Қала әкімі И.Ә. Әбішевтің 2010 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары




Скачать 199.88 Kb.
НазваниеҚала әкімі И.Ә. Әбішевтің 2010 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Дата конвертации19.03.2013
Размер199.88 Kb.
ТипДокументы


Қала әкімі И.Ә. Әбішевтің

2010 жылы қаланың

әлеуметтік-экономикалық

даму қорытындылары

және 2011 жылға міндеттер туралы

баяндамасы
Құрметті өскемендіктер! Ардақты ағайын!
Елбасының Жарлығына сәйкес әкімдердің ел алдындағы есеп берулері жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқаны өздеріңізге жақсы мәлім.

Мен де сіздердің алдарыңызда атқарылған жұмыстар жөнінде екінші жылғы есебімді бермекпін. Бұл кездесулер мен үшін өте маңызды болып табылады.

Әрине, өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық салаға салған өзіндік салмағы да сезілмей қалған жоқ, дегенмен 2010 жыл біз үшін қарымды іс-шаралар мен қажырлы еңбектің жылы болды.

Қала әкімдігі мен жұртшылықтың бір мақсатқа, бір мүддеге жұмылған берекелі жұмыстарының нәтижесінде ауыртпашы-лықтарға төзіп, жаңа жолға түстік. Ол жаңа жол – Елбасының биылғы халыққа жолдауында анықталған «Жаңа онжылдыққа - Жаңа экономикалық өрлеуге – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктеріне» апаратын жол.

Сіздерге осы игі шараларды жүзеге асыруда көрсеткен қолдауларыңыз, ақыл-кеңестеріңіз, қаламызда өтіп жатқан шараларға белсене қатысып, азаматтық көрсеткендеріңіз үшін, қандай бір қиындықтарға түсіністікпен қарап, оны шешуде маған көрсеткен көмектеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

Өскеменді мәдениетті және өркениетті қала-ға айналдыруға толыққанды негізіміз бар. Соған сәйкес жобалар және жоспарлар да жеткілікті. Оны жүзеге асыруда халықтың тарапынан түсіністік, ауызбіршілік және үлкен қолдау керек.

Еңбегіміз еселі, іс-әрекетіміз әлеуетті, тірлігі-міз тиянақты болғай!
Құрметті өскемендіктер!

есеп беру кездесуіне қатысушылар!
Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп берулерін өткізу практикасы бірнеше жылдар бойы жалғасуда. Қала тұрғындардының бұған қызығушылық танытулары өзара әрекет етудің дәл осындай әдісінің жоғары тиімділігін көрсетеді, сондай-ақ біздің қаламыз бен еліміздің тағдырына немқұрайлылық танытпайтын, оның болашағы туралы бірге қам жейтін адамдардың осы залда жиналулары да кездейсоқтық емес.

2010 жылғы қала әкімдігінің жұмысы Елбасының Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы міндеттерді шешуге бағытталды және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы, еліміздің Конституциясының 15 жыл-дығы, Ұлы Абайдың 165 жылдығы, Өскемен қаласының 290 жылдығы сияқты елеулі оқиғаларға толы болды. Қазақстан және Ресей Президенттерінің қатысуымен аймақаралық ынтымақтастықтың 7-Форумын өткізу тарихи оқиға болды, ол Қазақстан және Ресейдың шекаралық аймақтарының өзара қарым-қатынастарының дамуына жаңа дем берді.

Мемлекеттік, өңірлік және қалалық бағдарламаларды, облыс Әкімінің тапсырмаларын іске асыру бойынша шаралар қабылданды, олардың барлығы экономикалық тұрақтылықты қамтуға және қала тұрғындарының әлеуметтік игілігіне бағытталған.

Тұтасымен алғанда өткен жыл әлеуметтік-экономикалық дамудың оңды қарқынымен аяқталды, ол келесідегі негізгі көрсеткіштермен сипатталады.

Экономика және өнеркәсіп

Өнеркәсіпте өнім көлемі 303,4 млрд. теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 36,8 %-ға өсті.

Негізгі капиталға инвестиция 65,1 млрд. теңгені немесе 2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96,1 %-ға өсті.

2010 жыл бойы қала бюджеті шығыстар бойынша 99,4 %-ға орындалды. Жоспарланған 21,7 млрд. теңгенің орындалуы 21,5 млрд. теңгені құрады.

Барлық деңгейдегі бюджеттерге 68,2 млрд. теңге мөлшерінде немесе жоспардан 109,5 % төлемдер жүргізілді Қалалық бюджеттің кіріс бөлігі 18,5 млрд. теңгеге орындалды, жоспардан тыс 104,7 млн. теңге түсті. Жеке кірістер бойынша түсімдер 8,5 млрд. теңгені немесе жоспардан 101,3 %-ды құрады. 7,3 млрд. теңге сомасында қосымша резервтер анықталды.

Индустриалдық-инновациялық даму.

Индустриализация картасына енген 204,6 млрд. теңге жалпы құнымен 6 индустриалдық-инновациялық жобалар-ды іске асыру жалғасуда. Олардан: «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ титан құймалары мен қорытпаларды шығару бойынша 65 жұмыс орны құрылған зауыт құрылысы бойынша және «Иртыш Танур-Плюс» ЖШС кәспорынымен 3,0 мың тонна өнімді сақтауға есептелген көкөніс сақтау жайының құрылысы бойынша 2 жоба іске асырылды.

«Казцинкте» ЖШС мыс балқыту-электролиздік зауыттың құрылысы аяқталды, бұл 567 жұмыс орнын құруға мүмкіндік туғызады.

2011 жылдың наурызында «Өскемен арматура зауыты» АҚ өндірістік күштерін жұмылдыру мен кеңейту жоспарлануда, ол 750 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

«Азия Авто» АҚ жылына 60 мың автомобильге дейінгі қуаттылығымен жеңіл автомобильдерді құрауды іске асыру-дың бірінші кезеңі аяқталды.

«Востокмашзавод» АҚ болат вагон құймасын өндіру бойынша шойынқұймасы цехын қайта жабдықтау бойынша жұмыс жалғасуда.
Бизнесті және ауыл шаруашылығын дамыту

Шағын және орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөлінеді, олардың үлесі шаруашылық субъектілерінің жалпы санының 98,7 % құрайды. Шағын бизнес субъектілерінен бір жылда бюджетке түскен түсімі 20,2 млрд. теңгені құрайды, 2009 жылға қарағанда 25,9 % өсті. Кәсіпкерлік бастаманы қолдау және дамыту мақсатында 135 шағын және орта бизнес субъектілері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры бағдарламасы бойынша 3,5 млрд. теңге жалпы сомасында несие алды.

Шағын және орта бизнесті ары қарай дамыту үшін атқарушы билік «гильотиндер қағидаты» бойынша әкімшілік кедергілерді жою жөнінде жұмыстар жүргізуде. Мемлекеттік мекемелер басшылары, кәсіпкерлер құрамымен Сараптама тобы мемлекеттік органдардың рұқсат берудегі керексіз рәсімдер тізбесін анықтайды. Өскемендіктердің тәжірибесі Қазақстан бойынша бірінші болып, Қазақстан Республи-касының Үкіметімен зерделенуде.

Ауылшаруашылығы саласында 2,5 мың тонна ет (2009 жылғы деңгейге қарағанда 104,7 %), 6,6 мың тонна сүт (2009 жылға қарағанда 101,5 %) және 2,0 млн. дана жұмыртқа (2009 жылға қарағанда100,4 %) өндірілді.

2010 жылғы астықтың орташа өнімділігі – 12,4 ц/га, жалпы өнім 1,8 мың тоннаны құрады.

Картоптың өнімділігі 125,0 ц/га, көкөніс 230 ц/га құрады. Күнбағыс және мал азығы дақылдарының алқабы кеңейгендігі байқалады.

Инфляциялық үрдістер

Ұн, нан, сүт, ет, күнбағыс майын өндірушілермен, сондай-ақ қант, жарма және көкөніс өнімдерін ірі көтерме сауда жеткізушілерімен 821 меморандумға қол қойылды.

Тұрақтандыру қорынан бөлінген астық нанның бағасын бұрынғы деңгейде сақтауға мүмкіндік берді. 1 сортты ұннан жасалған «әлеуметтік» нан сауда жүйелеріне жыл бойы бөлкесіне 43 теңгеден аспайтын бағамен жіберілуде.

9 дүкенде «әлеуметтік» бөлімдер жұмыс істейді, 49 павильонда жергілікті тауар өндірушілермен бірінші қажетті өнімдерді нарықтан төмен баға бойынша 3 %-7 % сауда үстемесін қолданумен сату жалғасуда. Сатудың негізгі қағидаты – делдалдар жүйесін жою.

Апта сайын «демалыс күн» жәрмеңкесі өткізілуде, онда облыс аудандарынан жеткізілетін ет және жеміс-көкөніс өнімдері қала бойынша орташа бағадан 10-15 % төмен бағамен сатылады. 2010 жылы 23 жәрмеңке өткізілді және 189 млн. теңгеден астам сомада ауылшаруашылығы өнімдері сатылды.

Өкінішке орай, біз қабылдаған шараларға қарамастан, Өскемен қаласы бойынша тұтыну тауарларының және қызметтердің бағалары мен тарифтерінің өсу қарқыны 108,1 % өсті, бұл 2009 жылғы сәйкес кезең деңгейінен 1,8 %-ға артық.

Азық-түлік тауарларының бағасы 9,8 %-ға өсті (2009 жылдан 6,7 %-ға артық).

Азық-түліктік емес тауарлар 6,1 %-ға (2009 жылдан 2,3%-ға төмен), халыққа көрсетілетін қызметтер 7,7 %-ға (2009 жылғы сәйкес кезеңнен 1,0 %-ға артық) өсті. Бұл жалғыз әкімшілік шаралармен проблеманың шешілмейтіндігін көрсетеді. Бірінші қажетті азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бойынша нарықтық механизмдерді қолдану қажет. Біз бүгін осы мәселемен жұмыс атқарудамыз.

Қаланың кәсіпорындары өндірістің дамуына және негізгі қорлардың жаңаруына қаражат салуда. 174 тұрғындық емес мақсаттағы ғимараттар тапсырылды, соның ішінде, 35 дүкен, 6 дәріхана, 4 шаштараз, 5 стоматологиялық кабинеттер, «Вираж» автоорталығы, «Император» сауда кешені, бұл біздің қаламыздың түрғындарына сервистік қызмет көрсету саласын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Тұрғын үй құрылысы

Әкімдік қызметінің маңызды бағыттарының бірі тұрғындардың қалың қабаты үшін қолжетімді тұрғын үйді қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болып табылады. 2010 жылы 73,5 мың ш.м. несиелік және жалға берілетін тұрғын үйлер пайдалануға берілді (2009 жылдың ұқсас кезеңіне 118 %), соның ішінде жалпы алаңы 30,9 мың ш.м. 4 ипотекалық тұрғын үй (320 пәтер), Молдағұлова көшесі бойындағы жалпы алаңы 3,9 мың ш.м. 1 жалға берілетін үй (40 пәтер), жалпы ауданы 3,1 мың ш. метр 22 тұрғын аудандағы 38 жеке тұрғын үйлер.

2010 жылы Островский көшесі, 16 /1 жалпы ауданы 1,0 мың ш.м. құрайтын 20 пәтерді сатып алу жүзеге асырылды.

«Нұрлы көш» бағдарламасы аясында жалпы ауданы 26,9 мың ш.м. 363 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.

Сонымен бірге 2011 жылы:

  • 19 шағын ауданда жалпы ауданы 13,6 мың ш.м. 140 пәтер;

  • 5,7 мың ш.м. алаңымен Өтепов көшесі бойындағы кітапханасымен жапсарлас салынған алты қабатты 95 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй;

  • 22 тұрғын шағын аудандағы 43 үй пайдалануға беріледі.

Сумен қамту және канализация

Қаланың тұрақты дамуына мүмкіндік туғызатын мақсатты бағыттардың бірі сумен қамту және канализация жүйесі болып табылады. Ең бастысы, бұл – үздіксіз сапалы ауыз сумен қамту.

2010 жылы Жыланды кентінде сумен қамту желілерінің құрылысы аяқталды, 8 шақырымнан астам су құбырлары салынды, бұған республикалық бюджеттен 86 млн. теңге бөлінді. 16 тұрғын ауданның су құбыры желілері пайдалануға берілгеннен кейін 2011 жылғы мамыр айынан бастап су жеткізілетін болады.

138 млн. теңге бөлінген Ново-Явленка және Меновной ауылдарының сумен қамту желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда. 8,6 мың метр салынды, 136,9 млн. теңге игерілді. Құрылыстың толық аяқталуы және суды жеткізу 2012 жылға жоспарлануда.

«Өскемен Водоканал» кәсіпорнына сумен қамту нысандарын ағымдағы жөндеуге 403,867 млн. теңге, су бұру нысандарына ағымдағы жөндеуге 256,187 млн. теңге бөлінді.

«Новая Согра» МКК сумен қамту нысандарын ағымдағы жөндеуге 55,279 млн. теңге, жылумен қамту нысандарын ағымдағы жөндеуге – 23,188 млн. теңге бөлінді. 2010 жылғы қараша айына жұмыстар аяқталды, 1,03 шақырым сумен қамту желілері, 1,611 шақырым жылумен қамту желілері салынды.

«Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру

«Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үлкен көлемі жұмыстар атқарылды.

Есеп беру кезеңінде 2 млрд. 800 млн. теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен – 1 800,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1 млрд. теңге игерілді.

Білім беру жүйесінде 855 млн. теңгеден артық жалпы сомасына 3 нысанның күрделі жөндеуі және 64 нысанның ағымдағы жөндеуі орындалды.

546,7 млн. теңге сомаға денсаулық сақтаудың 9 нысандарында және «Үлбі» медиктік-әлеуметтік орталығына, белгілі тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды бейімдеудің әлеуметтік орталығына жөндеу жүргізілді.

2010 жылы «Жол картасы» аясында 630 млн. теңгеден астам сомаға жолдар жөнделді, соның ішінде республикалық бюджеттен – 420 млн. теңге, қалалық бюджеттен – 210 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы көшелердің орташа жөндеуі – 14,4 шақырымды құрады.

«Жол картасы» аясында барлық 87 жоба аяқталып, 3026 адам жұмысқа орналасты.

2011 жылы «Жол картасы» Бағдарламасы еліміздің тек екі облыс орталығында ғана жүзеге асырылады, соның ішінде Өскемен қаласында осы мақсаттарға 110,6 млн. теңге бөлінді.

Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы ынтымақтастығының VII аймақаралық Форумын өткізу және ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында 1,5 млрд. теңге, соның ішінде 1 млрд. теңгеге дейін Тимофеев, Пограничная, Михаэлис, Виноградов және т.б. көшелерінің орташа жөндеуіне бөлінді және игерілді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Осы жылы 445 млн. теңге (2009 жылы 200 млн.) тиісінше жұмсалған қаланы көріктендіру және көгалдан-дыру бойынша орасан зор жұмыс атқарылды, 25,4 мың ш.м жаңа гүлзарлар, 83,5 мың ш.м көгалдар, 88,6 мың ш.м суаратын су құбырлары орналастырылды, 255 түп тал, 199 қылқан жапырақты және 289 түп жапырақты ағаштар отырғызылды.

«Жарықтандырудың жаңа парағы» жобасы аясында 265 млн. теңге сомаға қаланың сыртқы жарықтандыру желілеріне жөндеу, соның ішінде: Ертіс және Үлбі өзендерінің жағалаулары бойынша жаяужол аумақтарының, Крылов және Бажов көшелері бойынша, «Ахмер-Қалқымалы көпір» автожолы бойынша, ЖМК-Меновной және Тәуелсіздік даңғылынан әуежайға дейінгі көшелерді жарықтандыру жүргізілді.

Өткен есеп беру кездесулерінде қалалықтар инженерлік желілер люктерінің болмауы және лифтілердің апаттылық жағдайы мәселесін көтерген. 2010 жылы 13 лифт коммуналдық меншікке қабылданды және 17 лифт жөнделді, осы мақсаттарға 110 млн. теңге және 120 млн. теңгеден артығы жолдардан тыс инженерлік желілердің люктерін қалпына келтіруге және жөндеуге бөлінді. Шынында да көптеген люктер болмай, жолдарда апаттық жағдайлар туғызды және тұрғындардың өміріне қауіп төндірді. Қорытындысында 100-ден артық люк қалпына келтірілді.

Еуропалық стандарт бойынша 60 жаңа автобус аялдамалары орнатылды, жұмыс істеп тұрған 12 субұрқақ қалпына келтірілді, қосымша 7 субұрқақ орнатылды. (Спорт сарайы ауданында Үлбі өзені арқылы өтетін көпірге, Ертіс өзені суының бетінде, «Сәулетай» балалар, «Восток» стадио-ны және салынып жатқан Мешіт саябағы маңында).

Алғашқы рет Әуежай ғимаратына іргелес аумақ көріктендірілді: жаңа гүлзарлар және сыртқы жарықтандыру желілері орнатылды, кеспе тастар төселді, өтпе жолдарды асфальтты бетонды жабын жүргізілді және жаңа су бұрқақ орнатылды.

«Этноауыл» құрылысы бойынша ерекше жоба жүзеге асырылды, бұған ұқсасы Қазақстанда жоқ.

2010 жылғы мамырда қалада бірінші рет әр түрлі елдер мүсіншілерінің симпозиумы өткізілді, олармен 18 мүсін әзірленді, әкімдіктің сұранымы бойынша жергілікті шеберлер күшімен қосымша 19 мүсін және 89 шағын сәулеттік қалыптар кешені орналастырылды.

ҚР Тәуелсіздік Күні мен Жаңа жылды мерекелеуге дайындық шеңберінде жарық бергіш және мұздан жасалған пішіндер, жарықтандырғышы бар сәнді ағаштар, қосымша жарық бергіш гирляндалар орнатылды. Олар қаламыздың көркіне айналып, қалалықтарды қуанышқа бөледі.

Тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек

Атқарушы билік қызметінің тиімділігі халықты жұмыс-пен қамту деңгейі бойынша бағаланады:

Жұмыссыздық деңгейі 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 0,7 % деңгейде өткен жылдың есеп беру кезеңінің соңында 1,0 %-ға қарсы қалыптасты;

Ресми тіркелген жұмыссыздар саны 34 %-ға азайды (1103 адам);

11 мыңнан астам адам (жоспар-тапсырмаға 156,8 %), оның ішінде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту органдары арқылы 2518 адам жұмысқа орналастырылды. Барлық көрсеткіштер бойынша жоспар толығымен орындалды, қоғамдық жұмыстарға 1363 адам, оқытуға және қайта даярлауға – 2374 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1998 адам, жастар іс-тәжірибесі бойынша – 1024 адам жолданды;

5216 немесе 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыс-тырғанда 103,3 % жұмыс орны құрылды;

Бүгінгі күні қаланың жәрдемақылар, зейнетақылар мен бюджет саласының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу бойынша қарызы жоқ. Сонымен қатар, жекеленген кә-сіпорындарда еңбекақы төленбеу мәселелері бар. 2011 жылғы 1 қаңтарға еңбекақы бойынша қарыз 39,3 млн. теңгені құрады, сонымен қатар мерзімі өтіп кеткен қарыз – 23,9 млн. теңге. Әкімдік бұл кәсіпорындармен жұмыс жүргізуде, олармен қарызды өтеу кестелері жасалды. Мәселе тұрақты бақылауда тұр.

Орташа еңбекақы қала бойынша 67,9 мың теңені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 15 %-ға өсті;

Материалдық және қарапайым көмек 59 мыңнан астам тұрмысы төмен азаматқа 461,4 млн. теңге сомасында, сонымен қатар: тұрғын үй көмегі 26,8 млн. теңге сомасында, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 8,7 млн. теңге; 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы – 6,3 млн. теңге сомасына көрсетілді,.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдында барлық ардагерлер, соғысқа қатысушылар және тыл еңбеккерлері қамқорлыққа және ықыласқа бөленді.

«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында 2010 жылы 193 млн. теңгеден астам сомаға біржолғы материалдық көмек көрсетілді, облыс және қала басшылығы 42 ҰОС қатысушысы мен мүгедегінің үйлеріне барды, 13 мыңнан астам соғыс ардагері мен тыл еңбеккері мерейтойлық медальмен марапатталды.

Қалада арба қолданатын мүгедектер үшін алғаш рет «Пандус» жобасы жүзеге асырылды, қала кәсіпкерлерімен 32 пандус орнатылды.

Білім беру

Барлық қиындықтарға қарамастан, жылдан жылға мемлекетпен әлеуметтік саланы қаржыландыруының тұрақты өсімі байқалуда.

Білім беру жүйесін дамыту мен жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қарым-қатынас көбінесе болашақтағы біздің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығымызды анықтайды.

Білім беру саласын қаржыландыру қаланың бюджетінде басым орынға ие. 2009 жылмен салыстырғанда 38,9 % өсті, бұл жылдар бойы жинақталып қалған мәселелерді шешуге, әсіресе балаларды мектепке дейін тәрбиелеу және оқытумен қамтуға мүмкіндік берді. 2010 жылы балабақшалар мен шағын орталықтарда мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен 13 мыңнан астам балалар немесе 2-ден 6 жасқа дейінгі жалпы балалар санының (14531 адам) 93,0 %-ы қамтылды.

2010 жылы балабақшаларға деген кезектілік 3724 баланы құрады.

«Балапан» бағдарламасы бойынша 800 орындық 3 балабақша қайтарылды, 200 орындық 2 балабақша және «Қазмырыш» ЖШС мен «ҮМЗ» АҚ кәсіпорындарымен 530 орындық 2 балабақша және 1975 орындық 30 мектепке дейінгі шағын орталықтар ашылды. Сондай-ақ 4 100 орын құрылды, бұл 2010 жылдың кезектілігін толығымен жоюға мүмкіндік берді.

Севастопольская көшесіндегі 120 орындық балабақша қайтарылды, Егоров көшесі, 23а мекенжайындағы «Азамат» жеке меншік балабақшасын қалпына келтіру жалғасты-рылуда.

Балаларды мектепалды даярлықпен 100 % қамту мәселесін ары қарай шешу үшін 2011 жылы 840 орындық 4 балабақша ғимаратын коммуналдық меншікке қайтару және 28 тұрғын ауданда 1 балабақша құрылысын салу жоспарланған. Қала мектептерінде 135 компьютерлік сынып қызмет етеді, барлық мектептер «Интернет» жүйесіне қосылған және оқу теледидарының қызметтерін пайдалану үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Елімізде бірінші болып мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту үшін «Виртуалды мектеп» жобасын жүзеге асырдық.

Білім беру сапасының маңызды көрсеткіштері Ұлттық Бірыңғай тестілеу қорытындылары болып табылады. 2010 жылы қала бойынша орташа балл 86,9 (2009 жылы 74,8). Мектеп бітірушілердің 21 % көбі 101 және одан да жоғары балдар алды, бұл «үздік» бағасына сәйкес келеді (2009 жылы – 10,8 %).

Биылғы, 2011 жылы «Нұрлы Көш» бағдарламасы аясында Ново-Явленка ауылында 600 орындық мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған.

19 мектептен тыс мемлекеттік ұйымдар, 37 балалар-жасөспірімдер клубтары, 1026 спорттық секциялар мен үйірмелер, 10 хоккей қораптары және 25 спорт алаңдары қызмет етуде. 2010 жылы 20 мыңнан астам адам немесе 80 %-ы (2009 жылы 72 %) қамтылды.

2010 жылы балалар демалысының жаңа түрлері енгізілді:

  • альпілік туристік лагерь, онда 1200 бала тегін демалды, оған бюджеттен 12,7 млн.теңге бөлінді;

  • 25 оқушылар тобын облыстың аудандарына кіші туризм бойынша мәдени алмастыру;

  • «Денсаулық күні» жобасы бойынша 6 мың оқушылар қала маңындағы Изумрудный, Алтайские Альпы, Конный двор, Нұр Тау демалыс аймақтарында демалды

Қалада 298 қамқорлықтағы бала бар, оның 86-сы тұл жетім. Барлығына жалпы сомасы 79 млн.теңгеге тегін тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен, жазу құралдарымен және жазғы сауықтыру демалысымен қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 20,9 % артық.

27,4 мың оқушы ыстық тамақпен қамтылған, бұл жалпы құрамның 93,3 % құрайды (2009 жылы – 87,4 %). Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек балалар, көпбалалы және күнкөрісі төмен отбасылар қатарынан шыққан 3 мыңнан астам балалар тегін тамақтанады. Әкімдіктің бастамасы бойынша балалардың тамақтану рационына бал мен құрамында балы бар тамақ өнімдері енгізілген.

Мәдениет және тілдерді дамыту

Біздің қала тұрғындарының мәдени және рухани құнды-лықтарын сақтау мен көбейту үшін экономикалық жағдай жасау әлеуметтік саясаттың маңызды мақсаты болып табылады. Қалада 50 мәдени мекеме, 18 кітапхана, 8 Мәдениет Үйлері жұмыс істейді, 57 мәдениет және тарихи ескерткіштер, 223 шығармашылық ұжымдар бар. 2010 жылғы қазанда Защита ықшамауданында күрделі жөндеуден кейін кітапхана ашылды. Мәдениет нысандарын қаржыландыру 2 есеге өсті және 172 млн. теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 34 млн. теңгеге өсті. Биылғы жылы тұңғыш рет жоғары сапалы заманауи дыбыс жазу студиясын, музыкалық аспаптарды алуға және сахналық костюмдерді тігуге 55 млн. теңге бөлінді.

Қалалық кітапханалар қорының сомасы 35 млн. теңгеге 300 мыңнан аса дана кітап қорын құрайды. Жыл сайын қала кітапханаларымен 50 мыңнан аса оқырмандарға қызмет көрсетіледі. Есептік кезеңде мәдениет мекемелерімен 209 іс-шара өткізілді (2009 жылы - 175).

Қалада тұңғыш рет халықаралық фестивальдер: «Шығыс шынары» поэзия фестивалі, Бал фестивалі өткізілді, оған алыс және жақын шетелдерден қонақтар қатысты.

«Дарындылар шұғыласы» атты ашық балалар конкурсы, Мұқағали Мақатаев атындағы жас ақындар арасында конкурс, жыл сайын мемлекеттік тілді меңгеру конкурсы, заманауи музыкаларының, бард әндерінің және т.б. фестивальдері өткізілді.

«Туған ел-алтын бесігім» акциясының шеңберінде біздің қаламыз облыстық байқау-конкурсында бірінші орын алды.

Денсаулық сақтау

Қалада «Ұлттық денсаулықты сақтаудың бірыңғай жүйесі» жобасын іске асыруға сәйкес тұрғындардың денсаулығын сақтау саласында жаңа тәсілдер жүзеге асырылуда, қазіргі заманға сай технологиялар енгізілуде, медициналық қызмет көрсетудің сапасы жақсаруда.

2010 жылы қаланың денсаулық сақтау бөлімдеріне 5 млрд. 888 млн. теңге бөлінді, соның ішінде ақысыз медициналық көмектің кепілденген көлемі бойынша 4 млрд. 902 млн. теңге, денсаулық сақтау нысандарына материалдық-техникалық базаны нығайтуға 204,8 млн. теңге бөлінді.

Спорт және салауатты өмір салты

Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін қалада 414 спорт имараттары бар, дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындардың саны 2010 жылы 52 мыңнан астам адамды немесе халықтың жалпы санынан 17 пайызды құрайды. Еліміздің Президентінің бұқаралық спортпен 30 пайызға дейін қамту туралы тапсырмасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Еуропалық стандартты теннис корты салынды. Спортты бұдан әрі де дамыту үшін бізге 1000 орынға спорт модулін салу қажет. Осы жоба бойынша әкімдік жұмыс атқаруда.

Экология

Қалада бірігіп шешуді қажет ететін стратегиялық проблемалар қатары бар. Біздің қаламызда түсті метал-лургияның, атомдық-өндірістік кешеннің, жылу энергети-касының, көліктің, коммуналдық шаруашылықтың, тағам саласының және басқа да ірі нысандары орналасқан.

Экологиялық жағдайды жақсарту үшін 2010 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 66,7 млн. теңге, табиғатты қолданушылар – кәсіпорындармен 6,8 млрд. теңге игерілді.

Менің төрағалық етуіммен жұмыс тобы құрылды, 2010 жылы біз атқарған жұмыстар:

- 2005-2009 жылдар аралығындағы қала атмоферасының ластануына талдау;

- қаланың орталық бөлімінен автотұрақты шектеу жолымен көліктен қаланың орталық көшелер жүктемесін жеңілдеттік;

- 456 автобусқа қалдықтардың нормаларының сәйкестігі тексерілді, 122 автобуста зиянды заттардың жіберілетін нормасының жоғарылауы анықталды;

- Өскемен қаласының маңында жасыл белдеуді құру бойынша жұмыс жүргізілуде, 2009 жылы 5 га, 2010 жылы 12 га шетен, емен, үйеңкі егілді;

- Ертіс бассейнін жете меңгеру бойынша жұмыс жүргізілді, Комендантка сағасын радиациалық зерттеу бойынша жұмыс пысықталды. Біздің бастамамыз бойынша 2011 жылға республикалық бюджеттен бізге 518 млн. Комендантка өзенінің түбін тазалау үшін бөлінді;

- «Май» АҚ май зауытының үш қазандығының біреуінде катализатор эксперимент түрінде орнатылған. Сынақ оңды нәтиже көрсеткенде осы жүйе қаланың басқа кәсіпорын-дарында енгізілетін болады;

- қала кәсіпорындарында табиғи минералдық шикізат - шунгит қолдана бастады;

- экологиялық мониторинг жүйесінің бірнеше түрі қарастырылды («Спектрум плюс» ЖШС, Скат ресейлік фирмасы, Словаттық фирмасы және «Союзатомпром» ААҚ). «Союзатомпром» ААҚ технологиясын таңдадық. Қазір жобаның техникалық ғимараты әзірленуде.

Қаланың экологиялық проблемаларын шешу міндеті биыл да жалғастырылатын болады.

Екіншіден, қылмыстың түп-тамырын жою және құқық бұзушылықтың алдын алу проблемасы аса маңызды болып қала беруде.

2010 жылдың қорытындысы бойынша, тіркелген қылмыстың саны 3,4 ℅-ға өскендігі байқалады және қылмыстың ашылуы 6,5 ℅-ға жоғарылағанына қарамастан республикадағы ең жоғарылардың бірі болып қала беруде (3-орын).

2009 жылдың деңгейіне қарағанда кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмыс 18,6 ℅-ға төмендеген.

Қылмыстың алдын алу мақсатында екі стартегиялық бағдарлама қабылданды, үш ведомствоаралық комиссия әрекет етуде, қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша шаралар қолданылуда.

Консьержалар, халықтық жасақтары мен полициямен бірлесіп әрекет ететін студенттер жасақтарының жұмыстары жаңартылды, барлық мектептерде «Полицияның жас достары» жасақтары құрылды. Бұдан басқа, қалалық әкімдікпен 10 полициялық тірек пунттеріне жөндеу жұмыстары мен материалдық-техникалық базасын жақсартуға шаралар қатары жүргізілді. Алайда, өкінішке орай бұл шаралар тиісті қорытындыларға жеткен жоқ.

Үшіншіден, қосымша жұмыс орындарын ашатын шағын және орта бизнес субъектілері үлесін жоғарлатамыз, ол біздің қалалықтардың әлеуметтік мәртебесіне айтарлықтай ықпал етеді. Шағын және орта бизнес экономиканың бұдан әрі дамуының тірегі болуы мүмкін, өйткені ол нарықтағы қалыптасқан жағдайға әсерін тигізеді, ассортимент пен өндіріс технологиясын өзгертеді. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін біз меморандумдар бекіту және олардың шарттарын сауда кәсіпорындарымен және қайта өңдеушілермен сақтау бойынша жұмысты жалғастырамыз, қаланың жүйе құрушы кәсіпорындарында тауарларды сатып алуда қазақстандық қамтудың үлесін арттырамыз.

Ішкі саясат

Биылғы жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен айтулы жыл болмақ.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында Өскемен қаласы маңызды саяси оқиғаның орталығы болды, Шығыс Қазақстан еліміздің тұңғыш Президенті – ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша референдум өткізуге бастама көтерді. 117 мыңнан астам өскемендік белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, республикалық референдум өткізуді қолдап, өз қолдарын қойды. Мен біздің жерлестеріміздің референдумға да осылай белсенді қатысатынына сенімдімін.

Тәуелсіздік жылдарында біз күшті, демократиялық қайта қалыптасу жолына сенімді аяқ басқан, қарқынды дамыған елге айналдық. Тарихтың қысқа мерзімінде қазақстандық мемлекеттілік бекітілді, ел бірлігі сақталып, нығая түсті, заманауи нарықтық экономика құрылды.

Тәуелсіздік біздің туған жерімізді көркейтуге деген құлшынысымызды одан әрі де шыңдай түсті!

Тәуелсіздік – бұл біріншіден еліміздің экономикасының қалыпты жағдайы. Тәуелсіз Қазақстан екі мың жылдықтың ауыр кезеңдерін асқақ абыроймен жеңе алды. ХХІ ғасырдың қиын-қыстау онжылдығы артта қалды! Біз өзімізді қазіргі заманның біртұтас және мықты ұлты етіп қалыптастырушы жолымызды таптық.

Біздің еліміз әлемдік көшбасшылар алдында танымал болды, барлық Қазақстан үшін сәтті кезең болған Астана саммиті қорытындылары осының айғағы.

Әлеуметтік-экономикалық дамудағы біздің еліміз бен қаламыздың жетістігі тұрақты қоғамдық-саяси жағдайда көрінді. Бұл мақсаттарға идеологиялық жұмыстардың алуан түрлері қолданылды. Бірінші кезекте бұл жұмыс 9 саяси партия филиалдарымен, 30 діни ұйымдар мен 19 этномәдени орталықтармен, 300-ден астам ҮЕҰ және 26 жастар, 16 кәсіподақ ұйымдарымен ұсынылған азаматтық қоғам инсти-туттарымен бірлесе әрекет етуге бағытталды. Ерекше назар Аумақтық өзін-өзі басқару кеңестерін дамытуға, қоғам арасынан белсенділерді қалыптастыруға аударылады.

Кездесетін проблемаларға қарамастан қалада тұрақты жағдай сақталуда, азаматтық сектордың арқасында біз барлық қиындықтардан шығудамыз. Есеп беру кезеңінде наразылық акциялары болған жоқ.

Аға буын өкілдеріне, Ардагерлер және ақсақалдар кеңесіне, ең белсенді қоғамдық қайраткерлер болып табылатын және рухани құндылықтарды дамыту мен тәрбие-леуде баға жетпес үлес қосқан, бізге өмір сүру тәжірибесімен көмек көрсететін «Поколение» қозғалысына;

кәсіпкерлік пен бизнес саласында тәуекелден қорықпай тек маңызды экономикалық міндеттерді шешіп қана қоймай, біздің қаламызда қайырымдылықты дамытқандарыңыз, әлеуметтік маңызы бар акциялар мен бағдарламаларға белсене қатысқандарыңыз;

өнеркәсіпшілерге адал еңбегі үшін, өнеркәсіпті жетілдірудегі қажырлығы үшін және жұмыс кадрларын сақтай білгендері үшін, Сіздердің жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз үшін;

азаматтық секторға ұлттық біртұтастық пен шоғыр-ланудағы біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен достықты сақтағаны үшін;

жастарға – біздің өскелең ұрпаққа біздің қаламыздың ғана емес, тұтас еліміздің гүлденуі жолындағы белсенді азаматтық ұстанымдары мен біздің бастамаларымызды іс жүзінде дамыта білгендері үшін;

және де әрине, біздің қаламыздың одан әрі көркеюіне, жайлы өмір сүруімізге, қауіпсіздігімізге белсенді ат салысқан-дары үшін барлық қалалықтарға үлкен алғысымды жеткізгім келеді.
Қадірлі ағайын, ардақты өскемендіктер!

Өткен жылда атқарған игі істер биылғы жылы да жалғасын табады, әрбір іске жаңа серпін, жаңа көзқарас таныта отырып, жаңа биіктерді бағындырайық. Игі шаралардың бастаушысы да, қостаушысы да өздеріңіз. Бірлесе көтерген жүк жеңіл демекші, сіздермен әлі де үлкен жетістіктерге жете берейік. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Назарларыңызға рахмет!



Похожие:

Қала әкімі И.Ә. Әбішевтің 2010 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары icon2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары
Петровка селолық округінің әкімі С. Некібаевтың “2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық
Қала әкімі И.Ә. Әбішевтің 2010 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары icon2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары
Корнеевка селолық округінің әкімі Ж. Сейпиловтың “2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық
Қала әкімі И.Ә. Әбішевтің 2010 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары iconӨскемен қаласы әкімі И.Ә. Әбішевтің 2009 жылы Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Жоспарына енгізілді. Бұл сұрақтар: лифт шаруашылығының жұмысы, хоккей қораптарының құрылысы, ХҚко-ның ашылуы, көшелерді жарықтандыру,...
Қала әкімі И.Ә. Әбішевтің 2010 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары iconКішкенекөл селолық округінің әкімі – Сейтуаров Азамат Көшербайұлы: Кішкенекөл селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы
Кішкенекөл селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен
Қала әкімі И.Ә. Әбішевтің 2010 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары icon«2011 жылға қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға міндеттер туралы»
Ала әкімі С. Ш. Тәукебаевтың Өскемен қаласы тұрғындарының алдында есеп беру кездесуіндегі баяндамасының тезистері
Қала әкімі И.Ә. Әбішевтің 2010 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары iconКурмин ауылының әкімі М. Ж. Тулькинның ауылдың 2011 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша тұрғындар алдындағы есебі
Елбасының Қазақстан халқына Дағдарыстан дамуға атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Елді мекендегі...
Қала әкімі И.Ә. Әбішевтің 2010 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары iconҚұрметті есепке қатысушылар! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған...
Қала әкімі И.Ә. Әбішевтің 2010 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары icon2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары
Петровка селолық округі әкімі С. Некібаевтің “2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған...
Қала әкімі И.Ә. Әбішевтің 2010 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары iconҰлан ауданының 2010 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Анықтама
...
Қала әкімі И.Ә. Әбішевтің 2010 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары iconҚарғалы селолық округінің әкімі Мұқанбетқали Мәжитұлы Қазкеевтің округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы бойынша есебінің тезисі
Бұған облыс және қаланың атқарушы билігінің қолданып жатқан белсенді шаралары септігін тигізіп жатыр
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница