Атырау қалалық білім бөлімінің 2009 жылы атқарған жұмыс қорытындылары және жаңа 2010 жылға қойылған міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы»




НазваниеАтырау қалалық білім бөлімінің 2009 жылы атқарған жұмыс қорытындылары және жаңа 2010 жылға қойылған міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
страница1/6
Дата конвертации05.11.2012
Размер0.91 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6
Атырау қалалық білім бөлімінің 2009 жылы атқарған жұмыс қорытындылары және жаңа 2010 жылға қойылған міндеттер
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарын, «Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен облыс, қала әкімдерінің шешімдерін, салалық бағдарламаларды жүзеге асыру;

- Дарынды және қабілетті балалармен жұмыс түрлерін жетілдіру, жаңа типті мектептер желісін кеңейту және сапалы, бәсекеге қабілетті білім беруді жүзеге асыру;

- Ұлттық бірыңғай тест пен мемлекеттік аралық бақылауға дайындық сапасын жетілдіру;

- 2010-2011 оқу жылында 1-ші сыныпқа келетін оқушыларды 12 жылдық білім беруге көшуіруге байланысты іс-шаралардың орындалуын бақылау;

- Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;

- Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, білім сапасын арттыру;

Негізгі міндет етіп қоя отырып жыл ішінде жоспарға сәйкес төмендегідей жұмыстар жасалды.

Қалалық білім бөліміне қарасты 54 жалпы білім беретін мектептердің 50-і орта 4-уі негізгі мектептер, олардың 29 қазақ тілінде, 24-і қазақ және орыс тілінде, 1-уі орыс тілінде дәріс береді. 2 гимназияда ( ағылшын тілін тереңдете оқытатын техникалық және №13 ұлттық)-2298 оқушы, №17 мектеп-лицейде 1111 оқушы, жалпы 54 мектепте 38714 оқушы 1-11 сыныптарда оқиды, мектепалды даярлық сыныптардағы оқушы саны-2519, 37 мектептің жанынан жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда ашылған гимназиялық сыныптарда 8350 оқушылар білім алады.

Арнайы психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалар үшін 11 мектептің жанынан 47 сынып ашылып, онда 361 бала арнайы бағдарламалармен дәріс алса, облыстық өкпе аурулары мен балалар ауруханасы, облыстық балаларды оқшаулау орталығы жанынан арнайы сыныптар ашылып жұмыс жасайды.

Барлық жалпы білім беретін мектептерде жаңа оқу жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 22 шілдедегі «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында 2009-2010 оқу жылының басталуы туралы» №353 бұйрыққа сәйкес басталды.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 қазандағы «5-6 жастағы балаларды мектеп алды даярлықпен толық қамту» туралы №1417 Қаулысын орындау мақсатында балабақшалардың мектепке даярлық топтарымен 2519 бала қамтылды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 8 тамыз 2003 жылғы №538 бұйрығы негізінде Сатпаев атындағы мектеп 12 жылдық білім берудің байқап көру мектебі болып саналады. 2008-2010 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беру бағдарламасы 7 сыныптарда жалғастырылды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2 сәуір 2004 жылғы №273 бұйрығы негізінде Ломоносов атындағы мектеп ағылшын тілін ерте кезден оқытуды бақылау алаңы болып есептеледі, 2009-2010 оқу жылында 2-8 сыныптар арасында жеті сынып қамтылып отыр.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің №381 бұйрығы негізінде №17,№27,№30 мектептер мен №6,№1 авторлық мектепке дейінгі гимназия “Өзін-өзі тану” бағдарламасы енгізіліп, жұмыс жасайды.

2009 жылы ағылшын тілін тереңдете оқытатын техникалық гимназия, №27 И.Тайманов атындағы, Алтынсарин, Еркінқала, Жоғарғы сынып оқушылары мектептері мемлекетік аттестаттаудан өткізілді.

3 шақырымнан қашық орналасқан 572 оқушыға тасымал №4,№6,№32, Жамбыл, Нысанбаев атындағы мектептерде ұйымдастырылды.

Бесікті мектебінің жанындағы интернатта Қарабатан, 496 разъезд, Дачалық уческелерде тұратын 80 оқушы оқиды.

2009-2010 оқу жылының басталуына орай яғни 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы өткізіледі. Жаңа оқу жылы мектепке баратын 38714 оқушының арасында 4363 жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларының 1 қыркүйек күні барлығы мектепке келуіне жағдай жасау мақсатында жалпы міндетті білім қорынан 7798,0 мың теңге қаржы бөлініп 540 оқушыға киімдей көмек көрсетілді. Сонымен қатар «Атамекен» ұлттық палатасы арқылы 12 балаға, облыс әкімі аппараты 37 балаға, қалалық әкімшілік 50 балаға, қалалық білім бөлімі 5 балаға, «Жерлес» ұйымы 20 балаға, «Атыраужарық» мекемесі 12 балаға, балабақшалар ұжымы 24 балаға көмек көрсетсе, жеке кәспкерлер 153 балаға көмек көрсетті.

Жалпы білім беретін 54 мектептің 31-де асханалар, 13-де буфеттер жұмыс жасап, барлық 38714 оқушының 78 пайызы ыстық тамақпен өз қаржыларымен қамтылып отыр. Барлық асханалар мен буфеттерді «Дан-Ис-Сервис» ЖШС тендер арқылы 3 жылға жалға алып, жалға алушылардың есебінен жетім, жартылай жетім және аз қамтылған отбасының 912 баласы бір мезгіл тегін тамақтанады.

Оқушылардың денсаулықтарына бақылау жүргізу, қажетті дәрігерлік көмектер көрсету мақсатында барлық 54 мектеп жанынан дәрігерлік кабинеттер ашылған, олар қажетті медициналық құрал жабдықтармен толық жабдықталған. Оқушылар дәрігерлердің бақылауынан жылына 2 рет кестеге сай өткізіліп тұрылады. Қорытындысы бойынша дәрігерлік тұжырымдамаға сәйкес мектеп медбикелері оқушыларды «Д» есепке қойып, оқушылардың емделуін бақылайды.

Оқушылардың мектептен тыс уақыттарында тәрбие беретін қалалық мектептен тыс тәрбие орталығы мен 5 балалар саз мектебінде 2870 балалар әр түрлі үйірмелер мен музыкалық кластарда оқиды 2009 жылдан бастап «Жас натуралистер стансасы» қалалық білім бөлімінің балансына беріліп, мектептен тыс тәрбие беру мекемелер саны тағы бір бірлікке көбейді.

2008-2009 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 46 пайыз болып, өткен оқу жылмен салыстырғанда 1 пайызға артты. Оқу озаттарының саны-3719, оқу екпінділерінің саны-13788 тең болды. «Алтын белгі» иегерлер саны-13, Үздік аттестатқа иеленгендер саны-7; Үздік куәлікке алғандар-104;

Білім сапасының салыстырмалы көрсеткіші




2007-2008 оқу жылы

2008-2009 оқу жылы

Динамика

Жалпы көрсеткіш










Оқу озаттары

3584

3719

135

Оқу екпінділері

13759

13788

29

Білім сапасы

45 %

46%

+1

1-4 сыныптар










Оқу озаттары

2547

2644

97

Оқу екпінділері

6051

6211

160

Білім сапасы

58%

59%

+1

5-9 сыныптар










Оқу озаттары

931

987

56

Оқу екпінділері

6781

6700

-81

Білім сапасы

37%

38%

+1

10-11 сыныптар










Оқу озаттары

106

88

-18

Оқу екпінділері

927

877

-50

Білім сапасы

37%

40%

+3

Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы бойынша:

Оқу жылы аяғында 1143 оқушы мектеп бітіріп, оның ішінде 1016 оқушы (88,8 %) ҰБТ тапсырды.

0-45 балл аралығында 75 оқушы, жоғарғы 90-100 балл аралығында-191 оқушы, 101-119 балл аралығында-146 оқушы, 120-125 балл аралығында 6 оқушы жинаса, ең жоғарғы 123 балл алған №17 мектептің «Алтын белгі» иегері Турғалиева Гаухар.

Қазақ сыныбындағы орыс тілі және орыс сыныбындағы қазақ тілі пәнінің балдарын шегергенде конкурстық балдан, яғни 45 балдан жоғарғы балға ие болғандар үлесі 8,8 пайызға өсіп 87,5 пайызға жетті.

ТГ, №17 мектеп-лицей, №33, №15, №16, мектеп оқушылары 45 балдан жоғары балл жинады.

Ең жоғарғы орта 102 балл жинаған ТГ мен 96,8 балл жинаған №17 мектеп лицей Республика бойынша алдыңғы қатарлы 100 мектеп қатарына қосылды. 100 балдан жоғары балл алғандар үлесі өткен оқу жылымен салыстырғанда 4,1 пайызға өсті. ТГ, №17 мектеп-лицей, №15,№16,№3 мектептер алдыңғы орынды иеленді.

«Алтын белгіге» үміткер 18 оқушының 13-і (72,2 %), «Үздік аттестатқа» үміткер 16 оқушының 7-уі өз білімдерін қорғап шықты. №30 мектептің «Алтын белгі» мен «Үздік аттестатқа» үміткерлері 100 пайыз өз білімдерін дәлелдеді.

Орта мектеп бітіріп, Ұлттық бірыңғай тест тапсырған 1016 оқушының 895-і жоғарғы оқу орнына тапсырып, 145-і мемлекеттік грантқа ие болды.

21 мектептің 31 оқушысы, оның ішінде, математикадан 22 оқушы, қазақ сыныбындағы орыс тілінен 6 оқушы, Қазақстан тарихынан 3 оқушы «2»-лік баға алды. «Алтын белгіге» ұсынылғандардың 27,7 пайызы өз білімдерін дәлелдей алмады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы «2009 жылы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу туралы» №1510 бұйрығының негізінде 2009 жылдың 28 ақпанында 53 жалпы білім беретін мектептің 4 және 9 сынып оқушылары Мемлекеттік аралық бақылаудан өтті.
9 сыныптар қазақ сыныбындағы орыс тілі, орыс сыныптарындағы қазақ тілі, ағылшын тілі және география пәндерінен тест тапсырды.

9 сыныптардан барлығы 4244 оқушы қатынасып, олардың 3153-і қазақ, 1091-і орыс сыныптарының оқушылары. Мемлекеттік аралық бақылау қорытындысы бойынша жалпы 61,3 балл жинақтап, өткен жылмен салыстырғанда 3,8 балға көтерілді.

Жоғарғы балл жинаған ТГ(78,8),№17 мектеп-лицей(77), №32(69,9) мектеп оқушылары;

Төмен балл жинаған №1(51,2), №4 (51,2),№5 (53), №28 (54), Ломоносов (51,5), Нысанбаев(54,3), Бейінді мектеп(51,7), Амангелді(48,8), Өтемісов (50,6), Талғайраң(47,5) мектеп оқушылары болды. Жалпы шектік деңгейден 31 оқушы өте алмады.

4 сыныптар бойынша 3615 оқушы қазақ және орыс тілі пәндерінен тест тапсырды. Жалпы 17,1 орта балл жинақтап, өткен оқу жылымен салыстырғанда 0,6 балға артып, облыс бойынша 5-ші орынды иелендік.

Ең жоғарғы ТГ-19,3, Тайманов атындағы мектеп-19,3, №27 мектеп 18,8 балды, төмен балды Ломоносов атындағы мектеп оқушылары (13), №8 мектеп оқушылары (14,7), №5 мектеп оқушылары (15,9) жинақтады.

4 сыныптардағы 3615 оқушының 20 балл жинағандарының саны 554, барлық оқушының 0,16 пайызын құрады.

Пәндік олимпиададан, ғылыми жоба жарысының қорытындысы:

2008 жылғы облыстық ғылыми жобалар сайысына қатынасқан 21 оқушының 7 оқушының еңбегі Республикалық сайысқа жіберіліп, №13 ұлттық гимназия оқушысы Үмбетбаева Сүлейман Демерел институтына қабылданғандығы туралы сертификатқа ие болды.

Республикалық олимпиаданың 2-ші кезеңі қалалық олимпиадаға 1512 оқушы қатынасты. Олимпиаданың 2-ші турына 816 оқушы өтіп, қорытындысы бойынша 1-ші орынды 58 оқушы, 2-ші орынды 110 оқушы, 3-ші орынды 243 оқушы иеленді.

Командалық 1-ші орынды Техникалық гимназия оқушылары, 2-ші орынды №30 мектеп-гимназия оқушылары, 3-ші орынды №17 мектеп-лицей оқушылары жеңіп алды. 1-ші орынды жеңіп алған 48 оқушы облыстық олимпидаға қатынасып. 30-ы жүлделі орындарды, командалық 2-ші орынды иеленді. Ақтау қаласында өткен Республикалық олимпиаданың 5-ші кезеңіне қатынасқан 3 оқушының ішінен №31 мектеп оқушысы Азамат Сағынов 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Дарынды оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету мақсатында біршама жұмыстар жүргізілді.

«Абай-Шәкәрім» оқуларының қорытындысы бойынша Амангелді атындағы мектептің 10 сынып оқушысы М.Байырханова Семей қаласында өтетін Республикалық байқауға жолдама алса, «Ғылым әлемін ашамыз» атты 5-ші Халықаралық конференцияға №30 мектеп-гимназия оқушылары А.Есенов пен А.Ерғалиева «Алғыс хатқа», «Жер бізге және ұрпаққа» атты Жасыл ел бағдарламасы бойынш Алматы қаласында өткен форумға қатынасқан Мұратбаев атындағы мектептің оқушысы Ахмет Шынардың еңбегі 3-орынға, Семей қаласында

Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған Республикалық экологиялық форумға Атырау қаласының 5 оқушысы қатынасып, №30 мектептің оқушысы А.Яблоков пен Жамбыл атындағы мектеп оқушысы А.Төлеғалиев 1-ші орынды иеленді. Сонымен қатар, Халықаралық экологиялық сайысына қатынасқан №1,№8,ТГ және Абай атындағы мектеп оқушылары компьютер ұтып алды.

Мектепке дейінгі оқу-мен тәрбие беру:

Атырау қаласында мектеп жасына дейінгі балаларға оқу мен тәрбие беру мақсатында 32 мекеме жұмыс жасайды.

Тәрбиеленетін бала саны-8059; оның ішінде санаториялық №5, №8, Айгөлек балабақшаларында 324 бала, №20 логопедтік балабақшада- 126 бала; селолық 4 балабақшада -402 бала, тәрбиеленді.

Олардың ішінде қалалық білім бөліміне қарастысы-29, Атырау мұнай өңдеу заводына бағынышты-1, онда 250 бала; «Атырау-Балық» мекемесінің балабақшасы-1, онда 184, бала жеке меншік -1, онда 60 бала тәрбиеленді.

Мектептер жанындағы шағын орталықта 618 бала, барлығы мектепке дейінгі тәрбие берумен 8677 бала,

Жалпы білім беретін мектептерде мектепалды даярылқпен 5-6 жастағы 2519 бала қамтылып отыр.

Соңғы 3 жыл ішінде балабақша саны - 8 бірлікке артты:

2007 жылы Тасқала елді мекендегі 80 орындық балабақша қайта қайтарылып, күрделі жөндеуден өткізіліп іске қосылды;

2008 жылы Вокзал маңы мөлтек ауданындағы 80 орындық №55 балабақша АДЖИП мекемесінің демеушілік көмегімен күрделі жөндеуден өткізіліп, Сарықамыс елді мекеніндегі 165 орындық жаңа балабақша құрылысы аяқталып, іске қосылды.

2009 жылы құрылыс жұмыстары аяқталып 5 балабақша іске қосылды:

р/с

Балабашалар атауы

орны

Қаржыландыру көзі

ескерту

1

№10 «Құлыншақ», Балықшы кенті

160

жергілікті

Жаңадан салынған

2

№11 «Таңшолпан», Жұмыскер кенті

160

жергілікті

Жаңадан салынған

3

№12 «Үміт», Авангард мөлтек ауданы

80

жергілікті

Жаңадан салынған

4

№14 «Нұрай», Лесхоз мөлтекауданы

160

жергілікті

Жаңадан салынған

5

№22 «Еркетай», Тұрғынүй қалашығы

80

жергілікті

Жаңадан салынған


Жаңа оқу жылында балабақшаларға 2600-ден астам балалар орналастырылды. Оның ішінде, балабақшадағы мектепалды даярлық топтарына 5-6 жастағы 1800 бала, мектептердегі мектепалды даярлық сыныбына 2519 оқушы, мектептердегі шағын тәрбие орталығына 618 бала тәрбиеленеді. Жалпы мектепке дейінгі біліммен қамту 2008 жылы 43 пайыз болса, 2009 жылы 48 пайызға дейін артты.

Облыстық статистикалық орталықтың мәліметі бойынша Атырау қаласында мектеп жасына дейінгі 23138 балалар тұрады. Оның 11196 ұйымдастырылған мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларымен және жалпы білім беретін мектептердегі шағын орталық топтарымен, мектепалды даярлық сыныптарымен қамтылған. 1-ден 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі білім берумен қамтылуы- 48,7 %, мектепалды даярлықпен – 100 %, жалпы мектепке дейінгі ұйымдармен және мектепалды даярлықпен қамту-55 пайыз болып, соңғы 3 жылда 0,4 пайызға артты.

2009-2010 оқу жылында 5-6 жастағы балалар 100 пайыз мектепалды даярлықпен қамтылды.

Қазақстан Республикасының Премьер –Министрі К.Мәсімовтың қатысуымен ҚР Білім және ғылым министрлігінде болған Кеңесінің 18 қаңтар 2007 жылғы №245/007-515 хаттамасында көрсетілген мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім беру бағдарламасымен қамтуды әр жыл сайын 10 пайызға өсіру тапсырмасын орындау мақсатында 2006 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептер жанынан шағын тәрбие орталықтары ашылып жұмыс жасауда.

2006 жылы 3 мектеп жанына (№27, Ақжар селосындағы №25 және Еркінқала селосындағы Еркінқала орта мектебі) 3 топ ашылып, 70 бала қамтылса, бүгінгі күні 20 мектеп жанынан 32 топта 3-4 жастағы 671 бала тәрбиеленуде. Шағын орталықтар мектепке дейінгі білім беру мекемесі жоқ мөлтекаудандағы және ауылдық жерлердегі мектептер жанынан мектепке дейінгі білім берудің ең тиімді моделі ретінде жұмыс жасайды.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Атырау қалалық білім бөлімінің 2009 жылы атқарған жұмыс қорытындылары және жаңа 2010 жылға қойылған міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» icon2009 жылы Новодолинский кентінің әлеуметтік – экономикалық дамуы бағдарламасының орындалуы туралы есеп және 2010 жылға алға қойылған міндеттер
Новодолинский кенті әкімі аппаратының жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясын және...
Атырау қалалық білім бөлімінің 2009 жылы атқарған жұмыс қорытындылары және жаңа 2010 жылға қойылған міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» iconБілім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат
Жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталды
Атырау қалалық білім бөлімінің 2009 жылы атқарған жұмыс қорытындылары және жаңа 2010 жылға қойылған міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» iconАтырау облысының Статистика департаментінің 2010 жылғы атқарған қызметі туралы есебі
Стратегиялық жоспарын, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Жауапты хатшысымен бекітілген Атырау облысының Статистика департаментінің...
Атырау қалалық білім бөлімінің 2009 жылы атқарған жұмыс қорытындылары және жаңа 2010 жылға қойылған міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» icon2010 жылы қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттік контингентін қалыптастырудың Қорытындылары қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Бт өткізу пунктерінде (бұдан әрі – Ұбт өП) өткізілуде. 2010 жылы республика бойынша 154 Ұбт өткізу орталығы жұмыс істеді, олардың...
Атырау қалалық білім бөлімінің 2009 жылы атқарған жұмыс қорытындылары және жаңа 2010 жылға қойылған міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» iconБілім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы»
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 26 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Атырау қалалық білім бөлімінің 2009 жылы атқарған жұмыс қорытындылары және жаңа 2010 жылға қойылған міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» iconОҚо экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2009 жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы
...
Атырау қалалық білім бөлімінің 2009 жылы атқарған жұмыс қорытындылары және жаңа 2010 жылға қойылған міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 бабының 25 тармақшасына сәйкес әзірленген және оқу процесін...
Атырау қалалық білім бөлімінің 2009 жылы атқарған жұмыс қорытындылары және жаңа 2010 жылға қойылған міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі №468 Бұйрығы «Білім туралы»
Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта...
Атырау қалалық білім бөлімінің 2009 жылы атқарған жұмыс қорытындылары және жаңа 2010 жылға қойылған міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» iconҚұрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар!
А. Хадесовтың «Селолық округтің 2009 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және 2010 жылға арналған міндеттер туралы»...
Атырау қалалық білім бөлімінің 2009 жылы атқарған жұмыс қорытындылары және жаңа 2010 жылға қойылған міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» iconТехникалық және кәсіптік білім беру саласында әлеуметтік серіктестікті дамыту Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
«Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» Заңына және Модельдік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница