2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы




Скачать 109.21 Kb.
Название2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы
Дата конвертации20.11.2012
Размер109.21 Kb.
ТипДокументы
Зайсан аудандық мәслихатының

2008 жылғы 11 шілдедегі № 7-2

шешімімен бекітілген.

2008-2011 жылдарға арналған Зайсан

ауданының білім беру жүйесін дамыту

бағдарламасы

Зайсан қаласы

2008 жыл

1.Бағдарламаның паспорты.

Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы.

Әзірлеу үшін негіздеме: Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңы. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 ж. 11.10 №1459 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Облыстық білім департаментінің Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы.

Әзірлеуші: Зайсан аудандық білім бөлімі.

Мақсаты: Адам ресурстарын дайындау сапасын арттыру және жеке тұлға мен қоғамның білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін білім беруді реформалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жүйелі шаралар кешенін, білім беруді дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарын, инновациялық процестерін басқару тетіктерін анықтау.

Міндеттер:

  • әлеуметтік – экономикалық, ұлттық, мәдени, экологиялық және өңірдің басқа ерекшеліктерін ескере отырып білім беру жүйесін дамыту стратегиясы мен тактикасының негізгі бағыттарын әзірлеу,

  • Білім беру мекемелерінің құқықтарын кеңейту жағдайында төменгілердің бастамасы мен жоспарланған бастаманың үйлесімдігі;

  • Аудан халқының барлық әлеуметтік топтары үшін сапалы білім алуға қолжеткізуді қамтамасыз ету;

  • Қазақстандық отан сүйгіштікке, төзімділікке, жоғары мәдениеттілікке, адамның құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу;

  • Балалардың мектеп алды тәрбиесі мен мектепке даярлауды жетілдірі;

  • 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуді жүзеге асыру;

  • Білім беру процесі оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру;

  • Білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, қаржы және кадрлармен қамтылуын жетілдіру;

  • Оқу процесіне ақпараттық коммуникациялық технологиялар енгізуді кеңейту;

  • Ауданның білім беру жүйесінің ахуалын талдау және мониторингтың дұрыс деректері негізінде басқару шешімдерін қабылдау;

  • Білім берудің жаңа мазмұны мен білім беру технологияларының негізінде педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру;

  • Аудандық білім беру жүйесінде мемлекеттік, қоғамдық және жеке адам мүдделерінің бірлігін қамтамасыз ету.


Қажетті ресурстар және оны қаржыландыру көздері: жергілікті және республикалық бюджеттен жылдар бойынша бағдарламаны іске асыруға ұсынылған қаржыландыру.

2008 ж.- 875382,0 м.т.

2009 ж.- 1057499,0 м.т.

2010 ж.- 1281152,0 м.т.

2011 ж.- 1608360,0 м.т.

Ескерту: Бағдарламаны іске асыруға бөлінетін қаражат көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджетті жоспарлау кезінде нақтыланатын болады.
Күтілетін нәтижелер:

  • Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының базисін-білім беру жүйесінің әлеуетін сақтау және дамыту;

  • өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымы дамуының әркелкі жағдайында бірыңғай білім беру кеңістігін нығайту;

  • білім берудің өмірмен, реформаланатын қоғамның әлеуметтік практикасымен байланысын, білім беру жүйесінің ауданның барлық қоғамдық жүйесін тұрақтандырудағы рөлін күшейту.

  • Білім беру сапасы менеджментінің тиімді жүйесін құру;

  • 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуді жүзеге асыру;

  • Білім берудің барлық деңгейлеріне қол жеткізуді және сабақтастықты қамтамасыз ету;

  • Мектепке дейінгі, орта және ортадан кейінгі білім берудің ғылыми және оқу-әдістемелік қамтылудың тиімді жүйесін құру.

  • ауданның білім беру жүйесінде бірыңғай білім беру ақпараттық ортаны құру;

  • ауданның білім беру жүйесін материалдық- техникалық, қаржылық және кадрлық қамтылуын нығайту;

  • ауданның педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру;

2. К і р і с п е

Ауданда білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін 2005-2010 жылдары дамыту бағдарламасына, Қазақстан Республикасының 2005 -2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбие берудің кешенді бағдарламасына, Зайсан ауданының әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламасына сәйкес әзірленген. Білім беру жүйесін жас ұрпақты әлеуметтік қорғау, мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру жүйелерін дамытып, жетілдіру, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру үшін пайдалану қажеттілігі арта түсуде.

Бағдарлама өңірдегі білім берудің қазіргі жағдайын талдау негізінде әзірленген. Бағдарлама аудандағы білім беру жүйесін дамытуды, әлеуметтік – экономикалық жобаның нәтижесі болып саналатын нормативтік және басқару құжаты.

Бағдарлама білім беру жүйесінің барлық қызметкерлерінің мақсатты педагогикалық қорғауға жол алады. Бағдарламаны іске асыру барысында жоспарланған шаралардың мониторингі жүргізіледі, қажет болған жағдайда түзетулер енгізіледі.
3. Білім беру жүйесінің қазіргі ахуалы.

Ауданда 3 мектепке дейінгі мекеменің екеуі мемлекеттік, біреуі – ведомстволық 200 бала қамтылған. Мектепке дейінгі тәрбиемен барлық мектеп жасындағы балаларды қамтамасыз ету мақсатында 18 мектеп жанынан 2-4 жастағы балаларға арналған шағын орталықтар ашылды, аудандағы 5 – 6 жастағы балалар толығымен мектепалды даярлықтан өткізіліп отыр.

Білім бөліміне қарасты екі бала -бақшаға жиһаздар алуға 3600,0 мың теңге бөлінсе, 2007 жылы бір бала-бақшаның жылу жүйесі мен жылу қазандығы ауыстырылып, 2008 жылға екінші бала-бақшаға 10000,0 мың теңге қаржы күрделі жөндеуге бөлінді. 2005 жылдан бала-бақшаның қуаттылығына, бала санына байланысты, штаттық кесте жыл сайын көбейтіліп отыр. Бүгінгі күні шешуге назар аударатын проблема мектепке дейінгі балалар мекемесінің жүйесін кеңейту, мектепалды даярлық бағдарламасын толық көлемде қаржыландыру.

Мектепке дейінгі тәрбие берудің және мектепалды даярлықтың мазмұны мен педагогикалық технологиясын жетілдіру.

Бүгінгі күні аудандағы 30 мектепке 7522 бала білім алып отыр.

Ауыл мектептеріндегі балалардың санының азаюына байланысты шағын комплектілі мектептер көбеюде, олар соңғы үш жылда 17 – ге жетіп отыр. Бес мектепке 152 бала тасымалданып оқытылып отыр.

Ауданда дарынды балаларға арналған арнаулы мектеп, гимназия, лицей жоқ болса да, соңғы екі жылда облыстық пән олимпиадасында 8 -10 балаға дейін жүлделі орындар алуда.Ұлттық бірыңғай тестілеуде аудан алғашқы үштікте келеді. Соңғы екі жылда облыста ең жоғарғы балл біздің аудан түлектері алып отыр.

12 жылдық білім беруге көшудің алғы шарттары жасалуда, бастауыш сынып мұғалімдері жоспары 12 жылдық білім беру курсынан өткізіліп отыр. Білім беру жүйесін ақпараттандыруға байланысты аудандағы барлық мектеп интернет желісіне қосылған.

Аудан мектептеріне мультимедиялық, физика, химия, биология кабинеттерін, дәрігерлік, технология кабинеттерін алу ауданның өңірлік бағдарламасына сәйкес алынып отыр, 2007 жылы бір жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Аудан мектептерінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру жүйелі жүргізілгенімен, жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі талап деңгейінде емес. Кәмілетке жасы толмағандар комиссиясында 29 жасөспірім есепке алынған, оқушылар арасында территорияға бөліну тоқтатылмауда. 2007 – 2008 оқу жылы ішінде екі суицид оқиғасы болды.

Ауданда екі қосымша білім беру мекемесіне 809 бала тартылған. Мұнда шешімін таппай отырған проблема мектептен тыс мекемелердің материалдың және ақпараттың базаларының жетіспеуі, олардың қызметтерінің мазмуны уақыт талабына толық сәйкес келе бермеуі.

Білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы арқылы аудандағы білім беру мекемелерінің материалдың – техникалық базасын нығайту қаржы және кадрлық қамтамасыз етуді жетілдіру.
4.Бағдарламаның мақсаты

Білім беруді реформалау саласындағы Мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жүйелі іс-шаралар кешенін, 2011 жылға дейін білім беруді дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарын тұлға мен қоғамның білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім сапасын арттыру үшін, мектеп жасындағы балаларды жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін, инновациялық процестерді басқаруды анықтау.

5. Бағдарламаның міндеттері.

1. Ауданның әлеуметтік экономикалық ұлттық мәдени экологиялық ерекшеліктерін ескеріп білім беру жүйесін дамыту стратегиясы мен тактикасының негізгі бағыттарын әзірлеу.

2.Аудан халқының барлық әлеуметтік топтары үшін сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету.

3.Қазақстандық елжандылыққа, төзімділікке, жоғары мәдениеттілікке адам құқықтары мен бостандықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

4.Үш тілдік принципті іске асыру, мемлекеттік орыс және ағылшын тілдерін игеру.

5. Балалардың мектепалды тәрбиесі мен мектепке даярлауды жетілдіру.

6.12 жылдық жалпы орта білімге көшуді іске асыру.

7. Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, қаржы және кадрлық қамтамасыз етуді жетілдіру.

8. Оқу процесіне ақпараттық, коммуникациялық технологияларды енгізуді кеңейту.

9. Білім берудің және білім беру технологияларының жаңа мазмұны негізіне педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру.
6. Білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары

және бағдарламаны іске асыру тетігі.
6.1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.

Мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту сапасын жоғарылатудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

- мектепте оқыту үшін қажетті практикалық дағдыларды, жеке тұлға мәдениетінің негіздерін қалыптастыру үшін жағдай жасау;

- мемлекеттік тілді оқу, олардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту;

- мектепке дейінгі білім беру бағдарламасымен қамтуды біртіндеп көбейту арқылы балалардың білім алуына бастапқы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

- мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы білім беретін мектептерде балалардың мектепалды дайындығын қамтамасыз ету, бұл міндеттерді шешу үшін педагогтардың біліктілігін арттыру;

- балалардың, оның ішінде соматикалық және психикалық дамуында кемістігі бар балалардың өзін-өзі іс жүзінде көрсету үшін даму ортаны құру және жеке тұлғаны қалыптастыруға жеке бағытталған мектепке дейінгі мекеме моделін іске асыру үшін жағдай жасау ;

- мектепке дейінгі және мектепте білім алудың сабақтастығын қамтамасыз ету;

- мектепке дейінгі білім беруде инновациялық процестерді қарқындату;
6.2. Жалпы орта білім беру.

Жалпы орта білім беру үшін үш сатыны көздейтін 12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыратын болады.
І-саты – жалпы бастауыш білім беру, оқыту ұзақтығы -4 жыл, 1-4 сынаптар. Оқу 6 жастан басталады. Білім мазмұны ерте жастан (2 – сыныптан бастап) шетел тілін және информатика негіздерін оқытумен толықтырылатын болады. І-сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу негізі мектептің білім беру бағдарламаларын одан әрі игеру үшін балалардың оқу, жазу, есептеу практикалық дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, жеке гигиена және салауатты өмір салты негіздерін қалыптастыруды көздейді.
ІІ-саты- жалпы негізгі білім беру, оқыту ұзақтығы -6 жыл, 5-10 сыныптар. Білім беру процесі оқушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін игеруге, оларда тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынастағы мәдениеттілікті, өзін-өзі анықтауды және кәсіби бағдарды қалыптастыруға бағытталады.

Таңдауы бойынша оқу пәндерін игеру, бейіналды даярлық енгізу үшін оқу жоспарының вариативті бөлімі кеңейтіледі.
ІІІ-сатының бағдарламалары білім берудің мазмұнын саралап жіктеу, интеграциялау және кәсібилендіру негізінде әзірленетін болады. Оқушылардың кәсіптікке дейінгі тереңдетілген даярлануын жүзеге асыру үшін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, технологиялық және басқа да бағыттар бойынша бейінді оқытуды енгізу ІІІ-сатының түбегейлі жаңашылдығы болып табылады.

12 жылдық білім беруге көшу кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ мыналар көзделеді:

  • Мұғалімдер, мектеп және білім беруді басқару органдары басшыларының білім беру мазмұнына негізгі құзыреттер мен өмірдің әр түрлі салаларындағы құзыреттер ретінде енгізілген құзыретті ұстанымдарының теориясы мен практикасын игеру.

  • Оқушылардың ағымдағы сыртқы және қорытынды аттестациялау жүйесін жетілдіру, оқушылар мен мұғалімдердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) нәтижелі қатысуын қамтамасыз ететін, мектептегі білім беру сапасының менеджмент жүйесін құру.

  • Ақпараттық технологияларды, қашықтықтан оқытуды толық енгізуге қол жеткізуге мүмкіншілік беретін жаңа буынды қазіргі заманның компьютер техникасымен мектептерді қамтамасыз ету.

  • Мектепте білім берудің материалдық-техникалық базасын жақсартуды қамтамасыз ету, осы заманғы жиhаздармен, оқу-көрнекі құралдармен жабдықтау.


6.3. Білім беру мекемелеріндегі тәрбие процесі.

  • «Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде оқушы – жастардың Кешенді тәрбие бағдарламасы» және «Шығыс Қазақстан облысы жалпы білім беру ұйымдарының тәрбие бағдарламасы! Іс-шараларын толық іске асыру үшін барабар жағдайлар жасау;

  • Қазақстандық отан сүйгіштікті, төзімділікті, жоғары мәдениеттілікті, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу;

  • Оқушыларды жалпы азаматтық құндылыққа, адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі дамытуға бағытталған еркін, ізетті тұлға ретінде тәрбиелеу;

  • Балаларға өмірде өз орнын анықтай білетін қабілеттер мен бейімдерін, олардың жеке тұлғалығын, шығармашылық әлеуетін дамытуда пәрменді қолдау көрсету;

  • Адамға тұрмыста қажетті, көшеде, қоғамдық жерлерде, өндірісте қажетті мінез- құлқы нормаларын қалыптастыру;



6.4. Қосымша білім беру.

Қосымша білім беру мекемелер жүйесін дамыту және олардағы оқушылар құрамын көбейту;

  • көрсетілген қызметтер номенклатурасын кеңейту;

  • қосымша білім беру мекемелеріндегі педагогтарды қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;



6.5. Педагог кадрларының біліктілігін арттыру.

Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру.

Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлдау және біліктілігін арттыру саласында:

  • орта мектептің 12-жылдық білім беруге көшу жағдайында мұғалімдерді қайта даярлауды жүзеге асыру;

  • еңбекті ынталандыру және педагогтарды жер-жерлерде тұрақтандыру тетіктерін жетілдіру;

  • білім берудің жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен оқыту әдістемелерінің өзгергенін ескере отырып, білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен басшыларын қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;


М А З М Ұ Н Ы



  1. Бағдарламаның паспорты

  2. Кіріспе

  3. Білім беру жүйесінің қазіргі ахуалы.

  4. Бағдарламаның мақсаты

  5. бағдарламаның міндеттері

  6. Білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары

және бағдарламаны іске асыру тетіктері

    1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

    2. Жалпы орта білім беру

    3. Білім беру мекемелеріндегі тәрбие процесі

    4. Қосымша білім беру

    5. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру

  1. Білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға

арналған бағдарламаның іс-шаралары жоспары

Похожие:

2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы iconШығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы
Бағдарламаның паспорты
2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы iconШығыс Қазақстан облысының қоршаған ортасын қорғаудың 2008-2010 жылдарға арналған
Бағдарламаның паспорты
2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы iconБағдарламаның паспорты

2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы iconҚарағанды облыстық Мәслихатының
Бағдарламаның паспорты
2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы icon1. Бағдарламаның төлқұжаты Атауы
Атауы Қарағанды облысында 2011-2013 жылдарға арналған құқықбұзушылықты алдын алу бағдарламасы
2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы icon2011 жылғы 11 ақпандағы №271 Қамысты аудандық мәслихатымен бекітілген
БАҒдарламаның паспорты
2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы icon2011-2015 жылдарға арналған даму б а ғ дарламас ы ұлытау селосы 2011 жыл Мазмұны
Бағдарламаның атауы Ұлытау ауданының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2011
2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы iconҚұрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті үкімет мүшелері! Бағдарламаның мақсаты
Инвестицияларды тарту, аэа дамыту және экспортты ынталандыру бойынша салалық бағдарламаның
2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы iconЖұмыспен қамту 2020 бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауы
2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы iconБюджеттік бағдарламаның атауы
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі»
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница