Скачать 0.54 Mb.
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 Қаулысы "Егемен Қазақстан" газетi 3, 5 ақпан 2010 ж., № 38-39, 40-42 (25885, 25888); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 5, 61-құжат ![]() Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.07.20 N 745 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-т. қараңыз) Қаулысымен. 2. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк қызмет стандарттары бекiтiлсiн: 1) «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»; 2) «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»; 3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын және шетелге жiберiлетiн мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiн апостильдеу»; 4) «Мұрағаттық анықтамалар беру». 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысымен бекiтiлген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. Осы «Мұрағаттық анықтамалар беру» стандарты (бұдан әрi - стандарт) заңдық күшi бар және оның негiзiнде құжаттарды iздеу деректерiн көрсете отырып сұраныстың мәнi туралы құжаттық ақпаратты қамтитын мұрағаттың ресми құжаты - мұрағаттық анықтама беру жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет көрсету) тәртiбiн анықтайды. 2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттiк қызмет Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 15-бабы 5-тармағының негiзiнде көрсетiледi. 4. Мемлекеттiк қызмет тiзбесi осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларындакөрсетiлген мемлекеттiк мұрағаттар (бұдан әрi - Мұрағат), сондай-ақ баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы көрсетiледi. 5. Мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны мұрағаттық анықтаманы, мұрағат құжаттарының көшiрмелерiн немесе үзiндiлерiн (бұдан әрi - мұрағаттық анықтама) беру болып табылады. 6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi. 7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi: Мұрағатқа өтiнiш бiлдiрген кезде: құжаттар Мұрағат кеңсесiнде тiркелген күнiнен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде; мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн екi немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан астам құжаттарды зерделеу қажет болған жағдайларда Мұрағат басшысы, не осыған уәкiлеттiк берiлген тұлға мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiн отыз күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартуы мүмкiн, бұл туралы құжаттар тiркелген күнiнен бастап үш күнтiзбелiк күн iшiнде тұтынушыға хабарланады; едәуiр уақыт шығыны мен еңбектi қажет ететiн генеалогиялық және тақырыптық сипаттағы ақпаратты анықтау жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету ол түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы құжаттар тiркелген күнiнен бастап үш күнтiзбелiк күн iшiнде тұтынушыға хабарланады. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттарды тапсырған кезде, сондай-ақ құжаттарды алу көзiнде кезек күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 15 минут. Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде: Мүрағатқа Орталық құжаттарды жiберген сәттен бастап 30 күнтiзбелiк күн iшiнде; мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттарды тапсырған кезде, сондай-ақ құжаттарды алу көзiнде кезек күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 30 минут. Генеалогиялық және тақырыптық сипаттағы мұрағаттық анықтама беру жөнiндегi мемлекеттiк қызметтi тек Мұрағаттар ғана көрсетедi. 8. Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес тапсырыс бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттағы ақпаратты айқындауды тапсырыс бойынша жүргiзудi және мұрағат құжаттарын кешiрiп алуды қоспағанда мемлекеттiк қызмет ақысыз болып табылады. Бұл жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсетуге арналған шарт жасалады, онда орындалған жұмыс үшiн ақы төлеу тәртiбi келiсiледi. Қызмет көрсетуге ақы төлеу Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген баға прейскурантында белгiленген есептеулерге және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 ақпандағы № 183 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк және ведомстволық мұрағаттардың ақылы қызмет көрсету және одан түскен қаржыны пайдалану ережесiне сәйкес жүргiзiледi. Төлем Қазақстан Республикасының банктерi арқылы жүргiзiледi, оған төлем мөлшерi мен күнiн растайтын түбiртек берiледi. 9. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi мен оған қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат электронды Үкiмет порталында: www.е.gov.kz, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiқ интернет-ресурсында: www.mki.gov.kz, ресми ақпарат көздерiнде, тiзбесi осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген мемлекеттiк қызмет көрсету орындарындағы ақпараттық тақталар мен стендiлерде орналастырылады. 10. Мемлекеттiк қызмет: Мұрағатқа өтiнiш бiлдiрген кезде: сенбi мен жексенбiнi қоспағанда, күн сайын. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн. Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады; Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде: жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, оның сағат 9-00-ден 20-00-ге дейiн үзiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн, филиалдар мен өкiлдiктер үшiн сағат 9-00-ден 19-00-ге дейiн бiр сағаттық түскi үзiлiспен жұмыс кестесi белгiленедi. Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады. 11. Қызмет дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға қызмет көрсету шарттары көзделген, сондай-ақ қажеттi құжаттардың тiзбесi бар стендтермен жарақтандырылған үй-жайлары бар Мұрағат ғимаратында көрсетiледi. Мұрағат үй-жайында құқықтық тәртiптi сақтау үшiн тәулiк бойына күзет бекетi, өртке қарсы сигнализация және басқа да қауiпсiздiк шаралары бар. Мемлекеттiк қызмет тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша Орталық ғимаратында да көрсетiледi, мұнда дене мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, тосып отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналастырылады. 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi 12. Тұтынушы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мыналарды ұсынады: Мұрағатқа өтiнiш бiлдiрген кезде: 1) расталуы қажет мәлiметтер көрсетiлген өтiнiштi (хатты); 2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенiм бiлдiрiлген тұлғаның (жеке қабылдау көзiнде) өкiлеттiгiн куәландыратын құжатты; Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде: 1) мемлекеттiк қызмет көрсету туралы өтiнiштi; 2) расталуы қажет мәлiметтер көрсетiлген өтiнiштi (хатты); 3) тұтынушының жеке басын куәландыратын немесе сенiм бiлдiрiлген тұлғаның өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшiрмесi. Құжаттар пакетiн қабылдаған кезде Орталық қызметкерi көшiрмелердi түпнұсқамен сәйкестiгiн тексерiп, түпнұсқаны тұтынушыға қайтарады. Қажет болған жағдайда тұтынушы өтiнiшке (хатқа) тиiстi құжаттар мен материалдарды, не оның көшiрмелерiн қоса бередi. 13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн бланкiлердi толтыру талап етiлмейдi, өтiнiштер еркiн нысан бойынша қабылданады. Орталықта мемлекеттiк қызмет көрсету туралы өтiнiштердiң бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады, не Орталықтың консультанттарында болады. 14. Мемлекеттiк қызметтi Мұрағат арқылы алу үшiн осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттар тiзбесi осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген Мұрағаттарға тапсырылады. Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда «терезелердiң» мақсаттары, орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының аты, әкесiнiң аты, тегi және лауазымы көрсетiледi. Орталық инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкестiгiне құжаттардың толықтығын тексерудi, журналға тiркеудi және құжаттарды жинақтаушы бөлiмнiң инспекторына берудi жүзеге асырады. Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинауды, тiзiлiм жасауды және Мұрағатқа жiберудi жүзеге асырады. Орталық өтiнiштердi қоса берiлген құжаттармен бiрге Мұрағатқа осы өтiнiштердi қабылдаған күнi арнайы байланыс арқылы кемiнде екi мәрте жеткiзiп отырады. Мұрағат құжаттарды алған соң осы стандарттың 12-тармағына сәйкестiгiн тексередi, түскен құжаттарды жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын тiркеу кiтабына (журналына) тiркейдi. Орындалған (дайын) құжаттар Мұрағаттан Орталыққа тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатта көрсетiлген беру мерзiмiнiң аяғына дейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей келiп түседi. 15. Тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алғанын Мұрағаттың осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген барлық қажеттi құжаттарды қабылдап алғанын көрсете отырып, қызмет алуға ұсынылған құжаттарды тiркеу кiтабына (журналына) тiркеуi растайды. Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған жағдайда тұтынушыға: 1) сұраудың нөмiрi мен қабылданған күнi; 2) сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi; 3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары; 4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны; 5) Орталықтың құжаттарды ресiмдеуге арналған өтiнiштi қабылдаған инспекторының аты, әкесiнiң аты, тегi көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi. 16. Мұрағат қызметкерi мұрағаттық анықтаманы тұтынушыға (сенiмдi тұлғаға) жеке өзi келгенде бередi, не пошта арқылы немесе Орталыққа жiбередi. Тұтынушыға дайын құжаттарды беру осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша Мұрағаттарда жүргiзiледi. Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды берудi Орталық инспекторы қолхаттың негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде «терезелер» арқылы жүзеге асырады. 17. Тұтынушының осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуiн ұсынбауы мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұруға негiз болып табылады. Сұрауды орындау үшiн қажеттi мәлiметтердiң болмауы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға негiз болып табылады. Мұрағаттар құжаттарды ресiмдеу көзiнде жiберiлген қателiктер анықталғанда, не осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық пакетi ұсынылмаған кезде құжаттар пакетiн қабылдағаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде қайтару (бас тарту) себептерiн жазбаша негiздей отырып тұтынушыға немесе Орталыққа қайтарады. Орталық құжаттар пакетiн қабылдаған соң тұтынушыға бiр жұмыс күнi iшiнде хабарлайды және Мұрағаттың қайтару (бас тарту) себебi туралы жазбаша негiздемесiн бередi. Егер тұтынушы құжаттарды мерзiмiнде алмаған жағдайда, Орталық оларды 1 ай мерзiмде сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды Орталық мұрағатына тапсырады. 3. Жұмыс қағидаттары 18. Мұрағаттың және Орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышты орындау көзiнде заңдылықты сақтауға негiзделедi және сыпайылық, жеткiлiктi әрi толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады. 4. Жұмыс нәтижелерi 19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету жұмысының нәтижелерi осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi. 20. Мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен қол жетiмдiлiгiнiң мақсатты көрсеткiштерiн облыстардың, Астана, Алматы қалаларының мұрағаттар мен құжаттама басқармаларының басшы қызметкерлерiнен арнайы құрылған жұмыс тобы жыл сайын бекiтедi. 5. Шағымдану тәртiбi 21. Мұрағаттың уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн Мұрағат директорлары мен облыстардың, Астана, Алматы қалаларының мұрағаттар мен құжаттама басқармаларының басшылары түсiндiредi. Орталық инспекторының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң телефоны бойынша алуға болады: 58-00-58. 22. Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына наразылық болған жағдайда Мұрағат директорының атына, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының мұрағаттар мен құжаттама басқармаларының басшыларына шағым берiледi. Шағым жазбаша түрде поштамен, не қолдан Мұрағат кеңсесi арқылы осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайларда қабылданады. Орталық арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсету сапасына қатысты шағым Орталық директорының атына берiледi. Орталық мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген. Даулы мәселелер азаматтық сот iсi тәртiбiмен шешiледi. 23. Қабылданған шағым Мұрағаттың және Орталықтың кiрiс хат-хабарды есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Шағымның екiншi данасы не шағымның көшiрмесi шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдайтын тұлға берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерiн көрсетедi. Шағымды қарау нәтижелерi туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы не электронды поштамен хабарланады. 6. Байланыс ақпараты 24. Мұрағат пен Орталық басшыларының жұмыс iстеу және қабылдау кестелерi осы стандарттың 10-тармағында көзделген Мұрағат пен Орталықтың жұмыс кестесiне сәйкес анықталады. Мұрағаттар пен Орталықтардың мекенжайлары, байланыс телефондары осы стандарттың 1 және 2-қосымшасында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және Мұрағат пен Орталықтың үй-жайларында орналастырылған стендiлерде көрсетiлген. 25. Ұсынылатын мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет- ресурсынан алуға болады: www.mki.gov.kz. «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 1-қосымша Мемлекеттiк мұрағаттардың мекенжайы
|