында көптеген көпіршіктер топталып орналасқан, мөлдір сұйықтығымен, жаңа бөртпелер байқалады.

  1. Қай ауру туралы ойлауға болады?

  2. Қандай ем тағайындау керек?



22 есеп
Науқас 30 жаста, ішінде бөртпенің пайда болуына шағымданады. Субьективті шағымдар жоқ. Қарағанда: іштің төменгі бөлімінде, қасағада, ортасында кіндік тәрізді ойығы бар, түсі тері түсіндей, жұмсақ, жылтыр, көлемі бұршақ көлеміндей, көптеген жартышар тәрізді түйіншектер орналасқан.

  1. Алғашқы диагноз

  2. Қандай емдеу әдісін қолдануға болады.



23 есеп
Госпитальды дәрігер хирург бұрынғы әскери ұшқыш, 46 жаста науқасты күйік бөлімінде емдеу барысында науқаста таңу кезінде ауырсыну реакциясын жоқ екендігін байқайды. Анамнезінде: 7 жыл бойы Өзбекстанда қызмет атқарып, азаматтық авиацияға жердегі қызметке ауыстырылды. Науқасты зерттеу барысында барлық тері жамылғысының ауырсынуы, температура, тактильді сезімталдығы төмендеген, шынтақ жүйесінің қалыңдағаны және ауырсынуы, иық және тізе бұлшық еттерінің шамалы атрофиясы, қас асты аймағының және құлақ жұмсақ етінің инфильтраты, беттің амимикасы байқалды. Соңғы 4 жылда бедеуліктен зардап шегеді.

  1. Алғашқы диагноз

  2. Зерттеу жоспары

  3. Диагноз қойғаннан кейін емі



24 есеп
Дерматовенерология кафедрасында кеңеске санитарка, 68 жаста, әйел саусақ сүйектерінің және терісінің өзгеруіне шағымданып келді. Балалық шағында инфекциялы аурумен ауырып, ұзақ уақыт емделген, соңғыжылдары профилактикалық курс терапиясын қабылдаған. Қарағанда: мойын терісінде емізікті өсіндімен жұмсақ тыртық байқалды, жиі қол сүйектерінің мутиляциясы, саусақ терісінің тыртықты өзгерісі, саусақ аралық контрактура.

  1. Қай ауру туралы ойлауға болады

  2. Қандай аурулар тері және сүйек тканін зақымдайды

  3. Ары қарай емдеу тактикаңыз



25 есеп
Дерматологқа ер адам кешке күшейетін тері қышынуына шағымданып келді. Қышыну іс сапардан келген соң бірнеше күннен кейін пайда болған. Дене қышуы кейінгі екі күн науқастың әйелін мазалаған. Дерматологиялық статус: құрсақ терісінде көптеген жұп папула-везикулезді бөртпе, қасынған іздер, қол ұшында саусақ аралығында, запястья аймағында нүктелі түйіншектер байқалады.

  1. Алғашқы диагноз

  2. Диагнозды нақтылау үшін зерттеу әдісі

  3. Емдеу үшін препараттар


26 есеп
Тері-венерология диспансеріне 22 жасар ер адам жыныс мүшесінде «тырналу» пайда болуына шағымданып келді. Анамнезінде: 2 ай бұрын бейтаныс әйелмен жыныстық қатынаста болған. Басқа жыныстық қатынастарды жоққа шығарады. Бір ай бұрын жыныс мүшесінің басында жара пайда болған. Қарағанды: шеткі тежелу сыртқы жапырағы эрозия, тырнақ пластинкасы өлшеміндей, ауырмайды. Шап лимфа түйіндері ұлғайған эрозиядағы бөліністі зерттегенде бозғылт трепонема табылған.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Қандай аурумен дифференциациялайды

  3. Қандай шаралар жүргізу керек


27 есеп

Қабылдауға науқас қышумен және шаншумен бірге жүретін бөртпеге шағымданып келді. Қарағанда: ауыздың оң жақ бұрышында эритематозды ісік аясында мөлдір серозды сұйықтығы бар топтасқан майда көпіршіктер және ұсақ эрозиялар орналасқан.

  1. Клиникалық көрініс қандай ауруға тән

  2. Емді тағайында


28 есеп
Қабылдауға жыныс мүшесінде ауыратын эрозияға шағымданып науқас келді. Анамнезінде: бір жыл көлемінде осындай бөртпелер мазалайды. Қарағанда: жыныс мүшесінің басында топталған көпіршіктер және эрозия көп жүйелі пішінді, анық шекарасы, сипағанда жұмсақ.

  1. Айтылған көрініс қай ауруға тән

  2. Қандай жергілікті препарат тағайындауға болады

  3. Аурудың алдын-алу



29 есеп
Науқас К. 55 жаста, стационарға санитарлық авиациямен жеткізілді. Қарағанда: науқастың жалпы жағдайы ауыр ауырсынуға байланысты қозғалысы шектелген, дене қызуы 38,3. Ауырсынуына байланысты аузы нашар ашылады, еріннің қызыл етінде геморрагиялық қабық, іштің, сүт безі асты қатпарында, қолтық астында, шап-сан аймағында көптеген көлемді эрозиялар, кейде қабықпен жабылған, олардың беткейінде пап-пиламатозды өшулер. Ошақтың перифериясында сау теріде көпіршіктер, үлкен көпіршік, Никольский симптомы оң.

  1. Клиникалық диагноз қойыңыз

  2. Диагнозды нақтылау үшін қандай лабораторлы зерттеу керек

  3. Қандай аурулармен дифференциалды диагноз жүргізу керек

  4. Ем тағайындаңыз


30 есеп
Дерматологқа қабылдауға 35 жасар ер адам малшы, бет терісінің зақымдалуына шағымданып келді. Ауырғанына бірнеше күн болған. Дерматологиялық статус: бетінің сақал аймағында дөңгелек пішінді ошақ, гиперемияланған, көптеген іріңді қабыршақтар бар. Фолликулдардан ірің шығады.

  1. Алғашқы диагноз

  2. Диагнозды нақтылау үшін зерттеу әдісі

  3. Дәрігердің тактикасы



31 есеп
Қант диабетімен ауыратын 48 жасар науқас, моншаға барғаннан кейін бірнеше аптадан соң шап аймағында қатты терлегеннен кейін қышитын және өлшемі ұлғаятын дақ түрінде бөртпе байқалды. Обьективті: шап, сан-ұма қыртысында, санның ішкі жағында гиперемияланған ашық қызыл түсті. беткейі манераннеланған, шеттері ісініп көтерілген, қабыршақтар, көпіршіктер бар.

  1. Сіздің алғашқы диагнозыңыз

  2. Қосымша қандай лабораторлық зерттеулер қажет

  3. Емдеу жоспары



32 есеп
Науқас 62 жаста күтпеген жерден ауыз қуысының шырышты қабатында эрозия байқаған, басында эпителизацияланып жазылған, біраз уақыттан кейін қайта пайда болды. Кейін іш және арқаның өзгермеген терісінде үлкен көпіршіктер пайда болды, бір-бірімен қосылуға бейім. Жеңіл жарақатта үлкен көпіршіктер тез жарылып, түбі қызыл эрозия құрайды. Ошақтың шеттерінде көпіршік қақпақтарының бөліктері, эрозиялар жәймен эпителизацияланады.

  1. Қандай ауру жайлы ойлауға болады?

  2. Диагностикада қандай симптомдар кездеседі?

  3. Қандай лабораторлық зерттеулер қажет?


33 есеп

Жас жігіт 22 жаста, тумауратуына байланысты өз бетімен амидопирин және сульфамонометоксин қабылдаған. Алғашқы симптомдарға (бас ауру, жалпы әлсіздік, тамақтың бұлшық еттердің, сүйектердің ауырсынуы) дәрі қабылдағаннан бірнеше күннен кейін дене терісінде, ауыз кілегей қабатында, еріннің қызыл етінде бөртпелер қосылды. Қол ұшы және табанның сыртқы жағында, шынтақ және тізенің жазылу жағында бөртпелер дақ немесе жалақ папула түрінде, қызғылт-қызыл түсті, өлшемі 2-3 см, элементтің ортасы шамалы түсіп көкшіл түстес, ал шеттерінде қызғылт-қызыл түс сақталған. Серозды құрамымен және бірен-саран геморрагиялық құраммен үлкен көпіршіктер бар. Субьективті: күйдіру сезімі, шамалы қышыну, Никольский симптомы теріс. Лабораториялық көрсеткіштерде айтарлықтай өзгерістер жоқ (шамалы ЭТЖ жоғарылаған).

  1. Сіздің алғашқы диагнозыңыз

  2. Емдеу жоспары


34 есеп
Науқас 44 жаста, тері бөліміне қызыл жазық теміреткі диагнозымен түсті. Шағымдары: бастың шашты бөлігінің, дененің зақымдалуы, зақымдалу ошағында тартылу және күйдіру сезімі, қабыршақтануы. Анамнез: ауырғанына 9 жыл болған. Жыл сайын қырымның оң жағалауында демалады. Оңтүстікте болып келгеннен кейін 6-8 ай көлемінде жағдайы айтарлықтай жақсарған және тұрақты әсер байқалған. Соңғы өршуі әкесінің кенеттен қайтыс болуынан басталды. Дерматологиялық статус: зақымдалу негізгі орналасатын жерде: бастың шашты бөлігінде, шынтақ және тізе буынынан жазылу беткейінде, люмбосокоальды аймақта, кеуде, арқа және кеуденің бүйір жақтарында. Ашық қызыл түсті, борпылдақ ірі палстинкалы, күміс-ақ түсті қабыршақтармен жабыған, 2-2-2 см, дұрыс формалы шеткері эритема тәрізді валикпен сипатталатын сау теріден шектелетін эпидерма-дермальды, папулалар анықталады. Ауспитц-Кебнер симптомы оң мәнді.

  1. Сіздің толық диагнозыңыз

  2. Аус әдісінің диагностикалық белгілерін атаңыз

35 есеп
Әйел 43 жаста: тәулік бойы қышынумен жүретін ауызқуысының шырышты қабатының және қол терісінің зақымдалуына шағымданып келді. Бұл симптомдар 3 апта бұрын 2 жақты пневманияны басынан өткергеннен кейін пайда болды(стационарда емделген). Терапевтта қан диабеті 2 тип және АІЖ ауруы бойыша есепте тұрады. Дерматологиялық статус: екі қолдың бүгу жағында мономорфты бөртпе анықталады. Біріншілік элемент жалпақ, ортасы төмен түскен, полигональды формалы, өлшемі 0,5-1 см дейін, күлгін-қызыл түсті балауыз тәрізді жылтырау, тығыз консистенциялы. Папуланы вазелинмен майлағанда беткейінде ақшыл жұқа тор тәрізді сызық анықталады. Сирақтың алдыңғы беткейінде оң мәнді изоморфты Кебнер реакциясы анықталады. Ауыз қуысының шырышты қабатында (тіл, ерін) диаметрі 1 см болатын, сұр-ақ қабықпен жабылған 2 табақша анықталады.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Диагнозыңызды нақтылайтын диагностикалық белгілерді атаңыз


36 есеп
Науқас 28 жаста жыныс мүшесінің басының және шеткі тәннің зақымдалуына шағымданып келді. Анамнезінен анықталғандай үйленбеген, ретсіз жынысты өмір сүреді. Дерматологиялық статус: жыныс мүшесінің басында және шеткі тәннің ішкі жапырағында кіші сүйелді құрылым, формасы түрлі-түсті қырықжапыраққа ұқсас(әтеш айдары), түсі бозғылт-қызғылтан қанық қызылға дейін, түзіліс жұмсақ маңдағы тіндерге бірікпеген ДНҢ-ң эндонуклеидті аналиізінде – алған папиломасының вмрусы 6,11 табылды.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Негізгі емдеу әдістерін атаңыз


37 есеп
Науқас 25 жаста, гинеколог-дәрігерге жыныс мүшесінің зақымдауына шағымданып келді. Қарағанда: оң жақ үлкен жыныс ернінде диаметрі 0,5см болатын жара, дөңгелек пішінді, ауырмайтын түзіліс анықталды. Жара тыртықтан сатысында. Көптеген розеолезді-папулезді бөртпелер. Жақ асты , қолтық асты, шынтақ және шат лимфа түйіндері ұлғайған, конституциясы тығыз эластикалы, қозғалады, ауырсынбайды.

  1. Айтылған клиникалық көрініс қандай ауруға тән

  2. Дәрігер-гинекологтың тактикасы қандай болу керек.

  3. Дәрігер-гинеколог қандай алдын-алу шараларын жүргізу керек

38 есеп
Пациент 40 жаста, асхана қызметкері, гинекологты медициналық қараудан өтті. Жыныс мүшесін қарау кезінде сау теріден шектелген беткейі тегіс емес, элементтің бөлігі эрозияланған папулезді бөртепер табылған.

  1. Қандай диагноз жайлы ойлауға болады

  2. Диагнозы нақтылау үшін қандай зерттеулер қажет

39 есеп
Науқас 25 жаста, DS: ерте жас ірін мерез. Госпитализациядан және емнен бас тартты

  1. Қандай шара қолдану керек


40 есеп
Науқас 19 жаста, дерматовенерологқа зәр шығару каналынан ірінді бөліністердің бөлінуіне және зәр шығарудың басында ауырсынуға шағымданып келді. Кездейсоқ жыныстық байланыстан 1 аптадан кейін ауырған. Томпсонның 2 стакан сынамасында 1-ші стаканда зәр бұлыңғыр. Бактериаскопиялық зерттеуде клеткаішілік және клеткадан тыс гонококктар табылған.

  1. Диагноз қойыңыз және емдеу жоспары

Похожие:

Қандай ауру жайлы ойлауға болады және неліктен? iconОқушылардың ғылыми жоба жұмыстары Жұмыс тақырыбы; Тосын табиғат құбылысы- найзағай Жаңақорған ауданы, Жұлдыз ауылы ауылы
Арты нөсер жаңбырға ұласты. Жауын шелектеп құйып берді. Күн күркіреп найзағай жарқылдады. Әрине бұл бәріміздің көзіміз көріп жүрген...
Қандай ауру жайлы ойлауға болады және неліктен? icon«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының 2009-2012 жылдарға арналған Іс-әрекеттер стратегиясы кіріспе
Экономикалық және әлеуметтік өмірдің жаңаша ұйымдастырылуы қандай нысанға саяды, онымен байланысты саяси өзгертулер қандай бағытта...
Қандай ауру жайлы ойлауға болады және неліктен? icon«Жалпы медицина» мамандығына арналған аралық бақылау сұрақтары
Ақуыз қандай азық-түліктерде болады және адамның қалыпты өмір сүруі үшін оның мөлшері қанша болу керек?
Қандай ауру жайлы ойлауға болады және неліктен? iconЖалпы этиология Мамандығы: 051301 Жалпы медицина
Мақсаты: ауру туындататын себептер мен шарттарды білу, олардың диалектикалық байланыстылығын механикалық, химиялық, биологиялық,...
Қандай ауру жайлы ойлауға болады және неліктен? iconФ кгма 1-8-22/02 му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г
Мақсаты: Ауру туындататын себептер мен шарттарды білу, олардың диалектикалық байланыстылығын механикалық, химиялық, биологиялық,...
Қандай ауру жайлы ойлауға болады және неліктен? iconФ кгму 4/3 – 08/02 пп кгму 4/02
Сабақтың мақсаты: Қазақстанда зороастризмнің пайда болуы, таралуы және дамуы жайлы, қола дәуірінің ерекшеліктері жайлы студенттерге...
Қандай ауру жайлы ойлауға болады және неліктен? iconЛекция туберкулез жайында барлығы білу керек!
Шоқан Уәлиханов, Чехов, Шопен, Байрон сияқты ұлы адамдардың өмірін әкеткен бұл ауру қаншама мемлекет үшін қауіпті дерт атанды. Алайда...
Қандай ауру жайлы ойлауға болады және неліктен? iconҚызылша қалай сақтануға болады? Қызылша мен қызамық
Екеуінің де қоздырғышы вирус. Ауру ауа арқылы жұғады. Екеуіне тән негізгі белгі – денеде бөртпелердің пайда болуы
Қандай ауру жайлы ойлауға болады және неліктен? icon2 Аралық бақылау
Жас өспірімнің екі көзінде зонулярлы катаракта анықталған. Катарактаның қандай түріне жатқызуға болады?
Қандай ауру жайлы ойлауға болады және неліктен? iconТұмаудан сақтанудың қарапайым ережелері
Содан соң мұрынның бітуі, тамақтың жыбырлауы, жөтел, жұтынғанда ауру сезімі, тыныс алуының ауырлауы пайда болады. Аурудың жіті кезеңі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница