Казанка селолық округі әкімінің округ тұрғындары алдындағы есебі




НазваниеКазанка селолық округі әкімінің округ тұрғындары алдындағы есебі
Дата конвертации20.03.2013
Размер72 Kb.
ТипДокументы
Казанка селолық округі әкімінің

округ тұрғындары алдындағы есебі
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес өткізіліп отырған барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен есептік кездесулері еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің демократияландыру үдерісінің маңызды элементі ғана емес.

Олар атқарушы органдардың халық алдындағы шын мәніндегі емтиханы болып табылады, себебі,тұрғындармен өткізілген кездесуде кез келген өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ең бір өткір мәселелері қозғалады. Бұл ел Басының атқарушы биліктен талап етіп отырған жауапкершілік пен есеп беру міндеттілігін ғана арттырып қоймай, тұрғындармен ашық сұхбат жасауға ықпал болып табылады.

Казанка селолық округі аумағында келесі шаруашылық серіктестіктері қызмет етеді: «Достық Дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, басшысы Усманов Есенкелді Сағындықұлы, «Достық элеваторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, басшысы Жандүйсенов Ержан Беркінбекұлы, Казанка селосындағы «Достық Дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік бөлімшесі, басшысы Садвокасов Евгений Кайыржанұлы, Аксеновка селосындағы «Достық Дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік бөлімшесі,басшысы Габдуллин Манат Амантайұлы,Никольское селосындағы «Достық Дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік бөлімшесі,басшысы Можаев Әзірбай Жетістікұлы, Всеволодовка селосында «Всеволодовка-Север» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, басшысы Коваленко Владимир Михайлович, және тоғыз жеке шаруа қожалығы бар.

Округ бойынша 2009 жылы жалпы егістік алқабы 34344 гектар жерді құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3104 гектарға артық.Осының ішінде «Достық Дән» ЖШС егістік алқабы – 23726 гектар, «Всеволодовка- Север» ЖШС егістік алқабы – 5004 гектар және басқа ауылшаруашылық құрылымдарының егістік алқабы – 5614 гектар жерді құрады.

Өткен жылы әр гектардан орташа есеппен 20 центнерден өнім алынды, жалпы түсім 59015 тоннаны құрады. «Достық Дән» ЖШС әр гектарынан 23,1 центнер өнім алды,бұл аудан көлеміндегі ең жоғарғы көрсеткіш.

Машинотракторлық паркті жаңа техникамен қамту ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыруға көп ықпал жасайды. Өткен жылда «Достық Дән» ЖШС құны 1500000 тенгенің «Нива» автокөлігін сатып алды.Сонымен қатар лизингке «Джон Дир» комбайндарын және шөп шабатын құрылғыларын сатып алды.Жалпы жаңа ауылшаруашылығы техникасын сатып алуға барлығы 515 млн.875 мың тенге қаржы жұмсалды.Тағы құны 15 млн.560 мың теңгені құрайтын қойма іске қосылды. «Достық Дән» ЖШС жылу беру жүйесіне құны 11 млн.526 мың теңгенің жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Достық Дән» ЖШС орташа жалақы 32500 тенгені құрады.2009 жылы «Всеволодовка – Север» ЖШС 2 бірлік «Джон Дир» комбайнын,егістікті дәрілеуге арналған құрылғы,астық тиеуші құрылғы,6 бірлік К-700 тракторларын сатып алды.Барлығы ауылшаруашылық техникасын сатып алуға 29 млн. 500 мың теңге қаржы жұмсалды. «Янко» шаруашылық қожалығы лизингтік жүйе бойынша 2 бірлік «Джон Дир» комбайнын сатып алды.

Селолық округтің мал шаруашылығын негізінде жеке аулалар құрады. 2009 жылы округ аумағындағы қара мал саны 2005 басты құрады, оның ішінде: сиырлар – 1232 бас, жылқы – 600 бас, қойлар – 1200 бас, құстар – 14910 бас.

Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің арасынан мал шаруашылығымен айналыса бастағандар бар. «Достық Дән» ЖШС қарамағында қазіргі уақытта 80 бас қара-ала түсті тұқымды тайынша бар, жеке кәсіпкер Т. Бегахметовта еділбай тұқымынан 250 бас қой бар.

Мал санын көбейту жолында облыс әкімінің тапсырысын орындау үшін әр елді мекендерде фермерлік және жеке шаруашылықтарда шынайы жағдайлар құрылған, азық-түлік қорының көбейтіліп және нығайтылуы арқасында мал саны көбейуде, фермерлік және жеке шаруашылықтарға мал шаруашылық өнімдерін сатуда көмек көрсетілуде.Округ аумағында малдарды қолдан ұрықтандыратын 2 бекет қызмет көрсетеді,малдардың санын арттыру және оларға ветеринарлық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі. Жеңілдетілген пайыздағы несие алуда көмек көрсетілуде.
Округ аумағында «Борлық мемлекеттік орман мекемесі» орналасқан. 2009 жылы орман шаруашылығы ұжымы 29,4 гектар жер алаңына орман өсімдіктерін отырғызды.Бұған 118900 дана өсімдік дақылы жұмсалды,0,2 гектар алаңға қайың көшеттері отырғызылды.СҚО, Қызылжар ауданының аумағында «Нұрлы Көш» бағдарламасы бойынша салынған Бәйтерек ауылының көгалдандыруына 20 түп қарағай ағашы отырғызылды. «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша жоғарғы оқу орнының 20 студенті жұмысқа тартылды.Бұл үшін 333 мың тенге қаржы жұмсалды.Тұрғындардың қажеттілігіне жалпы берілген ағаш көлемі 7893 метр кубті құрады.

Орман шаруашылығы мекемесі өртке қарсы тұрудың жоспарлы іс-шараларын өткізеді, тұрғындар арасында орманды аялау бағытында үгіт-насихат жұмысын өткізіп келеді. Бұрлық мемлекеттік орман мекемесі өрт химиялық станциясының бірінші белгідегі түрімен жабдықталған.

Округ бойынша 31 шағын кәсіпкерлік субьектісі қызмет көрсетеді, соның ішінде 6 заңды тұлға, 10 шаруа қожалығы, 15 жеке кәсіпкер, тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал жасайды.Аксеновка және Казанка селоларында жұмысшыларға арналған асхана қызмет етеді, Аксеновка селосында мәдениет және сауда үйлері ғимараттарының құрылысы жүргізіліп аяқталды. 2009 жылы Казанка селосында шағын қонақ үйдің құрылысы басталды.

Всеволодовка селосында «Всеволодовка-Север» ЖШС қаржысына қоғамдық монша тұрғызылды.Аксеновка селосында «Евгении» шаруа қожалығы құны 12 млн. тұратын астық сақтайтын қойманың құрылысын аяқтады. Никольское-Бурлукское ауылында май дақылдарын өңдейтін және сақтайтын қойманың жұмысы аяқталып бітті,сыйымдылығы 20 мың тоннаны құрайды.

Өндірістік кәсіпорындардан селолық округ аумағында 2наубайхана мен диірмен қызметі жолға қойылған. Наубайхана өнімділігі бір кезекшілікте 400 бөлке нан, диірмен жылына 1200 тонна ұн өңдейді.

Казанка селосында жеке кәсіпкер Т. Бегахметов ағаш өңдеу цехы ашты, онда 3 адам жұмыс істейді.
Білім беру саласында мұғалімдердің біліктігін көтеру, мемлекеттік тілді үйрену, компьютерлік теңсіздікті төмендету, интернет жүйесін қолдану, оқушылардың сапалы білім алуына жағдайлар жасау мәселелеріне назар аударылады. Казанка орта мектебінде интерактивті тақта орнатылған.

Округ бойынша 6 мектеп қызмет көрсетеді: 2 орта мектеп,2 негізгі мектеп, 2 бастауыш мектеп және мектепке дейінгі балаларға арналған 3 шағын орталық бар.

Казанка орта мектебінде оқыту барысы мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі. Казанка орта мектебі жанынан 40 балаға арналған интернат ашылды.Мектеп қарамағында оқушыларды демалыс күндері интернаттан үйлеріне жеткізетін «Газель» автокөлігі бар.Барлық мектептерде ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Достық Дән» ЖШС Аксеновка орта мектебі мен Ақан-Бұрлық бастауыш мектебіне 143 мың теңгенің демеушілік көмегін көрсетті.Округ аумағында хоккей ойнайтын 2 мұз айдыны жасалды.Аксеновка селосындағы мұз айдынына 184 мың теңге қаржы жұмсалды.
Денсаулық сақтау мекемелерінен селолық округ аумағында 2 дәрігерлік амбулатория және 4 медициналық пункт бар. Казанка дәрігерлік амбулаториясы жедел-жәрдем автокөлігімен жабдықталған. Казанка дәрігерлік амбулаториясы жанынан 2008 жылы дәріхана ашылды,осының арқасында ел тұрғындарына қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуларына мүмкіншілік туды.Барлық денсаулық сақтау мекемелерінде өткен жылы ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мәдениет мекемелерінен селолық округ аумағында Казанка селосында кітапхана, Аксеновка, Никольское-Бурлукское,Всеволодовка селоларында мәдениет орындары бар.2010 жылы Аксеновка селосында кітапхана ашылмақшы.

Никольское селосында орналасқан мәдениет орталығына «Достық Дән» ЖШС демеушілігімен 2010 жылы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Мәдениет ескерткіштерінен селолық округ аумағындағы Никольское-Бурлукское селосында совет одағының батыры Михаил Янконың ескерткіш бюсті орнатылған.

Селолық округте екі участкелік полиция инспекторы қызмет көрсетеді. Участкелік полиция инспекторлары селолық округ әкімі аппаратымен бірлесіп жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында

мектептерде сыныптық сағаттар,кездесулер, профилактикалық кеңестер өткізеді.

Елді мекендерді көркейту мақсатымен көктемдік және күзгі ағаш отырғызуға «Достық Дән» ЖШС 95 мың теңге қаржы жұмсалды. 2009 жылы күзгі мерзімінде Казанка селосында 44 ағаш, Аксеновка селосында 25 ағаш, Никольское-Бурлукское селосында 20 ағаш қарағай түп тамырымен отырғызылды.

Казанка селосында жергілікті ұнғымалы су алу құбыры құрылысы 2006 жылы ашылып қызмет көрсетіп тұр. Дағдарысқа қарсы тұру бағдарламасы аясында халықты әлеуметтік қорғау мақсатында жұмыспен қамтамасыз ету қарастырылды.

Осы уақытта селолық округ аумағындағы 1664 экономикалық белсенді тұрғындар арасынан 40 адам жұмыссыз болып есептеледі. Селолық округ бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны 17 адам.

Жылдың басынан бастап қоғамдық жұмыстарға 17 адам тартылды, оларға 567,580 мың теңге көлемінде жалақы төленді. Есеп беру жылында 78 адам жұмыспен қамтылды.

Казанка селолық округінде мемлекеттік атаулы көмек 2009 жылы 15 отбасыға (48 адамға), 481,600 теңге көлемінде тағайындалды.

2009 жылы 18 жасқа дейін балалары бар 58 отбасыға (315 балаға) 1079,500 теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі берілді.

Азық-түліктің қымбаттауына байланысты әлеуметтік көмек 8 отбасыға (31 адамға) 226,500 теңгеге тағайындалды.

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, қарт адамдарға, жалғыз тұратын зейнеткерлерге және мүгедектерге, мекеме және ұйым басшыларымен демеушілік көмек көрсетілді.

Селолық округ бойынша қайырымдылық көмек 954 адамға,1550,500 теңге көлемінде көрсетілді. Осы сомадан 66 адамға 166,500 теңге ақшалай, отынмен 5 адамға 100000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 22 адам жұмыспен қамтылды.Осылардың ішінен әлеуметтік орындарға 10 адам, «Достық Дән» ЖШС 2 адам, «Достық элеваторы» 1 адам, «Всеволодовка-Север» ЖШС 7 адам.Жоғарғы оқу орнын және колледж бітірген 5 студент жастар тәжірибесінен өтіп,осы уақытта барлығы жұмыспен қамтамасыз етілді.
Жеңіс күнін және қарттар күні мерекелерін атап өтуге «Достық Дән» ЖШС 380,000 теңге бөлінді. «Всеволодовка-Север» ЖШС 205,000 тенге бөлінді.
2010 жылдың 1 қаңтарына жергілікті бюджетке салық 1131,554 теңге көлемінде жиналып, жоспар 100% орындалды.

2009 жылдағы есептік кездесуде аталған 4 ескерту мен ұсыныстарды іске асыру мақсатында келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:

2009 жылдың шілде айында Бұрлық селосында электржелілерінің жөндеу жұмыстары жүргізіліп аяқталды.

Саумалкөл-Казанка бағытындағы тас жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Теледидардан мемлекеттік арналардың көрсетілу аясын кеңейту мақсатында Шал ақын ауданының Сухорабовка селосында 2009 жылдың 4 тоқсанында тұрғызылуы тиіс ұзындығы 75 метр арна таратқыш мұнараның тұрғызылуы іске асырылмады.

Казанка селосында ауыл жастарына арнап демалу орталығы ашылды.

Құрметті жерлестер!

Халық бірігіп, бейбітшілік пен амандықта өмір сүрсе, оған қол жеткізбейтін биік жоқ.

Біз алдағы уақытта да мемлекеттік органдардың жұмысында шынайы, оның тиімділігін қамтамасыз ету, барлық қоғамдық күштермен диалог пен ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыратын боламыз. Және де округтің әрбір тұрғынының әл-ауқатын жақсарту жолында ел Президенті алдымызға қойған міндеттерді бірлесіп шеше аламыз.

Похожие:

Казанка селолық округі әкімінің округ тұрғындары алдындағы есебі iconНижнебурлук селолық округі әкімінің округ тұРҒындары алдындағы есебі
Осы жылы өткен 2008-2009 жылдардағыдай аудан әкімінің селолық округінің тұрғындарымен есептік кездесу алдында ұқсас кездесулер селолық...
Казанка селолық округі әкімінің округ тұрғындары алдындағы есебі iconЕгінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары!
Ауылдық округ әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Казанка селолық округі әкімінің округ тұрғындары алдындағы есебі iconСырымбет селолық округінің әкімі Д.Қ. Сүлейменовтың селолық округ тұрғындары алдындағы есебі Құрметті ауылдастар!
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес елімізде әкімдер тұрғындар алдында есеп беруде
Казанка селолық округі әкімінің округ тұрғындары алдындағы есебі iconЕгінсу ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар !
Ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Казанка селолық округі әкімінің округ тұрғындары алдындағы есебі iconЕлецкий селолық округі әкімі С. О. Қасеновтің селолық округ тұрғындары алдында есеп беру Құрметті жерлестер!
Елецкий селолық округі әкімі С. О. Қасеновтің селолық округ тұрғындары алдында есеп беру
Казанка селолық округі әкімінің округ тұрғындары алдындағы есебі iconБекітемін Айыртау ауданының әкімі Е. Айнабеков
...
Казанка селолық округі әкімінің округ тұрғындары алдындағы есебі iconАлқатерек селолық округінің әкімі Қ. Б. Жұматаевтың 2009-шы жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алдындағы есебі

Казанка селолық округі әкімінің округ тұрғындары алдындағы есебі iconИмантау селолық округінің әкімі Махметов Аманбек Ғазизұлының округ тұрғындары алдындағы есебі
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шешімі бойынша барлық деңгейдегі әкімдер тұрғындар алдында жариялы түрде есеп береді. Бұл...
Казанка селолық округі әкімінің округ тұрғындары алдындағы есебі icon«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты»
«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің комиссиясы және көкжиегі
Казанка селолық округі әкімінің округ тұрғындары алдындағы есебі iconТөлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница