Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комисиясы




Скачать 46.59 Kb.
НазваниеҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комисиясы
Дата конвертации17.04.2013
Размер46.59 Kb.
ТипДокументы
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комисиясы
№2 Хаттама Қарағанды қ.

2009 жылғы 26 маусым Обләкімдік, Конференц-залы
Тарифтерді негізсіз өсіруді болдырмау шаралары және табиғи монополиялар тарифтерін реттеу жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органның жұмысы туралы

Шешім

(2009-2011 жылға арналған облыстық келісімнің 15, 16, 18 тармақтары)
Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің 2008 жылдан бастап мемлекеттік органдардың қызметін қайта ұйымдастыруға байланысты өкілеттігі айтарлықтай артты. Департамент табиғи монополиялар нысандарымен жұмысты түрлі бағыттарда жүзеге асырады, оның ішінде:

  • Табиғи монополиялар нысандарының қызметін бақылау. 2009 жылғы 1 маусымында Қарағанды облысы бойынша табиғи монополиялар нысандары Мемлекеттік регистрінде 113 нысан тіркелген, реттейтін қызмет түрлерінің саны – 190 және олардың «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС 40 қызмет түрі бойынша. Реттелетін қызметтердің жалпы саны – 230.

Осы жылғы 5 айдың ішінде Департамент табиғи монополиялар нысандарының тарифтерін бекітуге 35 өтінім қарастырды. Табыстың төмендеуі нәтижесінде пайда болған шартты-экономикалық тиімділік 153 870 мың теңгені құрайды.

  • Тарифтік сметаларды орындау талдауы. Жылдың басынан бастап 115 тарифтік смета бойынша 58 табиғи монополиялар нысандары тексерілді. Талдау нәтижесі бойынша департамент бойынша бұйрықпен тұтынушыға залалды өтеу мақсатымен 37 орнын толтыру тарифі бекітілді. Негізсіз кірістің сомасы 1 млрд. 18 млн. 56 мың теңгені құрайды.

  • Табиғи монополиялар нысандарын техникалық реттеу, оның ішінде: сан көрсеткіштерін және өнімнің бір данасына жұмсалатын шикізаттың, материалдардың, электр қуатының техникалық және технологиялық мөлшерін, техникалық мөлшерлік шығынын бекіту.

  • Өндіріс саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау.

  • Теміржол тасымалы, газ тасымалдау, азаматтық авиация салаларындағы бағаларды реттеу. Нарық нысандарының мемлекеттік реестрінде Қарағанды облысында өзіне сәйкес тауар айналымында үстем жағдайға ие қызмет түрі бойынша келесі нарық нысандары тіркелген: теміржол тасымалы – 7 нысан; электр энергетикасы – 29; азаматтық авиация – 3; газ тасымалдау – 2; ҚТҚ көмуі – 11.

Департамент сұйықтандырылған сауыт газын сату саласындағы («Әлем Газ» ЖШС, «ГазОйл» ГШБ ЖШС) және энергиялық жабдықтау саласындағы («Шахтинская ТЭЦ» ЖШС, Т.С. Мусаева ЖК) басым көрсететін қызметі үшін бағаларының сараптамасы жүргізілді. Сараптама нәтижесінде Қаражал қаласында «ГазОйл» ГШБ ЖШС сауыт газының 1 кг-ы үшін төленетін бағасы 0,6%-ға төмендетілді. Энергиялық жабдықтау қызметінің бағасы 37-ден 44%-ға дейін төмендетілді.

  • Табиғи монополиялар нысандарының қаржы-шаруашылық қызметінің тексерілуі. Транспорттық прокуратурамен бірлесіп «Сары-арқа Аэропорты» АҚ-ң тексерісі өткізілді. Нәтижесінде тарифтік смета баптарының 5%-дан артығы орындалмағаны анықталды, сонымен қатар тарифтік сметалардың орындалмауы тарифтің өзгеруіне әсер етпеді.

«КРЭК» ЖШС-нің тексерісі кезінде электр энергиясының берілуі (немесе) таратылып берілуі үшін 46 535 мың теңге көлеміндегі тарифтік сметаның орындалмағаны анықталды. Кәсіпорын тарапынан тарифтік сметаны түзету кезіндегі дәлсіздіктерге, тендерлік сатып алу мен келісім-шарттарды әзірлеу кезіндегі заң бұзушылықтарға жол берілді.

Энергиямен жабдықтау қызметін іске асыратын «Сәкен» ЖШС-нің (басым) тексерісі нәтижесінде құжаттар монопольді жоғары баға қою, әрі басым жағдайымен қиянат ету туралы талдау өткізу үшін ҚР бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттігінің Аймақаралық инспекциясына жіберілді.

  • Инвестициялық бағдарламаларды қарастыру мен келісу. Департамент «Қарағанды Жарық» ЖШС-нің, «Караганда Энергоцентр» ЖШС-нің 2008-2012 жылдарға арналған және «Қарағанды Жарық» ЖШС-нің электр жүйелерін қайта құру, техникалық қайта жабдықтау және дамыту» 2008-2012 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаларын қарастырып, келісті.

Департамент ресурстардың энергия үнемдеу мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Энергияны үнемдеу мақсатымен бірнеше кәсіпорындарда тәулік зоналары бойынша электр қуаты тарифтерінің дифференциациясы енгізілді. Электр қуатын тұтынудың нормадан тыс болғаны үшін едәуір жоғары тарифпен белгілейтін ережелерді бекіту жоспарлануда. Табиғи монополия нысандарының жалпы үй және жеке жылу мен су есептегіш құралдарын орнатуын бақылау жүзеге асырылуда. Тұрмыстық-коммуналдық салалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру шаралары қолданылуда.

Облыс кәсіподақтары сатылып алынатын электр қуатының күтілетін баға өсуіне байланысты мәселе көтеріп, әлеуметтік әріптестерге дағдарыс кезінде халық табысының азайған уақытында электр қуаты, жылу, су мен газға бағаларды дәлелсіз көтеруді болдырмау шараларын қолдануды ұсынды. Кәсіподақтардың пікірінше, электр қуаты тарифтерінің көтерілуі нәтижесінде коммуналдық қызметтің, өнеркәсіп және азық-түлік тауарларының бағасы өседі.

Тараптар Республикалық әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиясына аймақтарда тарифтік саясатты қалыптастыруда Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттігінің облыс департаменттерінің барынша көп қатысуы туралы және энергия өндіруші ұйымдар топтарын қалыптастыру тәртібін қайта қарағанда жәрдем көрсету үшін өтініш білдіру ұсынысын қолдады.

Осы мәселені талқылау нәтижесінде Қарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының мүшелері шешім етті:

  1. Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне (Н.А. Фомин) табиғи монополиялардың тарифтерін тоқтату және бұдан әрі тарифтерді дәлелсіз өсіруді болдырмау жұмысын күшейту ұсынылсын.

  2. Тараптар (А.Ж. Дүйсебаев, А.А. Мадиярова, Д.В. Павлов, Т.К. Доскенов, С.Л. Белкин, Г.Т. Құрбанбаева, Ж.Т. Алданғаров) Республикалық әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиясына аймақтарда тарифтік саясатты қалыптастыруда Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттігінің облыстық Департаменттерінің барынша көп қатысуы туралы және энергия өндіруші ұйымдар топтарын қалыптастыру тәртібін қайта қарағанда жәрдем көрсету үшін өтініш білдірсін.

  3. Шешімнің орындалуын бақылау жұмыс тобына (Н.А. Крюкова) және ОҮК үйлестірушісіне (Р.А. Оспанова) тапсырылсын.


Тараптар:
Үшжақты комиссия Облыс кәсіподақтар Облыс жұмыс берушілері

төрағасы Федерациясының төрағасы Кеңесінің төрағасы

А. Дүйсебаев А. Мадиярова Д. Павлов
Қазақстан кәсіпкерлері Қарағанды облысының еркін

ассоциациясының Президенті кәсіподақтары Конфедерациясының

Т. Доскенов Президенті

С. Белкин
Қарағанды облысының кәсіпкерлері Евразиялық кәсіпкерлер

Ассоциациясының атқарушы директоры ассоциацисының төрағасы Г. Құрбанбаева Ж. Алданғаров

Похожие:

Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комисиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия
Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар және Қарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комисиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия №2 Хаттама Қарағанды қ. 2009 жылғы 26 маусым Обләкімдік, Конференц-залы «Централ Азия Цемент»
«Централ Азия Цемент» АҚ қала-салушы кәсіпорындарында тұрақсыз жұмыс кезеңінде жұмыскерлерді қайта оқыту мен жұмысқа орналастыру...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комисиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Р ек 124-бабы қарастырылғандай, еңбекақыны көбейту тиісті кезеңге ҚР нормативтік құқықтық актілерімен анықталған инфляция деңгейінен...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комисиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Ағымдағы жылда жоспарда көзделген іс-шараларды жүзеге асыру қалалар мен аудандардың бюджеттерінде 513,2 млн теңге қаралған
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комисиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Федерациясы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, заңнамасын орындауда еңбек шарттары ерекше жұмыстармен...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комисиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Жұмыскерлерге еңбекақыны, жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшылардың міндетті зейнетақы салымдарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комисиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс»
Жезқазған қаласының жұмыс берушілерінің, кәсіподақтар бірлестіктерінің және атқарушы өкімет органдарының жұмысы туралы
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комисиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс»
Республикасы «Жұмыскерлердің еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені үшін жұмыс берушінің...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комисиясы iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Жұмыс берушілерге рұқсат бергенде ерекше жағдай жасау жүктеледі: даярлық, қайта даярлау және шетел жұмыс күші тартылатын мамандықтар...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комисиясы iconӘлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қарағанды облысының үш жақты комиссиясы №3
Облыстық үш жақты комиссияның 2009 жылғы 31 наурыздағы шешімімен комиссияның үйлестірушісі болып Қарағанды облысының әкімі аппаратының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница