13 ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Испания Королі Хуан Карлос і-мен кездесті. 12 наурыз




Скачать 333.47 Kb.
Название13 ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Испания Королі Хуан Карлос і-мен кездесті. 12 наурыз
страница1/3
Дата конвертации23.11.2012
Размер333.47 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
13 ақпан

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Испания Королі Хуан Карлос І-мен кездесті.

12 наурыз

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-ға ресми сапармен келген Моңғолияның Президенті Н.Багабандимен кездесті.

26 наурыз

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте өткен Орта Азия мемлекет басшылары Саммитіне қатысты. Кездесу нәтижесін-де Орта Азия экономикасына арналған арнайы бағдарлама туралы Ташкенттік декларация (СПЕКА) қабылданды.

9-10 сәуір

Қазақстан Республикасының Президенті Ресейге жұмыс сапарымен барды. Ресей Президенті Б.Ельцинмен кездесу барысында Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары және Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселелерін тал-қылады.

15 сәуір

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-ға ресми сапармен келген Бельгия Премьер-министрі Жан-Люк Деанмен кездесті.

28-29 сәуір

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «4+N» Саммитіне және ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің отырысына қатысты. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам» бағдарламасы талқыланып, қабылданды.

6 мамыр

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев «Қазақстан Республикасының астанасы – Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы» Жарлыққа қол қойды.

3 шілде

Астанада Шанхай және Мәскеу келісіміне қатысушы бес мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында Шекара аймағындағы әскери саладағы сенімділікті нығайту туралы Шанхай және Шекара аймағындағы Қарулы Күш-терді азайту туралы Мәскеу келісімдерінің орындалу барысын талқылады.

4 шілде

Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Цзянь Цзэминь Қазақстан-Қытай шекарасы туралы қосымша келісім-шартқа қол қойды.

6 шілде

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Б.Ельцинмен және Премьер-министр С.Кириенкомен кездесті.

22 қыркүйек

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Италияға ресми сапармен барды. Сапар барысында Италия Президенті О.Л.Скальфаромен және Министрлер Кеңесінің Төр-ағасы Р.Продимен кездесті.

29 қазан

Анкарада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Әзірбайжан – Г.Алиев, Грузия – Э.Шеварнадзе, Өзбекстан – И.Кәрімов, Түркия – С.Демирель Каспийлік және Ортаазиялық мұнайды әлемдік нарыққа «Восток–Запад» дәлізі арқылы тасымалдау туралы декларацияға қол қойды.

30-31 қазан

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан-ға ресми сапармен барды. Сапар барысында Өзбекстан Президентімен кездесіп, бірқатар құжаттарға қол қойды.

2 желтоқсан

Ослода өткен ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің кеңесі барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚҰЫ арасында Алматыда ЕҚЫҰ Орталығын ашу туралы меморандумға және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚЫҰ-ның Демократия және адам құқығы жөніндегі бюросы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

22 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға қол қойды.

1999 жыл
10 қаңтар

Қазақстан Республикасының Президентін сайлау болды. Тұңғыш рет баламалы негізде демократиялық үрдіспен өткен бұл сайлауда Қазақстан Республикасының Президенті болып 81,71 пайыз дауыс алған Нұрсұлтан Назарбаев қайта сайланды.

19 қаңтар

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб негізінде «Отан» партиясы құрылды. Осы күні партияның құрылтай съезі өткізіліп, 12 ақпанда тіркеуден өтті.

28 қаңтар

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысты.

2 сәуір

Мәскеуде ТМД мемлекет басшыларының кеңесі өтті, оған 12 ел басшысы қатысты.

8 сәуір

Ашхабадта Орта Азия мемлекет басшыларының отырысы өтті. Оған Нұрсұлтан Назарбаев, А.Ақаев, И.Каримов, Э.Рахмонов, С.Ниязов қатысты. Саммит нәтижесі бойынша Аралды құтқару Халықаралық қорының ережесі бекітілді.

16 сәуір

Алматыға жұмыс сапарымен Палестина мемлекетінің Президенті Я.Арафат келді.

23-25 сәуір

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев НАТО-ның Саммитіне қатысу үшін Вашингтонға сапар шекті.

24 тамыз

Бішкекте «Шанхай бестігі» елдері мемлекет басшыларының Саммиті өтті.

3 қыркүйек

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде мұнай өндіріле бастауына 100 жыл толуына орай Атырау қаласында өткізілген салтанатты шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

15 қыркүйек

Қазақстан Республикасының Президентінің Болгарияға бірінші мемлекеттік сапары болып өтті.

17 қыркүйек

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украинаға ресми сапармен барды.

23 қыркүйек

Қазақстанға Ресей Федерациясының Премьер-министрі В.Путин ресми сапармен келді.

4 қазан

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның төрағасы, Норвегия Сыртқы істер министрі К.Воллебекті қабылдады.

5 қазан

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иранға ресми сапар шекті.

29 қазан

Қазақстан Республикасына Польша Президенті А.Квасьневскийдің алғашқы ресми сапары басталды.

18 қараша

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Стамбұлда ЕҚЫҰ Саммитінің жұмысына қатысты.

22 қараша

Астанада «Қазақстан-Еуропалық Кеңес» ынтымақтастық комитетінің бірінші отырысы өтті.

22 қараша

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолияға ресми сапармен барды.

23-27 қараша

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды.

6 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапон еліне сапары болды.

15 желтоқсан

БҰҰ және ЕҚЫҰ агентстволары мен бағдарламаларының жаңа офистерінің ашылу рәсімі өтті.

16-желтоқсан

НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәте-рінде Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосының басшысы Е.Ыдырысов НАТО-ның евроатлантикалық серіктестік Кеңесінің Сыртқы істер министрлері мәжілісінің жұмысына қатысты.

16 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркке сапары жолында қысқа мерзімге Мадридте тоқтады. Испанияның королі Хуан Карлос I-мен және испан үкіметінің төр-ағасы Х.Ансармен кездесулері болды.

17-21 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары болды.

2000 жыл

25 қаңтар

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының саммитіне қатысты.

3 наурыз

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Израиль мемлекетіне ресми сапармен келді.

20 сәуір

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға жұмыс сапары болды. Президент
Н.Назарбаев пен Президент И.Кәрімов-тің кездесуі барысында екі жақ­ты сауда-экономикалық байланыс мәселелері тал­қы­ланды.

10-11 мамыр

Қазақстанға мемлекеттік сапармен Литва Респуб­ликасының Президенті В.Адамкус келді. Мейман Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қабылда-уында болды.

23 мамыр

Минскіде Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан мемлекеті басшыла­рының Саммиті өтті. Онда Кеден Одағының қатысушы мемлекеттер басшылары интеграциялық үрдістердің одан әрі дамуының негізгі бағыттары белгіленді.

13 маусым

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәжік-стан рес­публикасына ресми сапары болды. Екі Мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастық, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

18-20 маусым

Қазақстан Республикасының Президентінің Ресейге ресми сапары шеңбе­рінде Нұрсұлтан Назарбаевтың В.В.Путинмен кездесуі болды.

26 маусым

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Бельгия және Брюссельдегі Еуропалық комиссияның штаб-пәтерінде болды. Елбасы ЕК Президенті Р.Продимен кездесті.

27 маусым

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияға ресми сапармен барды. Француз басшысымен кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық, сонымен қатар халықаралық және аймақтық мәселелердің кең көлемі талқыланды.

4 шілде

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада НАТО-ның Бас хатшысы лорд Дж.Робертсонмен кездесті. Келіс­сөздерде Қазақстан Республикасы мен НАТО арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасын іске асыру жайттары қарастырылды.

18 тамыз

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекет Басшыларының бейресми кездесуіне Ялтаға келді. Саммит қатысушылары Орталық Азиядағы және Тәжікстанның таулы шекараларындағы жағдайды талқылады.

23 тамыз

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық қорын құру туралы» Жарлыққа қол қойды.

4 қыркүйек

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Лондонға сапар жасап, Еуропалық қайта құру және даму банкінің Президенті Ж.Лемьермен, «BAE Systems» аэроғарыш компаниясының директоры Дж.Вестонмен және Ұлыбританияның экс-премьері М.Тэтчермен кездесті.

6 қыркүйек

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 55-ші сес­сия­сы шеңберінде мыңжылдық Саммиті ашылып, Елбасы «Қауіпсіздік және ынтымақтастық–ғаламдық және аймақтық аспектілер» баяндамасын жасады.

9 қазан

Қазақстанға алғашқы ресми сапармен Ресей Федерациясының Президенті В.Путин келді.

10 қазан

Астанада Кеден одағының қатысушы мемлекеттері басшылары Еуразиялық Экономикалық Қауымдас­тықты (ЕурАзЭҚ) құру туралы мәлімдеме және шарт­қа қол қойды.

30 қазан

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Испанияға ресми сапары болды. Сапар кезінде біздің Мемлекетіміздің басшысы Испанияның Үкімет Төрағасы Хосе Мария Азнармен және іскер топтармен кездесті.

6 қараша

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Ислам Респуб­ликасы атқарушы билігінің Басшысы Первез Мушарафпен кездесті. Кездесу барысында екі Мемлекет басшылары екі жақты қатынастардың және Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ОЭС) шеңберінде аймақтық ынтымақтастықтың маңызды аспектілерін талқылады.

15-16 қараша

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары болды. Мемлекет Басшысы Ұлыбритания Королевасы Елизавета II және Премьер-Министр Тони Блэрмен кездесті.

2001 жыл

30 қаңтар

Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қа­ты­суымен әкімдердің республикалық кеңесі өтті.

20 ақпан

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Куала-Лумпурде Малайзия Премьер-министрі М.Мохамадпен кездес­ті.

15-16 наурыз

Қазақстанға жұмыс сапарымен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы А.Гавахи келді. Қонақты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев және Премьер-министр Қ.Тоқаев қабылдады.

3 сәуір

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Литва Республикасына ресми сапар шекті. Ол Литва Президенті В.Адамкуспен, Премьер-министрі Р.Паксаспен келіссөздер жүргізді.

23-25 мамыр

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Арменияға ресми сапармен аттанды. Сапар барысында ол Армения Президенті Р.Кочарянмен келіссөздер жүргізді.

13 маусым

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Ж.Лемьерді қабылдады.

5 шілде

Қазақстанға ресми сапармен Түрікменстан Пре­зиденті С.Ниязов келді. Қонақты ел басшысы Нұрсұлтан Назар­баев қабылдады. Тараптар бірқатар екі жақты құжат­тарға қол қойды, соның ішінде Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау процесі туралы келісімшартқа қол қойылды.

16 шілде

Қазақстан Республикасының Президенті ресми сапармен Грек Республикасына барды. Сапар барысында ол Греция Президенті К.Стефанопулоспен кездесті.

18-19 шілде

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Хорватия Республикасына барды. Сапар барысында Н.Назарбаев Хорватия Президенті С.Месичпен кездесті.

24 шілде

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Қырғызстанға барды. Сапар барысында екі мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастық мәселелерін тал­қылады.

29-30 тамыз

Алматыда «ХХІ ғасыр: ядролық қарудан азат әлем жолында» атты халықаралық конференция өтті.

5 қыркүйек

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға жеке сапармен келген Испания Королі Хуан Карлос І қа­былдады.

8 қыркүйек

Қазақстанға ресми сапармен Латвия Премьер-Министрі А.Берзиньш келді.

11 қыркүйек

АҚШ-та террористік актілер орын алды. Қазақ­стан ғаламдық қауіпсіздікке ат салысу үшін Ирактағы халық­аралық коалиция күштеріне қосылды. Амери­кандық тараптың сұрауы бойынша Иракқа инже­нерлік-саперлік отряд жіберілді.

13-14 қыркүйек

Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымына қа­тысушы мемлекеттер үкіметтері басшыларының отырысы өтті.

14 қыркүйек

Қазақстанға жұмыс сапарымен ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Чжу Жунцзи келді.

14 қыркүйек

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Үкімет Төрағасы М.Касьяновпен кездесті. Кездесу барысында Каспий мұнай құбыры консорциумы жобасын бастау және Каспий теңізінің шекарасын делимитациялау жөніндегі келіссөз процесі туралы сөз қозғалды.

22-25 қыркүйек

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Рим Папасы Иоанн Павел ІІ мемлекеттік сапармен келді.

1 қазан

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Германия Федеративті Республикасына келді.

29 қараша

Қазақстан мен Әзірбайжан арасында Каспий те­ңізінің бөлу туралы келісім-шартқа қол қойылды.

17 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Испанияға аттанды.

18-21 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды. Екі Мемлекет басшысы ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті нығайту туралы мәлімдемеге қол қойды.

22 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Лондонға сапар шекті. Сапар барысында ол көптеген мемлекеттік және қоғам қайраткерлерімен, соның ішінде Ұлыбри­танияның бұрынғы Премьер-министрі М.Тэтчермен кездесті.

2002 жыл

22 қаңтар

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Бас хатшысы Г.Рапотамен кездесуі барысында ЕврАзЭҚ қызметіне байланысты бірқатар стратегиялық мәселелер тал­қыланды.
  1   2   3

Похожие:

13 ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Испания Королі Хуан Карлос і-мен кездесті. 12 наурыз iconУкраин селолық округінің әкімі М. Г. Карпушанның тұрғындар алдындағы есебі Құрметті тұрғындар! Қазақстан Республикасының ел басы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Республикасының елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Дағдарыстан жанару мен дамуға» арналған үндеуін жолдады
13 ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Испания Королі Хуан Карлос і-мен кездесті. 12 наурыз iconКачир ауданының әкімі Н. М. Күлжанның есеп беру тезистері Құрметті аудан тұрғындары!
Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады. Елбасы өз...
13 ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Испания Королі Хуан Карлос і-мен кездесті. 12 наурыз iconШығыс Қазақстан облысы «Зайсан қала әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Мм-сі Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қалалық округ аумағында мемлекеттік саясатын жүргізеді және Қазақстан Республикасының...
13 ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Испания Королі Хуан Карлос і-мен кездесті. 12 наурыз iconНұрсұлтан Назарбаев қазақстан 2030
Мен сіздерге, Қазақстан халқына, қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жолдап отырмын....
13 ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Испания Королі Хуан Карлос і-мен кездесті. 12 наурыз icon14-15 апреля Ретроспектива фильмов по произведениям Хорхе Луиса Борхеса
В главных ролях: Ольга Зубарри, Лаутаро Муруа, Хуан Карлос Пас, Мартин Адхемиан, Даниэль Фернандес, Роберто Вильянуэва, Хорхе Кано,...
13 ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Испания Королі Хуан Карлос і-мен кездесті. 12 наурыз iconЗайсан ауданы әкімдігінің 11 қаңтар 2010 жылғы
Миссиясы: Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің ауылдық округ аумағында мемлекеттік саясатын жүргізетін және Қазақстан...
13 ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Испания Королі Хуан Карлос і-мен кездесті. 12 наурыз icon«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер
Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы...
13 ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Испания Королі Хуан Карлос і-мен кездесті. 12 наурыз icon1007 қаулысымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің
Кеңсай ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің ауылдық округ аумағында мемлекеттік саясатын жүргізеді...
13 ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Испания Королі Хуан Карлос і-мен кездесті. 12 наурыз iconБұл қуанышты бетбұрыс Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан да анық көрініс табады
Жастарға спорттық доптар, күрес киімі, кимано, магнитофон әперіп, демеушілік жасауда. Турнирдің өткізілетіндігінен хабардар болған...
13 ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Испания Королі Хуан Карлос і-мен кездесті. 12 наурыз iconЗайсан ауданы әкімдігінің 11 қаңтар 2010 жылғы
Республикасының Президенті мен Үкіметінің ауылдық округ аумағында мемлекеттік саясатын жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңдарына...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница