Скачать 67.44 Kb.
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті төрайымының 2012 жылғы «___» _______ № _____ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі басқармасы туралы ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер
құқықтарын қорғау Комитетінің мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі басқармасы. 2. Мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі басқармасы (бұдан әрі-басқарма) өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңнамаларды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да құқықтық нормативтік актілерді, Министр мен Төрайымның бұйрықтарын, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады. 3.Басқарманың штаттық санын, құрылымын Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіпте мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғасы бекітеді. 4. Басқарманың құрамы: 1) басқарма бастығы (1бірлік); 2) бас сарапшы (2 бірлік); 3) сарапшы (2 бірлік); 2.Басқарманың негізгі міндеттері мен функциялары 5. Міндеттер: Баяндамалар дайындау, Бала құқықтары туралы Конвенция ережелерін, Бала құқықтары жөніндегі Комитеттің ұсыныстарын, Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық нормативтік құжаттарды жүзеге асыру. Функциялары:
Конвенцияны іске асыруы туралы Бала құқықтары жөніндегі Комитетке баяндама дайындау;
Әлем» іс-шарасының Жоспарын орындауы жөніндегі сараптамалық есебін дайындау;
жыл сайынғы мемлекеттік баяндаманы дайындау;
мақалалар, баяндамалар, анықтамалар дайындау;
бойынша Комитетпен дайындалатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау;
балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жайын мүдделі министрліктер мен ведомстволар, жергілікті атқару органдары, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері және басқармалары берген мәліметтер негізінде талдау;
мен ведомстволармен, жергілікті атқару органдармен, министрліктің, Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен, Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру; 6. Міндеттер: Елбасы Жолдауының, Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың Жалпыұлттық жоспарының орындалысы бойынша ақпарат дайындау Функциялары: 1) Елбасы Жолдауын жүзеге асыру, Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың Жалпыұлттық жоспарының орындалысы бойынша ақпарат дайындау; 2) республикалық ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері үшін материалдар дайындау. 7.Міндеттер: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жұмыс жоспарының, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалысы; Функциялары: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жұмыс жоспарының, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалысы бойынша ақпарат дайындау; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жинақ есебіне әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы туралы мәліметтер дайындау; 3) Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі көрсеткіштер мониторингі; 4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі негізгі іс-шараларының, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жұмыс жоспарының Жүйелік кестесінің орындалу мониторингі; 5) статистикалық есептің жоспарын және нысандарын, есеп пен есепке алу бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды дайындайды, сонымен қатар ол мәліметтерді Министрліктер мен ведомстволарға, жергілікті атқару органдарына, Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне жеткізеді. 6) Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттердің құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы құжаттар дайындау; 7) өз құзыреті шегіндегі мәселе бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар дайындау; 8) «сенім телефоны» жұмысын ұйымдастыру; 9) балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жобалар мен әлеуметтік маңызды бастамаларға жәрдемдесу және қолдау; 8. Құқықтары мен міндеттері 5. Басқарма өз функцияларын және негізгі міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде құқылы:
сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізуді жүзеге асыруға қатысуға;
ету мәселесі бойынша құжаттарды зерделеу және талдауға; 3) басқарма өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін мүдделі министрліктерден, ведомстволардан, жергілікті атқару органдардан, министрлік пен комитеттің бөлімшелерінен, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардан қажетті анықтамаларды және басқа да мәліметтерді сұратуға; 4) балалар құқықтарын қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды қолдау мен қоғамдық пікірді қалыптастыру бойынша зерттеу, ақпараттық, консультативтік және ағарту жұмыстарын ұйымдастыруға қатысуға; 5) Комитет басшылығына балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамаларды жетілдіру, құқықтық жұмыстар тиімділігін арттыру, Комитет қызметіндегі заңдылықтардың бұзылу себептері мен шарттарын жою бойынша ұсыныстар енгізуге; 6) кәсіби біліктілігін көтеруге; Басқарма өз құзыреті шегінде құқылы: 1) Қазақстан Республикасы Президенті, Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр кеңсесінің тапсырмаларын, өкімдерін көрсетілген мерзімде сапалы орындауды қамтамасыз етуге; 2) Министрдің, вице-министрдің, Комитет төрайымының және оның орынбасарының басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмаларын, өкімдерін уақытылы орындауды қамтамасыз етуге;
ұйымдардың ұсыныстарын, шағымдарын, өтініштерін уақытылы қарауға; 4) балалар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша іс-шаралардың уақытылы өтуін қамтамасыз етуге;
9. Басқарма Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, заңнамалық актілерге, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттілікке ие. 10. Басқарма бастығын Төрайым конкурс негізінде лауазымға тағайындайды және бұйрығымен лауазымнан босатады. 11. Басқарма бастығы басқарма қызметіне басшылық жасайды және функциялардың жүзеге асырылуына, міндеттердің орындалуына тікелей жауап береді. Әкімшілік басқармасы 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 07-3/800 хатқа Мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі басқармасы 2011 жылдың қазан айының 17-22 аралығында өтетін аппараттық кеңес отырысының күн тәртібіне енгізетін ұсыныс жоқ екендігін хабарлайды. Басқарма бастығы З.Балапанова А.Тынымбаева, 74 -23-54 |