Скачать 32.38 Kb.
|
«БЕКІТЕМІН» «БЕКІТЕМІН» Павлодар облысы әкімдігі, «Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы туризм, Павлодар облысы туризм дене тәрбиесі және спорт, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Астана» басқармасы» ММ-нің бстығы мұз сарайы КМҚК-ның директоры ________________А.В.Шнейдмюллер _________________ Е.З.Кожабеков « __ » ________________2012 год « __ » ________________ 2012 год Әуесқойлар арасында шайбалы хоккейден Павлодар облысы Чемпионатын өткізу туралы(ТХЛ) РЕГЛАМЕНТ 1. Мақсаттары мен міндеттері: - Павлодар облысында шайбалы хоккейді дамыту және нығайту; - ҚР-сы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауына сәйкес халықты салауатты өмір салтына тарту; 2. Турнир жетекшілігі: - Турнирді ұйымдастыру мен өткізуге жетекшілікті турнир ұйымдастыру комитетімен бекітілген төрешілер тобы жүзеге асырады. 3. Өткізу орны мен мерзімдері: Шайбалы хоккейден ТХЛ турнирі Павлодар қаласында «Астана» мұз сарайында 2012 жылдың 03 мамыры мен 13 мамыры аралығында өткізіледі. 4. Турнирді өткізу шарттары: Турнирге қатысуға өндірістік ұжымдардың, спорт және хоккей ардагерлерінің хоккей командалары жіберіледі. Командалар құрамы: 20 алаңдық ойыншы+2 қақпашы және 1 өкіл. Барлығы 23 адам. Турнирге қатысуға бірінші топта 35 пен 45 жас аралығындағы спортшылар жіберіледі, 45 жастан асқандар екінші топта ойнайды. Бірінші топ командасына 35 жастан кіші үш спортшы жіберіледі. 2011-2012 жж. хоккей маусымына қатысқан, шеберлер командасында ойнаған ойыншылар осы жарысқа жіберілмейді. Павлодар облысы командаларына басқа облыстардың легионерлері жіберілмейді. Команда өкілдері келген күні төрешілер алқасына мәлімдеу парағын беруге міндетті. 5. Жарыс регламенті: Ойын ұзақтығы – 15 минуттан (таза уақыт) 3 кезең бірінші топта және 15 минуттан таза емес уақыт екінші топта. Кезеңдер арасында демалысқа үзіліс 5 минуттан. Ойын алдында мұз үстінде шайбамен 10 минуттық дене қыздыру қарастырылған. Әр команда күніне 1 немесе 2 ойыннан өткізеді. Жарыс ережелерін бұзғаны үшін айыппұл соққысы (буллит) тағайындалады. Қақпаларға соққы сермеусіз жүзеге асырылады. Шеңберлік турнирдің жеңімпазы мен жүлдегерлері жиналған ұпайлар саны бойынша анықталады:
Ойынның негізгі уақыты тең есеппен аяқталса, алғаш салынған шайбаға дейін (алаңдағы ойыншылар саны 4 те 4) қосымша 5 мин. (овертайм) тағайындалады. Егер овертаймда жеңімпаз анықталмаса, онда әр командадан 3 ойыншыдан әрі қарай бірінші мүлт кетуге дейін матчтан кейінгі соққылар орындалады. Екі немесе одан да көп комадаларда ұпай саны тең түскен жағдайда мына команда басымдыққа ие: - осы командалар арасындағы барлық матчтарда ең көп ұпай жинаған; - осы командалар арасындағы ойындарда соғылған және жіберілген шайбалардың үздік айырмасына ие; - барлық матчтарда соғылған және жіберілген шайбалардың үздік айырмасына ие. 6. Марапаттау: - әр матч аяқталған соң әр командадан үздік ойыншы анықталып, есетелік сыйлықпен марапатталады. Жүлде иесін команда өкілі анықтайды. - Жеңімпаз-команда әр топта кубокпен, ал ойыншылар мен жаттықтырушылар медальдармен марапатталады. - Екінші және үшінші орынға ие болған командалар әр топта медальдармен марапатталады. - Жарыс аяқталған соң естелік сыйлықтармен және грамоталармен турнирдің үздік ойыншылары марапатталады: «Турнирдің үздік бомбалаушысы» (тасталған шайбалар саны бойынша), «Турнирдің үздік қақпашысы», «Турнирдің үздік қорғаушысы», «Турирдің үздік шабуылдаушысы». 7. Қаржы шығындары: Әр командадан бастапқы салым 50 000 (елу мың) теңге. Турнирді ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар (төрешілер жұмысына төлемақы, грамоталар) «Павлодар облысы туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ-нің есебінен. Өзге шығындар (кубоктар, медальдар сатып алу, үздік ойыншыларға жүлделер) бастапқы салым есебінен алынады. Павлодар қаласына келумен және кері қайтумен байланысты шығындар, спортшыларды тамақтандыру, тұру шығындары іссапарға жіберетін ұйымдар есебінен өтеледі. Павлодар облысы Чемпионатын ұйымдастырушылар (ТХЛ): «Павлодар облысы туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ, тел.: 8(7182) 61-94-00 «Астана» мұз сарайы КМҚК, Павлодар қ., Қайырбаев көш., 87, тел 8 (7182) 55-14-14, ф.32-98-15 БҰЛ ЕРЕЖЕ ТУРНИРГЕ РЕСМИ ШАҚЫРТУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ! |
![]() | Павлодар облысында 2009 жылы аталып өтiлетiн және еске алынатын күндер знаменательные и памятные даты павлодарской области на 2009 год Павлодар облысында 2009 жылы аталып өтiлетiн және еске алынатын күндер күнтiзбегi оқырман қауымды Павлодар өңiрiнде болған маңызды... | ![]() | «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық бағыттары,... |
![]() | Павлодар облысында өсу нәтижесімен АҚТҚ/ЖҚтб бойынша 01. 04. 2012 жылға арналған эпиджағдай. Павлодар облысында өсу нәтижесімен 2012 жылдың 1 сәуіріне Асу қаласында – 228. Павлодар облысының аудандарында: Ақтоғай – 3, Баянауыл – 4, Железин – 8, Ертіс – 5, Қашыр – 4, Аққу – 11, Май... | ![]() | «Шемонаиха ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм Стартегиялық бағыттары, мемлекеттік органдары қызметтерінің мақсаттары мен міндеттері |
![]() | Атырау облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері | ![]() | «Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелерінің көрсеткіштері |
![]() | Өскемен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы Стратегиялық бағыттамалары, мақсаттары мен міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар мен нәтижелерінің көрсеткіштері | ![]() | «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері |
![]() | Конкурсы туралы ереже Мақсаттары мен міндеттері Бала құқықтары туралы БҰҰ Халықаралық конвенциясының ережесін іске асыруға жәрдемдесу, балалар және жастар... | ![]() | «Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік орган қызметі нәтижесінің көрсеткіштері, стратегиялық бағыты, мақсаттары мен міндеттері |