«Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Қосалқы шаруашылығы жөнінде азаматтарға анықтама беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты




Скачать 68.42 Kb.
Название«Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Қосалқы шаруашылығы жөнінде азаматтарға анықтама беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Дата конвертации17.04.2013
Размер68.42 Kb.
ТипДокументы




Түлкібас ауданы әкімдігінің 2007 жылғы

24 желтоқсандағы № 545 қаулысымен

бекітілген
«Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Қосалқы шаруашылығы жөнінде азаматтарға анықтама беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

  1. Жалпы ережелер


1. Қосалқы шаруашылығы жөнінде анықтама беру - ауыл әкімінің азаматтарға шаруа-шылық кітабы бойынша қосалқы шаруашылығы жөнінде анықтама беру болып табылады.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны  автоматтандырылмаған.

3. Қосалқы шаруашылығы жөнінде анықтама беру мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасының мына заңнамаларының негізінде көрсетіледі:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35-бабы, 1-тармағының 16-тармақшасы;.

4. Осы мемлекеттік қызметті «Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекет-тік мекемесінің іс-басқарушысы ұсынады. Мекен-жайы: Мичурин ауылы Гагарин көшесі №2 ғимарат.

5. Осы мемлекеттік қызметтің нәтижесі «Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі беретін анықтама болып табылады

6. Осы мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7. Осы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімі:

1) аталған мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – жеке тұлғалар ауызша өтінішпен келген күні дер кезінде;

2) анықтама алу үшін кезекте күтудің ең ұзақ мерзімі – 30 минуттан аспайды;

3) осы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі бойынша анықтама алуға кезек күтудің ең ұзақ мерзімі – 20 минут.

8. Аталған мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

 9. Осы мемлекеттік қызметті көрсету стандарты көрнекі ақпарат көзі ретінде «Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің кеңсесінде (стендте) орналастырылады және аудандық «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланады.

10. «Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: анықтама беру бас маман іс басқарушының №2 кабинетінде , қабылдау – сейсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі; үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.

Осы мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғаларға жедел қызмет көрсету және алдын ала жазылу қарастырылмаған.

11. «Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде осы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай жағдайлар жасалған: балалар және мүгедектер арбасына арналған жол (пандус); кіреберісте мемлекеттік тілдеріндегі өтініштердің үлгілері жазылған стенді, №2-кабинеттің жанында дәлізде күтіп отыру үшін төрт адамдық ұзын орындық қойылған.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
12.Осы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы «Мичурин ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне жеке басын күәландыратын құжатпен келіп, анықтама беру туралы ауызша өтініш жасау қажет.

«Мичурин ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандары анықтаманы тұтынушы өтінішпен келген күні береді.   13.Аталған мемлекеттік қызметті алу жөніндегі бланкілер қарастырылмаған.
14. Тұтынушы өтінішпен Мичурин ауылы Гагарин көшесі №2 ғимаратта орналасқан «Мичурин ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының №2 кабинетіне келеді. Сымтетік:50-216.

15. Тұтынушы анықтаманы ауызша өтінішпен келген күні алуына және ешқандай құжат өткізбеуіне байланысты, оған растайтын құжат берілмейді.

16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тұтынушының жеке өзінің қатысуымен жүзеге асырылады. Мекен-жайы: «Мичурин ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Мичурин ауылы Гагарин көшесі №2 ғимарат, №2 кабинетте орналасқан .

17. Жеке басын күәландыратын құжаттың болмауы және өзіне тиісті емес басқа тұлғаның атына анықтама беру туралы өтініш жасау осы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға негіз болады.
3. Жұмыс қағидаттары
18. «Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандары осы мемлекеттік қызметті көрсетуде тұтынушыға қатысты мынадай жұмыс қағидаттарын басшылыққа алады:

1) сыпайылық және осы мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;

2) ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;

3) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

19. Тұтынушыларға аталған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін «Мичурин ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділіктерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

21. Мичурин ауылы Гагарин көшесі №2 мекен жайында орналасқан «Мичурин ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік орган болып табылады. Сымтетік: 50-216.

22. Шағым Мичурин ауылы Гагарин көшесі №2 мекен жайда орналасқан Мичурин

ауылдық округінің әкіміне жазылады. Сымтетік: 50-216

23. Шағымның қабалданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзімімен орынды көздейтін құжат болып, шағымның қабылданған уақыты, шағымды қабылдап алған қызметкердің аты-жөні, және жауап берілетін мерзім көрсетілетін талон болып табылады. Шағымды қаралу барысы туралы Мичурин ауылдық округінің әкімінен білуге болады, сымтетік: 50-216
6. Байланыс ақпараты
24. «Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі – Желдібаев Мустафа Битөреұлы, Сымтетік 50-216, қабылдау және жұмыс кестесі сейсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 900-ден 1800-ге дейін, үзіліс 1300-ден 1400-ге дейін.

25. Осы мемлекеттік қызметтің рәсімделуі Мичурин ауылы Гагарин көшесі №2 ғимаратта орналасқан «Мичурин ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің №2 кабинетте беріледі.

Мемлекеттік қызмет

көрсетудің стандартына

қосымша

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні





Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіш

тің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100

100

90

1.2. қызмат алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылар-дың % (үлесі)

100

100

90

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар-дың % (үлесі)

100

100

90

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100

100

90

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпартқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

100

100

90

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

0

0

0

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

10

10

10

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

10

10

10

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанылған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

4.4. шағымдану мерзімінде қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

5. Сыпайылық

5. 1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95

95

95

Похожие:

«Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Қосалқы шаруашылығы жөнінде азаматтарға анықтама беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» азаматтардың жеке селолық округі аумағында тұрғылықты тұратын және қосалқы...
«Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Қосалқы шаруашылығы жөнінде азаматтарға анықтама беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты iconРегламенті негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдердің анықтамалары
Алтынтөбе ауыл округі әкімі аппаратының «Қосалқы шаруашылығы жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуінің
«Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Қосалқы шаруашылығы жөнінде азаматтарға анықтама беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты iconРегламенті негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдердің анықтамалары
Жаңабазар ауыл округі әкімі аппаратының «Қосалқы шаруашылығы жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуінің
«Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Қосалқы шаруашылығы жөнінде азаматтарға анықтама беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты icon«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі осы «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»
...
«Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Қосалқы шаруашылығы жөнінде азаматтарға анықтама беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
«Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Қосалқы шаруашылығы жөнінде азаматтарға анықтама беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер Осы «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
Осы «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» стандарты (бұдан әрi стандарт) Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына...
«Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Қосалқы шаруашылығы жөнінде азаматтарға анықтама беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты icon«Қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Жалпы ережелер
...
«Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Қосалқы шаруашылығы жөнінде азаматтарға анықтама беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Негізгі ұғымдар
«Ветеринария саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенттерін бекiту туралы»
«Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Қосалқы шаруашылығы жөнінде азаматтарға анықтама беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты icon32 өкімімен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Қосымша шаруашылықтың бар болуы жөнінде анықтама беру. Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы №98 Заңы...
«Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Қосалқы шаруашылығы жөнінде азаматтарға анықтама беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты icon27/1 өкімімен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Қосымша шаруашылықтың бар болуы жөнінде анықтама беру. Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы №98 Заңы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница