Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы




Скачать 247.59 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы
Дата конвертации05.11.2012
Размер247.59 Kb.
ТипДокументы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

МУЗЫКА
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1-4 сыныптар

Астана 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

МУЗЫКА
жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген


Бағдарлама авторлары: Құлманова Ш.Б., Оразалиева М.А.

Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Музыка» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010. – 19 б.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010




І. ТҮСІНІК ХАТ
Қазақстан Республикасының жаңашыл даму кезеңінде, жалпы білім беретін мектептердің алдында, ұлттық және әлемдік мәдениеттің жетістіктерін білетін, ой-өрісі дамыған, қоршаған ортамен өзара жағымды, белсенді әрекетке дайын шығармашылық тұлғаны тәрбиелеудің жауапты ісі тұр.

Қазақ халқының музыкалық өнері, классикалық музыка, музыка сауаты, шығармашылық өнер музыка оқу пәнінің негізі ретінде қарастырылады. Оқушылар музыка тілі, жанрлар, аспаптар, музыка өнеріне байланысты мамандықтар жайлы біліп үйренеді. Сонымен қатар қазақ халқының дәстүрлі мәдениетімен, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнерімен, республикамыздағы өзге халықтардың музыкалық мұрасымен танысады.

Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндер жүйесінде «Музыка» оқу пәнінің маңызы төмендегідей анықталады:

  • оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін музыканың тәрбиелік, білімділік және дамытушылық мүмкіншіліктерімен;

  • балалардың санасына әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруда музыканың бірден-бір ерекше құралы екендігі;

  • оқушылардың денсаулығына ықпал ететін негізгі фактор ретінде вокалды-хор орындаушылық және музыкалық аспаптарда ойнау әрекеттерімен (дұрыс тыныс алуын жолға қою, жас ерекшелігіне сай кездесетін, сөйлеу кемістігін түзеу, қозғалыс координациясы және саусақтар жүрдектігін дамыту, жүйке және дене қызметіне түскен күшті сергіту).

Оқу пәнінің мақсаты оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, музыка арқылы рухани бай, адамгершілігі мол шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.

Міндеттері: білім алушыларға музыка туралы алғашқы мәліметтерді меңгерту, халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дәстүріміз және әдет-ғұрпымызды қастерлеуге, туысқан халықтар музыкасына құрметпен қарауға тәрбиелеу, балалардың музыкалық әсерін кеңейту, шығармашылық белсендігін (әртүрлі музыкалық әрекеттерде: музыканы тыңдау, айту, ритмикалық қимылдар, музыкалық аспаптарда ойнау, импровизация) арттыру, музыкаға деген қызығушылығын және сүйіспешілігін тәрбиелеу.

Музыкалық білім беру мазмұнының негізінде келесі ұстанымдар іріктелген:

Қолайлылық және бірізділік ұстанымдары жас және жеке дара ерекшеліктерін ескере отыра, олардың музыкалық дамуына ықпал ететін, бастауыш сынып оқушыларына орындауға және тыңдауға қолайлы музыкалық материалды іріктеуге көмектеседі.

Эстетикалық және этикалық ұстанымдар бағыты негізінде іріктелген оқу материалы, балаларға бір жағынан музыканың көркемдігін танып білуге, ал екінші жағынан оның мазмұны арқылы біреуге жақсылық жасау, сүйіспеншілік және сыйластық сияқты ұғымдарды сезінуге мүмкіншілік береді.

Азаматтық және патриоттық бағыттар, балаларды өз Отанына және халқына деген сүйіспеншілікке тәрбиелейтін музыкалық материалды іріктеуді реттеді.

Көркемдік және техникалық ұстанымдар, көркемдік және қызықтырғыш ұстанымдар бірлігі іріктелген музыкалық материалдың балаларға қызықты болуына, тәрбиелік, білімділік және дамытушылық сипатқа ие болуына бағытталған.

Оқу пәні мазмұнының жалпы құрылымы, іс-әрекеттің төмендегідей негізгі түрлерінде берілген.

Ән орындау – балаларды музыкаға баулудың ең белсенді түрі болып, оларды музыкалық дамуына ықпал етеді. Әнді жеке, ансамбль, хормен орындауы, әр түрлі деңгейде жалпы және музыкалық дамыған оқушыларды ықыластылыққа, байқағыштыққа, тәртіптілікке тәрбиелейді, бірыңғай шығармашылық ұжымға топтасуға ықпал етеді. Ән орындау процесінде, мұғалім балаларды хормен дұрыс бағытта айтқызып жүргізетін болса, олардың дауыс диапазоны кеңейе түседі.

Музыка тыңдау бастауыш деңгейдегі білім алушылардың музыканы сезіммен және саналы түрде қабылдауға үйрету міндетін іске асырады. Олар аспаптық, вокалды-хор, халықтық және кәсіптік-композиторлық музыканы тыңдауда, жас ерекшеліктеріне сай берілген әр түрлі деңгейдегі күрделі әндерді орындау барысында, музыкалық бейнелерді өзінше түсіндіріп беруді үйренеді.

Музыкалық сауаттылық оқушыларда музыка, музыкалық құбылыстар, олардың ерекшеліктері, заңдылықтары, мәнерлеу тәсілдері, композиторлар туралы мәліметтер, нота сауатының негізі туралы алғашқы жүйеленген ұғымды және білімді қалыптастыруды жобалайды. Оқушыларда музыкалық тәжірибенің аздығын ескере отыра, білім алу жүйесі біртіндеп, музыкалық есту әсерлерінің жинақталу реттілігімен, оларды музыка тыңдау, ән орындау және шығармашылық тапсырманы орындау әрекетінде қолдану барысында өтеді.

Шығармашылық әрекет музыкалық әрекеттердің барлық түрлерінде жүзеге асады және музыка тыңдау, ән орындау, би қимылдармен таныс әндерді сүйемелдеу, аңыз-күйлермен әндер сахналау, түрлі шығармашылық тапсырмалар орындау барысында баланың музыкаға деген сезімі мен қызығушылығы арқылы байқалады. Шығармашылық тамсырмалар арқылы оқушы музыкалық білімін пысықтайды.

Мазмұнды іріктеудегі ұстанымның негізгі бағыты, музыканың халық өмірімен байланысы туралы идея болып табылады. Сабақ тақырыптары тәрбиелік-білімділік сипатқа сай және музыканың мазмұнына сәйкес жазылған.


«Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес «Музыка» пәні аптасына 1 сағаттан оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны:
1 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат;

2 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.

3 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат;

4 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.

ІІ. БІЛІМ БЕРУДІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1-сынып

1 тоқсан: Ән айтамыз, ойнаймыз және оқимыз – 9 сағат

Таным әліппесі. Менің Отаным. Мектеп – алтын бесік. Музыка сабағы. Ән көңілдің ажары. Менің – отбасым. Менің достарым. Сүйікті ойыншықтар және ойындар. Біз билейміз және сапта жүреміз.



2 тоқсан: Біз үлгілі баламыз – 7 сағат

Денемізді шынықтырайық! Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет! Музыкалық саяхат. Анамның мерекесі. Біз – табиғаттың жас қорғаушыларымыз. Әліппе мейрамы. Музыкалық жұмбақтар. Алақай! Бізде демалыс! Құтты болсын Жаңа-жыл!
3 тоқсан-4 тоқсан: Музыкалық көңіл-күй – 18 сағат

Музыка адамның көңіл-күйін жеткізе ала ма? Көңілді көңіл-күй. Көңілсіз көңіл-күй. Музыка табиғаттың көңіл-күйін жеткізе ала ма? Музыкалық көңіл күй. Музыка құстардың және жануарлардың көңіл-күйін жеткізе ала ма? Менің сүйікті анама сыйлық! Армысың ару –Наурыз!

Халық әндері және аспаптары. Домбыра не туралы сыр шертеді? Қобыз – сарыны. Шаңқобыздың, шертердің, жетігеннің сазды әуендері. Үрлемелі және ұрмалы аспаптар. Біздің оркестр.

Ән орындау. Балаларды әнді орындау ережелерімен таныстыру. Әншілер ұжымын тәрбиелеу – біркелкі дауыстардың ұласуын, мәнерлікті қалыптастыру (унисон, фразировка, ансамбль). Дирижердың негізгі қол қимылын түсіне білу: зейін, тыныс алу, әннің басы, аяғы. Әнді таза күш салмай жеңіл меццо-пиано және меццо-форте аралығында орындау. Ортаңғы дауыс диапазонын (ми-ля 1-октава) қалыптастырып, біртіндеп кеңейту. Жыл аяғында (до, ре 1-октава; до 2-октава ) жеткізу. Дауыс аппаратымен дұрыс жұмыс жасау. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды мәнерлі орындау. Әннің мазмұны мен сипатын түсіну негізінде шығарманы мәнерлеп орындау (көңілді, нәзік, көңілсіз, ойнақы, т.б.). Үйретілетін әндерді және дауыс жаттығуларын сүйемелсіз орындауға дағдыландыру (а, капелла). Өз дауысына ұқыптылықпен қарау дағдылары.

Орындауға ұсынылатын репертуар

Ш.Қалдаяқов – Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны», Ө. Байділбаев - Ә. Тәжібаев «Менің Отаным», Қазақтың халық әні «Он саусақ», И.Нүсіпбаев – Н.Әлімжанов «Ойыншықтар», Ә.Әбдінұров – Қ.Әбілдақызы «Дайын тұрмын мектепке», Е.Хасанғалиев – А.Асылбек «Жәй және жылдам»,

Б.Байқадамов – М.Әлімбаев «Кел, билейік», Б.Ғизатов - Ж.Нәжімеденов «Әліппе», Қ. Қуатбаев - О.Әубәкіров «Сурет сабағы», «Ән сабағы», Д.Мацуцин - Қ. Ыдырысов «Зырылдайды шанамыз», С.Раев – Н.Мәукенұлы «Әппақ әлем», Ә.Бүшікова – Ө.Ақылбеков «Менің достарым» (санамақ), Б.Ғизатов - Ж.Өмірбеков «Төлдер», Қазақтың халық әні «Қой мен ешкім өсе бер», Қазақтың халық әні «Малды төлін емізуге шақыру», «Кім қалай дауыстайды?», Ө.Байділбаев - Ә.Тәжібаев «Бөрте лақ», Ә.Еспаев - Ә.Тәжібаев «Құлыншақ», Ө.Байділбаев - Ә. Тәжібаев «Әукешім», К.Қуатбаев – Қ.Ыдырысов «Қыстың күні көңілді», Қ.Шілдебаев – И.Исаев «Көкек», К.Дүйсекеев - Ш.Сариев «Ана», К.Қуатбаев – О.Әубәкіров «Ақ әжем», Қ.Адамбалинов - Ж.Нұрқанов «Наурыз», Халық әні «Еркем-ай».

Б.Тайбеков «Биші болам өскенде», И. Нүсіпбаев - Х.Талғаров «Домбырасыз ән қайда», А. Меңжанова «Болайықшы осындай», Қазақтың халық әні. «Жаз келеді, алақай», К. Қуатбаев - Қ. Толыбеков «Моншақтар», А.Райымқұлова - Ә.Асылбек «Тайтұяқ пен асатаяқ», Д.Әбілдинов – С.Тұрсынбек «Бәрі қызық балаға».

Музыка тыңдау. Музыка мазмұнының әр түрлілігі жөнінде қарапайым ұғым беру: табиғат көрінісі, қоршаған орта, тұрмыс-салт, төрт-түлік мал, аңыз-ертегі, балалардың халық ойындары. Музыканы сүйемелдейтін музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын ажырату (домбыра, қобыз, фортепиано, баян және т.б.). Музыкалық шығарманы басынан аяғына дейін толығымен тыңдай білу. Қазақтың халық аспаптары: домбыра, қобыз, жетіген, шертер, шаңқобыз, тұяқ, мүйіз, қоңырау, дабыл, даңғырамен танысу. Қазақтың халық аспаптар оркестрі, фольклорлық ансамбль туралы ұғым алу.

Тыңдауға ұсынылатын репертуар

Ш.Қалдаяқов – Ж.Нәжімеденов – Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны», Е.Өміров «Атамның әңгімесі», Б.Қыдырбекова «Жаңа қуыршақ», С.Кибирова «Балапан», Қазақтың халық әні «Әй, әй, бөпем», «Малдың төлін былай атайды», «Алатау», «Бір бала» (сыбызғымен орындау), Ж.Тұрсынбаев - Қ. Баянбаев «Киіз үй», Ш. Жанболатқызы «Қараторғай», Біржан сал «Көкек», Ақан сері «Маңмаңгер», Құрманғазы «Сарыарқа», «Балбырауын», Нартай «Алтын көкем», Қорқыт «Әуіппай», Ықылас «Жез киік», Қорқыт «Ұшардың ұлуы», Дина «Бұлбұл», Л. Хамиди «Бұлбұл», Н.Тілендиев «Ата толғау», Қазанғап «Учитель», М.Сағатов-Н.Әлімқұлов «Спорт біздің досымыз», «Табиғат дыбыстары» сыбызғы, жетігена, шаңқобыза, сазсырнайларда орындалған. «Сары алтай», «Боз інген» шаңқобызда орындалған. «Сыр әуені», «Аңшының зары» жетигеде орындалған, Д.Тұяқбаев «Көңілді би», фортепианоға өңдеген Б.Байқадамов «Айгөлек», Н.Тілендиев-М.Мақатаев «Жас саяхатшылар маршы», Р.Жүнісов «Би күйі». Орыстың халық әні «Во кузнице», Өзбектің халық әні «Пахта ой», Грузиннің халық әні «Светлячок», Татардың халық әні «Дождик», Беларустың халық «Бульба». Корейсдің халық әні «Көктем», П.Чайковский цикл «Времена года».

Музыкалық сауаттылық. Музыка сипатын түсіну: көңілді, көңілсіз, нәзік, жұмсақ, ойнақы, жай, т.б. Музыкалық қарапайым көркемдеуші құралдарды ажырата алу: дыбыс биіктігі (регистр); темп – жылдамдық (жай, тез, орташа); дыбыс күші- динамика (қатты, жай); дыбыс қозғалысы (бір қалыпты, секірмелі).

Ән, күй, би, марш жанрларын ажырата алу. Шығарма құрылымын білу: ән-шумақ, қайырма; музыкалық сөйлем-фраза; күйлердің төкпе және шертпеге бөлінуі. Дыбыс биіктігі – жоғары, орташа, төмен. Ұзақтығы – қысқа, ұзақ. Түрлі әуендік қозғалыс- төмен, жоғары, бір биіктікте. Ер және әйел дауыстарының дыбыс бояуын ажырата алу. Ұғымдар: халық әні, композитор әні, сал сері, композитор, әнші, ақын, күйші, күйші- композитор, қазақтың халық аспаптары.

Шығармашылық тапсырмалар. Орындалатын музыка ырғағын және әуендік қозғалысты қолмен, сатылай немесе қол шапалақтап көсету. Тыңдалған және орындалған музыкаға сурет салу: жануарлар, киізүй, ою-өренк.

Музыкамен сүйемелденген би қимылдары. Сүйемелдеу.

Жұмбақтар шешу. Ертегі тыңдау. Ән-күйдің шығу тарихы жөнінде әңгімелесу.
2-сынып
1 тоқсан: Музыканың сыры неде? - 9 сағат

Сәлем мектеп! Музыкалық көңіл-күй. Музыкалық суреттер.Музыкалық бояулар.

Менің Отанымның бас қаласы –Астана.

2 тоқсан: Музыка, би және ою - өрнек – 7 сағат

Халық музыкасының би ырғағы. Жігіттер мен қыздар биі. Би ырғағындағы аспаптық музыка. Ән-би музыкасы. Аяз атаның сыйлықтары.

3 тоқсан: Музыка және менің халқымның салт-дәстүрлері – 10 сағат

Әдет-ғұрыпқа байланысты әндер мен күйлер. Қазақ халқының дәстүрлі ойындары. Қазіргі кезеңдегі күйлер. Бесік жыры. Той жыры. Үй жануарлары туралы ойын әндер. Туған өлкемнің табиғаты.

4 тоқсан: Ән мен күйді не жақындатады? – 8 сағат

Мерекелік әндер мен күйлер. Музыкадағы адам бейнесі. Музыкадағы табиғат көріністері. Жануарлар мен құстар туралы музыка. Музыкадағы көктем мерекесі.

Ән орындау. Вокалдық және хормен ән орындау дағдыларын дамыту және бекіту. Жаңа әндер жаттау. Ән айту кезінде тыныс алу дағдысын әрі қарай дамыту, сөйлемдер мен фразаларды дұрыс орындай білуге баулу. Бала даусының орта диапазонын бекіту және оны ұлғайту бағытындағы жұмысты жалғастыру. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру. Әнді мәнерлі орындауға баулу. Бір дауысты және екі дауысты әндерді орындау. Әнді жеке, топпен аспапсыз және аспаппен орындау.

Орындауға ұсынылатын репертуар

Ш.Қалдаяқов – Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны», Қ.Қайым «Ел жүрегі – Астана», И.Нүсіпбаев - М.Хакімжанова «Анадай асыл мектебім», Ақан сері «Маңмаңгер», К.Дүйсекеев «Жау-жау, жаңбыр», К.Қуатбаев – Т.Бердияров «Сұр қоян».

И.Нүсіпбаев – К.Толыбаев «Күн күледі», Ш.Құлманова - Р.Наурызбаева «Жыл басы кім болады?», Бір бөлімді балалар операсы: кіріспе, жануарлар хоры, сиыр, жылқы, қой, түйе, тауық, ит, ұлу, барыс, Б.Ғизатов – Ә.Дүйсенбиев «Біз өмірдің гүліміз», С. Жанғабылов – А.Тоқмағанбетов «Аяз ата», К. Қуатбаев - О.Әубәкіров «Каникулда».

К.Қуатбаев - О.Әубәкіров «Ақ әжем», Б.Ғизатов - Ж..Өмірбеков «Анамызға мың алғыс», Жаяу Мұса «Ақ сиса», К.Қуатбаев - М.Әлімбаев «Ел қорғауға әзірміз», Қазақтың халық әндері «Бала уату», «Тұсау кесер жыры», «Алатау», «Жар-жар», Немістің халық әні «Гусята», Француздың халық әні «Танец утят», Ә.Бүшікова – Ә.Асылбек «Біздің оркестр». К.Қуатбаев – Қ.Ыдырысов «Ақша қар».

Қ.Қуатбаев – Ж.Смақов «Жылауық», Ә.Еспаев - Ш.Смаханұлы «Ортеке», М.Маңғытаев – Н.Әлімқұлов «Жел», Бүшікова – Ө.Ақылбеков «Он дегенім – Отаным». Б.Жүсіпәлиев – Ә.Асылбеков «Нота үйренеміз». Қазақтың халық әні «Жаз келеді, алақай!».

Музыка тыңдау. Музыка мазмұны, сипаты мен музыкалық көркемдік құралдардың әр түрлілігі жөніндегі ұғымды бекіту және оларды қазақ халқының тарихымен, салт-дәстүрлерімен байланысы. Опера туралы жалпы түсінік алу. Қазақ халық композиторларының танымал әндерімен, күйлерімен, салт-дәстүрге байланысты әндерімен, күйлерімен, танысу. Тыңдалған музыкалық шығармаларға талдау жасау.
Тыңдауға ұсынылатын репертуар

А.Жұбанов, Л.Хамиди «Жар-жар» («Абай» операсынан үзінді), Қазақтың халық күйлері «Ақсақ құлан», «Ортеке», «Боз жорға», «Келіншек», «Ел айрылған», «Жетім бала», «Қыз сыңсуы», Ықылас «Жез киік», Қазанғап «Торы жорғаның бөгелек қағуы», «Көкіл», Құрманғазы «Сарыарқа», «Аман бол, шешем, аман бол», «Не кричи, не шуми», Қорқыт «Желмая», Қорқыт «Ұшардың ұлуы», Кенен «Көкшолақ», «Базар-Назар», Ш.Құлманова- Р.Наурызбаева «Жыл басы кім болады», Қазақ халқының салт-дәстүрге арналған әндері: «Жар-жар», «Қыз сыңсуы», «Беташар», «Жарапазан», Грузиннің халық биі «Лезгинка», Өзбектің халық биі, Ұйғырдың халық биі «Тап усул», Аңыз күйлер «Жұмағұл», «Ақсақ құлан», қобызға арналған аңыз-күй «Аққу», Дина «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс күйі», Құрманғазы «Аман бол шешем, аман бол», «Кісен ашқан», Қазанғап «Учитель», Н.Тілендиев «Махамбет», Қ.Ахмедьяров «Алтын ұя», С.Тұрысбеков «Көңіл толқыны». Л. Бетховен «Веселая. Грустная».

Музыкалық сауаттылық. Тыңдалған және үйренген шығармалардан мажор мен минорды ажырата білу. Жанр туралы түсінік. Вальс, полька, жай би сияқты би жанрларын ажырата білу. «Опера», «операдағы увертюра» (кіріспе), «хор», «жеке сүйемелдеу», «ән», «би», «дуэт», «трио» жөнінде түсінік. Әуен және сүйемелдеу. Сал, сері, композитор, күйші, әнші, ән, күй, би, шертпе, төкпе күйлерінің түрлері.

Дәстүрлі қазақ музыкасының негізгі жанрларын білу: Салт-дәстүрге байланысты әндер (жарапазан, жар-жар, той бастар, беташар және т.б.).

Шығармашылық тапсырмалар. Орындалып жатқан музыкаға ырғақтық қимылдар, шапалақтау, екпінді көрсету, жылдамғығын анықтау. Сабақ тақырыптарына, тыңдалған музыка шығармаларына сурет салу. Берілген тақырыпқа әнді суырып салып айту. Жұмбақтар, ребус, викторина. Музыка сүйемелдеуінде би қимылдары және пантомима.
3-сынып
1 тоқсан: Музыканың дамуы – 12 сағат

Композитор музыканы қалай дамытады. Музыканың орындаушылық әрекетінің дамуы. Музыкадағы тембрлік және регистірлік даму.

2 тоқсан: Музыка тілінің әншілік, бишілік және марштық сипаты – 10 сағат

Музыка тілінің әндік сипаты. Музыка тілінің марштық сипаты. Музыка тілінің бишілік сипаты. Музыка бізідің өміріміз туралы айтады.

3 тоқсан- 4 тоқсан : Сөйле, шешен домбыра – 12 сағат

Күй-аспаптық музыка. Туған жер туралы күйлер. Құстар мен жануарлар туралы күйлер. Халықтың тұрмыс-салты туралы күйлер. Аңыз күйлер. Арнау күйлер. Күй тартыс. Музыкадағы көктем мерекесі. Күй тартыс.

«Алпамыс батыр» жыры. Жиделібайсын жерінде. Алпамыстың Тайшық хан еліне сапары. Алпамыс батырдың еліне оралуы.

Бабалар тілегі – терме. Жауынгер ақын-жыраулар: Бұхар жырау, Махамбет. Базар, Жиенбай, Нұртуған жыраулардың ақыл- өсиеті.

Өнер алды қызыл тіл. Айтыс түрлері (ақындар айтысы, бәдік, түре, сүре, жұмбақ айтыс) Салт – дәстүр айтысы - «Жар – жар». Қыз бен жігіт айтысы. Жұмбақ айтыс. Мысал айтыс. Әзіл-қалжың айтысы. Айтысқа дайындал.

Ән айту. До (1-октава) – ре, ми (2-октава) диапазонында бір дауысты және екі дауысты элементі бар әндерді орындау. Нота жазбасы бойынша шағын әндерді орындай білу. Түрлі динамикалық ерекшеліктері бар сазды әндер мен тез айтылатын әндерді орындау кезінде тыныс алуды бекіту және дамыту. Сазды, тез, марш екпінінде айтылатын әндердің мәтінін түсінікті және таза айту дағдыларын жетілдіру. Әннің әуенін нақты мәнерлеп айту.
Орындауға ұсынылатын репертуар

Ш.Қалдаяков – Ж.Нажимеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемелекеттік ән ұраны», С.Мұхамеджанов – Ш.Мұхамеджанов «Бүгін қай күн?», Жаяу Мұса «Ақ сиса», К.Дүйсекеев – Ш.Сариев «Ана тілін сүйеміз», А.Меңжанова «Қоңырау», Б.Ғизатов «Біздің ән».

С.Мұхамеджанов – Г.Жұмабаев «Қазақстан», К.Дүйсекеев – Ш.Сариев «Туған жер», Б.Байқадамов –Н.Баймухамедов «Айгөлек», А.Қоразбаев «Әгугәй, домбыра», И. Нүсіпбаев – Д. Қанатбаев «Жаңа жыл келді».

Халық термесі «Он үш жаман», Нақыл терме «Жастарға өсиет», Базар жырау «Жақсы мен жаман», Тұрмағамбет «Нақыл-ақыл сөздер», Нұртуған «Кәнікей, тілім, сөйлеші», Біржан сал «Көкек», Қыз бен жігіт айтысынан үзінді, И. Нүсіпбаев «Айтыс», Ш. Құлманов «Аңдардың айтысы», С. Садықов «Ақ мамам», Е.Есдәулетова «Наурыз», Д.Қозмағамбетов – А.Байтоқаев «Наурыз».

И. Нүсіпбаев-Н. Әлімқұлов «Гүлжазира Қазақстан», Б. Исаева «Білім - мереке», Бәдік әні, «Жар – жар», Д. Әлібеков «Өтірік өлең», С. Мұхамеджанов – Ш. Мұхамеджанов «Бүгін қай күн?», И. Нүсіпбаев – О. Әубәкіров «Айтыс», К. Дүйсекеев – Ш. Сариев «Солдат болам мен ертең».

Музыка тыңдау. Эпос, жыр, терме, толғау, айтыс – халық ақындық жанры жөнінде ұғым, өзіндік ерекшеліктері. Ақындық пен әншілік, аспаптық орындаушылық арасындағы өзара байланысты, халық – ақындық жанр мен әншілік, аспаптық орындаушылық арасындағы өзара байланысты ашу. Халықтық-ақындық жанрларындағы әуенділікті (музыкалық интонация) байқау. Қазақтың халық аспабы – домбыраның орны. Халық – ақындық жанрындағы және музыкадағы мәнерлеу құралдарының өзара байланыстылығын байқау.

Тыңдауға ұсынылатын репертуар
Алпамыс батыр жырынан: перзентсіз ата-ана, Ұлтанға суреттеме. Алпамыстың қалындығын іздеуі, батырға сәйгүлік, жүйрік ат іздеу, Шұбарға суреттеме, Алпамыстың жауабы, Тайшықханның түсі, мыстанкемпірдің айласы, Алпамыстың тұтқынға түсуі, Алпамыстың зынданнан шығуы, Тайшық елін шабуы, еліне диуана кейпінде келуі, Жәдігердің зары, Алпамыстың Жәдігермен табысуы, Аналықпен қосылуы, Ұлтаннан кегін алуы, еліне туған-туысына қосылуы, Е.Рахмадиевтің Алпамыс батыр операсынан мыстанның тарантелласы. Қазақтың халық күйі «Шұбар ат», Ақан сері «Маңмаңгер», «Балқадиша», «Құлагер», Бухар жыраудың термесі, Махамбеттің термесі, Базар жырау «Әр нәрсенің парқы бар», Нұртуғанның термесі «Қанекей, тілім, сөйлеші», Сүгірдің термесі, Жаяу Мұса «Ақсиса», Мади «Қарқаралы», Мухит «Үлкен айдай», Аңыз күй «Жұмағұл», «Ақсақ құлан», «Ақсақ құлан», Салт-дәстүр әні «Жар-жар», Бәдік айтыс, Қыз бен жігіт айтысынан үзінді, Ақындыр айтысы. Әзіл айтыс. Жұмбақ айтыс. Қазақтың халық күйі «Кербез», «Торы жорға ат», «Нар идірген», Дина «Бұлбұл», «Той», Құрмангазы «Балбырауын», «Адай».

Музыкалық сауаттылық. Нота сауаты. Нота жазбаларын түсіну (нота сызығы, нотаның сызықтарға орналасуы скрипка кілті), ноталардың түрлі ұзақтықтарының белгіленуі (бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік), үзіліс-пауза, интервалдар, лига белгісі, такт, такт сызығы. Кілт, екі, үш, төрт бөлімді өлшемдер. Таныс әндерді орындауда қол қимылын осы өлшемде көрсете білу. Нота жазбаларынан таныс әндерді, қысқа қайырымдарды тану. Таныс, шағын әуендерді нотамен айту (қозғаушы белгілері жоқ әндер). Тыңдалатын жыр, терме, айтыстардың музыкасы мен сөздерінің арасындағы байланысты байқау.

Шығармашылық тапсырмалар. Әрбір тоқсанның тақырыбына сәйкес «Алпамыс батыр» жыры, айтыс, күй-тартысқа қатысты суреттер салу; аппликациялар және т.б. Әуеннің аяқталғандығын немесе аяқталмағандығын тани біледі. Берілген тақырыпқа сай суырып салып айту. Тоқсанның тақырыптарына сай кроссвордтар, ребустар шешу. Балаларға арналған музыкалық аспаптарда мүмкіндігінше ойнай білу.
4-сынып
1 тоқсан: Опера, Балет, Симфония әлеміне саяхат – 9 сағат

Симфониялық оркестр аспаптары. Балет және Опера әлемі. Қазақтың халық музыкасы операда: Қыз Жібек, Төлеген, Біржан, Сара. Қазақтың халық әні мен аспаптық музыка. Операдағы айтыс.

2 тоқсан: Ертегілер мен аңыздар әлемінд - 7 сағат

Аңыз күйлер.

3 тоқсан- 4 тоқсан Әуендер әлемі – 18 сағат

Музыка - әуендер елі. Табиғи және механикалық дыбыстар. Музыкалық дыбыстар. Музыка тілі-достық тілі. Қазақстан халықтардың музыкасы: орыс халықтың музыкасы, славян халықтардың музыкасы, кавказ халықтардың музыкасы, өзбек, ұйғыр, қырғыз, татар халықтардың музыкасы.

Ән орындау. Дағдыларды бекіту. Алдағы сыныптарда алынған дағдыларды бекіту. Әннің табиғи қалпын сақтай отырып жай, бір қалыпты әдемі айту. Марш екпінінде орындалатын әндерді, айту кезінде берілген нақты пунктирлі ырғақты және саздылықты сақтау. Канонмен айту және әндерді, қысқа қайырымдарды екі дауысты элементтермен орындау. Тыңдауға арналған музыкаға шағын интонацияларды нота бойынша айту. Сыныптасының және өзінің айтқан әнін бағалау. Әнді екі дауыспен орындау.
Орындауға ұсынылатын репертуар

Ш.Қалдаяков – Ж.Нажимеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемелекеттік ән ұраны», Е.Брусиловский «Қыз-Жібек (операдан үзінділер)», Н.Римский-Корсаков «Третья песня Лелья («Снегурочка»операсынан)», Абайдың әндері «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ»

Г.Тамендаров – М.Әлімбаев «Көкпар», Ә.Молдағайынов – А.Байғожаев «Ойлан тап», А.Жұбанов- Н.Баймұхамедов «Ақ көгершін», Қазақтың халық әндері: «Сәулем-ай», «Елім-ай», «Ақ дариға», «Гүлдер-ай», «Жаңа жылда».

Орыс халқының халық әні «Не летай,соловей», Өзбек халқының халық әні «Пахта ой», Грузин халқының халық әні «Светлячок». Татар халқының халық әні «Жауын». Беларус халқының халық әні «Бульба». Қырғыз халқының әні «Өзен жанында», Корей халқының халық әні «Көктем», Итальяндық халық ән «Санта Лючия», К.Дүйсекеев – Ш.Сариев «Солдат болам мен ертең». И.Нүсіпбаев – Е.Елубаев «Достық».

Г.Гусейнли - Т.Муталибов «Шөжелерім», И.Нүсіпбаев - Х.Талғаров «Дос болайық бәріміз», Б.Дәлденбаев - Н.Жанаев «Балдырғандар әні», А.Қоразбаев - Т.Қажыбаев «Әгугай, домбыра», Ыбырай «Гәкку», Е.Брусиловский - Ә. Тәжібаев «Қос қарлығаш», Біржан сал «Біржан», А.Жұбанов - Н.Баймұхамедов «Қарлығаш азат құспын».
Музыка тыңдау. Қазақтың халық әндері, күйлері. Абай, Мұхит, Ыбырай, Біржан әндері. Тоқсандық тақырыптарға сай басқа халықтардың әндері. Халық музыкасының композитор шығармаларында алатын орны жөнінде мағлұмат. Симфония, симфониялық шығармалар: опера, балет, хор музыкасы. Аспаптық шығармалар туралы мағлұмат. А.Жұбанов, Ғ.Жұбанова, М.Төлебаева, К.Мусин, К.Құжамьяров, Л.Бетхов, П.Чайковский, С. Рахманинов, А.Хачатурян және т.б. шығармаларымен танысу. Симфониялық оркестрлердің әуені. Хордың құрамы: сопрано, альт, тенор, бас, олардың темблері. Біртекті және аралас хор, олардың ерекшелігі.
Тыңдауға ұсынылатын репертуар
Аңыз күй «Жетім бала». Жетім бала мен Қошан сері. Жетім баланың қызбен кездесуі. Отанына оралуы, «Аңдар айтысы». (музыкалық ертегі). Үй жануарларының айтысы. Достыққа шақыру. Тауықтың, иттің, доңыздың және қоянның айтысы. Тапқыр тышқан. Наурыз құтты болсын!, С. Мұхамеджанов «Ғасырлар үні ораториясы.- жыраудың балладасы, шабуыл, ақтабан шұбырынды, октябрь әні», Қыз Жібек операсынан үзінділер: Жібектің әні мен ариясы, Төлеген, Бекежанның партиялары, Шегеннің термесі, Біран Сара операсынан: Біржан, Сара партиялары, Естайдың термесі, хор мен би.Н. Меңдіғалиев «Елім-ай» тақырыбына арналған фортепианолық вариациялар, Күй аңыз «Ақсақ құлан», «Нар идірген», Е.Брусиловский «Сарыарқа» симфониясынан үзінділер, Ғ.Жұбанова «Ақсақ құлан» симфониялық поэмасы, М.Маңғытаев «Ақсақ құлан» Хор-поэма, Б.Байқадамов Құрманғазының күйі «Ақбай» тақырыбына хор, Абай «Қараңғы түнде тау қалғып», Ғ.Жұбанова «.Хиросима» балетінен үзінділер, Грузин халқының биі «Лезгинка», Өзбек халқының биі «Мавриги», Орыс халқының халық әні «Камаринская», Эстон хылқының халық әні «Взял волынку наш сосед», Украин халқының халық әні «Щедрик, щедрик». П.Чайковский «Подснежник».

Музыкалық сауаттылық. Оқылған аспаптық және вокалдық шығармалардың құрылымын ажыраты білу. Дыбыс күшін белгілеу үшін қолданатын: форте, пиано, меццо - форте, олардың нотадағы белгіленулері. Тон және жарты тон. Мажорды гаммадағы дыбыстарды ырғағына елтіріп таза айту. Дыбыстың жоғарлығн өзгерту белгілері (диез, бемоль), олардың, ән айту барысында қолдану, жазу. Әндегі тұрақты дыбыстар. Сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз до- мажор гаммадағы ән айту. Жеңіл және шағын әндерді нотамен айту. Симфония, симфониялық поэма, хор поэмасы, опера, балет, оратория, вариациялардың негіздерін білу. Халық әндері мен күйлерінің күрделі музыкалық шығармалардағы жаңа өмірі. Симфониялық оркестр, оның аспаптары, дирижер туралы түсінік алу.

Шығармашылық тапсырмалар

Сабақтың тақырыбы бойынша сурет салу. Өзінің түсінігі бойынша музыкалық шығармалардағы бейнелерді өз бетінше қағазға түсіру. Шағын фразаларға музыкалық қысқа қайырымдар ойлап табу. Тыңдаған музыкаға ертегі, әңгіме құрау. Берілген тақырыпқа сай суырып салып айту. Кроссвордтар, ребустар шешу.

ІІ. ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1 сынып оқушылары:

Білуі тиіс:

  • ән, би, күй, марш, халық әні, ақын, күйші сөздерінің түсініктерін;

  • дыбыстардың буындық атауларын, төрттен бір бөлігі, сегізінші, темп, өрлеме, бәсендейтін (азаймалы), бір биіктіктегі әуен түсініктерін;

  • сүйемелдеу түсінігін;

  • Г.Жұбанов , Ғ.Жұбанова, Н.Тілендиев және т.б. сазгерлерді;

  • музыканы тыңдау ережелерін;

  • назар аудару, дем алу (тыныс), ән айтудың аяқталуы сияқты мұғалімнің негізгі дирижерлік қимыл-белгілерін;

  • фортепиано, скрипка, аккор­деон, баян, домбыра, қобыз, жетіген, шаңқобыз музыкалық аспаптарының атауларын;

Істей білуі тиіс:

  • музыканы тыңдауды және ережелерге сәйкес әндерді орындауды;

  • музыканың сипатын айыра білуді;

  • регистр, темп, динамика, әуеннің бағыты сияқты қарапайым музыкалық құралдарын айыра білу;

Келесі дағдыларға ие болуы тиіс:

  • дирижерлік қимылдары бойынша ән айту;

  • қосылып ән айту;

  • (ре - ля) примарлық зона шеңберінде қарапайым әуендерін интонациолау;

  • музыканы тыңдау;


2 сынып оқушылары:

Білуі тиіс:

  • тембр түсінігін;

  • негізгі дауыстардың атауларын: бас, баритон, тенор, альт, сопрано;

  • бала дауыстарының атауларын: сопрано, альт, дискант;

  • мажор, минор, песня, кюй, танец, марш түсініктерін;

  • Г.Жұбанов, Ғ.Жұбанова, Н.Тілендиев, П.Чайковский және т.б. сазгерлерді

  • музыка сипатын ритмикалық қимыл, шапалақ арқылы көрсете;

  • музыканы тыңдау және әнді ережелерге сәйкес орындай;

  • музыкалық шығармаларының жанрлық түрлерін айыра білуі;

Келесі дағдыларға ие болуы тиіс:

  • дирижерлік қимылдар бойынша ән айту;

  • (ре-до) примарлық зона шенберінде қарапайым әуендерін интонациолау;ы

  • музыканы тыңдау;

3 сынып оқушылары:

Білуі тиіс:

  • жанрды анықтау; қимыл ұйымдастыру және бейнелеумен байланысты, жыраулық және хабарлы типтегі, лирикалық музыканың негізгі жанрлық түрлерін айыра білу;

  • гимн, марш, би, опера, увер­тюра, ария, ансамбль, бас, тенор, альт, со­прано түсініктерін;

  • ақын, айтыс түсініктерін;

  • М.Тулебаев, Е.Рахмадиев және т.б.;

  • Қоркыт туралы аңыздың мазмұнын;

  • музыканы тыңдау ережелерін;

  • "Алпамыс", "Кыз-Жібек", "Снегурочка". "Садко". опералары туралы түсініктері;

  • музыканы тыңдау және әнді ережелерге сәйкес орындай;

  • музыка сипатын айыра білу (көңілді,көңілсіз, ойнақы,назды);

  • мәнерліліктің қарапайым құралдарын ажырата білу: регистр, ритм, темп, динамика:

  • негізгі даустардың тембрлерін ажырата білу;

  • музыка қозғалысы мен ритмін қол қимылы мен шапалақтарымен көрсету;

  • қарапайым жазулар бойынша ноталық мәтінді оқу және оқу жылы бойынша оқыған қарапайым, шағын әндер әуендерінің бағытын қол қимылымен көрсете білу;

  • тыңдалған музыканың жанрлық тәнділігін ажырата білу;

Келесі дағдыларға ие болуы тиіс:

  • дирижерлық қимылдар бойынша ән айту;

  • дауыстардың қарама қарсы, жанама, бірдей қозғалуында канондарды, шағын әндерді екі дауспен орындауды;

  • музыка тыңдау;


4 сынып оқушылары:

Білуі тиіс:

  • негізгі музыкалық жанрларды: лирикалық (песня, ро­манс, серенада, элегия, баркарола және т.б..), моторлық (би, марш және т.б..), хабарлы (аңыз, әнұран, жырау, баллада, рапсодия және т.б..); синтетикалық жанрлар: опера, ба­лет;

  • халық оркестрі, халық музыкалық аспаптар түсініктерін;

  • әндерді сипатына қарай орындай білуі ;

  • екі дауспен орындалатын әндер, канондар орындай білуі;

  • музыканы тыңдау және оның жанрлық түрлерін ажырата білу;

  • музыка сипатын ажырата білуі;

Келесі дағдыларға ие болуы тиіс:

  • легатода, үзік-үзік ритмде орындау;

  • соло, топпен, сүйемелдеу және сүйемелдеусіз орындау;

  • музыка тыңдау.

IV. оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері
Әдістеме жүйесі «Музыка» пәнінің ерекшеліктері мен оның құрылымын ескере отырып: музыка сауаты, музыка тыңдау, ән орындау және шығармашылық тапсырма, сонымен қатар, балалардың жалпы және музыкалық дамуының қажеттілігі негізінде құрастырылған. Оқушылардың музыкалық әрекет түрлеріне және қойылған міндеттерге байланысты, балалардың әрекетін ынталандыратын (дем беретін) әр түрлі дәстүрлі белсенді әдістер мен оқыту тәсілдері, инновациялық әдістер, жұмыс түрлері қолданылады. Атап айтқанда, сабақта балалардың вокалды-хор және шығармашылық дамуына ықпал ететін, ынтасын, есте сақтау, тапқырлық, өз бетімен дербес жұмыс жасау т.б. қабілетін дамытатын әдістер кең қолданылады.

Бірініші мен екінші сынып оқушыларының негізгі әрекеті ақпараттық және коммуникативтік әрекет болып табылады сондықтан берілген музыкалық тапсырмалар, әдістер мен тәсілдер негізінен осы әрекетке бағытталған.

Балалардың музыкалық қабілеттерін (дыбыс биіктікті, ладты және ырғақты естуін, музыканы қабылдауын) дамыту мақсатында мынандай әдіс-тәсілдер қолданады. Дыбыс биіктігін қол қимылымен, «баспалдақ» түрінде көрсету, ырғақтық өрнектерді әсем графикамен бейнелеу, әуен қозғалыстары, музыкалық аспаптарда сүйемелдеу, ойын сәттері, «Кімнің аты?», «Суретті таңда», «Әуенді тап» тағы басқа дидактикалық ойындар оқушыларға музыкалық білімді игеруге, қажетті білікті алуға көмектеседі.

Музыканың орындалу көңіл-күйі мен сипатын анықтауда, екінші сынып оқушыларының сөздік қорын кеңейтуде «Музыкалық сөздік» үлкен орын алады.

Алты-жеті жастағы балаларда негізінен фальцеттік үн басым. Осыған орай, балалардың дауыс аппаратын дамыту үшін, дұрыс тыныс алуын қалыптастыру, біркелкі жұмсақ, әдемі дыбыспен айту, мәнерлі орындауға әр-түрлі вокалды-хор жаттығулары, қысқа қайырымдар пайдаланылады.

Музыка аспаптарында орындау және музыкаға сәйкес би қимылдарын жасау оқушыға шығарманың жалпы мінезін және екпіні мен бояу ерекшеліктерін сезінуге көмектеседі. Жұмыстың бұл түрі баланың музыкаға деген сезімі мен ынтасын арттыра түседі.

Балалардың музыкалық белсенділігіне «Музыкалық саяхат», «Музыкаға сиқырлы баспалдақтар» (авторлық) атты дидактикалық ойындар көмектеседі. Мысалы, «Музыкалық саяхат» ойыны, «сабақтас» білімді бір топқа жинап, оқушыларға музыкалық материалды ойын түрінде бекітуге мүмкіндік береді. «Ноталар еліне саяхат», «Ауылға музыкалық саяхат», «Менің халқымның өткен өміріне саяхат», «Музыкалық аспаптар еліне саяхат», «Музыкалық көңіл-күйге саяхат». Бірінші мен екінші сынып білім алушылардың музыкалық дамуына, репертуардағы таныс әндерді музыкалық шулы аспаптармен сүйемілдеуі ықпал етеді.

Ал, 3-4 сыныптарда, жоғарыда атап кеткен әдістермен қатар, толғану, салыстыру, қорытындылау әрекеті барысында оқушылардың білімдерін бекітуге септігін тигізетін әдістерді қолдануға болады.

Сабақ құрылымының маңызды сәті болып, сабақтың барлық мазмұнын біртұтас қабылдауда, балаларға көмектесетін оның музыкалы-көркемдік драматургиясы болып табылады.

Өнердің басқа түрлерімен араласу (интеграция) әдісі оқушылардың ой-өріс деңгейлерін кеңейтуге көмектеседі және рухани-адамгершілікті дамуына ықпал етеді.

Музыкалық қабілеттерін дамыту 3-4 сынып оқушылары үшін, өзекті мәселе болып қала береді. Осы мақсатта дыбыстың биіктігін естуінін, ладты сезуін дамытуға бағытталған мынандай үлгідегі жаттығулар үлкен демеу болып табылады: «дыбыстарды биіктігіне қарай, айқын бейнелі басты әуенмен, әуенмен тыңдау және орындау», «мажор және минор», «қуанышты және мұңды» т.б. Ырғақты сезуін дамытуға, ажырата білуге бағытталған мынандай тәсілдер көмектеседі: әр түрлі ырғақтық өрнектердегі күшті және әлсіз үлестер, ырңақтың мәнерлілігі және бейнелілігі. Музыкалық есте сақтау қабілеттерін дамыту - негізгі, басты әуен (интонация), ырғақтық өрнектерді, таныс әндердің екпінін т.с.с. жаттығуларды есте сақтау және анықтау. Әр түрлі екпіндегі, ырғақтағы, дыбыс күшіндегі, көңіл күйдегі музыкаға түрлі қимыл-қозғалыстар, жаттығулар жасау жақсы әдіс болып табылады.

Төртінші сыныпқа келген оқушылар мақсатты бағытталған дайындық нәтижесінде, өз мүмкіншіліктерін жүзеге асыруға бағытталған қарапайым шығармашылық тапсырмаларды жеткілікті деңгейде, саналы түрде орындай алады, өз әрекеттерін және музыкаға деген қатынастарын түсіндіреді. Бұған оқушылардың әр түрлі дамытушылық тапсырмаларды өз бетімен шешуіне бағытталған әдістер мен тәсілдер ықпал етеді.

Қойылған білім беру міндеттеріне қарай, тыңдауға ұсынылған репертуар және ұсынылған әндер репертуарын берілген жалпы көлемінен 30-40 пайыздан астырмай, күрделілігі пара-пар келетін музыкалық материалмен ауыстыруға болады



Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы
Жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған «Музыка» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010. – 15 б
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы геометрия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы жаратылыстану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы геометрия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница