«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған Ұжымдық шарт бірге Тараптар деп аталатын, «Локомотив сервис орталығы»




Скачать 382.32 Kb.
Название«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған Ұжымдық шарт бірге Тараптар деп аталатын, «Локомотив сервис орталығы»
страница1/3
Дата конвертации19.03.2013
Размер382.32 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3



«Локомотив сервис орталығы»

акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы

арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған
ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ
Бірге Тараптар деп аталатын, «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының атынан «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының Президенті (бұдан әрі – Жұмыс беруші) және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің өкілі – «Қазақстан Республикасы теміржолшыларының кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Кәсіподақ) атынан Кәсіподақ төрағасы төмендегі туралы осы ұжымдық шартты жасасты.
І бөлім

Жалпы ережелер
1. «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарт (бұдан әрі – Шарт) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі), «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ Әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған салалық тарифтік келісім негізінде жасалды.

2. Шарт әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады, Тараптардың тең құқықтары және мүдделерін сыйлау қағидаттарын негізге ала отырып жасалды, «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

3. Шарт 2009-2011 жылдарға арналып жасалды және 2009 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

4. Шарттың күші:

1) Жұмыс берушіге;

2) Қоғам қызметкерлеріне;

3) босатылған сайланбалы және штаттық кәсіподақ қызметкерлеріне қолданылады.

Зейнеткерлер, соның ішінде «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған зейнеткерлер үшін осы Шартпен жеңілдіктер мен кепілдіктердің жеке түрлері көзделген.

5. Осы Шарттың ережелері еңбекке ақы төлеу, әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылық төлемдер бөлігінде Қоғамның орталық аппаратының қызметкерлеріне таратылмайды.

6. Шарттың ережелері Тараптардың басшылыққа алуы мен орындауы үшін міндетті болып табылады. Тараптардың ешқайсысының Шарттың кез келген тармағын бір жақты өзгертуге немесе іс-әрекетін тоқтатып қоюға құқығы жоқ.

Шартқа өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың жалпы келісімі бойынша енгізіледі. Тараптардың біреуінің келіссөздерді бастау туралы талабы екінші Тарап үшін міндетті болып табылады. Шартқа енгізілетін барлық толықтырулар мен өзгерістерді Жұмыс беруші мен Кәсіподақ өкілдерінің ішінен құрылатын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды, Шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылатын және онымен тең заңдық күші бар, Тараптар қол қоятын қосымша келісіммен ресімделеді.

Шарттың ережелерін түсіндіру Тараптардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады.

7. Қоғамның қайта ұйымдастырылуы кезеңінде Шарт жаңасы жасалғанға дейін өз күшін сақтайды.
ІІ бөлім

Еңбекті ұйымдастыру және нормалау,

еңбекақы және жұмыс уақыты
8. Жұмыс беруші:

1) еңбекке ақы төлеудің ең аз кепілдіктері ретінде:

жұмысшылар үшін – жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі тарифтік тордың тарифтік коэффициенттері және Қоғамдағы еңбекке ақы төлеудің белгіленген ең аз мөлшері негізінде белгіленген тарифтік ставкалар мен жалақыларды; біліктілік разрядтары бойынша тарифтелетін техниктер мен қызметшілер үшін, - қызметшілер мен техниктердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі тарифтік тордың және Қоғамдағы еңбекақы төлеудің белгіленген ең аз мөлшері негізінде белгіленген лауазымдық жалақыларды;

филиалдардың басшылары мен мамандары үшін лауазымдық жалақылар схемасының негізінде белгіленетін лауазымдық жалақыларды қолдануға.

Негізгі қызмет қызметкерлеріне еңбекақы төлеу ережесін Кәсіподақпен келісу қажет.

2) жұмысшыларды тарифтеуді және оларға біліктілік разрядтары мен санаттарын беруді жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің қолданыстағы тарифтік-біліктілік анықтамалықтары бойынша Кәсіподақтың келісімімен жүргізуге.

Қызметшілердің еңбегіне ақы төлеуге арналған разрядтарды тиісті лауазымдардың біліктілік сипаттамаларының талаптарына және лауазымдық жалақылардың белгіленген сұлбасына сәйкес белгілеуге;

3) егер бұл кәсіп үшін арнаулы оқыту талап етілмесе, мамандықты игеру кезеңінде кәсібі және жұмыс өтілі жоқ қызметкерге ол қабылданып отырған кәсібі бойынша 1-разряд белгілеуге;

4) қызметкерлерге нақты жұмыс істегеніне қосымша ақылар белгіленетін Ауыр, ыстық және қауіпті жұмыстармен, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен және еңбек жағдайлары ерекше зиянды ерекше ауыр жұмыстармен айналысатын жұмысшылар кәсіптерінің тізбесіне (1-қосымша) сәйкес жұмыс орындарын аттестациялау нәтижелері бойынша тарифтік ставкаларға (жалақыларға) сараланған қосымша ақылар белгілеуге.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 31 шілдедегі №182-п бұйрығымен бекітілген Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр, қауіпті жұмыстарда істеген адамдарға қосымша демалыс пен қысқартылған жұмыс күніне құқық беретін өндірістер, цехтар, кәсіптер мен қызметтер тізбесіне (2-қосымша) сәйкес, Еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) ауыр (ерекше ауыр), қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстарда істеген адамдарға жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен қызметтердің тізіміне сәйкес қосымша демалыстар беруге;

5) еңбек нормаларын (өнімділік, уақыт, қызмет көрсету және қызметкерлер саны) енгізуді және қайта қарауды қол жеткізілген техника, технология, еңбек өндірісін ұйымдастыру деңгейін ескере отырып жүргізуге. Еңбек нормаларын өзгертуге қатысы бар қызметкерлерді өзгерістер қолданысқа енгізілгенге дейін кем дегенде бір ай бұрын хабарландыруға. Тиісті сайланбалы кәсіподақ органымен келісім бойынша қолданылатын нормативтік материалдардың (салааралық, ведомстволық, салалық, жергілікті) тізбесін, сондай-ақ оны енгізу, әзірлеу және қайта қарау мерзімдерін белгілеуге;

6) ауыр жұмыстарда, зиянды жұмыстарда (темір жол саласындағы ерекше зиянды, қауіпті еңбек жағдайында) істеген адамдардың еңбегіне төленетін ақының ең аз стандартын Қазақстан Республикасының тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджеті туралы Заңымен белгіленген айлық жалақының ең аз мөлшері және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен арттырушы коэффициенттер (1,05-тен 1,25 шегінде) есебінен белгілеуге.

Қызметкерлердің тарифтік ставкалары мен жалақыларын Тараптардың келісімі бойынша нақты қаржылық-экономикалық мүмкіндіктерге қарай белгіленген коэффициенттерді ескере отырып қайта есептеуге;

7) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен тиісті кезеңге белгіленген инфляция деңгейіне қарай, Тараптардың келісімі бойынша жалақының жылына кем дегенде бір рет көбейтілуін жүргізуге.

8) Қоғам қызметкерлеріне есептіден кейінгі айдың 10-ына дейін жалақы төленуін қамтамасыз етуге;

Еңбек шартын бұзу кезінде қызметкерге тиесілі барлық сомалардың төленуін оны тоқтатқаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізуге;

9) қызметкерлер шарттық қатынаста тұрған жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының дер кезінде аударылуын қамтамасыз етуге;

10) қызметкерлерге Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес тарифтік ставкаларға (жалақыларға) қосымша ақылар мен үстемелер төлеуді Кәсіподақпен келісім бойынша жүргізуге:

а) қосымша ақылар:

кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқарғаны үшін;

қызмет көрсету аймағын кеңейткені немесе жұмыс көлемін ұлғайтқаны үшін;

уақытша жоқ қызметкердің міндеттерін негізгі жұмысынан босатусыз орындағаны үшін;

бригаданы басқарғаны үшін (негізгі жұмыстан босатылмаған, жұмысшылар ішінен тағайындалатын бригадирлерге);

б) үстемелер:

жоғары кәсіби шеберлігі үшін (жұмысшыларға);

еңбекте қол жеткізген жоғары жетістіктері үшін (басшыларға, мамандар мен қызметшілерге);

аса маңызды жұмысты орындағаны үшін оны өткізу мерзіміне (басшыларға, мамандарға, қызметшілерге);

«Кәсібі бойынша үздік» атағы үшін;

«Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған қызметкерлерге тарифтік ставканың (жалақылардың) кем дегенде 10 пайызы;

ай сайын еңбек сіңірген жылдары үшін.

Аталған қосымша ақылар мен үстемелерді, егер оларды белгілеу мерзімі көрсетілмесе, еңбекке ақы төлеу қоры мен жұмыс көлеміне қарай, жыл сайын қайта қарап отыруға. Басшылардың штаттық орынбасарларына уақытша жоқ басшылардың міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақы төлеуді жүргізбеуге;

11) Кәсіподақпен келісілген, Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлерді моральдық және материалдық ынталандыру түрлерін қолдануға;

12) еңбекақыны есептеген кезде аудандық коэффициенттерді, шөлейт және шөл жерлердегі жұмыс коэффициенттерін мына: кластығы, кәсіби шеберлігі, бригаданы басқарғаны, зиянды еңбек жағдайлары, кәсіптерді қоса атқарғаны, түнгі және мерзімнен тыс сағаттар үшін қосымша ақылар мен үстемелерді ескере отырып, нақты орындалған жұмыс үшін айлық тарифтік ставкаға (жалақыға) есептеуге;

13) қызметкерлердің еңбекақысын есептеген кезде мыналарды:

аудандық коэффициенттерді, шөлді, сусыз жерлердегі жұмыс коэффициенттерінің белгіленген мөлшерлерін (3-қосымша);

экологиялық қолайсыз аудандарда тұрғаны үшін қосымша ақыны (4-қосымша) қолдануға.

Арал өңіріндегі экологиялық қолайсыз аудандарда тұрғаны үшін төленетін қосымша ақыларды есептеуді поездар қозғалысына тікелей қатысы бар жұмысшылар үшін белгіленген 1-разрядтың сағаттық тарифтік ставкасын негізге ала отырып жүргізуге;

14) еңбектің аса қиын жағдайлары, қатал климат жағдайлары үшін:

Қоғамның «Қазалы локомотив сервис орталығы» филиалының Қазалы, Сексеуіл, Шиелі және Қызылорда станцияларында, «Қандыағаш локомотив сервис орталығы» филиалының Қандыағаш, Жем, Шалқар және Шұбарқұдық станцияларында, «Атырау локомотив сервис орталығы» филиалының Мақат және Ганюшкино станцияларында, «Маңғыстау локомотив сервис орталығы» филиалының Маңғыстау және Бейнеу станцияларының шекараларында тән жұмыстарды орындайтын жұмысшылар мен қызметшілерге тарифтік ставкаларға (жалақыларға) 20 пайыздық үстеме есептеуге;

Қоғамның «Екібастұз локомотив сервис орталығы» филиалының Екібастұз-1, Екібастұз-2 станциялары мен оларға іргелес Ақбидайық, Үшқұлын және Ерейментау жеке пункттерінде, «Атырау локомотив сервис орталығы» филиалының Атырау станциясында, «Ақтоғай локомотив сервис орталығы» филиалының Достық станциясында тән жұмыстарды орындайтын жұмысшылар мен қызметшілерге тарифтік ставкаларға (жалақыларға) 30 пайыздық үстеме есептеуге.

Аталған үстемені пойыздар қозғалысына тікелей қатысы бар жұмыстарда қолдануға.

15) белгіленген регламентке сәйкес арнаулы үзілістер беріп, жұмысты аса қиын метеорологиялық жағдайлар (аяз, бұрқасын, қар басу) кезінде үнемі ашық ауада орындап, мерзімдік еңбекақы алатын жұмысшыларға тарифтік ставкаларды (жалақыларды) 10 пайызға көтеруге, кесімді еңбек ақы алатын жұмысшыларға белгіленген өндірім нормаларын:

ауаның температурасы минус 25 градус (Цельсий бойынша) және одан да төмен болған кезде;

ауаның температурасы 10 градустан (Цельсий бойынша) төмен болып, бұрқасын мен қардың басып кетуіне алып келетін қар жауу кездерінде 10 пайызға төмендетуге.

Жоғарыда аталған еңбекке ақы төлеу және нормалау шарттарын қолдануды тиісті актілермен ресімделген метеорологиялық мәліметтер деректерінің негізінде, ұзақтығы жұмыс ауысымының 2/3-інен асатын жұмыстарды ашық ауада орындаудың нақты күндері үшін жүргізуге;

16) қызметкерлерге мерзімнен тыс жұмыс сағаттарына, соның ішінде жұмыс уақытын жинақтап есепке алған кезде, кем дегенде бір жарымдық мөлшерде төлеуге.

Еңбек жағдайлары аса қауіпті және аса зиянды жұмыстарда мерзімнен тыс жұмыс сағаттарына жол бермеуге.

Қызметкердің кінәсінен емес жұмыссыз тұру уақытына орташа айлық еңбекақының 50 пайызынан төмен болмайтын есеппен төлем жасау. Қызметкердің өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін жағдай пайда болған кезде (мұндай жағдай Қоғамның арнаулы еңбекті қорғау қызметтерімен, даулы жағдайларда – Мемлекеттік еңбек инспекциясымен расталған кезде) оған бұзушылықтарды жою үшін қажет болған барлық кезеңге орташа еңбекақы төлеуге (қызметкердің кінәсінен жұмыссыз тұрған уақытқа төлем жасалмайды). Әрекетсіз кезекшілікке Жұмыс берушінің Кәсіподақпен келісілген актілеріне сәйкес төлем жасауға;

17) жүру жолы бойында орын ауыстырумен немесе жұмыстарды орындаумен байланысты, учаскелер шегіндегі тұрақты орындалатын жұмыстың жүріп-тұру сипаты үшін қызметкерлерге еңбек шартымен белгіленген үстеме төлеуге (5-қосымша).

18) негізгі жұмысынан босатылмаған, олардың келісімі бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелері басшыларының бұйрығымен жұмысшыларды оқытуға тартылған білікті жұмысшыларға қабылданған немесе ауыстырылған бір қызметкерді оқыту жөніндегі жұмысы үшін (әр ай сайын) тарифтік ставканың (жалақының) 20 пайызы мөлшерінде төлеуге;

19) біліктілігін арттыру курстарына, соның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге де жіберген кезде қызметкерге купелік вагонда жол жүру, жатақханада тұру (егер тұру құны оқыту құнына енгізілмесе) жөніндегі шығыстарын және оқу орнына жету уақытына белгіленген мөлшерде тәуліктік ақы төлеуге.

Біліктілігін арттыру курстарында оқудан немесе қайта даярлаудан өткен кезде қызметкерге бұрынғы жұмыс орнын (лауазымын) және орташа еңбекақысын сақтауға.

Біліктілігін көтеру курстарында және темір жол көлігі қызметкерлерінің оқу орталықтарында өндірістен қол үзіп оқыған кезде басқа жерлерден келген тыңдаушыларға оқудың алғашқы айына іссапарлар бойынша қолданыстағы актілер бойынша қосымша тәуліктік шығыстар төлеуге.

Курстарда бір айдан артық болған кезде әрбір келесі ай үшін Қазақстан Республикасында белгіленген ең төмен еңбекақы мөлшерінде қосымша стипендия белгілеуге.

Кәсіби дайындық, қайта даярлау және біліктілігін көтеру аяқталғаннан кейін оқушы Жұмыс берушіде оқу шартында тараптармен келісілген мерзімде жұмыс істеуге міндетті.

Еңбек шарты қызметкердің бастамасы бойынша немесе қызметкердің кінәсінің салдарынан Жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылған кезде, қызметкер оны оқытуға байланысты шығындарды жұмыс істеудің істелмеген мерзіміне пара пар мөлшерде қайтаруға міндетті;

20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс уақытының бірыңғай ұзақтығын қамтамасыз етуге (нақты жұмыс режимдері кәсіподақ комитетімен келісу бойынша ішкі еңбек тәртібі ережесімен белгіленеді);

21) күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде қызметкерге демалу және тамақ ішу үшін жарты сағаттан кем емес бір үзіліс беруге;

22) жұмыс істейтін 1 және 2-топ мүгедектеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қысқартылған жұмыс күнін және жыл сайын он бес күннен кем емес ақы төленетін қосымша демалыс белгілеуге;

23) үздіксіз тасымалдау процесіне, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне және жолаушыларға қызмет көрсетуге қатысты жұмыстарда жұмыс уақытын жинақтап есепке алуды айдың есептік кезеңімен қолдануға.

Үздіксіз тәулік бойы ауысымдық жұмыстағы қызметкерлер үшін 12 сағаттық ұзақтықтағы кезекшіліктердің төрт ауысымдық кестелерін қолдануға (жұмыс және демалыс кестесі қызметкерлерге оны енгізуден бұрын кем дегенде бір ай бұрын жариялануы тиіс);

24) жұмыс берушінің бастамасы бойынша демалыс және мереке күндері жұмысты орындау үшін қызметкерлерді олардың жазбаша келісімімен және жұмыс берушінің актісінің негізінде тартуға.

Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа қосарлы мөлшерде төлем жасауға немесе қызметкердің қалауы бойынша жалқы мөлшерде төлем жасап, қосымша демалыс күнін беруге;

25) филиалдар директорларына кәсіподақ комитетімен келісу бойынша еңбекке ақы төлеудің жоспарлы қоры есебінен және оның шектерінде айрықша маңызды және жауапты жұмыстармен айналысатын жекелеген жоғары білікті жұмысшыларға тарифтік ставкалардың орнына айлық жалақылар белгілеу құқығын беруге;

26) қызметкерлерге жұмыс орнын (лауазымын) сақтау арқылы төмендегі ұзақтығы белгіленген жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын:

жұмысшыларға – 24 күнтізбелік күн;

басшыларға, мамандарға, қызметшілерге 24, 28, 30 күнтізбелік күн беруге (6-қосымша).

Демалыстарды беру кезектілігін өндірістік процесті ескере отырып, кәсіподақ органдарымен келісіп, бекітілген кесте бойынша белгілеуге.

Қызметкерді еңбек демалысынан шақыртып алған жағдайда (оның келісімі бойынша) еңбек демалысының, соның ішінде қосымша демалыстың пайдаланылмаған күндерін ағымдағы жылдың басқа уақытында беруге немесе келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосуға не болмаса өтемақы төлеуге. Демалыстан шақыртып алуды еңбектің зиянды жағдайлары үшін қосымша демалыстың күндерін пайдаланғаннан кейін ғана жүргізсін.

Жыл сайынғы еңбек демалысын төлеуді оның басталуынан бұрын үш күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізсін.

27) қызметкерлерге тиісті құжаттар берілген жағдайда төлем жасалатын қосымша демалыстар беруге:

оларда жұмыс істеу қосымша демалысқа және қысқартылған жұмыс күніне құқық беретін Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр, қауіпті өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізбесіне сәйкес еңбек жағдайлары зиянды жұмыс үшін;

экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін;

темір жол көлігі ұйымдарындағы жұмыс өтілі үшін, үш жылдан артық - әрбір келесі жыл үшін 2 күннен, бірақ 6 (алты) күнтізбелік күннен артық емес;

өндірістен қол үзбей темір жол көлігі бейініне сәйкес мамандықтар бойынша орта және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытылатындарға, сессия, дипломдық жобаларды дайындау және қорғау, оқу бітіру емтихандары кезеңіне.

Бұл ретте, төлем жасау есебін оқу орнының тиісті құжатымен расталған оқу жоспарын орындау шартымен, жыл сайынғы еңбек демалысы сияқты тәртіппен, бірақ 20 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі орташа айлық еңбекақы сомасынан жүргізуге;

ата-анасының, жұбайының, балаларының, аға-інісінің, апа-сіңілісінің, қарындасының қайтыс болуына байланысты – 3 жұмыс күні;

неке қиюына байланысты – 3 жұмыс күні;

баласының тууына немесе баланы асырап алуына байланысты – 1 жұмыс күні.

Қосымша демалыстар ақы төленетін кезекті демалысқа кірмейді, есептеу және ақы төлеу жыл сайынғы демалыс кезіндегідей жүргізіледі.

28) а) қызметкердің, оның ата-анасының, жұбайының, балаларының қайтыс болуына байланысты материалдық көмек көрсетуге:

Қоғам қызметкеріне – 50 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде.

Материалдық көмек көрсетуге негіз болып табылатын өтінішке қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі);

б) баланың тууына, асырап алуға байланысты - екі еселенген ең төмен еңбекақы мөлшерінде, ал қызметкерде екі немесе одан көп бала туса үш еселенген ең төмен еңбекақы мөлшерінде.

Материалдық көмек көрсетуге негіз болып табылатын өтінішке баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі қоса берілуі тиіс.

Егер материалдық көмек алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің барлығы Қоғам қызметкері болып табылса, көмек олардың біреуіне көрсетіледі;

29) қызметкерге оның жазбаша өтініші негізінде Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес жалақысы сақталмайтын демалыс беруге;

30) толық емес жұмыс күні режимін енгізген кезде демалысқа төлем жасау үшін (пайдаланылмаған демалысқа өтемақы төлеу үшін) орташа күндік (орташа сағаттық) еңбекақыны есептеуді нақты жұмыс істелген уақыт есебінен жүргізуге;

31) зейнеткерлік жасқа жетуіне 3 жыл және одан да кем уақыт қалған қызметкерлерге толық жұмыс күні (толық жұмыс аптасы) режимін сақтауға;

32) тұратын жерлерінде мектеп болмаған кезде, яғни кіші станциялар мен жеке пункттерде тұратын қызметкерлерге, мектеп жасындағы балаларының қажетті құжаттарын (жұмыс орнынан анықтамалар, қызметкердің мектеп жасындағы балаларының жасын растайтын анықтамалар, мектептің орналасқан жерін және балалардың осы мектепте оқитынын растайтын мектептің анықтамаларын) тапсырған жағдайда қалалар мен ірі тораптық станцияларда орналасқан мектептерге, мектеп-интернаттарға бір оқушыға арналған оқу орнына барып келу үшін оқу жылы кезеңінде бір айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде ай сайын қосымша ақы төлеуге;

33) пойыздар қозғалысымен байланысты қызметкерлерге тізбеге сәйкес (7, 8-қосымшалар) уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақыны заңнамаға сәйкес есептелген орташа еңбекақы есебінен төлеуге. Бұл ретте уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша айлық жәрдемақының мөлшері АЕК-тің жиырма еселенген мөлшерінен артық болуы мүмкін емес деген шартпен міндеттеме алады.
ІІІ бөлім

Жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау,

босатылатын қызметкерлерді кәсіби даярлау

және қайта даярлау
9. Жұмыс беруші:

1) жұмысқа қабылдауды еңбек жағдайларымен, ішкі еңбек тәртібі ережелерімен және Шартпен міндетті түрде таныстыру арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асыруға;

жұмысқа қабылдаған кезде қызметкерлермен еңбек шарттарының олардың кәсібіне, біліктілігіне сәйкес жасалуын және еңбек жағдайлары өзгерген жағдайда оларға толықтырулардың енгізілуін қамтамасыз етуге;

жұмысқа қабылдаған кезде Толық материалдық жауапты болатын қызметкерлер лауазымдарының тізбесіне (7,8-қосымшалар) сәйкес толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарттардың жасалуын көздеуге;

2) жұмысқа қабылдаған кезде қызметкерлермен еңбек шарттарын:

а) белгісіз мерзімге;

б) кем дегенде бір жылдық белгілі бір мерзімге.

Қызметкермен бұрын жасалған бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты қайталанып жасалғанда, соның ішінде еңбек шартын ұзарту кезінде ол белгісіз мерзімге жасалған болып саналады.

Егер еңбек шартының қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін тараптардың ешқайсысы бір тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпесе, онда ол белгісіз мерзімге жасалған болып саналады.

Белгісіз мерзімге еңбек шарты жасалған қызметкерлерге көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында белгіленген мерзімге еңбек шартын жасауға тыйым салынады:

в) уақытша жоқ қызметкердің орнына жұмыс істеу уақытына;

г) белгілі бір жұмысты орындау уақытына;

д) маусымдық жұмыстарды орындау уақытына;

3) қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасқан кезде:

а) еңбек жағдайларының сипаттамасын, жұмыс орнындағы зиянды және қауіпті факторлардың тізбесін;

б) сол жұмысты орындау үшін қажетті арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен, жуу заттарымен қамтамасыз ету нормаларын;

в) демалыстарды беру немесе пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлеу тәртібін;

г) материалдық және моральдық ынталандыру туралы ережелерді;

д) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмысшылардың жекелеген кәсіптері және мамандар мен қызметшілердің лауазымдары үшін мынадай жұмыс режимдерін қолдануға: үйде немесе объектідегі арнайы жабдықталған бөлмеде сағаттардың белгіленген нормасы шегіндегі кезекшілікті; жұмыстың икемді кестесін, толық емес жұмыс күнін көздеуге;

4) қызметкерлер санын немесе қызметкерлер штатын қысқартқан кезде еңбек шарттарын бірінші кезекте:

а) сынақ мерзімін өтеуші;

б) темір жол көлігі ұйымдарындағы жұмыс өтілі ең аз;

в) қолданылу мерзімдері аяқталмаған тәртіптік жазалары бар;

г) осы мамандық бойынша тиісті білімі және жұмыс тәжірибесі жоқ қызметкерлермен бұзуға;

5) қызметкерлер санын немесе штатын қысқартқан кезде жұмыста қалдырудың артықшылық құқығын:

а) жалғыз асыраушы болып табылатын қызметкерлерге;

б) төрт және одан көп баласы бар көп балалы отбасылардың ата-аналарына;

в) темір жол көлігінде жұмыс істеген қызметкерлерге: ерлерге - кем дегенде 25 жыл, әйелдерге - кем дегенде 20 жыл;

г) «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталғандарға беруге.

Кәсіпорын қызметі тоқтатылған жағдайдан басқа жағдайларда штат немесе қызметкерлер саны қысқарғанда, бір отбасыдан екі адамды (ері, әйелі) жұмыстан босатуға болмайды.

6) Қоғамның құрылымдық бөлімшесі таратылған, штаты немесе қызметкерлер саны қысқартылған кезде:

а) еңбек шартын бұзғанға дейін кем дегенде бір ай бұрын қызметкерді алдағы уақытта шартты бұзу туралы жазбаша ескертуге;

б) қызметкерге аптасына бір күн немесе әрбір жұмыс күнінің екі сағатын өз бетінше жұмыс іздеуі үшін беруге;

в) еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерге орташа айлық еңбекақысы мөлшерінде өтемақы және екі орташа айлық еңбекақы мөлшерінде қосымша өтемақы төлеуге. Бұл ретте екі орташа айлық еңбекақы мөлшеріндегі (жұмыс іздеу кезіне сақталатын) қосымша өтемақыны темір жол көлігіндегі жұмыс өтілі кем дегенде бес жыл болатын адамдарға, уәкілетті мемлекеттік жұмыспен қамту органдарында тіркелу (есепке тұру) туралы анықтаманы беру шартымен әрбір ай өткен соң, бір орташа айлық еңбекақы мөлшерінде төлеуге (бірінші және екінші айлар үшін);

Станцияларда, разъездерде аталған уәкілетті органдар жоқ болғанда, құрылымдық бөлімше басшысына Қоғам басшылығының алдында елді мекенде бос жұмыс орнының болмауына байланысты қосымша өтемақылар төлеу туралы өтініш жазу құқығын беруге.

7) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде темір жол көлігінде кем дегенде 20 жыл жұмыс істеген, жасы бойынша зейнеткерлікке шығу құқығының басталуына дейін үш жыл қалған қызметкерлерге жұмыс берілуіне кепілдік берілуі тиіс, еңбек шарттары Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 3), 6) – 13) және 16 тармақшаларында қарастырылған негіздер бойынша бұзылатын қызметкерлерден басқа;

8) жұмыс көлемі кеміген жағдайда, қызметкерлер санын бірінші кезекте:

кадрлардың табиғи кемуі және оларды қабылдауды уақытша шектеу;

өз қаржылары есебінен кадрларды қайта оқыту, қайта даярлау жөніндегі іс-шаралар;

кадрларды бөлімшелердің ішінде босаған жұмыс орындарына ауыстыру;

қызметкерлерді уақытша және маусымдық жұмысқа пайдалану;

жұмыстан босатуға баламалы болып табылатын уақытша шара ретінде толық емес жұмыс күнін қолдану;

ұйымның құрылымдық бөлімшелері ішінде орын ауыстыру, тұрғын үй беріп немесе оны жеңілдікпен сатып алуға жағдай жасап, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің жол ақысын төлей отырып және Тараптардың келісімі бойынша басқа да жеңілдіктер беру арқылы жаңа жұмыс орнына көшу;

қызметкердің келісімі бойынша ауысу кезінен бастап үш ай бойына бұрынғы жұмыс орны бойынша орташа еңбекақысын сақтау арқылы басқа тұрақты, еңбекақысы төмен жұмысқа ауыстыру арқылы реттеуге;

9) қызметкерлер штатын ұлғайтқанда, соңғы алты ай ішінде штаттың қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлерге бар вакансиялар туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабарлауға (егер қызметкер жазбаша хабарламаны алғаннан кейін он күн ішінде Жұмыс берушіге жүгінбесе, ол жұмысқа орналасудың артықшылық құқығынан айырылады);

10) босатылатын қызметкерлердің тиісті қайта даярлануы арқылы бос жұмыс орындарына артықшылықпен орналастырылуын қамтамасыз ету керек. Қызметкерлердің қайта мамандануын (басқа кәсіптерге оқыту), оқу кезінде олардың орташа еңбекақысының 75 пайызын төлеу арқылы, Қоғамның қаражаты есебінен жүзеге асыруға;

11) кәсіподақтың мүшесі болып табылатын қызметкермен еңбек шартын Еңбек Кодексінің 54-бабы 1-тармағы 2), 3) тармақшаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бұзу кәсіподақ комитетінің уәжді пікірін ескеріп жүргізуге;

12) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерін тарату ниеті туралы тиісті кәсіподақ органдарын кем дегенде екі ай бұрын хабардар етуге, бұл ретте Кәсіподақ өкілдерін тиісті комиссиялар мен жұмыс топтарының құрамына кіргізуге.

13) әскери қызметке шақырылғанға дейін Қоғам қызметкерлері болған мерзімдік әскери қызметін өтеген тұлғалардың бос жұмыс орны болған жағдайда, жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуге;

14) қызметкердің лауазымға немесе біліктілігі жетіспеушілігі салдарынан орындалатын жұмысқа сәйкес келмеушілігінен Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған жағдайда, құрамында қызметкердің өкілі бар аттестациялық комиссияның шешіміне негізделуге. Қызметкерлерді аттестаттаудың тәртібі, шарттары және оны жүргізудің мерзімділігі Аттестаттауды жүргізу ережелерімен белгіленеді (11-қосымша);

15) мына жағдайларда қызметкерге өтемақы төлемі жүргізілуі тиіс:

Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған жағдайда Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда, қызметкерлердің саны немесе штат қысқарғанда, – бір айлық орташа жалақы мөлшерінде;

қызметкермен медициналық қорытынды негізінде денсаулық жағдайына қарсы көрсетілген жұмысты орындауға жасалған еңбек шарты тоқтатылғанда - үш айлық орташа жалақы мөлшерінде;

16) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарғанда Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) асырап жатқан жалғыз басты аналармен, балалардың аталған категориясын анасыз тәрбилеп жатқан өзге тұлғалармен еңбек шартын бұзбауға міндеттенеді.

  1   2   3

Похожие:

«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған Ұжымдық шарт бірге Тараптар деп аталатын, «Локомотив сервис орталығы» icon«Локомотив» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2012 – 2014 жылдарға арналған Ұжымдық шарт бірге Тараптар деп аталатын, «Локомотив»
Президенті (бұдан әрі – Жұмыс беруші) және «Локомотив» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің өкілі – «Қазақстан Республикасы теміржолшыларының...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған Ұжымдық шарт бірге Тараптар деп аталатын, «Локомотив сервис орталығы» icon«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған Ұжымдық шарт «Жолаушылар тасымалы»
Жұмыс беруші) және «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің өкілі – «Қазақстан Республикасы теміржолшыларының кәсіподағы»...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған Ұжымдық шарт бірге Тараптар деп аталатын, «Локомотив сервис орталығы» iconҚазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы Ұжымдық шарт
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған Ұжымдық шарт бірге Тараптар деп аталатын, «Локомотив сервис орталығы» iconPhd докторы, бейіні бойынша
Бұдан әрі «Орталық» деп аталатын «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы атынан, Жарғы негізінде әрекет ететін президент...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған Ұжымдық шарт бірге Тараптар деп аталатын, «Локомотив сервис орталығы» iconДополнительное соглашение №10/20 к Коллективному договору на 2009-2011 годы между Акционерным обществом «Локомотив» и его трудовым коллективом
Ив» в лице Президента Акционерного общества «Локомотив» и трудовой коллектив Акционерного общества «Локомотив», от имени которого...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған Ұжымдық шарт бірге Тараптар деп аталатын, «Локомотив сервис орталығы» iconКөліктік сервис орталығы” акционерлiк қоғамының акцияларды шығару проспектiсi “Көліктік сервис орталығы” АҚ
Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келетiнi бойынша тексерiлген. Акционерлiк қоғамның лауазымды адамдары осы проспектiдегi...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған Ұжымдық шарт бірге Тараптар деп аталатын, «Локомотив сервис орталығы» icon«Цеснабанк» АҚ төлем карточкалары бойынша
«Клиент» деп аталатын негізгі төлем карточкасының иеленушісі Банк Клиенті жеке тұлға екінші тараптан, бірге «Тараптар» деп аталатындар...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған Ұжымдық шарт бірге Тараптар деп аталатын, «Локомотив сервис орталығы» iconБорттық тамақтануға қызмет көрсетуге арналған № / шарт астана қ. 2010ж. «Астана халықаралық әуежайы»
«Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы, бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған Ұжымдық шарт бірге Тараптар деп аталатын, «Локомотив сервис орталығы» iconБорттық тамақтануға қызмет көрсетуге арналған № / шарт астана қ. 2010ж. «Астана халықаралық әуежайы»
«Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы, бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған Ұжымдық шарт бірге Тараптар деп аталатын, «Локомотив сервис орталығы» iconKazCard халықаралық төлем карточкасын беру туралы № шарт қ. ” ” 200 ж
Бір тараптан, № сенімхат негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Қоғам» деп аталатын «Қазпочта» акционерлік қоғамы атынан
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница