Е. Ахетов Аудан әкімі С. Тәуіпбаев 2011 жыл Тереңөзек кенті әкімі аппаратының




Скачать 455.31 Kb.
НазваниеЕ. Ахетов Аудан әкімі С. Тәуіпбаев 2011 жыл Тереңөзек кенті әкімі аппаратының
страница1/4
Дата конвертации19.03.2013
Размер455.31 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТІЛДІ»

Аудандық экономика және Сырдария ауданы әкімінің

бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы № қаулысы

____________ Е. Ахетов Аудан әкімі _______С.Тәуіпбаев

«_____» ____________ 2011 жыл «_____» __________ 2011 жыл

Тереңөзек кенті әкімі аппаратының

2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық

жоспары

Тереңөзек кенті, 2011 жыл


Мазмұны





  1. Миссия және пайымдау










  1. Ағымдағы жағдайды пайымдау










3.Мемлекеттік орган қызметінің міндеттері

және мақсаты,стратегиялық бағыттары,мақсат-

ты индикаторлар және нәтиже көрсеткіштері.










4.Функционалдық мүмкіндіктердің дамуы

5.Басқа жергілікті мемлекеттік органдармен

өзара қарым-қатынасы.










6.Тәуекелдерді басқару










7.Бюджеттік бағдарламалар





1. Миссия және пайымдау


Миссия :
«Тереңөзек кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына,Қазақстан Республикасы Президентінің,Үкіметінің актілеріне, өзге де норматив-

тік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Пайымдау :
Тереңөзек кенті әкімі аппаратының көкжиегі аймайтық әлеуметтік-

экономикалық дамуының,стратегиялық және орта мерзімдік

жоспарларының, негізгі бағыттарын әзірлеу.Тереңөзек кенті әкімі

аппараттағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау ,кәсіби даярлау

жұмыстарын ұйымдастыру.Кенттің экономикасын дағдарысқа төтеп

беретіндей етіп жоспарлау,алдағы уақытта ауылдың экономикасын

қарқынды дамытуға жұмыс жасау.

2. Ағымдағы жағдайларды талдау.



    1. Тереңөзек кенті әкімі аппаратының 2010 жылғы атқарған

жұмыстары .

«Тереңөзек кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-

мемлекеттік орган) Сырдария ауданының әкімдігі өкілеттік берілген

кент әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан,ұйымдық-

құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді

жүзеге асыруға құқығы бар мемлекеттік мекеме болып табылады.

Тереңөзек кенті әкімі аппаратының функциялары, негізгі

міндеттері мен құқықтары:

«Тереңөзек кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекеме (бұдан әрі-

мемлекеттік орган) Қазақстан Республикасының заңдарында

белгіленген фунцияларды жүзеге асырады. (міндеттерді атқарады).

Мемлекеттік органның негізгі міндеттері :

1.тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық

әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік

органдармен,ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым –

қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді ;

2.азаматтардың өтініштерін,арыздарын,шағымдарын қарайды,азамат-

тардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар

қолданады;

3.салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді

жинауға жәрдемдеседі ;

4.әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік

бағдарламаларды әзірлеп,тиісті мәслихаттың бекітуі үшін аудандық

әкімдіктің қарауына енгізеді ;

5.өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады ;

6.кенттің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын,сондай-ақ

кентте автомобиль жолдарының салынуын,қайта жаңартылуын,

жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді ;

7.тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты

ұйымдастырады ;

8.жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі ;

9.жергілікті өзін-өзі басқару органдармен өзара іс-қимыл жасайды ;

10.елді мекендерді абаттандыру,жарықтандыру,көгалдандыру және

санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады ;
Кадр қызметі
«Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» аудан әкімдігінің 2010 жылғы 1 қарашадағы №365 санды қаулысына сәйкес Тереңөзек кенті әкімі аппаратында 6 штаттық бірлігі қаралған.

Кент әкімі,оның орынбасары, 3-бас маман, 1- жетекші маман-заң кеңесшісі. Есепті мерзім ішінде 1 әкімшілік қызметкер өз біліктілігін артты. 5-маман біліктілігін арттыру курсына жіберіледі.

Тереңөзек кентінің әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері.

Аудан орталығы болып саналатын Тереңөзек кентінде қазір 1896 отбасында 9936 халық тұрып, өмір сүріп жатыр. Оның 6-ы Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 26-і Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілгендер, 40 жалғыз басты қарт кісілер, 984-і зейнеткерлер, 335-і мүгедектер, Батыр аналар – 26. Жыл көлемінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, кент бойынша 6 және одан көп бала туып тәрбиелеп өсірген 133 ананың құжаттары рәсімделіп наградаларға жоғарғы орындарға ұсынылды, бүгінгі күнге 64 ананың наградасы салтанатты түрде табысталды. Қалғандары күтілуде.

Кенттегі 4 және одан да көп балаға жәрдемақы алатын аналар 94, тұрғындардың 4863-і экономикалық тұрғыдан белсенді болып саналады, бюджеттік салада-2868, шаруа қожалықтарында 17, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 1247, 805 адам жыл көлемінде жұмыс сұрап хабарласқан. 2010 жылы 198 бала дүниеге келіп, 44 адам қайтыс болған.

Кентте 1727 оқушысы бар 2 орта мектеп, 1 мектеп лицей , 1 кәсіптік лицей, 4 балалар бақшасы, әуез мектебі, 300 орындық аудандық мәдениет үйі, 200 орындық кент мәдениет үйі – Үкіметтік емес ұйымдар орталығы,аудандық кітапхана,балалар кітапханасы, өлкетану мұражайы, орталық стадион, балалар спорт мектебі, емхана мен 2 аурухана т.б. мәдени – ағарту, денсаулық сақтау мекемелері қызмет етеді.

Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 1200 орындық жаңа үлгідегі типтік жобадағы мектеп құрылысы жүргізілуде. Биылғы оқу жылында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда,тротуарлар төселінді.

«Жол картасы» бойынша атқарылған жұмыстар
2009 жылы басталған «Жол Картасы» бағдарламасы өткен жылы да жалғасын тапты.

«Жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы (С.Жансейтов18390,0 мың тенге бөлініп) кенттің Алшынбаев, Жакеев көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп,бұл жұмыстарды жұмысшы комиссиясымен тексеру барысында бірқатар ақаулар анықталған болатын. Қазіргі таңда ақаулар қалпына келтіріліп, нысан мемлекеттік комиссиямен қабылданды.

Осы бөлім арқылы «Жалын» тынығу лагеріне кіре беріс автомобиль жолын жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 3900,0 мың тенге бөлініп, бұл жұмыстарда толық аяқталды.

Кент бойынша ұзындығы 26020 км құрайтын 46 көше және тұйық көшелер бар, 2010 жылы оның 8738 км немесе 34 пайызы жөндеуден өткізілді .

Тарқатып айтар болсақ, биылғы жылы кенттің Усабаев, Мұратбаев, Желтоқсан, Алиакбаров көшелерін асфальттап, 41200,0 Нұрсейітов, Тоғанас батыр, Қонаев, Тоқтыбаев, Қазақ көшелері, Қазақ көшесінің 3 тұйығына тас төселіп барлығы 51618,0 теңгеге орташа жөндеу жұмыстары «Дәнекер»ЖШС арқылы (А.Жансақалов) жүргізілді. Б.Момышұлы көшесіне тас төсеу жұмыстарын жүргізіп, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Желтоқсан көшесі салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Жаңа мектеп аумағында жаңадан ашылған 2 көшеге аудандық құрылыс бөлімі арқылы бөлінген қаржыны игеруде «Углесбыт» ЖШС (Р.Есенов ) 1,056км малтатасты (гравий)жол салынып, 2 км жаяу жүргіншілер жолына толық брюсчатка төселінді.

Сонымен қатар, кенттің 3500 м жаяу жүргіншілер жолының 2010 жылы 450 метрі жөндеуден өткізілді, Мұратбаев көшесінің Жеңістің 50 жылдығы көшесінен №10 кәсіптік-лицейге дейінгі бөлігіне «Престол» ЖШС-і (Еркін Мыханов) 2972,0 теңгенің жаяу жүргіншілер жолын жөндеу (плитка төсеу ) жұмыстарын атқарды. Бірақ жұмыстарында бірқатар кемшіліктер болғаннан кейін, мемлекеттік коммисиямен жұмыстары қабылданған жоқ, көктемгі мамыр айларында толық аяқтап береді.

Кентті жарықпен қамтамасыз ету

2010 жылы 9 көшеге (Нұрсейітов, Қазақ, Абай, Аманкелді, Алиакбаров, Момышұлы, Керейтбаев, 1Мамыр, Усабаев) 8500 м ( яғни 188 отбасы 670 адам 12 мекеме орналасқан) көшеге жарық бағаналары орнатылып, түнгі жарықпен қамтамасыз етілді;

7 Ұлы Отан соғысы ардагері тұратын көшелер толығымен жарықпен қамтамасыз етілді, бүгінгі күнге барлығы 7 көшеде орналасқан талдар, шарбақтар, 70-ке жуық мекемелер түнгі жарықтармен көмкерілген.

Асқар Тоқмағанбетов көшесіне 1 км және 2,2 км болатын Тоқтыбаев пен Мұратбаев көшелері толық жарықпен қамтамассыз етілді.

Желтоқсан айында кенттің Аманкелді көшесінің бойына 5 жерде «Қош келдініздер», «Сыр алаштың анасы», «Табысын тасқындай берсін Тереңөзек»,«Қарышта қасиетті Тереңөзек», «Тереңөзек таланттардың өлкесі» неондық жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Кент көшелерін жарықтандыруды күтіп ұстап, ағымдағы жөндеу жұмыстарын атқаруға қаралған 2069,0 теңге толығымен игерілді, бұл жұмыстарды «Қымбат» ЖШС (Қаржау Жұмахметов) толық атқарып шықты.

Аудандық СТК(Ж.Қонысбаев) арқылы Сырдария қорынан бөлінген қаржы арқылы Қонаев көшесінің бойындағы халық демалатын (Парасат) алаңы Күндіз күннен тоқ алатын түнде жарық беретін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Кенттің көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру жұмыстары
2010 жылғы кент әкімі аппаратының атқаратын жұмыстарының іс -шараларында қарастырылған міндеттерді атқару барысында аудандық бюджеттен бөлінген тиісті қаржы түрлі салалар бойынша игерілді.

Аудан әкімінің қаулысына сәйкес, 2 айлық ұйымдастырылып, кентті абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын тұрақты түрде үйлестіру мақсатында штаб құрылған. Штаб отырысының шешіміне сәйкес кенттегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және кенттің орталық аумағында орналасқан кәсіпкерлік обектілерінде жұмысшы топтары арқылы, іс- шаралар атқарылды. Нәтижесінде 4 нысанның сыртқы келбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, берілген тиісті ескертулер орындалды және 70 м3 күл-қоқыс алынды. Кенттің санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында 3000,0 теңге қаралып, көгалдандыру, гүл егу, күл-қоқыс жәшіктерін қою жұмыстары жұргізілді. Бұл жұмыстарды электрондық сатып алу әдісі бойынша жеке кәсіпкер «Абдулпаттаев» жеңіп алған болатын. Кентте санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты және жүйелі түрде жүргізу мақсатында кент шартты түрде санитарлық секторларға бөлінген.

Кенттің көп қабатты тұрғын үйлерінің аулаларындағы кіші сыйымдылықтағы контейнерлерден тұрмыстық қатты қалдықтарды полигонға шығару жұмыстары аудандық бюджет есебінен атқарылды. Сондай-ақ кент аумағында егесіз күл қоқыстарды болдырмау мақсатында бекітілген кестеге сәйкес 5810 текше метр күл қоқыс полигонға шығарылды.

Жыл бойына көпқабатты тұрғын үйлер аулаларына,9 көшеге яғни Аманкелді, Абай,Тәжібаев жеңістің 50 жылдығы, Құттыбаев, Мұратбаев,Жәкеев, Қазантаев,Алшынбаев көшелеріне 64 тұрмыстық қоқыс тастайтын контейнерлер қойылып,күнделікті тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.Өткен жылы аудандық құрылыс бөлімі арқылы аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, кент орталығында 64 жеке әжетханалар бұзылып, 6 коммуналдық әжетханалар салынып пайдалануға берілсе,биылғы жылы №10 кәсіптік мектеп жанындағы көп пәтерлі үйлердің тұрғындарына арнайы 1 коммуналдық әжетхана салынып пайдалануға берілді, бұл әжетханалар тұрақты түрде тазаланып, әктелініп, санитарлық жағдайы бақылауда қойылған. Бірақ, осы мемлекет қаржысына салынған қоғамдық әжетханаларды пайдаланудағы мәдениетіміздің төмендігі ойландырады.

Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі

Жылдың көктем, күз айларында 15500 түп ағаш көшеті отырғызылды. «Әр сәбиге бір тал» акциясы өткізіліп, алғашқы акция орталық демалыс саябағында өткізіліп, осы баққа облыс әкімі Б.Қуандықовтың қатысуымен ағаш отырғызылып, барлығы 3500 түп ағаш отырғызылды. Акция аясында тұрғындарға, мектептерге 5000 түп саялы ағаш тегін таратылды.

2010 жылы кент бойынша гүл егу жұмыстары қолға алынды,орталық аланға 15600 дана әр түрлі гүлдер өсірілді.

Кентті абаттандыру іс шаралар аясында Орталық алаң қайта жаңғыртылып, жарық шамдары, орындықтар, «жанатын» ағаштар орнатылды, 200ш.м. орналастырылған газон шөптері күнделікті суарылып, күтімге алынды.

Бұқарбай батыр көшесіне жасыл белдеу жасау мақсатында 4910,4 теңге көлеміндегі жұмыстар атқарылып, «СК Дәнекер» құрылыс компаниясы 1300 метр темір қоршауларын орнатты. Күзгі ағаш егу кезенінде 1500 түп терек ағаштары отырғызылды.

Аталған аумақтарға аяқ су беру мақсатында 12 дана электр насос орнатылып, 5 км арық жүйелері тазартылса, аяқ су келмеген 5 көшеге жаңадан арық тартылып, аяқ сумен қамтамасыз етілді.

Көше бойларына егілген ағаш көшеттерін қорғау мақсатында аудандық бюджеттен бөлінген 899 мың теңгеге жалпы ұзындығы 9980 м көше бойлары қоршалып, кенттің Мұратбаев, Керейтбаев, орталық парк көшелеріне орнатылды.

Кенттің орталық көшелеріне күніне 2 мезгіл су себіледі.

Кентті көгалдандыру мақсатында Ж.Нұрсейтов атындағы демалыс саябағы, «Парасат» алаңы, орталық көшелердегі металл қоршаулар мен көпірлердің 1850 ш.м. түрлі-түсті бояулармен, 430 ш.м. «Кузбасс-лакпен» қайта боялды. Ағаш түптері мен бордюрлер үнемі әктеліп тұрды,кенттің орталық көшелерінде саялы ағаштарға декоративтік кесу жұмыстары жүргізілді.

Кенттің көп жылдардан бері жөнделмеген Аманкелді көшесіндегі 2 қабатты 2 тұрғын үйдің сырт келбеті жөндеуден өткізіліді.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы кент көшелерінің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кент көшелеріне жол белгілері қойылды. Қазіргі таңда бұл жұмыстар толығымен аяқталды.

Кент аумағында иесіз иттерді ату жұмыстары жүргізіліп, 189,0 теңгенің жұмыстары атқарылды, барлығы 634 бас қаңғыбас ит жойылып,биотермиялық шұңқырға тасталды.

Ұлы Отан соғысының 65 жылдық мерекесі қарсаңында орталық демалыс паркіндегі «Мәңгілік алау» мемориалы «Престол» ЖШС күшімен 4312,1 теңгеге жөндеуден өткізіліп, түнгі жарық нүктелері орнатылды.

№36 Ә.Тәжібаев атындағы орта мектептің жанын абаттандырып, кент тұрғындарының демалыс аймағын ұлғайту мақсатында 4277,4 теңге бөлінді, жұмыстар толығымен атқарылды, демалатын орындықтар қойылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалды.

Бірнеше жылдардан бері тұрғындар тарапынан орынды айтылып келе жатқан Тереңөзек темір жол вокзалының азып-тозып тұрғандығы жайлы ұсыныс-пікірлерін қолдаған аудан әкімдігі және «Нұр Отан» ХДП Сырдария аудандық филиалының ұйымдастыруымен 2010 жылғы 27 сәуірде акция өткізілді.

Нәтижесінде 54 жеке тұрғындар мен мекемелер, ұжымдар қатысты. 30 тамыз – Конституциямыздың 15 жылдығы қарсаңында жөндеуден өткізілген жаңа вокзал ғимараты салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді.
2010 жылы кентте салынған үйлер;
Республикалық бюджеттің қаржыландыруымен 11,868 млн теңгеге 210 шаршы метр көлеміндегі 3 арендалық тұрғын үй, 172 шаршы метр көлеміндегі 2 тұрғын үй салынып пайдалануға берілді.
  1   2   3   4

Похожие:

Е. Ахетов Аудан әкімі С. Тәуіпбаев 2011 жыл Тереңөзек кенті әкімі аппаратының iconАтбасар ауданы әкімі аппаратының жұмыстарының 2012 жылдың 1-ші жарты жылдық Жоспары
Аудан әкімі орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының жетекшілерімен жедел кеңестер
Е. Ахетов Аудан әкімі С. Тәуіпбаев 2011 жыл Тереңөзек кенті әкімі аппаратының iconАтбасар ауданы әкімі аппаратының жұмыстарының 2012 жылдың ақпан айына Жоспары
Аудан әкімі орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының жетекшілерімен жедел кеңестер
Е. Ахетов Аудан әкімі С. Тәуіпбаев 2011 жыл Тереңөзек кенті әкімі аппаратының iconАудан әкімі С. Ж. Аймақовтың есебі 2011 жыл. Құрметті жерлестер!
...
Е. Ахетов Аудан әкімі С. Тәуіпбаев 2011 жыл Тереңөзек кенті әкімі аппаратының iconЖаңақорған ауданының әкімі, орынбасарлары және «Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекшісі арасындағы міндеттерді бөлу. Аудан әкімі С. Т. Тәуіпбаев
Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылады, жергілікті атқарушы орган аудан әкімдігін басқарады және оның жұмысына...
Е. Ахетов Аудан әкімі С. Тәуіпбаев 2011 жыл Тереңөзек кенті әкімі аппаратының iconБекітемін Айыртау ауданының әкімі Е. Айнабеков
...
Е. Ахетов Аудан әкімі С. Тәуіпбаев 2011 жыл Тереңөзек кенті әкімі аппаратының iconСөйлеген сөзі Атасу кенті 12 желтоқсан 2009 жыл Құрметті жерлестер! Қадірменді қауым!
Аудан әкімі Х. Н. Омаровтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыста
Е. Ахетов Аудан әкімі С. Тәуіпбаев 2011 жыл Тереңөзек кенті әкімі аппаратының iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкi бақылау және талдау қызметі (бұдан әрi Қызмет) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
Е. Ахетов Аудан әкімі С. Тәуіпбаев 2011 жыл Тереңөзек кенті әкімі аппаратының iconБалықшы кенттік округі әкімі аппаратының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары балықшы кенті 2009 жыл
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық
Е. Ахетов Аудан әкімі С. Тәуіпбаев 2011 жыл Тереңөзек кенті әкімі аппаратының icon2011 жылда Зубовск кентінің әкімі Л. Л. Тертычнаямен атқарылған жұмыс туралы есебі Зубовск кенті 2011 жыл 6 ақпан «Зубовск орта мектебі»
Тәуелсіздік алуына 20 жыл деген белгімен өтті, 2011 жыл 29 қаңтарда жіберілген «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деген Жолдауы...
Е. Ахетов Аудан әкімі С. Тәуіпбаев 2011 жыл Тереңөзек кенті әкімі аппаратының iconАқмола облысы әкімі аппаратының жетекшісі Б. З. Жұпыновке Атбасар ауданы әкімі аппаратының жұмыстарының 2012 жылдың сәуір айына Жоспары
Атбасар ауданының аумағында көктемгі ветеринарлық алдын алу шараларын жүргізуді ұйымдастыру туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница