Скачать 86.54 Kb.
|
Ф КГМУ 4/3-07/01ПП КГМУ 4/01ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Патологиялық физиология кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс Тақырыбы: Гипокинезияның және химиялық факторлардың (ауыр металл тұздары) организмге ауру туындатушы әсері. Мамандығы: 5B110400 «Медициналық-профилактикалық іс» Пән: Патологиялық физиология Курс: ІІ Құрастырушы: проф. Жәутікова С.Б. Қарағанды 2011 Кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген. № __8__ хаттама __13_ ____04____ 2011 ж. Кафедра меңгерушісі _____________ Жәутікова С.Б.
Негізгі:
Қосымша:
Сұрақтар:
2. Тест сұрақтары: 1. Аурудың себебі бола алмайды: А механикалық фактор Б. жас В. химиялық фактор Г. физикалық фактор Д. биологиялық фактор 2. Химиялық этиологиялық факторға жатпайды: А. цинк тұздары Б. қорғасын тұздары В. ультракүлгін Г. сулема ерітіндісі Д. ионды радиация 3. Химиялық заттардың концентрациясы және әсер ету ұзақтығы арасындағы баланыс: А. тікелей Б. кері В. байланыс жоқ Г. дұрыс жауабы жоқ Д. геометриялық 4. Гипокинезияның патогенді әсері түсіндіріледі: А. гиподинамия Б. қозғалыссанының азаюы В. гипердинамия Г. гипоксия Д. гипоксемия 5. Бірдей дозада химиялық фактордың зақымдаушы әсері айқын көрінеді: А. бір ретті Б. бөліктік В. байланысты емес Г. барлығы дұрыс Д. барлығы дұрыс емес 6. Кобальттың әсеріне неғұрлым сезімтал: А. жүйке ұлпасы Б. бұлшық ет ұлпасы В. қан жасаушы лимфойдты жасуша Г. шеміршек және ұлпа Д. барлығы дұрыс 7. Адамның өмір сүру қалпын әлі қалпына келтіруге болатын огрганизмнің ең төменгі температурасы. А. 14-16 С Б. 18-20 С В. 21-23 С Г. 24-26 С Д. 27-29 С 8. Кинетоз кезінде байқалмайды: А. жүрек айну және құсу Б. нистагм В. гипотензия Г. тахикардия Д. қозғалыс кординациясының бұзылысы 9. Сынап буы ұзақ уақыт әсер еткен кезде өте айқын өзгеріс туындайды: Б. бауыр В. ОЖЖ Г. барлығы дұрыс Д. барлығы дұрыс емес 10. Вибрациялы аурудың көрінісі болып табылады: А. нейротамырлық бұзылыс Б. « өлі саусақ » феномені В. ОЖЖ қызметінің бұзылысы Г. саусақтың атрофиялық өзгерісі Д. барлығы дұрыс 3.Жағдайлық есептер: 1. Науқас А., 42 жаста , созылмалы алкоголизммен емделу үшін ауруханаға келді. Түскен кезде: жалпы әлсіздікке, оң жақ қабырға астында және эпигастрий аймағында ауырсынуға шағымданады. Клиникалық-лабораторлық тексеріс кезінде анықталғаны: бауыры ұлғайған, аздап тығыздалған,шекарасы тұйықталған. Жалпы липид – 4,7 г/л; қандағы жалпы холестерин– 7,2 ммоль/л; эстерифицирленген холестерин – 0,8 ммоль/л; қандағы фосфолипидтер– 1,4 ммоль/л.
2. Экспериментте жануарға тамыр ішіне концентрацияланған коллойдты ерітінді енгізгеннен кейін анурия байқалды. Бұл жағдайда анурияның даму механизмі қандай? 3. 24 жасар К. деген науқас суықтап ауырып қалған. Жалпы әлсіздікке, бетінің ісінуіне, бас ауруына, ентігуге шағымданады. Зәр анализі: қошқыл-қызыл түсті, бұлынғыр, қышқылды реакциялы, белок -1,2 г/л, глюкоза жоқ. Тұнбада: көру аймағында шамалы эпителий бар, лейкоциттер-3-8, эритроциттер-20-40-100, гиалинді цилиндрлер-0-2, ураттар, зәр қышқылы. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 780 мл болғандағы зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,012-1,031. Эндогендік креатинин клиренсі – 56 мл/мин. 1. Науқаста зәрдің қандай патологиялық құрылымдық бөліктері анықталған? 2. Бүйректің фильтрациялық қызметінің бұзылуын қандай белгілер дәлелдейді? 3. Бұл жағдайдағы бүйректің фильтрациялық қызметінің бұзылу механизмі қандай? 4. Бүйректің концентрациялық қабілетінің бұзылуын дәлелдейтін белгілер бар ма? 4. Науқас Д. 54 жаста, баспаханада теруші болып қызмет атқарады. Ауруханаға жалпы әлсіздікке, басының ауыруына, басының айналуына, ұйқысының нашарлауына шағымданып келді. Қанын тексеру кезінде анықталды Эритроцит 3,2* ![]() Гемоглобин 69 г/л Түсті көрсеткіш 0,65 Лейкоциттер 6,1* ![]() Лейкоцитарлы формула Метамиелоциттер 0 Таяқша ядролар 6% Бөлшек ядролар 62% Эозинофилдер 3% Базофильдер 1% Лимфоциттер 24% Тромбоциттер 220* ![]() Жұғындыда: гипохромия, микроанизоцитоз, аздаған полихроматофильдер, нысана тәріздес эритроциттер, базофильді түйіршікті эритроциттер, ретикулоциттер-1,8%.Сарысулық темірдің деңгейі-63мкмоль/л.
5.Науқас Г. 19 жаста студент. Ауруханаға жалпы әлсіздікке, бас айналуға, жүрген кезде ентігуге шағымданып түсті. Бұрын ешқандай дәрі-дәрмектер қабылдамаған. Толық сұрау барысында анықталды: 1 ай ішінде ауыл шаруашылық жұмысымен айналысқан. Таныстарының ақылы бойынша ішек инфекцияларының алдын алу үшін ұзақ уақыт левомицетин қабылдаған. Түскен кездегі қан анализі Эритроцит 1,8* ![]() Гемоглобин 54 г/л Түсті көрсеткіш 0,9 Лейкоциттер 3,2* ![]() Лейкоцитарлы формула Таяқша ядролар 0 Бөлшек ядролар 26% Эозинофилдер 0 Базофильдер 0 Лимфоциттер 63% Моноциттер 11% Тромбоциттер 94* ![]() Қан жұғындысында айқын емес анизо және пойкилоцитоз, ретикулоциттер-0,2 %.
|