Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Иманбаева Жазира Задашевна Физика пәнінің мұғалімі




Скачать 96.82 Kb.
НазваниеТалдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Иманбаева Жазира Задашевна Физика пәнінің мұғалімі
Дата конвертации25.11.2012
Размер96.82 Kb.
ТипДокументы


Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы

«Назарбаев Зияткерлік мектебі»
Иманбаева Жазира Задашевна

Физика пәнінің мұғалімі

Еңбек өтілімі: 10 жыл

Хармысов Шыңғыс Аблайханұлы

Физика пәнінің мұғалімі

Еңбек өтілімі: 2 жыл


Сабақтың тақырыбы:«ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс
Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың пән бойынша білімдерін жүйелеу,ББД арттыру.

Пән бойынша игерген білімдерін ғылымның басқа салаларымен

байланыстыру.

Шығармашылық қабілеті дамыған,бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Сыныптан тыс кіріктірілген сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: Сұрақ –жауап.

Сабақта қолданылатын құралдар:интерактивті тақта.Компьютер.

Сабақтың барысы:
Ұққанға табиғаттың сыры терең,

Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,

Демесең болсын егер еңбегім еш,

Әуелі физиканы оқы дер ем.
Бүгін де физика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте.

Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,

Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!
Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер,- деп

Бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, «Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» сайыскерлер. Бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Ал,оқушы,ұстаздар

Ортаға назар салайық.

Сайыскерлер шықпақ сайысқа ,

Қол соғып қарсы алайық,- деп ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

1 нөмірдегі сайыскеріміз Шаймұрат Бақытжан

2 нөмірдегі сайыскеріміз Тельман Қуан

3 нөмірдегі сайыскеріміз Садырбаева Алуа

4 нөмірдегі сайыскеріміз Сыбанов Серік

5 нөмірдегі сайыскеріміз Хамит Арай

6 нөмірдегі сайыскеріміз Бласов Алмат

7 нөмірдегі сайыскеріміз Сариева Айжан

8 нөмірдегі сайыскеріміз Сабыров Нұрбол

І-тур. Бәйге.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
Сайысымыздың І-кезеңі - «Бәйге». Бұл кезеңде сайыскерлеріміз физикалық анықтамаларға қоңырау соғу арқылы жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз. Ал,мұқият болыңыздар:

1. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы (ішкі энергия)

2. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы

(жылу мөлшері)

3. Молекулалар арасындағы өзара әсерлесу, елеусіз аз болатын газ.

(идеал газ)

4. Өз сұйықтығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу.

(қаныққан бу)

5. Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы.(инерция)

6. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)

7. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)

8. Сұйықтың буға айналу құбылысы. (кебу)

9. Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)

10. Электр заряды жоқ бөлшек. (нейтрон)

ІІ-тур. Көкпар.

Адам - Алып таңғажайып ісімен,

«Көкпар» - ойын ой тастаған түсімен.

Зерделілер заманды алға жылжытсақ,

Физикалық заңдылықтар күшімен.
Бұл адамдар ардақтаған халықтар,

Физикада даңқы шыққан алыптар.

Қара, ойлан, зерек болсаң сайыскер,

Алыптарды әрқашанда танып қал.
1. Француз физигі және математигі, электр және магниттік құбылыстар арасының байланыс заңын, теориясын жасаған. Магнитизм табиғаты жөнінде гипотеза ұсынған. Физикаға «Электр тоғы» ұғымын енгізген. (Андре Мари Ампер)

2. Итальян физигі, электр тогы туралы ғылымға жол салушы. Бірінші гальвани элементін жасаушы. (Александро Вольта)

3. Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелденген. (Георг Ом)

4. Француз физигі, 1781 ж. электр және магниттік заңдылықтарды тағайындау үшін аспап ойлап тапқан. Сырғанау және домалау үйкелістерінің заңдылықтарын тұжырымдады. (Шарль Огюстан Кулон)

5. 1643-1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі. Жарықтың көптеген қасиеттерін ашып, зерттеген. Жоғары математиканың маңызды салаларын талдап дамытқан. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан. (Исаак Ньютон)

6. Б.э.д. 287-212 жылдары өмір сүрген ертедегі грек ғалымы, физик және математик. Рычаг ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан. (Архимед)
Осы екі тур қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған 2оқушы ойыннан шығады.

ІІІ-тур. Полиглот.

Келді кезек полиглотты шешуге,

Жауаптарды аударуға үш тілде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

7 ұпай, шәкірт саған несібе.
1.Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток, ток, current [каррент])
2.Жалғыз бағыт білері,

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді

Бірақ өзі көрмейді. ( компас,compass [кампәс])
3. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп, telescope)
4.Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды ( сағат,часы, clok)
5.Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді. (күш,сила, strength)
6.Жоғалмайды ешқашан,

Түрлендірсек егер де.

Басқа күйге ауысқан,

Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия,энергия,energy)
Осы үш тур қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.
ІV-тур. «Ғажайып бестік»

Бестіктің сұрағы көп сабақтан,

Шәкірттердің білері алға шығады.

Асықпаңдар,ойланыңдар жақсылап,

Бес жауап бар біреуі оның шырағы.





тарих

Ғылым жаңалықтары

Химия

Табиғат

Биология

10

Адамзаттың даму тарихында қола дәуірден темір дәуірге өтті.Қола мен темірдің қандай физикалық қасиеттері маңызды роль атқарды?

Алғашқы бу машинасын ойлап тапқан кім?

Лимон, алма немесе тұздалған қиярға екі өткізгішті біреуі мыс екіншісі темір шеге салдық.Осындай тәсілмен дайындалған ток көзі токтың қандай әсеріне негізделген?

Балшықтың жылы күндері жұмсармай қату себебі неде?

Барлығы

мызға белгілі қаздар және басқа құстар қармен жүргенде аяқтары үсімейді.

Себебі?

20


Найзағайдың электрлік табиғатын зерттеген,

АҚШ негізін қалаушы

1583 жылы 12 жастағы студент шіркеудегі шамның тербелсін бақылап, уақытты анықтау үшін өзінің тамырының соғысын пайдаланған.

Бұл болашақ ұлы ғалымның алғашқы жаңалығы еді.Бұл қай ғалым?

Егер суға ас тұзын салатын болсақ температура қалай өзгереді?


А.Құнанбаев

тың «Желсіз түнде жарық ай?» деген өлеңінде :

...Ауылдың маңы терең сай, тасыған өзен гүрілдеп -деген өлең жолдарының физикалық мағынасы қандай?

Африкада

ғы тайпалар бақа жақсы синоптик екенін байқаған.

Олар жаңбыр жауардың алдында уылдырығын ағашқа себеді екен.

Себебі?

30

Алғашқы ауа шарлары 1783 жылы Францияда

ғы ағайынды Монгольфьелер ұшырған.

Осы шарлар қалай аталған?


Кезекті лекциясында М.Фарадей мыс және мырыш монета қышқыл ерітіндісі құйылған ыдыс және қайшы ,қағазәкелді.Бұл заттар оған не үшін керек?

Газдалған сусынды ашқан кезде сұйықтан көпіршіктер бөлініп шығады.Бұл құбылыстың қайнаудан өзгешлігі неде?

Ауа шары тез көтерілгенде жанып кеткен жағдайлар болған.

Себебі?

2-суретте қай кезде жылыда қай кезде ыстықта түсірілген?


Осы төрт тур қорытындысы бойынша

ең аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.


ұпайы

тарих

Ғылым жаңалықтары

Химия

Табиғат

биология

10

Жылу өткізгіштері,

Ток өткізу қабілеті,

деформацияға ұшырауы.

Д.Папен

Токтың химия

лық әсері

Температура жоғарлағанда кебу жүреді.

Жылуөткізгіштігі нашар

20

Б.Франклин

Г.Галилей

Жылу бөлінеді

Судың потенциалдық энергиясы.

Ылғалда бақаның уылдырығы тез дамиды.

30

Монгольфьелер

Гальваний элементтері

Көмір

қышқыл газ бөлінеді

Шардың ауамен үйкелісі кезінде оның электрленгені соншалықты, электр заряды пайда болды.шар сутегімен толтырылса разрядтың пайда болуында оның тұтануы мүмкін.

1-суықта,2-ыстықта

«Ғажайып бестік»-жауаптары

V – тур. Жорға.

Ең қиыны жарыстың «Жорға» келді,

Мықтылары қалыпты жеңсін енді

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Сайысымыздың соңғы кезеңі «Жорға». Бұл кезеңде әр оқушыға бөлек-бөлек 10 сұрақтан қойылады. Осы сұрақтарға 0,5 мин. ішінде шапшаңдықпен жауап беру керек.
1-оқушы:

1.Ньютонның 1867 ж. бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына себеп болған не?( Алма)

2.Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым. (Торричелли)

3.Ток бағыты қай полюстен қай полюске бағытталады. (Дұрысында «-»-тен «+»-ке, бірақ есеп шығарғанда ыңғайлы болғандықтан «+» -тен «-» -ке алу келісілген)

4.Желсіз ауада гүлдер мен шөптердің хош иісінің таралуы қандай физикалық құбылыспен түсіндіріледі. (Диффузия)

5. «Керуен» сөзін физикалық шамаға өзгерт (кернеу)

6.Бір температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез қайнайды? (шикі су)

7.Тұзды суда жұмыртқа бата ма? (жоқ)

8.Электр шамын ойлап тапқан кім? (Джозев Сван)

9.Рычаг ережесін тағайындаған кім? (Архимед)

10.Фотографияны ойлап тапқан француз ғалымдары? (Жозеф Ньепс, Луй Даггер)

2- оқушы:

1.Алғаш Нобель сыйлығын алған физик ғалым. (Рентген)

2.Дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама. (масса)

3.Су мен күнбағыс майы неге араласпайды? (тығыздықтары әртүрлі)

4.Жерді қоршап тұрған ауа қабаты. (атмосфера)

5.Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым. (Аристотель)

6.Киноны ойлап тапқан француз ғалымдары (ағайынды Льюмерлер)

7.Электр шамының сымы неден жасалған (вольфрам)

8.Жерді айнала қозғалған жасанды серіктерге жердің тартылу күші әсер ете ме?(иә)

9.Ауаның ылғалдығын өлшейтін құрал (психрометр)

10. «Инерция »-ның қазақша баламасы не? (әрекетсіздік)
Көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады.

Дипломмен марапаттау.
Сабақтан көріністер



Похожие:

Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Иманбаева Жазира Задашевна Физика пәнінің мұғалімі iconКажкенова Дина Мұратқызы, физика пәнінің мұғалімі
Назарбаев зияткерлік мектептері" дббұ Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы "Назарбаев зияткерлік мектебі" филиалы
Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Иманбаева Жазира Задашевна Физика пәнінің мұғалімі iconКажкенова Дина Мұратқызы, физика пәнінің мұғалімі
Назарбаев зияткерлік мектептері" дббұ Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы "Назарбаев зияткерлік мектебі" филиалы
Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Иманбаева Жазира Задашевна Физика пәнінің мұғалімі icon"Назарбаев зияткерлік мектептері" АҚ Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы "Назарбаев зияткерлік мектебі" филиалы
Жұмыс жетекшісі: жоғары санаттты физика және астрономия пәнінің оқытушысы Мамадилова З. К
Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Иманбаева Жазира Задашевна Физика пәнінің мұғалімі iconБілікті білім арқылы интеллектуалды ұлт қалыптастыру
«Назарбаев Зияткерлік мектептер» АҚ Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» филиалы
Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Иманбаева Жазира Задашевна Физика пәнінің мұғалімі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Назарбаев Зияткерлік Мектептері»
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі филиалы
Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Иманбаева Жазира Задашевна Физика пәнінің мұғалімі iconЖаксылыкова Галия Копжасаровна математика пәнінің І санатты мұғалімі
Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ филиалы
Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Иманбаева Жазира Задашевна Физика пәнінің мұғалімі icon«Маятник көмегімен қатты денелердің айналмалы қозғалысын зерттеу»
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ Семей қаласындағы физика- математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы
Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Иманбаева Жазира Задашевна Физика пәнінің мұғалімі iconЖумабекова А. А., Мынбаева М. М. «Қазiргi әлемдегi бiлiмнiң негiзгi даму тенденциялары»
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дбұ Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы
Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Иманбаева Жазира Задашевна Физика пәнінің мұғалімі icon«Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру»
Назарбаев зияткерлік мектептері" АҚ Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы "Назарбаев зияткерлік мектебі" филиалы
Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Иманбаева Жазира Задашевна Физика пәнінің мұғалімі iconСудың беттік керілу коэффициентін тамшының үзілуі және сұйықтың капилляр бойымен көтерілуі әдісімен өлшеу
Назарбаев зияткерлік мектептері" дббұ Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы "Назарбаев зияткерлік мектебі" филиалы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница