Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы




Скачать 342.94 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы
страница2/3
Дата конвертации17.04.2013
Размер342.94 Kb.
ТипДокументы
1   2   3
 зарядтарды қоздыру тәсiлдерi, зарядтарды, оқ-дәрiлердi және жарылғыш материалдарды пайдалану, қауiптi аймақты анықтау, жарылыс жұмыстары ауданын желдету бойынша қауiпсiздiк талаптарын сақтау арқылы жүргiзiлуi тиiс.

5.4 Көмiрдi аралас тәсiлмен өндiру

      59. Көмiрдi аралас тәсiлмен өндiру өзара келiсiлген көмiр разрездерi мен шахталардың жобалары және тау-кен жұмыстарын ашық және жерасты өндiру жоспары бойынша жүзеге асырылуы тиiс.
      Көмiр кен орнын аралас тәсiлiмен қазу кезiнде жерасты және ашық тәсiлмен өндiру үдерiстерiне жататын қауiпсiздiк талаптары орындалуы тиiс.
      60. Тау-кен жұмыстарын жүргiзу шебi мына бағыттарда орналасуы тиiс:
      ашық жұмыстар кезiнде - жерасты тазарту жұмыстарын дамыту шебiне қарсы;
      жерасты тазарту жұмыстары кезiнде - алаптан разрезге.
      61. Кен орнын ашық және жерасты тәсiлдерiмен аралас қазуды жүргiзетiн кәсiпорындар Авариялық құтқару қызметiмен бiрлесiп, оларға газдардың өтуi, судың бұзуы, кен алабының түрiн өзгертуi мүмкiн қауiптi аймақтардың шекараларындағы тау-кен жұмыстары учаскелерiн (орындарын) анықтауы және көрсетiлген учаскелердегi жұмыстардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн iс-шаралар әзiрлеуге тиiс.
      62. Жерасты қазбаларының немесе карстарының болуы себептi, ықтимал опырылып құлау немесе құлаған жердiң аймақтарында шахталар мен разрездердiң маркшейдерлiк қызметтерi карьер ернеулерi мен топырағының жай күйiне аспаптық бақылау жүргiзуi тиiс.
      63. Ашық және жерасты тау-кен жұмыстары арасындағы сақтандырғыш кен дiңгектi қазу карьердiң кендiңгегiнен ернеулердiң құлауын болдырмайтын және жұмыстардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн шараларды орындау кезiнде жүзеге асырылуы тиiс.

5.5 Көмiрдi қайта өңдеу

      64. Көмiрдi қайта өңдейтiн кәсiпорындарда (сорттау, байыту, брикеттеу) тозаң-газ режимi белгiленуге тиiс.
      65. Кәсiпорындарда:
      үй-жайлардың ауасындағы метанның мөлшерiн;
      үй-жайлардың ауасындағы және атмосфераға шығарындыларда тозаңның мөлшерiн;
      үй-жайлардың ауасындағы (СО және СО2) мөлшерiн;
      үй-жайларда тозаңның шөгуiне бақылау ұйымдастырылуы тиiс.
      66. Көмiрдi қабылдау, көмiрдi дайындау, дайын өнiмдi кептiру және тиеу, көмiрдi байытудың алдында пневматикалық айыру, құрғақ жiктеу және тозаңсыздандыру учаскелерiнде жұмыс аймағының ауасындағы тозаңның шоғырлануы 8-қосымшаға сәйкес ШРШ деңгейiнде сақталуы тиiс.
      67. Шикiзатты және дайын өнiмдi ұсатқыштарда, транспортер таспаларында, електерде тиеу, түсiру және қайта төгу орындары аспирациялық жабындармен және тозаңсыздандыру жүйелерiмен жабдықталуы тиiс.
      68. Аспирациялық жүйелермен жабдықталған барлық құрылыстардың кiрме ағындық желдеткiшi болуы тиiс.
      69. Үй-жайлардың ауасындағы метанның мөлшерi 2 %-дан көп болмауы тиiс.
      70. Көмiрдi қайта өңдеу кезiнде пайдаланылатын реагенттер жабық қоймаларда металл резервуарларда және тiкелей күн сәулесiнен және атмосфералық жауын-шашыннан қорғайтын қалқаның астында цистерналарда сақталуы тиiс.
      71. Түйiспелiк күбiлерге, флотациялық машиналарға және басқа агрегаттарға реагенттердi беру реагенттердiң еденге, топыраққа түсуiн болдырмайтын жабық коммуникациялар бойынша жүзеге асырылуы тиiс.
      72. Реагенттердi тұтыну орнына жеткiзу және түсiру механикаландырылған болуы тиiс.
      73. Електеу, ұсату және центрифугаларда шламды құрғату учаскелерiнде шудан қорғау үшiн дыбысты оқшаулау кабиналарынан технологиялық үдерiстiң барысын қашықтан бақылауды жүзеге асыру мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуi тиiс, қызмет көрсететiн жұмысшылар есту органын жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етiлуi тиiс.
      74. Вакууммен жұмыс iстейтiн жабдықтар (вакуум-сорғылар, ресиверлер, торлар, үлестiру бастиегi, ысырмалар, магистральдық желiлер) тұмшалануы тиiс.
      75. Қысымның астында болатын құбырлар мен ыдыстарда қысымды бақылау аспаптары және сақтандыру клапандары орнатылуы тиiс.
      76. Сыртқы тұндырғыштар құрылғысы жұмыс iстеп тұрған немесе жобаланатын өнеркәсiптiк ұйымдар мен елдi мекендер орналасқан ауданда ауа бассейнiнiң тазалығын, сондай-ақ ашық су айдындарына төгiлетiн өндiрiстiк сулардың тазалығын қамтамасыз етуi тиiс.
      77. Қалдық қоймасының үстiңгi қабатының тозаңдануын болдырмау үшiн оның бекiту бойынша шаралар жүзеге асырылуы тиiс: қабық түзетiн заттарды салу, шөптер, өсiмдiктер егу және т.б.
      78. Кептiру жолдарының тозаң шөгiп қалатындай учаскелерi, қаптары және тұйықталған жерлерi болмауы тиiс.
      79. Газ жолдарының қабатқа көлбеу бұрышы кемiнде 45 болуы тиiс.
      80. Кептiру қондырғысының жолында және кептiрiлген көмiр конвейерлерiнде жану ошақтары табылған кезде буды беру не автоматты өрт сөндiру жүйесiн қосу ие қолда бар өрт сөндiру құралдарымен люктер арқылы жану және бықсу ошақтарын сөндiру қажет.

      5.6 Көмiрдi сақтау және тасымалдау қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

      81. Көмiрдi және оның қайта өңделген өнiмдерiн сақтау өрттер мен жарылыстардың пайда болуын, қоршаған ортаның ластануы мен зақымдалуын болдырмайтын шараларды сақтап, суландыруға ұшырамаған, арнайы жабдықталған қоймалар мен құрғақ алаңдарда жүзеге асырылуы тиiс.
      82. Өзiнен-өзi тұтанатын көмiрдi сақтауға арналған қоймалар мен алаңдар жанатын құрылыстардан кемiнде 8 м қашықтықта орналасуы тиiс.
      83. Қойма шаруашылығын орналастыру мен тасымалдау операцияларын ұйымдастыру ауа бассейнi мен өндiрiстiк алаңның ластануын болдырмайтын тәсiлдер мен құрылғыларды пайдаланып, механикаландырылған берудi, тиеудi және түсiрудi қамтамасыз етуi тиiс.
      84. Түсiрiлген көмiрдiң пiшiнсiз үймелерде және үйiндiмен 2 тәулiктен көп емес қауiпсiз сақтауға рұқсат етiледi.
      85. Көмiрдiң ұзақ сақталу кезеңiнде кәсiпорын штабельдiң температуралық күйiне бақылау жүргiзуi тиiс. Температураны өлшеу жиiлiгi көмiрдiң өзiнен-өзi жануға бейiмдiлiгiне байланысты.
      Штабельде көмiр аумалы температурадан 2 0С-дан артық қызған кезде өзiнен-өзi жану ошақтарын жою үшiн шаралар қабылдануы тиiс.
      86. Көмiрдi қоймаға бергенде, штабельге салғанда және керi бергенде көмiрдiң ұсақталуын азайту және оның тозаңдануын болдырмау бойынша шаралар көзделуi тиiс.
      87. Көмiрдiң штабельде қызуын және өзiнен-өзi тұтануының алдын-алу үшiн:
      1) алдын ала көмiрдi тұтынушыларға штабельдiң жаңартылатын бөлiгiнен ескi көмiрдi толық тиеп берiп, штабельдегi ескi көмiрдi жаңа өндiрiлген көмiрмен дүркiн-дүркiн ауыстыру;
      2) кейiннен көмiрдi қабаттық және беттiк тығыздау арқылы штабельдi қабаттық қалыптастыру кезiнде тотығуға және өзiнен-өзi жануға бейiм көмiрдегi тотығу үдерiстерiн және онымен байланысты зиянды газдардың бөлiнуiн баяулатуды оларға ерiтiндiлер, су эмульсиялары, суспензиялар немесе құрғақ реагенттер түрiндегi ингибитор-антитотықтырғыштарды енгiзу жолымен жүзеге асыру.
      3) көмiрдi штабельдi салу кезiнде көмiрдiң салмағына суспензияның 3 салмақтық пайызы есебiнен сөндiрiлген әктастың 2-3 %-дық сулы суспензиясымен бiркелкi дымқылдандыру. (Бұл ретте күлдiлiк 0,06 %-дан көп аспауы тиiс).
      88. Көмiр штабельдерiнде пайда болған температурасы 35оС-дан жоғары көмiрдiң өзiнен-өзi қызу ошақтары табылған кезде қызған көмiр штабельден темiр жол вагондарына және басқа көлiк құралдарына дереу тиеледi. Мұндай тиеу мүмкiн болмаған кезде қызу ошақтары ауданында көмiр қосымша тығыздалады.
      89. Көмiрдiң температурасы жоғарылуын жалғастырып, 50оС-ға жеткен жағдайда, бүкiл қызған көмiрдi бос орында биiктiгi 1,5 м-ден көп емес жеке штабельдерге салып, оны штабельден жоюға дереу кiрiсу қажет.
      90. Газ бойынша қауiптi көмiрге арналған жабық қоймаларды пайдаланған кезде жерасты бөлiгiнде метанға ауысым сайын бақылау жүргiзу қажет.
      91. Жыныстардың өзiнен-өзi жануы мүмкiн ошақтарын табу және өзiнен-өзi жануының алдын-алу бойынша шараларды дер кезiнде қабылдау мақсатында үйiндiлердiң жылулық күйiн бақылау жүргiзiлуi тиiс.
      Температураны өлшеу жер бетiнен 0,5 м тереңдiкте жүргiзiледi.
      92. Агломерацияланған отын салқындатылған (45 оС көп емес), мұздатылмаған түрде тасымалдануы, бiр-бiрiнен оңай бөлiнуi, үгiтiлмеуi тиiс.
      93. Көмiрдi төменгi түсiру люктерi бар жартылай вагондарға тиеудiң алдында бар саңылауларды, оның iшiнде олар арқылы тасымалдау кезiнде сыныбы 13 мм-ден кем көмiрдiң төгiлуi мүмкiн болатын конструкциялық саңылауларды тығыздау бойынша шаралар қабылдау қажет.
      94. Көмiрдi және оның қайта өңделген өнiмдерiн көлiктiң әр алуан түрлерiмен тасымалдау қауiпсiз болуы және осы Техникалық регламенттiң 15-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
      95. Олардың қызмет ету үдерiсiнде қалдықтар түзiлетiн көмiрдi өндiретiн және қайта өңдейтiн кәсiпорындар, олармен қауiпсiз жұмыс iстеу шараларын ескеруi, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы және оларды кәдеге жарату бойынша iс-шараларды орындауы тиiс.

6. Өнiмнiң сәйкестiгiн растау

      96. Өнiмнiң сәйкестiгiн растау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен бекiтiлген, «Сәйкестiктi растау тәртiптерi» Техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс. Көмiрдiң және оның қайта өңделген өнiмдерiн сәйкестендiру және сәйкестiгiн растау стандарттау бойынша нормативтiк құжаттарға сәйкес аккредиттелген сынау зертханаларында үлгiлердi сынау нәтижелерiнiң негiзiнде жүргiзiлуi тиiс.

7. Техникалық регламенттiң күшiне ену мерзiмдерi және шарттары

      97. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгiзiлген сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтiк актiлер Техникалық регламентiне сәйкес келтiрiлгенге дейiн Техникалық регламентке қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
      98. Осы Техникалық регламенттiң талаптарын орындау үшiн қолданылатын стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар және мемлекеттiк органдардың құзыретi шегiнде қалыптастырылатын өзге де құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен үйлестiрiлуге жатады.
      99. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар өздерiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн осы Техникалық регламентке сәйкес келтiрудi, сондай-ақ оларды бейiмдеп енгiзудi қамтамасыз етсiн.
      100. 2-қосымшада көрсетiлген, көмiрдi және оның қайта өңделген өнiмдерi үшiн күлдiлiк топтары бойынша нормалар:
      3-топ - 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейiн;
      2-топ - 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады.
      101. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«Көмiрдiң және оны өндiрудiң,
қайта өңдеудiң, сақтаудың және
тасымалдаудың өндiрiстiк  
үдерiстерiнiң қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар»    
техникалық регламентiне   
1-қосымша       

«Көмiрдiң және оны өндiрудiң, қайта өңдеудiң, сақтаудың және тасымалдаудың өндiрiстiк үдерiстерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi талаптары қолданылатын көмiр тiзбесi

КО СЭҚ ТН коды

Позиция атауы

Өнiм атауы

2701

Тас көмiр; тас көмiрден алынған брикеттер, шекем тастар және қатты отынның ұқсас түрлерi:
тозаң түрдегi немесе тозаң түрiндегi емес, бiрақ агломерацияланбаған тас көмiр

Тас көмiр
брикеттер, шекем тастар және қатты отынның ұқсас түрлерi;
тозаң түрiндегi немесе тозаң түрiндегi емес, агломерацияланбаған тас көмiр

2701 12

битумды көмiр

тас көмiр
битумды көмiр
кокстелетiн көмiр
қатардағы көмiр
байытылмаған көмiр
сұрыпталған көмiр
байытылған көмiр
концентрат
өнеркәсiптiк өнiм
шлам
елендi

2701 12 100 0

кокстелген көмiр

2701 12 900 0

басқа

2701 19 000 0

басқа да көмiр

2701 20 000 0

брикеттер, шекем тастар және тас көмiрден алынған қатты отынның ұқсас түрлерi

брикеттер, шекем тастар және тас көмiрден алынған агломерацияланған отынның ұқсас түрлерi

2702

гагаттан басқа лигнит немесе, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған қоңыр көмiр

агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмiр

2702 10 000 0

тозаң түрiндегi немесе тозаң түрiндегi емес, бiрақ агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмiр

лигнит немесе қоңыр көмiр
қатардағы көмiр
байытылмаған көмiр
сұрыпталған көмiр
байытылған көмiр
елендi

2702 20 000 0

агломерацияланған лигнит немесе қоңыр көмiр

брикеттер, шекем тастар және лигниттен немесе қоңыр көмiрден алынған агломерацияланған отынның ұқсас түрлерi

«Көмiрдiң және оны өндiрудiң,
қайта өңдеудiң, сақтаудың және
тасымалдаудың өндiрiстiк   
үдерiстерiнiң қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар» техникалық
регламентiне       
2-қосымша         

Көмiрдiң және оның қайта өңделген өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн сипаттайтын көрсеткiштердiң нормалары

Өнiм көрсеткiшiнiң атауы

Өнiмге арналған норма

1. Аd күлдiлiгi,%, артық емес:
күлдiлiк топтары бойынша көмiр және оның қайта өңделген өнiмдерi:




1-топ

29,5

2-топ

38,0

3-топ

45,0

2. Жалпы күкiрттiң массалық үлесi Sdt,%, артық емес

3,0

3. Хлордың массалық үлесi C1d, %, артық емес

0,4

4. Күшәннiң массалық үлесi Аsd, %, артық емес

0,01

«Көмiрдiң және оны өндiрудiң,
қайта өңдеудiң, сақтаудың және
тасымалдаудың өндiрiстiк   
үдерiстерiнiң қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар» техникалық
регламентiне         
3-қосымша          

Қатты отынның радиациялық қауiптiлiгiнiң нормалары

Қатты отынның радиациялық қауiптiлiгi сыныбы

Қатты отындағы табиғи радионуклидтердiң меншiктi белсендiлiгiнiң ең аз мәндi меншiктi белсендiлiгiне -  қатынастарының сомасы, (МММБ,Сқ.0Т., бiрл.)

Қатты отынды қауiпсiз пайдалану шарттары

I

<1

Қатты отынды шаруашылық қызметте пайдалануға ешқандай шектеулер енгiзiлмейдi

II

>1

Қатты отынды шаруашылық қызметте пайдалануға тыйым салынған

Қатты отын күлiнiң радиациялық қауiптiлiгiнiң нормалары

Күлдiң радиациялық қауiптiлiгiнiң сыныбы

Күлдегi табиғи радионуклидтердiң тиiмдi меншiктi белсендiлiгi А күл тиiмдi(А күл тиiмд. болж.),Бк/кг

Күлдi қауiпсiз пайдалану шарттары

I

370-ке дейiн

Күл салынып жатқан және қайта салынатын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда пайдаланылуы мүмкiн

II

370-тен
740-қа дейiн

Күл елдi мекендер аумағының және перспективалы құрылыс аймақтарының шегiнде жол құрылысында, сондай-ақ өндiрiстiк ғимараттарды тұрғызғанда пайдаланылуы мүмкiн

III

740-тан
1500-ге дейiн

Күл елдi мекендерден тыс жол құрылысында пайдаланылуы мүмкiн

IV

1500-ден артық
4000-ға дейiн

Күлдi пайдалану мәселесi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнiң аумақтық органдарымен келiсiм бойынша әрбiр жағдайда жеке шешiледi

«Көмiрдiң және оны өндiрудiң,
қайта өңдеудiң, сақтаудың және
тасымалдаудың өндiрiстiк  
үдерiстерiнiң қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар» техникалық
регламентiне        
4-қосымша         

Көмiрдiң тотығуға және өздiгiнен жануға бейiмдiлiгi бойынша топтары

Топ нөмiрi

Топтың атауы

Көмiрдiң атауы, технологиялық маркасы

Тотыққандық көрсеткiшi ОКр, %, артық емес

Сақтау мерзiмi, ай, артық емес

1

Тотығуға барынша тұрақты

Антрациттер, жартылай антрациттер

-

36

2

Тотығуға тұрақты

Ж, КЖ, К, КО, КСН, КС, ОС маркалы тас көмiрлер Байытылмаған, сұрыпталған, байытылған көмiр

50

18

3

Тотығуға орташа тұрақты

ДГ, Г, ГЖО, ГЖ маркалы тас көмiр
Байытылмаған, сұрыпталған, байытылған көмiр

50

12

4

Тотығуға тұрақсыз

Тас көмiр, лигнит және қоңыр көмiр Д маркасы
Б маркасы
Байытылмаған, сұрыпталған, байытылған көмiр

55
 
 
60

6
 
 
3

«Көмiрдiң және оны өндiрудiң,
қайта өңдеудiң, сақтаудың және
тасымалдаудың өндiрiстiк   
үдерiстерiнiң қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар»     
техникалық регламентiне    
5-қосымша          

Көмiр және оның қайта өңделген өнiмдерi тозаңының жарылыс қауiптiлiгi топтары

Жарылыс қауiптiлiгi тобы

Жарылғыштық өлшемi

Тозаңның жарылыс қауiптiлiгi

1

Кт<1,0

Аз

2

1,0<Кт<1,5

Орташа

3

1,5<Кт<3,5

Орташа жоғары

4

Кт>3,5

Жоғары

«Көмiрдiң және оны өндiрудiң,
қайта өңдеудiң, сақтаудың және
тасымалдаудың өндiрiстiк   
үдерiстерiнiң қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар»     
техникалық регламентiне   
6-қосымша          

Жабдықтар жұмыс iстеген кезде жұмыс орындарындағы шу деңгейлерi

Жұмыс орындары және жұмыстардың түрлерi

Шу деңгейi, децибел (бұдан әрi - дБ), артық емес

Тау-кен қазбалары, өндiрiстiк жайлар, үстiңгi бет аумағы

80

Бақылау және қашықтан басқару кабиналары:
телефон бойынша резервтiк байланыссыз
телефон бойынша сөйлесу байланысымен


 
 

80
65

Ықыластылықты және назар аударуды талап ететiн жоғары бiлiктi жұмыстар

60

«Көмiрдiң және оны өндiрудiң,
қайта өңдеудiң, сақтаудың және
тасымалдаудың өндiрiстiк  
үдерiстерiнiң қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар» техникалық
регламентiне 7-қосымша    

Көмiр кәсiпорындарының жабдықтары жұмыс iстеген кезде жұмыс орындарындағы дiрiлдiң деңгейлерi

Дiрiл түрi

Дiрiл санаты (машиналар мен жабдықтардың түрi)

Жиiлiгi бойынша түзету және дiрiл үдеуiнiң балама түзетiлген мәндерi, дБ

дiрiл үдеуi

дiрiл жылдамдығы

Жергiлiктi

Уатқыш балғалар, бұрғылар, перфораторлар

126

112

Жалпы

1. Көлiктiк
(өздiгiнен жүретiн шахта көлiгi)

112

116

2. Көлiктiк-технологиялық (тау-кен комбайндары, шахталық
тиеу машиналары, өздiгiнен жүретiн бұрғылау қондырғылары)

109

101

3. Технологиялық (сорғылар,
желдеткiштер, көтергiш машиналар, компрессорлар және т.б.)

100

92
1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 шiлдедегi n 763 Қаулысы
Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 ақпандағы №119 және 2006 жылғы 10 қарашадағы №1074 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 23 мамырдағы n 413 Қаулысы
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconЭлектрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актiсiн жасау жөнiндегi нұсқаулықтарды бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 10 тамыздағы №1039 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 4-бабының 17 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 3 қараша №1285 Астана, Үкімет Үйі
Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница