Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 12 наурыз №319 Астана, Үкімет Үйі




Скачать 394.71 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 12 наурыз №319 Астана, Үкімет Үйі
страница2/2
Дата конвертации05.11.2012
Размер394.71 Kb.
ТипДокументы
1   2

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

Театрлар

1. «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

2. «Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

3. «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

4. «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

5. «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

6. «Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

7. «Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

8. «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

9. «Республикалық неміс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Концерттік ұйымдар

10. «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

11. «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

12. «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

13. «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

14. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

15. «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

16. «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы.

Мұражайлар

17. «Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

18. «Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

19. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

20. «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

21. «Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

22. «Республикалық кітап мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Кино

23. «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы.

Тарихи-мәдени қорықтар

24. «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

25. «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

26. «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

27. «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

28. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

29. «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

30. «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

31. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

32. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Кітапханалар

33. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

34. «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесі.

35. «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Өзге де ұйымдар

36. «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамы

37. «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

38. «Мәдени саясат және өнертану институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

39. «Көшпелілердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

40. «Көркемсурет көрмелері және аукциондар дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «12 » наурыздағы

№319 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ақпарат және мұрағат комитетінің қарамағындағы ұйымдардың

тізбесі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің

Ақпарат және мұрағат комитетіне ведомстволық бағынысты

республикалық мемлекеттік мекемелер
1. «Орталық мемлекеттік мұрағат» республикалық мемлекеттік мекемесі.

2. «Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.

3. «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.

4. «Мемлекеттік мұрағаттардағы деректі материалдардың микрофотокөшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

5. «Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

6. «Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

7. «Ұлттық археография және мәліметтану орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

8. «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің

Ақпарат және мұрағат комитетіне ведомстволық бағынысты

акционерлік қоғамдар

(жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер)
9. «Баспалар үйі» акционерлік қоғамы.

10. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы.

11. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы.

12. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы.

13. «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы.

14. «Арна-Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамы.

15. «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

16. «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

17. «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

18. «Жалын» журналы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

19. «Қазақ энциклопедиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «12» наурыздағы

№ 319 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:

реттік нөмірі 42-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

42.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi




тарих және мәдениет ескерткiштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет

»;

реттік нөмірі 45-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

45-2.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті




телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру қызметi;


».

2. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі» деген бөлімде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі»;

«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті» деген кіші бөлімде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті»;

«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті» деген кіші бөлімде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті».

3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі

құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті» деген бөлімде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне»;

«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне» деген бөлімде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 278-7, 278-8, 278-9, 278-10, 278-11, 278-12, 278-13 және 278-14-жолдармен толықтырылсын:

«278-7. «Арна-Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамы;

278-8. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы;

278-9. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы;

278-10. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы;

278-11. «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы;

278-12. «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

278-13. «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

278-14. «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».

4. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi»;

1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.»;

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi туралы ережеде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ереже»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) мемлекеттiк реттеудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мәдениет, ақпарат, iшкi саяси тұрақтылық, этносаралық келiсiм, тiлдердi дамыту, мұрағат iсi мен құжаттама, мемлекеттiк рәмiздер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс салаларында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Мәдениет комитетi, Ақпарат және мұрағат комитетi, Тiл комитетi.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Министрлiктiң толық атауы: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi» мемлекеттiк мекемесi.»;

13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;

3) Министрлiкке жүктелген өзге де мiндеттер.

14. Министрлiк қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама және мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаты қалыптастыру;

2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама жасау саласындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлеу;

3) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметтi жүзеге асыру және үйлестiру, отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдесу;

4) ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

5) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

6) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

7) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және іске асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету;

8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат ұсыну;

10) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізуді жүзеге асыру;

11) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастыру;

12) шығармашылық қызметтiң әртүрлi салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдер, сыйлықтар мен жүлделер тағайындау;

13) Республикалық конкурстар мен фестивальдер өткiзудiң үлгiлiк ережелерiн әзiрлеу және бекiту;

14) мәденит, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама салаларында нормативтік құқық актілерді әзірлеу, бекіту;

15) мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды әзiрлеу, бекiту;

16) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды iздестiруге және қолдауға бағытталған бағдарламалар әзiрлеу;

17) көтермелеудiң салалық жүйесiн әзiрлеу және бекiту;

18) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiнiң санаттарына қойылатын үлгi бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу және бекiту;

19) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгiлi) атағын беру ережесi мен тәртiбiн әзiрлеу және бекiту;

20) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау ережесiн бекiту;

21) шығармашыл қызметкердiң мәртебесiн растайтын сертификат беру тәртiбiн бекiту;

22) Қазақстан Республикасының мұражай қорын қалыптастыру және ұстау тәртiбiн бекiту;

23) көркемдiк-сарапшы кеңестер туралы ереженi бекiту;

24) мәдени құндылықтарды уақытша әкету және әкелу жөнiндегi сараптау комиссиясы туралы ереженi бекiту;

25) Мүгедек немесе егде жастағы адамдар үшiн сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кiтапхана қорларына қол жеткiзу ережесiн бекiту;

26) Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларына қол жеткiзу ережесiн бекiту;

27) мәдени-демалыс ұйымдары қызметiнiң тәртiбiн бекiту;

28) Мемлекеттiк стандарттарға сәйкес келмейтiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесiн әзiрлеу;

29) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын және олардың бейнелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Әнұранының мәтiнiн орналастыру және пайдалану ережесiн әзiрлеу;

30) мемлекет меншiгi болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалануға беру жөнiнде шешiм қабылдау;

31) объектiлердi тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану туралы, сондай-ақ оларды мәртебесiнен айыру туралы қорытындыларды дайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның арнайы комиссиясын құру және оның жұмысын ұйымдастыру;

32) ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң ерекше режимi жөнiндегi сараптау комиссиясын құру;

33) тарихи-мәдени сараптама жүргiзу ережесiн бекiту;

34) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртiбiн және пайдалану режимiн бекiту;

35) Қазақстан Республикасының атынан халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткiштерге меншiк өкiлеттiктерiн жүзеге асыру;

36) мәдениет саласында ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;

37) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

38) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мәдениет және өнер қайраткерлерiне құрметтi атақтар және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын беру туралы ұсыныстар енгiзу;

39) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шығармашылық ұжымдарды Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсыныстар енгiзу;

40) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу;

41) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн ұйымдастыру;

42) ақпараттық кеңiстiкке және мәдениет, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама салаларында көрсетiлетiн қызметтерге талдау жүргiзу;

43) саяси партиялармен, қоғамдық бiрлестiктермен, үкiметтiк емес ұйымдармен, кәсiптiк одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасау;

44) iшкi саяси тұрақтылықты, этносаралық келiсiмдi нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де iс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткiзу;

45) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексеру жоспарларын әзiрлеу және бекiту;

46) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын тағайындауды келiсу;

47) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кiтапхана пайдаланушыларға берудi жүргiзетiн, кiтапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кiтапханаларға әдiстемелiк көмек көрсететiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қаланың кiтапханаларына «Орталық» мәртебесiн берудiң тәртiбiн бекiту;

48) Фильмдi ұлттық деп тану ережесiн бекiту;

49) фильмге прокаттау куәлiгiнiң нысанын бекiту;

50) фильм индексi туралы ақпаратты көрсету жөнiндегi стандарттарды бекiту;

51) фильмнiң индексiн айқындау өлшемдерiн әзiрлеу және бекiту;

52) мұрағат iсi жөнiндегi халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкiлдiк етуiн қамтамасыз ету;

53) мұрағат iсiн басқару және жүргiзу органдарының қызметiне әдiстемелiк басшылық жасау және оны үйлестiру;

54) мұрағат iсi мен құжаттамалық қамтамасыз етуде жеке және заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру;

55) мұрағаттарды, мұрағат қорларын және коллекцияларды ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешiм қабылдау;

56) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, оның iшiнде электронды құжаттарды толықтырудың, сақтаудың, есепке алудың, пайдаланудың бiрыңғай қағидалары мен нормаларын бекiту;

57) Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларын бекiту;

58) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттардың тiзбесiн сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып бекiту;

59) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазбаларды сақтау тәртiбiн анықтау;

60) Орталық сараптау-тексеру комиссиясын құру және ол туралы қағиданы бекiту;

61) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлеу;

62) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;

63) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру;

64) Журналистердi аккредиттеу қағидаларын бекiту;

65) Радио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткiзу қағидаларын бекiту;

66) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

15. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға:

1) Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнiнде, сондай-ақ елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру және Ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;

2) тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жөніндегі, телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау;

3) бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою;

4) мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру;

5) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу;

6) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздерi туралы деректер жинақтауды (каталогын) жүргiзу;

7) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарына орталықтандырылған мемлекеттiк есеп жүргiзiлуiн қамтамасыз ету;

8) заңнамада белгiленген тәртiппен ұлттық мұрағат қоры құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсаттар беру;

9) мәдениет саласында әлеуметтiк мәндi iс-шаралар өткiзу;

10) ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының жанрлық бейiмдiлiгiн және қызмет тегін айқындау;

11) республикалық мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттаудан өткiзу;

12) тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнын ауыстырған немесе өзгерткен кезде оларды ғылыми зерделеу және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

13) шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, сыйлықтар мен жүлделер өткiзу;

14) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуды, оның халықаралық беделiн нығайтуды қамтамасыз ету;

15) телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату үшiн радиожиiлiк номиналдарын бөлу жөнiнде ашық конкурстар ұйымдастыру және өткiзу;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық деңгейде мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырыстарды қалыптастыру, орналастыру;

17) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерiнiң тиiстi атқарушы органдармен келiсiлген тiзiмдерiн бекiту;

18) сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негiзiнде тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзiмi мен жою тәртiбiн белгiлеу;

19) республикалық меншiктегi тарих және мәдениет деректi ескерткiштерiн қорғауды, оларды сақтау мен пайдалануды қамтамасыз ету;

20) автоматтандырылған мұрағаттық технологияларды әзiрлеу мен енгiзудi ұйымдастыру, ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпарат желiсi мен деректер банкiн құру;

21) мұрағаттану, құжат жүргiзу және қосалқы тарихи пәндер саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдiстемелiк қызметтi дамыту, ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерiн пайдалану;

22) мемлекеттiк мұрағаттар мен басқа да мұрағат мекемелерiнiң қызметi үшiн оңтайлы жағдайлар жасау;

23) басқа мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың, басқа мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағат құжаттарының көшiрмелерiне апостиль қоюды жүргiзу;

24) Ұлттық мұрағат қорының жеке меншiктегi құжаттарын сақтау мен пайдалану жөнiндегi шарттарға қол қою;

25) Үкiметтiң шешiмдерi бойынша ұлттық мұрағат қорының мемлекеттiк меншiктегi құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беру;

26) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру;

27) Құжаттар көшiрмелерiнiң мемлекеттiк сақтандыру қорын қалыптастыру мен қамтамасыз ету;

28) шет елдердегi Қазақстан Республикасының тарихы жөнiндегi мұрағат құжаттарын жинау мен елге қайтаруды жүргiзу;

29) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының басылып шығарылуын ұйымдастыру, сондай-ақ оларды мемлекеттiң, қоғамның, азаматтардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;

30) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектiлердi ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу туралы өтiнiмдерiн қарау;

31) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

32) ұлттық мәдени игiлiк объектiлерi ерекше режимiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

33) қалалар мен басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта жаңарту жобаларын, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткiштерi бар жердi пайдалану карталарын келiсу;

34) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен әдебиеттi республикалық деңгейде басып шығаруды, сондай-ақ ұлттық фильмдер жасауды қалыптастырады, орналастырады және бақылайды;

35) Фильмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;

36) фильмдерге прокаттау куәлiктерiн беру және оларды сот тәртiбiмен керi қайтарып алу;

37) республикалық мемлекеттiк мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары басшыларының мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарау және Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгiзу;

38) жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiнiң орнын ауыстыруға немесе өзгертуге келiсiм беру;

39) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бақылау;

40) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланудың жай-күйiн және күтiп ұсталу тәртiбiн бақылау;

41) жаңа тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнатылуын бақылау;

42) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау;

43) лицензиаттың лицензияда көрсетiлген шарттарды сақтауын бақылау;

44) жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiруiн бақылау;

45) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;

46) тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзу;

47) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;

48) мұрағат iсi, мемлекеттiк, ведомстволық, жеке мұрағаттар жөнiндегi заңнаманың сақталуын бақылау;

49) ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы заңнаманың орындалуын бақылау;

50) iс жүргiзу мәселелерiне салааралық ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және iс жүргiзудiң жай-күйiн, республикалық меншiктегi құжаттардың ведомстволық сақталуын бақылау;

51) мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;

52) театр, музыка өнерiн, кинематографияны, кiтапхана және мұражай iсiн дамыту жөнiндегi республикалық маңызы бар мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдау және үйлестiру, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ету;

53) музыка және театр өнерi саласында репертуарлық саясатын үйлестiру;

54) республика (ауылдық, кенттiк, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметiн үйлестiру;

55) меншiк нысанына қарамастан, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелерi жөнiндегi өзара iс-қимыл жасау;

56) терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметiн үйлестiру;

57) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жөнiндегi функциялар жүктелуi мүмкiн.»;

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi».

5. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 53-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің мәселелері»

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті құрылсын.»;

2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі».

6. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі» деген бөлімде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі»;

«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті» деген бөлімде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 58-1, 58-2, 58-3, 58-4, 58-5, 58-6 және 58-7-жолдармен толықтырылсын:

«58-1. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы 100 %

58-2. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы 100 %

58-3. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы 100 %

58-4. «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы 100 %

58-5. «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 100 %

58-6. «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Жас өркен» 100 %

58-7. «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %».

көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі» деген бөлімде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі»;

көрсетілген қаулымен бекітілген бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі» деген бөлімде:

реттік нөмірі 11-2-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 27-жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті

27. «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ»;

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі» деген бөлімде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті»;

«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті» деген бөлімде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті»;

көрсетілген қаулымен бекітілген бәсекелі ортаға берілуі тиіс республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлім және реттік нөмірі 23-жол алынып тасталсын.

7. «Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1355 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 567-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайыз мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығы жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

реттік нөмірлері 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33 және 34-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

25

«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингi» акционерлiк қоғамы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитеті

26

«Қазақ әуендерi» акционерлiк қоғамы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi

27

«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлiк қоғамы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi

28

«Баспалар үйi» акционерлiк қоғамы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитеті

29

«Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлiк қоғамы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi

30

«Қазақ энциклопедиясы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитеті

31

«Көркемсурет көрмелерi және аукциондар дирекциясы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi

32

«Көшпендiлердiң мәдени мұрасы проблемалары жөнiндегi қазақ ғылыми-зерттеу институты» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi

33

«Мәдени саясат және өнертану институты» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi

34

«Жалын» журналы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитеті

»;

реттік нөмірлері 96, 97, 98, 99, 100 және 101-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

96

«Хабар» агенттiгi» акционерлiк қоғамы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитеті

97

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлiк қоғамы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитеті

98

«Егемен Қазақстан» республикалық газетi» акционерлiк қоғамы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитеті

99

«Казахстанская правда» республикалық газетi» акционерлiк қоғамы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитеті

100

«Қазақ ақпарат агенттiгi» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитеті

101

«Жас өркен» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитеті

102

«Қазақ газеттерi» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитеті

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «12 наурыздағы»

№ 319 қаулысына

2-қосымша

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығы берілетін акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі

1. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы.

2. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы.

3. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы.

4. «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы.

5. «Арна-Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамы.

6. «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

7. «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

8. «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

».

1   2

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 12 наурыз №319 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 12 наурыз №319 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы №1710 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 12 наурыз №319 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №394 Астана, Үкімет Үйі
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 18 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 12 наурыз №319 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 12 наурыз №321 Астана, Үкімет Үйі
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 12 наурыз №319 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 29 наурыз №366 Астана, Үкімет Үйі
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 12 наурыз №319 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 5 шілде №910 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы №1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 12 наурыз №319 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 6 наурыз №291 Астана, Үкімет Үйі
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 12 наурыз №319 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 7 тамыз №1028 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 12 наурыз №319 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1131 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы №76 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 12 наурыз №319 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 18 қаңтар №97 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы №1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница