Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 22 ақпанындағы №103 қаулысымен бекітілген




Скачать 134.25 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 22 ақпанындағы №103 қаулысымен бекітілген
Дата конвертации23.04.2013
Размер134.25 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 22 ақпанындағы

103 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру туралы Оперативтік есептілігіне 2010 жылдың қорытындысы бойынша

ТАЛДАМА
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің (әрі қарай – Агенттік) қызметі екі стратегиялық бағытты жүзеге асыруға негізделген:

- Жер ресурстары бойынша өзекті мәліметтерді құру және жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру;

- Мемлекеттің және экономика саласының өсіп келе жатқан қажеттігін қамтамасыз ететін геодезиялық және картографиялық өнім жасау.

Агенттіктің стратегиялық жоспарының индикаторларының/көрсеткіштерінің жалпы саны 26 болды (6 – мақсатты индикаторлар, 20 – нақты нәтижелердің көрсеткіштері), ал Агенттіктің стратегиялық жоспарының жарты жылдық көрсеткіштерінің болмауына байланысты, бұл көрсеткіштер жыл аяғына дейін жүзеге асырылады.

Бірінші бағыт: Жер ресурстары бойынша өзекті мәліметтерді құру және жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру.

Бірінші стратегиялық бағытты жүзеге асыру үшін, орташа тез кезеңде 17 695 641 мың теңге шығын қарастырылған, оның ішінде жылдар бойынша:

2010 жылы – 5 353 380 мың теңге;

2011 жылы – 6 090 006 мың теңге;

2012 жылы – 6 252 255 мың теңге,

келесі мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін:

1.1-мақсат. Пайдаланушыларға берілетін жер ресурстары туралы ақпараттың толықтығы мен нақтылығын қамтамасыз ету келесі міндеттерді орындау арқылы жүзеге асырылады:

1.1.1.-міндет. Жер ресурстарының сапалық жағдайы туралы ақпараттық қамтамасыз ету деңгейін жоғарылату.

Пайдаланушыларға берілетін жер ресурстары туралы ақпараттың толықтығы мен нақтылығын қамтамасыз етуге арналған міндеттерді жүзеге асыру үшін, келесі көрсеткіштер мен іс-шаралар қарастырылған:



Көрсеткіштер атауы

бірлік

2010 ж.

2010 ж.қоры-тынды-сы

тексеруге жататын ауыл шаруашылық алқаптарын іздестірумен қамту, оның ішінде:

%

28


28


топырақтық

%

15,8

15,8

геоботаникалық

%

9,0

9,0

бағалау

%

3,2

3,2

шаруа қожалықтарының жер учаскелерін паспорттармен қамту

%

82,8

82,8

ауыл шаруашылық мақсатындағы алқаптарын 100% экономикалық бағалаумен қамту

%

53

53


2010 жылы шаруа қожалықтарын паспорттармен қамту 21700 көлемінде қарастырылған, есеп беру кезеңінде 21700 көлемде паспорттармен қамтылды.

Экономикалық бағалауға ауыл шаруашылық мақсатындағы 215,7 млн.га жердің барлығы жатады. 2010 жылы 133,3 млн га жерге экономикалық баға берілді.
1.1.2.-міндет. Елдің жер қоры және жер учаскелері туралы мәліметтер жинағын құруды, сандық есепке алуды жақсарту.





п/п

Жұмыс атауы

Өлшем бірлігі

2010 жылдың жоспары

2010 ж. қоры-тындысы

1


Қалаларда және елді мекендерде топталып, есепке алынған кварталдардың электрондық жер-кадастрлық карталарын құру

есепті.кв.

20

20

2

МЖК ААЖ базасын топтастыру

мың есеп

425

425

3

Жерлердің мемлекеттік есебі

мың га

272,5

272,5

4

Мәліметтер ұсыну

мың дана

135,5

135,5

5

Үйлестірілмеген жер учаскелерін межелеу

мың.уч.

997


997


6

Кадастрлық жерлерді сканерлеу

мың іс

692

692


1.1.3.-міндет. Жер мониторингі мәліметтерін жүргізу мен пайдалануды жетілдіру.

2010 жылы мониторинг 12,6 млн.га алқапта жүргізілді. Мақсаттық индикаторларға қол жеткізу туралы Агенттіктің Меморандумына сәйкес, 2010 жылы 126 стационарлық экологиялық алаңдарда (СЭА) бақылау жүргізілді және 18% құрады ( республика аумағының бақылауға арналған алаңынан).

Және де айта кететін жайт, өңделетін жерлердің стационарлық экологиялық алаңдарында аумақтық-зоналық жүйелер құрылмаған және басым болатын топырақтың әр түрлерін толық қамтымаған. Жердің өзгеруі туралы нақты ақпарат алу үшін, топырақтық зоналар және кіші зоналардың ішіндегі бақылау желісін күшейту қажет.

1.1.4.-міндет. Топырақтық-агрохимиялық зертханалардың топырақтың агрохимиялық зерттеуін жүргізу, топырақ құнарлылығының мониторингін жүргізу қызметіне орталықтандырылған ғылыми-әдістемелік басқаруды жүзеге асыру.

2010 жылы жоспарланған 1,0 млн.га алаңда топырақ құнарлылығының агрохимиялық мониторингі жүргізілді.

Есеп беру кезеңінде 81,0 мың топырақ және өсімдік үлгілеріне негізгі агрохимиялық көрсеткіштері, ауыр металдар және микроэлементтер бойынша талдаулар жасалды, бұл жұмыстар агрохимия қызмет орталығының жоспарланған көлеміне сәйкес.

Бақылау жасалатын агрохимиялық көрсеткіштер көлемі кеңейтілді. Агрохимиялық зерттеулер жүргізу кезінде топырақ үлгілерінің құрамындағы күкірт, мыс, мырыш, кадмий, қорғасын, кобальт және марганец анықталды.

Топырақ үлгілерінің құрамындағы қарашірік, рН, жылжымалы фосфор мен калий, жеңіл ыдырайтын азот, нитраттық азот, жылжымалы мыс, жылжымалы цинк, жылжымалы кобальт, жылжымалы кадмий, жылжымалы марганец, жылжымалы қорғасын анықталды. Өсімдік үлгілерінің құрамындағы фосфор, азот, кальций, мыс, мырыш, кадмий, қорғасын, марганец, кобальт, темір, көмірсулар, клетчатка, каротин, май анықталды. Әр түрлі жемшөп түрлерінің қоректілігіне және дән сапасына зоотехникалық баға берілді. Талдау жасау әдістеріне салыстырмалы баға беруді негізінде, топырақ және өсімдік үлгілерінің талдау әдістері мен Қазақстан Республикасының әр түрлі топырақтық-климаттық аймақтарындағы дәнді, жемшөптік дақылдарға экологиялық және санитарлық-медициналық баға беру жетілдірілді.

Қазақстан Республикасының Агрохимиялық мәліметтер банкі 82,0 мың банк-бірлікке толықтырылды, жоспарланған 80,82 банк-бірлік көлемінің 100% болады. Негізгі қоректік элементтер бойынша 82 мың дана агрохимиялық картограммалар дайындалды.

Агрохимиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша 87 дана есеп және ұсынымдар әзірленіп, шаруашылық субъектілеріне таратылды.

Көктемгі-жазғы кезеңде химияландыру құралдарын тиімді қолдану үшін, 20 дана ғылыми-өндірістік тәжірибелер салынды. Тәжірибелер толық көлемде жүргізілді, сонымен қатар, зерттеулер нәтижелеріне статистикалық және камералдық жөндеулер жасалды.

1.2-мақсат. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау тиімділігін жоғарылату арқылы Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзылуын азайту.

2010 жылы жоспарлы кезеңде анықталған бұзушылықтарды жою 50% болуға тиіс.

Есеп беру кезеңінде, Агенттіктің аумақтық органдарымен жер қатынастары субъектілерінің жер заңнамасын сақтауына 6,3 мың тексеріс жүргізілді. Тексеріс кезінде 684 мың га алқапта 3,5 мың жер заңнамасын және әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Шығарылған ұйғарымға сәйкес, қабылданған шаралар нәтижесінде 424 мың га алқапта 1830 бұзушылық жойылды, бұл жалпы анықталған бұзушылық санының 65% құрайды.

Атап айтқанда, аталмыш мақсаттық индикатор көрсетілген жоспарлы көрсеткіштен ауып түсті.

Жер қатынастары субъектілерін жоспарлы тексеруді қысқарту. Агенттіктің стратегиялық жоспарына сәйкес, бұл көрсеткіш 2010 жылы 5% болуға тиіс.

Мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 17 шілдедегі №188-IV «Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік мәселелерінің кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына және жерді пайдалану мен қорғауға бағытталған мемлекеттік бақылаудың тәуекел ету деңгейіндегі баға өлшеміне сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Жер қатынастары саласындағы негізгі тәуекелдер, жерді орынсыз пайдалану нәтижесінде жер ресурстарына залал келтіру ықтималдылығы болып табылады, оның салдарынан топырақ құнарлылығының төмендеуі, жердің тозуы, шөлейттенуі, ластануы, жел және су эрозиясына ұшырауы мүмкін, алайда жер қатынастарын реттестіру – жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқығын бұзу болып табылады.

Бұл ретте, мемлекеттік бақылауды жүргізу барысында тәуекел етуді басқару жүйесінің мақсаты, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік қысымды төмендету, сонымен қатар, аталған салада мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Осыған сәйкес, 2010 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 11 ақпандағы №19-П және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрінің 2010 жылғы 16 ақпандағы №58 «Жер қатынастары, геодезия мен картография саласындағы негізгі тәуекелдер, жер қатынастарын реттестіру, геодезия және картография салаларындағы тәуекелдерді бекіту және жер ресурстары жағдайларына әсер ету қызметін жүзеге асыратын субъектілердің тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» бұйрықтары күшіне енді.

Қазіргі кезде, жер қатынастары салаларында жоспарлы тексерістер бұйрыққа сәйкес жүргізіледі және былтырғы жылмен салыстырғанда 5 мыңға азайғанын, жоспарлы тексеріс жүргізілетін субъектілердің сапалы және объективті түрде таңдалып алынатынын және былтырғы жылмен салыстырғанда 55% қысқартылғанын көрсетеді.

Қауіп-қатердің төмен және орта дәрежесі санаттарына жатқызылған жер қатынастары субъектілеріне тексеріс жүргізудің ұзақтығы. Агенттіктің стратегиялық жоспары бойынша бұл көрсеткіш 29 жұмыс күні болады.

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес, тексеріс жүргізудің ұзақтығы отыз бес жұмыс күнінен аспауы керек.

Агенттіктің стратегиялық жоспарында көрсетілген көрсеткішті орындау мақсатында, қазіргі уақытта Агенттіктің аумақтық органдары жүргізетін тексерістің орташа кезеңі 12 жұмыс күні.

1.2.1-міндет. Нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру.

2010 жылы нормативті-құқықтық салаларда келесі жұмыстар атқарылды:

1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы шегінде, базалық ставканы өзгерту, жерлерді резервтеу, жерді қорғауды бақылауды қатаңдандыру, жер учаскелерін игеру және басқа мәселелер бойынша Агенттікпен Жер кодексіне түзетулер әзірленді.

Аталмыш заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелер жөніндегі Комитетінде қарастырылуда және екінші оқылымға әзірленуде.

2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы шегінде, мемлекеттік қажеттілікке байланысты жерлерді алу мәселелері бойынша Агенттікпен Жер кодексіне түзетулер әзірленді.

Алу рәсімін тәртіпке келтіруден басқа, 2010 жылғы 2 қарашадағы Елбасының тапсырысына сәйкес, мемлекеттің және жеке меншік иелерінің мүдделерін қорғауды орындау мақсатында мемлекеттік қажеттілікке байланысты алынатын жер учаскелеріне баға беру бойынша түзетулер әзірленді.

Аталмыш заң жобасы 2010 жылдың 23 желтоқсанында Парламент Сенатының бірінші және екінші оқылымдарында қабылданды.

3. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының шаруа (фермер) қожалығының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы шегінде, шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін беру туралы Жер кодексіне өзгертулер енгізілді. Аталмыш заң жобасы да 2010 жылдың 23 желтоқсанында Парламент Сенатының бірінші және екінші оқылымдарында қабылданды.

Заңнамалық актілерге өзгерту енгізуден басқа, Агенттікпен кіші заңнамалық нормативті-құқықтық актілерге келесі түзетулер әзірленді:

1) жер учаскелерінің идентификациялық құжаттарының нысанын бекіткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 6 маусымындағы №511 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 15 ақпанындағы №96 қаулысымен түзетулер енгізілді. Бұл түзетулер жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі заңнамаға сәйкестендірілді;

2) жер учаскелерінің идентификациялық құжаттарын беруге мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа стандарттары жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 30 маусымындағы №561 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 17 ақпанындағы №102 қаулысымен түзетулер енгізілді;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 30 маусымындағы №668 қаулысымен, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта таратып бір жерге топтастырып «Қазгеодезия» қазыналық кәсіпорнына кіргізу туралы Үкіметтің кейбір актілеріне түзетулер енгізілді.

Бұдан басқа, аэротүсірілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру тәртібі жөніндегі 2010 жылдың 4 маусымындағы №530 қаулыға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы жобасы бүгінгі күні әзірленуде және келісуде.

1.2.2-міндет. Қазақстан Республикасының халқы арасында жер қатынастары бойынша құқықтық түсіндірмелік жұмыстар жүргізу.

Баспа құралдарында, Агенттіктің веб-сайтында жер заңнамасы саласындағы материалдар мен ақпаратты жариялау және жеке заңды тұлғалардың сұрақтарына жауап беру, сондай-ақ телерадио хабарларда сөз сөйлеу арқылы жер қатынастары субъектілері арасында құқықтық сауатсыздықты төмендету.

Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау, халық арасында жер қатынастары бойынша құқықтық түсіндірмелік жұмыстар жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу және қоғамдық ұйымдарды тарту жөніндегі жұмыстарға Агенттікте көп көңіл бөлінеді. Сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі дөңгелек столдарға қатысады.

Атап айтқанда, халық және еңбек ұжымдарының алдында 12 кеңес, 14 семинар, 2 дөңгелек стол өткізілді, республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында осы тақырыпқа арналған 14 мақала жарияланды, телерадиода 15 рет сөз сөйленді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының Интернет-блогына келіп түскен сұрақтарға әрдайым жауап қайтарылады.

2 стратегиялық бағыт. Мемлекеттің және экономика салаларының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ететін геодезиялық және картографиялық өнімдерді жасау.

2.1.1-міндет. Мемлекеттің геодезиялық желісін жаңғырту және Қазақстан Республикасы аумағында бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесін құру.

2006 жылы Агенттікпен «Мемлекеттің геодезиялық желісін жаңғырту және Қазақстан Республикасы аумағында бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесін құру» инвестициялық жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) дайындалды.

2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін дұрыс экономикалық сараптама алу үшін, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігімен (әрі қарай – ЭДСМ) хабарласу жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі күні, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс, ғылым және білім министрлігінен және Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігінен ТЭН бойынша қорытынды алынды.

2010 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қ.Мәсімовпен ЭДСМ-не ТЭН-ге экономикалық сараптама жасауды тездету және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне оны қаржыландыру бойынша №17-35/7800 тапсырыс берілді.

2.1-мақсат. Қазақстан Республикасы аумағын Жерді қашықтықтан зондтау әдістерімен және спутниктік технологиялармен геодезиялық қамтамасыз ету.

2.1.2-міндет. Цифрлы аэротүсірілім түсіру негізінде мемлекеттік топографиялық карталарды жаңарту мен қалаларды үлкен масштабты жоспарлармен қамтамасыз ету.

2010 жылы келесі топографиялық-геодезиялық жұмыстар атқарылды:

Мемлекеттік геодезиялық желілердің 2200 нүктесіне зерттеулер жүргізілді және қайта құралды, қада белгілердің 800 қума км-не I, II классты нивелирлеу жұмыстары жүргізілді.

Алматы және Атырау қалаларында 900 текше км. аумақта масштабты реттің мемлекеттік топографиялық карталарын жаңарту үшін аэротүсірілімдер түсірілді.

Цифрлы аэротүсірілім материалдары бойынша далалық шифрлер айырылды және 350 текше км. аумақта цифрлы түрде Астана қаласының үлкен масштабты реттің топографиялық жоспары құрылды.

Барлық масштабты реттің мемлекеттік топографиялық картасы 1750 парақта жасалды және жаңартылды.

2010 жылы Алматы, Шілік, Жамбыл және Зайсанның геодинамикалық полигондарында жоғары нақты геодезиялық өлшемдер жалғастырылды.

Алынған мәліметтер негізінде, геодинамикалық полигондардағы жер қыртысының қазіргі уақыттағы қозғалысын геодезиялық әдістермен зерттеу туралы ғылыми-техникалық есептер құрастырылды.

Геодезиялық өлшемдердің талдауы, жер қыртысының қозғалысы қатты жер сілкінісінен кейін ешқандай ауытқушылыққа әкеліп соқпағанын көрсетеді. Жыл сайын жердің 1,2 мм орташа жылдамдықпен сығылуы әдеттегі құбылыс.

2.1.3-міндет. Каспий теңізінің солтүстік бөлігін үлкен масштабты жоспарлармен қамтамасыз ету.

Каспий теңізі маңының 23 919 текше км. аумағының топографиялық карталарын жаңарту бойынша далалық және камералдық жұмыстар жүргізілді, мемлекеттік және орыс тілдерінде масштабы 1:25 000 болатын 483 векторлы карталар құрастырылды, теңіз түбінің рельефін суретке түсіру жұмыстары басталды.

2.2-мақсат. Цифрлы картографиялау негізінде Қазақстан Республикасы аумағын картографиялық қамтамасыз ету.

2.2.1-міндет. Картографиялық өнімді цифрлы түрде және мемлекеттік тілде қамтамасыз ету.

2100 парақ әр түрлі масштабты топографиялық карталар басылымға әзірленді, цифрлы түрде 1153 парақ және мемлекеттік тілде 1700 парақ топографиялық карталар жасалды.

Ақтөбе және Қостанай облыстары аумағында Қазақстан Республикасының географиялық атауларының Мемлекеттік каталогтары мемлекеттік тілде жарық көрді.

Ағымдағы жылда, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда облыстарының әр түрлі масштабты физикалық және саяси-әкімшілік карталары мемлекеттік және орыс тілдерінде, Алматы және Маңғыстау облыстарының 1:1 000 000 масштабты карталары мемлекеттік тілде және әр түрлі тематикалық карталар (Дүниежүзінің физикалық картасы, жылу-энергетикалық кешеннің және магистралды құбырлардың карталары) басылып шығарылды.


Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 22 ақпанындағы №103 қаулысымен бекітілген iconАқмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің Қаулысы есіл қ. №2012 жыл 2012 жылдың 23 ақпанындағы
Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысымен бекітілген, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 22 ақпанындағы №103 қаулысымен бекітілген iconҚарағанды облысының 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы мен жағдайы туралы баяндама Кіріспе
...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 22 ақпанындағы №103 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылдың І жартыжылдық анықтамасы
Асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – ҚРҮ сәйкесінше ҚРҮҚ) 2010 жылғы 29 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 22 ақпанындағы №103 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан Республикасы Парламентінің 2011 жылғы 20 маусымдағы қаулысымен бекітілген
Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2010 жылғы республикалық...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 22 ақпанындағы №103 қаулысымен бекітілген iconҚР Үкіметінің қаулыларымен бекітілген санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кәсіпкерлік және Қр дсм-де аккредиттелген қауымдастықтар өкілдерімен кездесулер өткізу кестесі
«Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 22 ақпанындағы №103 қаулысымен бекітілген iconРесми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын
Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2 тармақшасына және 26-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 22 ақпанындағы №103 қаулысымен бекітілген iconКонкурстық құжаттама Жалпы ережелер
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 қаулысымен...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 22 ақпанындағы №103 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №99 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары бойынша қорытынды
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №99 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 22 ақпанындағы №103 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 25. 06. 2004 ж. №705 қаулысымен бекітілген
Республикасында валюталық режимді ырықтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 22 ақпанындағы №103 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама
Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница