Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы




Скачать 342.94 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы
страница1/3
Дата конвертации17.04.2013
Размер342.94 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3




Көмiрдiң және оны өндiрудiң, қайта өңдеудiң, сақтаудың және тасымалдаудың өндiрiстiк үдерiстерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы







Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi № 731 Қаулысы



-->
"Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 13 тамыздағы № 328-329 (26172); "Казахстанская правда" от 2.09.2010 г., № 230 (26291); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 43, 393-құжат

      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған «Көмiрдiң және оны өндiрудiң, қайта өңдеудiң, сақтаудың және тасымалдаудың өндiрiстiк үдерiстерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай еткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                 К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2010 жылғы 17 шiлдедегi
№ 731 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Көмiрдiң және оны өндiрудiң, қайта өңдеудiң, сақтаудың және тасымалдаудың өндiрiстiк процестерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi

1. Қолданылу саласы

      1. Осы «Көмiрдiң және оны өндiрудiң, қайта өңдеудiң, сақтаудың және тасымалдаудың өндiрiстiк үдерiстерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент) көмiрдiң және оның қайта өңделген өнiмдерi мен үдерiстерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарды белгiлейдi.
      2. Осы Техникалық регламентте мыналар:
      1) тас көмiр, лигнит немесе қоңыр көмiр (бұдан әрi - көмiр), сұрыпталған және байытылған көмiр, брикеттер мен агломерацияланған отынның ұқсас түрлерi (бұдан әрi - олардың қайта өңделген өнiмдерi);
      2) өнiмдi өндiру, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау және өткiзу үдерiстерi техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.
      Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына (бұдан әрi - КО СЭҚ ТН) сәйкес көмiрдiң және оның қайта өңделген өнiмдерiнiң тiзбесi осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.
      3. Оларды болдырмау керек болатын негiзгi қауiптi факторлар (қауiп-қатерлер) мыналар болып табылады:
      1) есту органдарына, нерв жүйесiне, ықыласты аударуға терiс әсер ететiн нормативтiк мәндерден артық өндiрiстiк шудың болуы;
      2) өндiрiстiк үй-жайларда (цехтарда) рұқсат етiлген деңгейлерден және адамға әсер ету уақытынан артық жалпы және жергiлiктi дiрiлдiң болуы;
      3) көмiрде адам ағзасына жағымсыз әсер етуi мүмкiн шектi рұқсат етiлген мәндерден артық радиоактивтiк сәулелену көздерiнiң болуы;
      4) жұмыс аймағы ауасының тозаңдануы және газдануы;
      5) жарылыс-өрт қауiптiлiгi, оның iшiнде көмiр мен көмiр тозаңының өздiгiнен жануы;
      6) тау-кен қысымының пайда болуы, көмiр мен газдың кенеттен шығарындысы;
      7) су мен ұлпаның атқылауы;
      8) ауа кеңiстiгiнiң, беттiк және топырақ сулардың ластануы, жер бетiнiң ластануы мен шөгуi, аудандар мен өңiрлердiң батпақтануы, жасанды жоғарылатылған сейсмикалықтың болуы, жер құнарлығының нашарлауы.
      4. Көмiрдi және оның қайта өңделген өнiмдерiн сәйкестендiру дайындаушының құжаттарын (жер қойнауын пайдалану құқығына келiсiмшарт, қызмет түрiне лицензия, жоба, технологиялық регламент, өнiмге арналған стандарттау бойынша нормативтiк құжат, өндiрiстi көмiр өндiру және қайта өңдеу бойынша дамыту жоспары, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат) тексеру және өнiм үлгiлерiн сәйкестендiру көрсеткiштерi, жiктелуi, кодталуы: технологиялық маркасы (тобы, кiшi тобы), дәрежесi (санаты, кiшi санаты), кесектер мөлшерi, кодтық саны бойынша сынау жүргiзу жолымен жүзеге асырылуға тиiс.

2. Терминдер мен анықтамалар

      5. Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық, нормативтiк құқықтық және өзге де актiлерде белгiленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиiстi анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады:
      1) аварияларды жою жоспары - ұйымның, қауiптi өндiрiстiк объектiнiң және авариялық-құтқару құрылымының лауазымды тұлғаларын хабардар ету және олардың iс-қимыл тәртiбiн, адамдардың авариялық және қауiп төндiретiн учаскелерден шығу жолдары мен уақытын, адамдарды құтқару және аварияны жою жөнiндегi құралдардың болу орындарын анықтайтын, адамдарды құтқару және аварияны жою жөнiндегi iс-шаралардың жиынтығы;
      2) агломерацияланған отын - жабысуды қамтамасыз ететiн немесе онысыз, байланыстырғыш материал қосылған ұсақ бөлшектердi кесектеу үдерiстерiнде алынған отын;
      3) байыту - минералдық шикiзатты олардың алғашқы шикiзаттағы құрамынан жоғары, шоғырланған пайдалы компоненттердiң бөлiнуi (ал қажет болғанда олардың өзара бөлiнуi) мақсатында, оны өңдеудiң әр түрлi технологиялық үдерiстерiнiң жиынтығы;
      4) байытылған көмiр - ылғал немесе құрғақ көмiрдi байыту үдерiсiнде алынған көмiр;
      5) байытылмаған көмiр - елеу немесе ұсату үдерiстерiне түскен өндiрiлген көмiр;
      6) битуминозды көмiр - 0,5 %-ға тең немесе одан астам, бiрақ 2,0 %-дан кем витриниттiң Rr шағылысу көрсеткiшi бар орташа дәрежелi көмiр;
      7) брикеттеу - кейiннен қоспаны керектi мөлшерлi және пiшiндi брикеттерге нығыздап басу арқылы байланыстырушы заттарды қосып және
қоспай кесектер (брикеттер) алу үдерiсi;
      8) газ режимi — метан немесе сутегi бөлiнуi бойынша қауiптi көмiр кәсiпорындарында енгiзiлетiн тәртiп;
      9) дәреже (кiшi санат) - көмiрдiң халықаралық жiктеу жүйесi бойынша генетикалық және физика-химиялық қасиеттерiнiң негiзiнде оның жетiлгендiгiн көрсететiн генетикалық қатарда орналасуы;
      10) елендi — қатардағы көмiрден бөлiнген және байытуға түспеген, iрiлiгi 12,5 кем (13,25) миллиметр (бұдан әрi - мм) көмiр;
      11) електi талдау - көмiрдiң түйiршiк өлшемдi құрамын сынаманы електерде елеу жолымен анықтау;
      12) жану жылулығы - отын массасы бiрлiгiнiң толық жануы кезiнде бөлiнетiн жылудың мөлшерi;
      13) жоба - объектiнi салуды, монтаждауды және пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi техникалық құжаттар кешенi;
      14) жұмыс аймағы - қызмет көрсетiлетiн алаң еденiнiң деңгейiнен 2 метр (бұдан әрi - м) биiктiктегi кеңiстiк;
      15) кенеттен шығарынды - жыныстың, көмiрдiң лақтырысымен, күшейтiлген газ бөлiнуiмен жалғасатын, кен қазбасы забойының жанындағы алап бөлiгiнiң өздiгiнен лезде бұзылуы;
      16) кодтық сан - халықаралық кодтау жүйесi бойынша жiктеме параметрлерi мәндерiнiң негiзiндегi көмiрдiң сандық белгiсi;
      17) көмiр - елеулi дәрежеде органикалық тектес, олардың биохимиялық, физика-химиялық және физикалық өзгерiстерi нәтижесiнде басым бөлiгiнде қурап қалған өсiмдiктерден түзiлген қатты жанғыш шөгiндi жыныс;
      18) көмiр және жыныс тозаңы - көмiрдi өндiру, қайта өңдеу және тасымалдау үдерiсiнде түзiлетiн, мөлшерi 0,5 мм-ден кем қатты заттардың ұсақ бөлшектерi;
      19) көмiрдi өндiру - жер қойнауынан көмiрдi алу бойынша өндiрiстiк үдерiстер кешенi;
      20) көмiрдi қайта өңдеу - берiлген тұтыну қасиеттерiн қамтамасыз ету мақсатында өндiрiлген көмiрдi өңдеудiң технологиялық үдерiсi (аяқталған циклдi құрайтын тiзбектi технологиялық үдерiстердiң жиынтығы);
      21) көмiрдi сұрыптау - көмiрдiң тауарлық сыныптарын алу үшiн кесек мөлшерлерi бойынша бөлу үдерiсi;
      22) күлдiң химиялық құрамы - күлдiң құрамында оксидтерге қайта есептегенде негiзгi элементтердiң болуы;
      23) қатардағы көмiр - елеу, ұсату, байыту үдерiстерiне түспеген өндiрiлген көмiр;
      24) штабель - дұрыс пiшiнге келтiрiлген көмiр (кесiлген (кесiлмеген) түрдегi конус, пирамида және тағы басқа);
      25) қатты отын - қатты жанғыш шөгiндi жыныс (көмiр, жанғыш тақта тастар) және оларды қайта өңделу өнiмдерi (сұрыпталған және байытылған көмiр, брикеттер және агломерацияланған отын, кокс, жартылай кокс);
      26) қауiптi жүк — кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiстiк және өзге де қызметтiң қалдықтары, олар өздерiне тән қасиеттерiне байланысты тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылу, өртену немесе бүлiну, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмi, жарақаттану және ауыру себебi болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян әкелуi мүмкiн;
      27) қауiптi қалдықтар — құрамында қауiптi қасиеттерге (уыттылыққа, жарылыс қауiптiлiкке, радиоактивтiлiкке, өрт қауiптiлiкке, жоғары реакциялық қабiлеттiлiкке) ие зиянды заттар болатын және өзi немесе басқа заттармен байланысқа түскенде қоршаған орта және адамның денсаулығы үшiн тiкелей немесе әлеуетi қауiптiлiктi бiлдiруi мүмкiн болатын қалдықтар;
      28) қауiптi қалдықтар паспорты - қалдықтардың шығу орны бойынша түзiлу үдерiстерiн, олардың сандық және сапалық көрсеткiштерiн, олармен жұмыс iстеу ережелерiн, оларды бақылау әдiстерiн, бұл қалдықтардың қоршаған ортаға, адамның денсаулығына және (немесе) тұлғалардың мүлкiне зиянды әсер ету түрлерiн стандартталған түрде сипаттайтын құжат, қалдықтарды өндiрушiлер, олардың меншiгiндегi өзге де тұлғалар туралы мәлiметтер;
      29) өзiнен-өзi жану - сырттан келетiн жылу ағынына қарамастан ауа оттегiсiмен тотығу реакцияларының үздiксiз дамуы нәтижесiнде көмiрдiң тұтануы;
      30) өзiнен-өзi тұтану - жалындық жанумен және/немесе жарылыспен жалғасатын экзотермиялық көлемдi реакциялар жылдамдығының күрт ұлғаюы;
      31) өзiнен-өзi тұтану температурасы — қоршаған ортаның ең темен температурасы, ол кезде арнайы сынау жағдайларында заттың өзiнен-өзi тұтануы байқалады;
      32) өнеркәсiптiк өнiм - күлдiң пайыздық құрамы бойынша көмiр мен бос жыныстың арасында аралық болып табылатын көмiрдi байыту өнiмi;
      33) өнiм сапасының куәлiгi (паспорты) — дайындаушы (өнiм берушi) жөнелтiлген өнiм партиясының сапасы мен мөлшерiн куәландыратын құжат;
      34) өрт-жарылыс қауiпсiздiгi - заттардың жанудың пайда болуына және таралуына қабiлеттiлiгiн сипаттайтын олардың қасиеттерiнiң жиынтығы. Жану салдары, оның жүру жылдамдығы мен жағдайына қарсы өрт немесе жарылыс болуы мүмкiн;
      35) паспорт (тау-кен iсiнде) - кен қазбасының параметрлерiн көрсете отырып, тау-кен жұмыстарын жүргiзу және тау-кен жабдықтарын өзара байланысқан түрде орналастыру тәртiбiн анықтайтын құжат;
      36) сақтау мерзiмi - сақтау ережелерi сақталған жағдайда көмiр өнiмiнiң генетикалық және технологиялық қасиеттерi сақталатын уақыт кезеңi;
      37) санитарлық-қорғау аймағы - оның шекарасынан тыс әсер ету факторлары белгiленген гигиеналық нормативтерден аспайтын аумақ
      38) стандарттау бойынша нормативтiк құжат - стандарттау бойынша қызметтiң әр түрлерiне немесе оның нәтижелерiне қатысты нормаларды, ережелердi, сипаттамаларды, қағидаттарды белгiлейтiн құжат;
      39) сұрыпталған көмiр - белгiлi iрiлiк сыныбының көмiр өнiмiн алу мақсатында елеу үдерiсiне түскен көмiр;
      40) табиғи радионуклидтердiң үлестiк белсендiлiгi - заттағы табиғи радионуклидтер белсендiлiгiнiң зат массасына қатынасы;
      41) тау-кен бөлiнiсi - оның шекарасында жер қойнауын пайдаланушы барлауды, пайдалы қазбаларды өндiрудi, жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануды жүзеге асыруға құқылы болатын жер қойнауының учаскесi;
      42) тау-кен қысымы - тау-кен қазбасын қоршаған алапта пайда болатын, тау-кен жұмыстарын жүргiзумен байланысты кернеулер, күштер;
      43) тау-кен соққысы - көмiрдiң (жыныстың) жер асты қазбаларына лақтырындысы түрiнде көрiнетiн тау-кен қазбасына жанама тау жыныстары алабының шектi көрнеуленген бөлiгiнiң жылдам болатын бұзылуы;
      44) техникалық талдау - құрамында ылғал, күл, ұшпа заттар және байланысқан көмiртегi болуы көрсеткiштерiнде берiлген көмiрдi талдау;
      45) технологиялық марка (топ, кiшi топ) - генетикалық белгiлерi және технологиялық сипаттамалары бойынша жақын көмiр түрлерiнiң шартты белгiсi;
      46) технологиялық регламент - оңтайлы технологиялық режимдi, технологиялық үдерiс операцияларын жүргiзу тәртiбiн айқындайтын, өнiмдi талап етiлетiн сапамен шығарылуын, қауiпсiз пайдаланылу шарттарын, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардың орындалуын қамтамасыз ететiн құжат;
      47) технологиялық схема - технологиялық операциялар және өндiру және қайта өңдеу өнiмдерiнiң ағындары қозғалысының жалғаспалылығы;
      48) тозаңды-газ режимi - газ және жарылғыш тозаң бойынша қауiптi көмiр кәсiпорындарында енгiзiлетiн тәртiп;
      49) тотыққандық көрсеткiшi - көмiр затының химиялық өзгерiстерiн және ыдырауын сипаттайтын көрсеткiш;
      50) тұтану - тұтандыру көзiнен от алған және оны алып тастағаннан кейiн де жалғасатын заттың жалындап жануы;
      51) тұтану температурасы - көмiр затының ең төмен температурасы, ол кезде арнайы сынау жағдайларында ыстық булар мен газдар оларды тұтату көзi әсер еткенде тұтану байқалатын жылдамдықпен бөлiнедi;
      52) түйiршiк өлшемдi құрам - көмiр кесектерiнiң өлшемi бойынша сандық сипаттама;
      53) шектi рұқсат берiлген шоғырлану (бұдан әрi - ШРШ) — көлем бiрлiгiндегi зиянды химиялық заттың ең көп мөлшерi, ол күнделiктi әсер еткен, кезде ұзақ уақыт бойы адам ағзасында зиянды әсер етпейдi, қазiргi заманғы зерттеу әдiстерiмен байқалады; қоршаған ортаның (жұмыс аймағы ауасының, атмосфералық ауаның, су объектiлерi мен топырақтың) санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйiн бағалау кезiнде генетикалық өлшемдер болып табылады;
      54) шлам - көмiр байыту фабрикаларының суларында байыту нәтижесiнде түзiлетiн, iрiлiгi 0,5 (1) мм-ден кем ұсақ бөлшектер;
      55) элементтiк талдау - құрамында күл, көмiртегi, сутегi, азот, күкiрт және оттегi болуы көрсеткiштерiмен берiлген көмiрдi талдау.

3. Өнiмнiң Қазақстан Республикасы нарығында айналым шарттары

      6. Көмiр және оның қайта өңделген өнiмдерiн нарықта орналастыру кезiнде олар осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес келуi тиiс.
      7. Өткiзу нарықтарында айналымға шығарылатын көмiр және оның қайта өңделген өнiмдерi сапа куәлiгiмен (паспортымен) қамтамасыз етуге тиiс.
      8. Өнiм сапасы куәлiгiнiң (паспортының) құрамында мынадай ақпарат болуға тиiс:
      1) өнiмнiң атауы және тұтыну түрi;
      2) өнiмнiң дайындалған елi және орны;
      3) дайындаушының (жеткiзушiнiң) атауы және заңды мекен-жайы;
      4) өнiмге арналған нормативтiк құжаттың атауы және белгiленуi;
      5) партия нөмiрi;
      6) массасы (брутто);
      7) өнiмнiң дайындалған күнi;
      8) сақтау мерзiмi;
      9) КО СЭҚ ТН және Экономикалық қызмет түрлерi жөнiндегi өнiм сыныптаушысы (ЭҚТ ӨС кодтары);
      10) технологиялық маркасы (тобы, қосымша тобы);
      11) дәрежесi (санаты, кiшi санаты);
      12) кесектер мөлшерi;
      13) кодтық саны;
      14) сәйкестiктi растау құжаты туралы мәлiметтер.

4. Көмiр және оның қайта өңделген өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

      9. Көмiр және оның қайта өңделген өнiмдерi осы Техникалық регламентке 2-қосымшада көрсетiлген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.
      10. Көмiрдiң және оның қайта өңделген өнiмдерiнiң радиациялық қауiпсiздiгiнiң нормалары осы Техникалық регламентке 3-қосымшада келтiрiлген.
      Көмiр және оның қайта өңделген өнiмдерi радиациялық қауiптiлiктiң 1-сыныбына жатқызылуға тиiс. Табиғи радионуклидтердiң меншiктi белсендiлiгiнiң ең аз маңызды үлестiк белсендiлiгiнiң қатынастарының жиынтығы бiр бiрлiктен аспауы тиiс. Табиғи радионуклидтердiң үлестiк белсендiлiгiнiң ең аз маңызды үлестiк белсендiлiкке қатынастарының жиынтығы бiр бiрлiктен артық болатын көмiр және оның қайта өңделген өнiмдерiн шаруашылық қызметiнде пайдалануға болмайды.
      Көмiрдiң және оның қайта өңделген өнiмдерiнiң күлi табиғи радионуклидтердiң тиiмдi үлестiк белсендiлiгiне байланысты әр түрлi бағыттарда пайдаланылуы мүмкiн.
      11. Көмiрдiң және оның қайта өңделген өнiмдерiнiң жанғыштығын және өрт-жарылыс қауiпсiздiгiн сипаттайтын көрсеткiштер тұтану температурасы және өзiнен-өзi тұтану температурасы болып табылады.
      Көмiр және оның қайта өңделген өнiмдерi өзiнен-өзi жануға, сондай-ақ тұтату көзi әсер еткенде жануға және оны жойған соң өз бетiмен жануға қабiлеттi, «жанғыштар (жанушылар)» тобына жатады.
      Көмiрдiң және оның қайта өңделген өнiмдерiнiң тұтану температурасы 120 0С-ға болуға тиiс.
      Көмiрдiң және оның қайта өңделген өнiмдерiнiң өзiнен-өзi тұтану температурасы кемiнде 50 0С болуға тиiс.
      12. Көмiр және оның қайта өңделген өнiмдерi тотығуға және өзiнен-өзi жануға бейiмдiлiгiмен сипатталады.
      Көмiрдi және оның қайта өңделген өнiмдерiн тотығуға және өзiнен-өзi тұтануға бейiмдiлiгi бойынша жiктеме және оларды сақтаудың шектi мерзiмдерi осы Техникалық регламентке 4-қосымшада берiлген.
      13. Көмiр және оның қайта өңделген өнiмдерi тозаң-ауалық жарылыс қауiптi қоспаларын түзуi мүмкiн.
      Тозаң-ауа қоспаларының жарылыс қауiптiлiгi қоспаның ылғалдылығына, тозаңның iрiлiгiне, отын қабатына ауаның кiруiне, қоршаған ортаның және отынның температурасына, оның табиғи қасиеттерiне байланысты болады.
      Құрамында мөлшерi 0,2 мм-ден кем көмiр бөлшектерi бар тозаң-ауа қоспасы аса жарылыс қауiптi болып табылады.
      Көмiр және оның қайта өңделген өнiмдерiнiң жарылыс қауiптiлiгiн бағалау үшiн отынның жарылғыштық өлшемдерi мен жарылыс қауiптiлiгiнiң топтары 5-қосымшаға сәйкес анықталуы тиiс, онда олар үшiн жарылысты ескертудiң және жарылыстан қорғаудың қажеттi құралдары белгiленген.
      Тозаң жарылғыштығының өлшемдерiн есептеу үшiн бастапқы деректер мыналар болып табылады:
      1) көмiр мен тозаңды електi талдау;
      2) техникалық талдау;
      3) элементтiк талдау;
      4) жану жылулығы.
      14. Көмiр және оның қайта өңделген өнiмдерiнiң сапасы қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиiс.
      Көмiрдi өндiру, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау және пайдалану кезiнде экологиялық талаптарды орындау, ауадағы ластайтын және зиянды заттардың, парниктiк газдар шығарындыларының және қоршаған ортаға эмиссиялардың ШРШ талдау және есептеу үшiн бастапқы деректермен қамтамасыз ету үшiн кәсiпорындар осы Техникалық регламенттiң 14-тармағында көрсетiлген көрсеткiштердi (көмiр мен тозаңды електi талдау, техникалық талдау, элементтiк талдау, жану жылулығы) және күлдiң химиялық құрамын анықтауды белгiленген мерзiмдерде жүргiзу қажет.
      15. Көмiр және оның қайта өңделген өнiмдерiнiң сапасы тасымалданатын жүктердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
      Көмiр және оның қайта өңделген өнiмдерi бар жүктердiң қауiпсiздiгiн сипаттайтын көрсеткiштер мыналар болып табылады:
      1) сақтау мерзiмi;
      2) тұтану температурасы;
      3) өзiнен-өзi тұтану температурасы;
      4) жарылыс қауiпi тобы.
      Келтiрiлген көрсеткiштердiң мәндерi осы Техникалық регламентке 4, 5-қосымшаларда және 12-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

5. Көмiрдi өндiрудiң, қайта өңдеудiң, сақтаудың және тасымалдаудың өндiрiстiк үдерiстерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

5.1 Көмiрдi өндiру мен қайта өңдеудiң өндiрiстiк үдерiстерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар

      16. Көмiрдi өндiру және қайта өңдеу үдерiстерi жобаларға, технологиялық регламенттерге және паспорттарға сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
      Жобалардың құрамында құрылыстардың жер үстiне орналастыру; көмiрдi өндiрудiң және қайта өңдеудiң технологиялық үдерiстерiн, технологиялық жабдықтарды, желдету, өндiрiстiк үдерiстердi механикаландыру, автоматтандыру құралдарын қолдану; өндiрiс қалдықтарын қоймаландыру; жоспарланатын қызметтiң қоршаған ортаға әсер ету қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн талаптар болуға тиiс.
      17. Көмiрдi өндiру және қайта өңдеу кәсiпорындарында адамдарды құтқару және авариялардың пайда болуының бастапқы кезеңiнде оны жою үшiн қолда бар барлық қажеттi күштер мен құралдарды дереу iске қосуды көздейтiн аварияларды жою жоспары жасалуға тиiс.
      18. Көмiр кәсiпорындарында қолданылатын технологиялық жабдықтар және техникалық құрылғылар адам өмiрiнiң, денсаулығының қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге тиiс.
      19. Жабдықтардың функционалдық мақсатына орай қоршалуы мүмкiн емес болатын бөлiктерiн қоспағанда, олардың қозғалатын, айналатын бөлiктерiнiң қорғаныш қоршауы болуға тиiс.
      20. Қолданылатын электр жабдықтары, кабельдер және электрмен жабдықтау жүйелерi жұмыс iстеушiлердiң электр қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жарылыс және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
      21. Жұмыс орындарындағы шу деңгейлерi осы Техникалық регламентке 6-қосымшада келтiрiлген шектi рұқсат етiлген мәндерден артық болмауға тиiс.
      22. Жұмыс орындарындағы дiрiл деңгейлерi жабдықтар жұмыс iстеген кезде осы Техникалық регламентке 7-қосымшада келтiрiлген шектi рұқсат етiлген мәндерден артық болмауға тиiс.
      23. Кәсiпорындарда кешендi тозаңсыздандыру көзделуге тиiс.
      Технологиялық жабдықтар және техникалық құрылғылар тозаң-жарылыстан қорғау жабындарымен және тозаңды басу құралдарымен жарақталуға тиiс.
      24. Тозаң немесе газ жарылыстары бойынша қауiптi көмiрдi өндiру және қайта өңдеу кәсiпорындарында тозаң-газ режимi белгiленуге тиiс.
      Газ тозаңды режим еденнiң, қабырғаның және жабдықтардың бетiнде өлшенген күйiнде ауада жарылыс қауiптi шоғырлану тудыруы мүмкiн көмiр тозаңының шегуiн болдырмайтын, сондай-ақ метан мен зиянды газдар жиналуын, жабдықтардың iшiнде жарылыс және үй-жайда жарылыс өнiмдерiнiң шығарындысы пайда болуын ескертетiн талаптардың орындалуын көздеуi тиiс.
      25. Адам ағзасына әсер ету дәрежесi бойынша жұмыс аймағының ауасындағы тозаң мөлшерiнiң шектi рұқсат берiлген шоғырлануы (ШРШ) осы Техникалық регламентке 8-қосымшада келтiрiлген. Жұмыс аймағындағы тозаңның мөлшерi қауiптiлiктiң 3-сыныбынан (орташа қауiптi) немесе қауiптiлiктiң 4-сыныбынан (аз қауiптi) жоғары болмауы тиiстi емес.
      26. Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың мөлшерi осы Техникалық регламентке берiлген 9-қосымшада келтiрiлген ШРШ аспауы тиiс.
      27. Көмiрдiң радиоактивтiлiгiн алдын ала бағалау кен орнын барлау сатысында ашық карьер, ұңғыма забойындағы қабатқа арналған гамма-каротаж немесе беттiк түсiру материалдары бойынша анықталатын гамма-сәуле шығарудың балама мөлшерiнiң қуаты мәндерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      Жеке жылдық тиiмдi мөлшер - 10 микрозиверттен, ал ұжымдық тиiмдi жылдық мөлшер 1 адам-зиверттен артып кетпеуi тиiс.
      Гамма-сәуле шығарудың балама мөлшерiнiң қуатын анықтау нәтижелерi бойынша тексерiлетiн объект бiртектi учаскелерге бөлiнедi.
      Егер гамма-сәуле шығарудың балама мөлшерiнiң қуатын өлшеу нәтижелерi оның барлық бетi бойында орташадан 30%-ға артық емес болса, кенорны, қабат табиғи радионуклидтердiң мөлшерi бойынша бiртектi болып саналады.
      Табиғи радионуклидтердiң мөлшерi бойынша бiртексiз учаскелердi айқындаған кезде, кенорнын игеру және пайдалану арнайы әзiрленген жоба бойынша iрiктеп алу ескере жүргiзiледi.
      Кен орындарының табиғи радионуклидтердiң мөлшерi бойынша бiртектi аудандары шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жобалық және нормативтiк құжаттарында көрсетiлуi тиiс жеке учаскелерге жиектеледi.

5.2 Көмiрдi жер асты тәсiлiмен өндiру

      28. Көмiрдi жер асты тәсiлiмен ендiру үңгiлеу, алу учаскелерiнде, жерасты қазбаларын жүргiзу және бекiту, бұрғылау-жару жұмыстарын орындау, шахталарды желдету, кен массасын тасымалдау және адамдарды тасу кезiнде қауiпсiздiк талаптарын сақтау арқылы жүзеге асырылуы тиiс.
      29. Лақтырынды қауiптi және соққы қауiптi қабаттарды, сондай-ақ лақтырынды қауiптi жыныстары бар қойнауқаттарды өңдеу кезiнде көмiрдiң, жыныстың және газдың оқыс лақтырындыларын және тау соққыларын болдырмау бойынша талаптар орындалуы тиiс.
      30. Қауiптi және лақтырындылары мен тау соққылары бойынша қауiп төндiрiлетiн қойнауқаттарды ашуға, тазарту және дайындық жұмыстарын забой лақтырынды қауiптi емес және соққы қауiптi емес күйде болған немесе оған келтiрiлгенде жағдайда жүргiзуге рұқсат етiледi.
      31. Өзiнен-өзi жануға бейiмдi көмiр қабаттарын қазатын шахталарда көмiрдiң өзiнен-өзi қызуының (өзiнен-өзi жануының) ерте белгiлерiн бақылау ұйымдастырылуы тиiс.
      32. Жерасты қазбаларында және шахта үстiндегi ғимараттарда оңай тұтанатын материалдарды қолдануға және сақтауға тыйым салынады.
      33. Өрт белгiлерi байқалған кезде апаттарды жою жоспары қолданысқа енгiзiлуi тиiс.
      34. Өрт пайда болған сәттен бастап және оны сөндiру аяқталғанға дейiн шахта атмосферасының құрамын тексеру және кен-құтқару жұмыстарын жүргiзу орындарында температураны бақылау жүзеге асырылуы тиiс.
      35. Шахталар тұрақты және сенiмдi желдеткiшпен жабдықталуы тиiс.
      36. Қолданыстағы кен қазбаларының ауасындағы оттегiнiң мөлшерi кемiнде 20%-ды (көлемi бойынша) құрауы тиiс.
      37. Кенiш ауасындағы метанның мөлшерi осы Техникалық регламентке 10-қосымшада келтiрiлген нормаларға сәйкес келуi тиiс.
      38. Дегенмен бiр жерiнде метан байқалған шахталар газ бойынша қауiптi шахтаға жатады. Оларда метан бөлiнетiн (бөлiнген) шахталар толығымен газ режимiне ауыстырылуы тиiс.
      Көмiр шахталарында метанның шоғырлануын бақылау метан бөлiнетiн немесе жинақталатын қазбалардың барлығында жүзеге асырылуы тиiс.
      39. Желдету құралдарымен ауадағы метанның мөлшерiн белгiленген нормалар шегiнде қамтамасыз ету мүмкiн болмайтын газ шахталарында газсыздандыру жүзеге асырылуы тиiс.
      40. Кенiш ауасындағы көмiрқышқыл газының мөлшерiн жұмыс орындарында және алу бөлiктерi мен тұйық қазбалардың шығатын ағыстарында - 0,5 %-дан артық болмауы, қабаттың және тұтас алғанда шахтаның, қанаттың шығатын ағысы бар қазбаларда - 0,75 %-дан артық емес, үйiндi бойынша қазбаларды жүргiзу және қалпына келтiру кезiнде 1 %-дан артық болмауы тиiс.
      41. Қолданыстағы жерасты қазбаларының ауасында зиянды газдардың (булардың) мөлшерi осы Техникалық регламентке 11-қосымшада көрсетiлген шектi рұқсат берiлген шоғырланудан аспауы тиiс.
      42. Шахталарды желдету кезiндегi ауа жылдамдығы кемiнде:
      барлық шахталардың тазарту қазбаларының забой жанындағы кеңiстiктерiнде, газ шахталарының тұйық қазбаларында және жалпы шахталық тоқырау есебiнен желдетiлетiн шахтаның қалған қазбаларында - 0,25 метр бөлiнген секунд (бұдан әрi - м/с);
      метан бойынша III санатты және одан жоғары шахталарда, көмiр және аралас забойлар бойынша, сондай-ақ қазылған кеңiстiкпен байланысы бар барлық жүргiзiлетiн кен қазбаларында және жойылатын қазбаларда - 0,5 м/с;
      оқпандар мен шурфтарды үңгiлеу және тереңдету кезiнде, газдық емес шахталардың тұйық қазбаларында - 0,15 м/с болуы тиiс.
      43. Тұрақты жұмыс орындарындағы және шахталардың жерасты қазбаларындағы ауа температурасы + 16 0С-дан кем емес және +26оС-дан көп емес болуы тиiс.
      44. Әрбiр шахтада ауаны тозаңсыздандыру бойынша талаптар орындалуы тиiс.
      45. Кен массасын уатуға және тасымалдауға арналған тау-кен машиналары барынша аз тозаң түзiлуiн қамтамасыз етуi тиiс.
      46. Тазарту жұмыстарын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ орташа қуатты және қалың қабаттар бойынша таңдау әрекеттi комбайндармен қазу жұмыстарын жүргiзу кезiнде алаптағы көмiрдi алдын ала ылғалдандыру қолданылуы тиiс.
      47. Қабылдау бункерлерi, төңкергiштер, скиптердi түсiруге және тиеуге арналған құрылғылар кен массасының төгiлуiн болдырмау және одан тозаңды үрлеу құрылғыларымен жабдықталуы тиiс.
      48. Тозаң жарылыстары бойынша қауiптi қабаттарды қазатын шахталарда инерттi тозаңды (тақта тасты тозаң-жарылыстан қорғау), суды (су-тозаң-жарылыстан қорғау) немесе суды және инерттi тозаңды (аралас тозаң-жарылыстан қорғау) қолдануға негiзделген көмiр тозаңының жарылыстарын ескерту және жайылтпау бойынша талаптар орындалуы тиiс.
      49. Судың бұзып өтуi бойынша қауiптi аймақтардағы тау-кен жұмыстары су мен зиянды газдардың қолданыстағы қазбаларды бұзуын болдырмау бойынша шараларды көздейтiн жобаға сәйкес жүргiзiлуi тиiс.
      50. Қауiптi аймақтардың шекараларын шахтаның маркшейдерлiк және геологиялық қызметтерi жасауы тиiс, олар қауiптi аймақтарды дер кезiнде анықтайды, есепке алады және маркшейдерлiк құжаттамаға түсiредi.
      51. Адамдарды тасымалдау, кен массасын және жүктердi тасымалдау көлiк және көтеретiн техникалық құралдарды, технологияларды қолдану және апаттардың пайда болуын болдырмайтын жұмыстарды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылуы тиiс.
      52. Адамдар мен жүктердi тiк және көлбеу қазбалар бойымен көтеру мен түсiрудiң барынша үлкен жылдамдықтары осы Техникалық регламентке берiлгөн 12-қосымшада келтiрiлген шамалардан аспауы тиiс.

5.3 Көмiрдi ашық тәсiлмен өндiру

      53. Көмiрдi ашық тәсiлмен өндiру аршу және өндiру жұмыстары, тау-кен жабдықтары және көлiк құралдарын пайдалану кезiнде қауiпсiздiк талаптарын сақтау арқылы жүзеге асырылуы тиiс.
      54. Тау-кен жұмыстарын жүргiзу кезiнде тау жыныстарының таралу шекараларын және деформацияларының түрiн белгiлеу, деформацияның жылдамдығы мен шамасын анықтау, ығысудың ауыспалы шамасын анықтау мақсатында ернеулердiң, орлардың, кертпештердiң, беткейлер мен үйiндiлердiң жағдайын маркшейдерлiк және геофизикалық бақылау жүзеге асырылуы тиiс.
      55. Көшкiн қауiптi және сел қауiптi аймақтарда жұмыс жүргiзген кезде қар көшкiндерiнен және су тасқындарынан қорғау бойынша шаралар жүзеге асырылуы тиiс.
      56. Гидротехникалық ғимараттар (бөгеттер, арнаны қайтаратын және ордегi орлар, платиналар) тасқын және нөсер суларын өткiзудi қамтамасыз етуi тиiс.
      57. Кен қазбалары беткейлерiнiң және үйiндiлерiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету, көмiр мен қазылатын жыныстардың ылғалдылығын төмендету, кен-көлiк жабдықтарының жұмысына қауiпсiз жағдайларын жасау үшiн суды құрғату жүйесiнiң әсер ету аймағынан тысқары жерге суды бұруға арналған құрылыстар көзделуi тиiс.
      58. Разрездерде бұрғылау-жару жұмыстары жұмыстарды ұйымдастыру және
  1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 шiлдедегi n 763 Қаулысы
Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 ақпандағы №119 және 2006 жылғы 10 қарашадағы №1074 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 23 мамырдағы n 413 Қаулысы
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconЭлектрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актiсiн жасау жөнiндегi нұсқаулықтарды бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 10 тамыздағы №1039 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 4-бабының 17 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 3 қараша №1285 Астана, Үкімет Үйі
Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница