Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы




Скачать 165.89 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы
Дата конвертации26.11.2012
Размер165.89 Kb.
ТипДокументы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ


МУЗЫКА
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
5-6 сыныптар


Астана 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

МУЗЫКА
жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген


Бағдарлама авторлары: Енсепов Ж., Искаков Б.

Жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған «Музыка» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010. – 15 б.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010


І. ТҮСІНІК ХАТ
Оқу материалында халық музыкасының тарихы, жанрлық, дәстүрлі орындаушылар мектебі, ежелден келе жатқан халық музыкасын жеткізушілер - әнші-күйшілердің шығармашылығы, музыка өнерінің даму тарихы, күрделі шығармалар түрлері, дүние жүзіне әйгілі музыка қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы зерделенеді. Шығыс өркениетінің музыкалық мүраларымен танысуға елеулі көңіл бөлінеді. Музыка өнер түрі ретінде жасөспірімнің рухани әлемін тәрбиелеуге және сезімі мен көркемдік ой-жүйесін дамытып, өмірді бағалай білуге бағытталған.

Оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту, өзінің өмірінде музыкалық біліктерін қолдана білетін, өз Отаны – Қазақстан Республикасын сүюге және адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Негізгі орта мектептегі музыкалық білім берудің мақсаты төмендегі міндеттер арқылы жүзеге асырылады:

- дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы адам өмірімен байланысы және оның композиторлық шығармашылығындағы рөлі туралы білім беру;

- әртүрлі ұлттардың ұлттық мәдениетіне деген сыйластық сезімін және қызығушылығын тәрбиелеу;

- әлемдік музыка мәдениетінің жауһарларына баулу;

- музыкалық шығарма үлгілерін бағалауға үйрету;

- кәсіптік және дәстүрлі музыканың музыкалық мәнерлігі және негізгі жанрлары туралы түсінік беру;

- музыкалық талғамды және эстетикалық қажеттілікті дамыту;

- білім алушылардың тыңдаушылық мәдениетін дамыту;

- бастауыш мектепте алған ән айту мәденетін және аспапта ойнау біліктерін жетілдіру;

- музыка ұрпақтар, әртүрлі ұлттар, адамдар арасындағы байланыс құралы деген түсініктерін жетілдіру;

Оқу материалының мазмұнын таңдауда төмендегі дидактикалық принциптерге сүйенеді.

Ғылыми принципін ұстана отыра, оқу материалын іріктеп алып, оқушылардың арнайы музыкалық терминдерді білу және оқу тәжірибесі мен күнделікті өмірде қолдануға бағыттау. Түсініктілік принципін ұстана отыра, 10-13 жас арлығындағы жасөспірімнің жас ерекшелігін ескеріп, музыкалық білімнің мазмұнын оқушының жас ерекшелігіне сай құрып, музыкалық сабақтың бүгінгі өмірмен байланыста екендігін анықтау. Пәнаралық интеграция принципін ұстана отыра музыкалық өнердің тіл және әдебиет, география, тарих және басқа да өнер түрлерімен байланыста оқыту. Шығармашылық принципін ұстана отыра, оқушының табиғи мүмкіндігін ашып, табысты әрі ұтымды жағдайларды туғыза алатын мүмкіндіктерін шыңдап, өнерге деген ықыласын арттыру.
Музыка сабақтары оқушылардың музыкалық мәдениетті, халықтың бай рухани мұраларын игеруге қызығушылығын тудыруы тиіс. Музыкалық өнердің негізгі сипаттамаларын оның тарихи дамуында қарастыру оқушыларды орындау дәстүріне, халық музыкасының озық үлгілерінің ұрпақтан ұрпаққа берілуіне, жалғастығын табуына баулиды және бұл музыка сабағының мәнін анықтайды.

Пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес «Музыка» пәні аптасына 1 сағаттан оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны:

5 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат;

6 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.

Оқу пән мазмұнының вариативтік бөлімі.

Оқу жоспарындағы вариативтік бөлім әрбір мектептің таңдап алған бағытына сәйкес жасалады. Жалпы – гуманитарлық және өнер бағытындағы мектептерде «Музыкалық өнер» оқу пәнінің вариативтік бөлім мазмұны қосымша «Өнер» оқу бағдарламасын жасап, оны ендіруге бағытталған. Вариативтік бөлім бойынша әр түрлі ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау (таңдау бойынша), ұрмалы аспаптар ансамблі мен ән үйірмелерін жасауды ұсынуға болады.

ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

5-сынып

(аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат;)
Қазақ халқының музыкасы:

- халық музыкасының тарихы (вокалды, аспапты);

- жанр түрлері (ән, күй, дэкко, терме, симфония, т.б.), халық аспаптары.

Шығыс Азия және Кавказ халықтарының музыкасы:

- музыка өнері (қырғыз, өзбек, грузин, т.б.);

- жанр түрлері (симфония, опера, т.б.), аспаптары (барабан, скрипка, бубен, т.б.).

Қазақ халқының вокалды музыкасы:

  • дәстүрлі әншілік мектептер (Батыс, Арқа, Жетісу, т.б.);

  • аймақтық ерекшеліктер (Мұхит, Ақан, Сүйінбай, т.б.).

Еуропа халықтарының музыкасы:

  • музыка өнері;

  • жанр түрлері (симфония, опера, т.б.).

Қазақ халқының аспаптық музыкасы:

- дәстүрлі күйшілік мектептер;

- аймақтық ерекшеліктер (шертпе, төкпе).

Африка мен Америка халықтарының музыкасы:

  • музыка өнері (Солтүстік Америка, Латын Америка, т.б.);

  • жанр түрлері (симфония, опера, т.б.);

  • аспаптары (зум-бара, аймара, т.б.).

Қазақ ұлттық би өнері:

  • би өнері;

  • бидің түрлері (Қаражорға, Бүркіт биі, т.б.)

Қазақ музыкасының әдебиетпен байланысы:

- ән, терме, жыр, дастандар (Қазтуған, Бүқар жырау, т.б.);

- аңыздар және тізбекті (цикл) күйлер.
Халық музыкасы.

Аспапты музыка

Әр халықтың өзіндік тұрмыс тіршілігіне, табиғи орналасқан жеріне, мінезіне, тұрмыс-салтына байланысты музыкалық аспаптары да түрліше болады. Сол аспаптар арқылы музыка мәдениеті қалыптасады. Қазақ халқының шертпелі-шекті аспаптары: домбыра, шертер, жетіген; үрмелі аспаптары: шаңқобыз, үскірік, тастауық, ұран, бүғышақ, керней, сазсырнай, сырнай, желқобыз; соқпалы-сілкімелі аспаптар: дабыл, кепшік, шыңдауыл, дауылпаз, нардауылпаз, даңғыра, тұяк-дауылпаз, асатаяқ, қобызбас, қоңырау, шың, сақпан, шартылдауық, тоқылдақ, тұяқтас, т.б.

Әлем халықтарының музыкалық аспаптары.

Орыстарда — балалайка, домра, барабан, бубен, рожок, баян. Өзбектерде — гиджак, сато, кобуз, домбыра, дутар, такбур, уд, рубаби, тангі, үрмелі сибичик, буламан, сурнай, ношнай, най, таджирнай, карнай, урмалы — дойба, нагора, гиндаул, сафаиль, кошуп. Қырғыздарда — қомыз, қыл қияқ. Түркмендерде — дутар, тиджакі. Тәжіктерде —рубаб, тан-бур, дутар. Әзірбайжандарда — тутэк, тар, кеманча. Грузиндерде — саппари, авили, най, парахса. Армяндарда — бам-бур, пандир, вин, джутак, тафир. Татарларда — сырнай, қурай, кубыз, гармон. Башқұрттарда — курай, кубыз. Монғолдарда — лимба, моринхур, хургир, шанз, йочин. Қытайларда — сә, цинь, эрху, сыху, баньху, ти, ди, сона, шэн. Үнділерде — вина, ситар, саранчи, шанхан, тобда, менджира. Украиндарда — барабан, бубен, арфа, тәрелкелер. Беларустарда — баян, цим-бала, гармон, дудка, бубен. Поляктарда — генеле, мазонка, басуна, дудка, бубен. Немістерде — скрипка, фидель, доңга-лақты лира, арфа, виола. Француздарда - тамбурин, барабан, флейта. Испандарда - арфа, флейта, труба, бубен, барабан. Италияндықтарда — лютня, арфа, фидель, филла. Аф-рикада — бамбуктен, агаш, саздан, піл сүйегінен жасалган аспаптар. Солтүстік Африкада — гитара, банджо.
Қазақ музыкасының бастауы

Қорқыт (IX ғасыр): Аққу, Әуіпбай, Башпай, Желмая, Сарын, Қорқыт, т.б.

Әл Фараби (IX — X ғасырлар): Музыка туралы үлкен трактат. Музыка ырғақтарын классификациялау туралы кітап.

Кетбұға (XII - XIII ғасырлар^: Ақсақ құлан, Нарату.

Асан Қайғы (XIV - XV ғасырлар): Ел айрылған, Желмаяның жүрісі, Зар, Асан Қайғы.

Байжігіт (XVI - XVII ғасырлар): Азат, Ақтабан, Арман, Беласар, Көкбалақ, Күншуақ, Сылаң торы, Тоғыз тоты.

Богда (XIX ғасыр): Қаражаяу, Богда, Бозтөбе, Жем суы.

Сегіз Сері (1818 — 1854 жылдар): Ақбақай, Алқоңыр, Ақ ерке, Гауһар тас.

Біржан (1834 - 1897 жылдар): Ләйлім шырақ, Теміртас, Көкек.

Ақан (1843 - 1913 жылдар): Қараторғай, Құлагер, Сырымбет.

Абай (1845 - 1904 жылдар): Қараңғы түнде тау қалғып, Сегіз аяқ, Желсіз түнде жарық ай.

Мұхит (1891 - 1918 жыддар): Зәуреш, Айдай, Алуаш, Паң көйлек.

Естай (1863 - 1946 жыддар): Қорлан, Жайқоңыр.

Құрмангазы (1823 - 1898 жыддар): Кішкентай, Серпер, Сарыарқа, Адай, Балбырауын, Қайран шешем.

Дәулеткерей (1820 - 1887 жыддар): Байжұма, Бұлбұл, Желдірме, Жігер, Қосалқа.

Тәттімбет (1815 - 1860 жылдар: Бестөрен, Былқылдақ, Қосбасар, Сары қамыс, Саржайлау.

Абыл (1820 - 1892 жылдар): Абыл, Ақжелен, Нарату.

Ықылас (1843 - 1916 жылдар): Айрауық, Аққу, Бозторғай, Шақыру.

Қазанғап (1854 - 1927 жылдар): Көкіл, Учитель, Жұртта қалған.

Дина (1861 - 1955 жылдар): Әсем қоңыр, Бұлбұл, Тойбастар, Науаи.

Сүгір (1882 - 1961 жыддар); Телқоңыр, Аққу, Шалқыма, Кертолғау.
Домбыра үйрену әліппесі

Аспапты дұрыс ұстау, отыру, перне басу, қағыс түрлері, саусақтардың дұрыс орналасуы, құлақ күйге келтіру, құрылымдар және күту тәсілдері жаттығу, этюд және күйлер, әр буындағы ерекшеліктер, т.б.
Қазақтың ұлттық би өнері

Қара жорға, Бүркіт биі, Қаз-қатар, Насыбайшы, Құсбегі-дауылпаз, Аю биі, Киіз басу, Өрнек тоқу, Аққу, Ортеке, Ұтыс, Қара жорға билері.
Музыка мен әдебиеттің байланысы

Шілдехана, Тұсау кесер, Тілашар, Сүндет тойы, Наурыз, Бесік жыры, Жар-жар, Беташар, Той бастар, Жарапазан, Жұбату, Қобыланды, Алпамыс, Қыз Жібек, Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Қорғұлы. Бұқар, Қазтуған, Шашубай, Ақтамберді, Жамбыл, Нұрпейіс, Махамбет, т.б. ақын-сазгерлердің шығармашылық өмірбаяны.
Музыка сауаты

Музыкалық дыбыс қатары: октава, бүтін және тон, лад, мажор, минор, тоника, гамма, арпеджио, альтерация, ырғақ, метр, акцент, такт, өлшем, дыбыс ұзақтығы, интерваддар; ән айту ережесі, дирижерлау тәсілдері.
6-сынып

(аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат;)
Қазақтың кәсіби музыкасының қалыптасуы

Алғашқы халық таланттарының спектакльдері. Аспаптық ансамбльдер. Театрлар. Театрлардың, музыкалық оқу орындарының ашылуы.
Қазақстан композиторларының аспаптық музыкасы

Аспаптық-камералық шығармалар (романс, поэма, концерт т.б.). Қазіргі жаңа музыка (эстрада, дэкко).
Қазақстан композиторлрының оркестрге арналзған шығармалары

Халық аспаптар оркестрі. Симфониялық оркестр.
ХІХ-ХХ ғасырға дейінгі шетел композиторларының музыкасы

ХІҮ-ХҮІ ғасырлардағы музыка өнері (и.С.Бах, Г.Ф.Гендель, т.б.). ХҮІІІ ғасырлардағы музыка өнері (И.Гайдн, В.А.Моцарт, Л.В.Бетховен т.б.).
Қазақ композиторларының вокалды музыкасы

Ән, романстар (Л.Хамиди, Н.Тілендиев, т.б.). Хор, кантата, ораториялар (Б.Байқадамов, с.Мұхамеджанов, т.б.). Белгігі жас музыканттардың шығармашылық қызметі.

ХІХ-ХХ ғасырлардағы шетел композиторларының музыкасы

Жанр түрлері: симфония, опера, т.б. (Ф.Лист, Э.Григ, Ф.Шопен, м.И.Глинка, П.И.Чайковский, т.б.).
Қазақстандағы опера өнері

Опера өнерінің қалыптасуы. Композиторлар.
Қазақстандағы балет және киномузыка

Балет өнері (Қ.Қожамияров, Ғ.Жұбанова, т.б). Киномузыка.
Кәсіби музыка

Қазақстанда кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы

Филармония, театр, кинотеатр, музыкалық оқу орындары. Қазақстанның музыка мәдениетінің қалыптасуына М.Әуезовтың, Ж.Шаниннің, Ш.Аймановтың, К.Байсейтованың, Ш. Жиенқұлованың, В.Затаевичтің, А. Жұбановтың, Е.Брусиловскийдің, т.б. қосқан үлестері.
Қазақстан композиторларының аспаптық музыкасы

Аспаптық камералық шығармалар. А.Жұбанов, Л. Хамиди, М.Төлебаев, В.Великанов, С.Мұхамеджанов, Қ.Қожамияров, Ғ.Жұбанова, Е.Рахмадиев, Т.Мұхамеджанов, т.б. композиторлардың музыкалық өнердің дамуына қосқан үлестері.

Оркестрге арналған шығармалар (қысқаша шолу).

А.Жұбанов: Абай сюитасы, Қазақ сюитасы, Сараарқа симфония-сиютасы, жалғыз қайың симфониялық поэмасы

Е.Брусиловский: Думанда поэмасы, Амангелді симфониялық поэмасы.

В.Великанов: Қазақ симфониясы, Қазақ увертюрасы

М.Төлебаев: Қазақстан, Той увертюрасы

Б.Байқадамов: Жарқан жастық (симфониялық поэма)

Қ.Мусин: Жайлауда (симфониялық поэма)

Қ.Қожамияров: Ризвангүл (симфониялық поэма)

С.Мұхамеджанов: Домбыра туралы балада (поэма)

Н.Тілендиев:Алтын дән (поэма)

М.Қойшыбаев: Қазақстан симфониясы

К.Күмісбеков: Фараби сазы күйі

Т.Мұхамеджанов: Махамбет симфониялық поэмасы
Әлем халықтарының кәсіби музыкалқ өнері

Жаңа вокалды жанрлар, хор және орган музыкасы. Месса, органум.

И.С. Бах: Матфейге іңкәрлік, Ионға іңкәрлік, құдыретті месса, т.б. ірі вокалды-хор шығармалары.

Г.Ф.Гендель: Альмира, Нерон, Ринальдо, Мессия, Иуда Маккавей, Египеттагі Израиль, т.б. опералар мен ораториялар.

И.Гайдн: симфония, соната, опера, квартеттері.

В.А.Моцарт: Фигароның үйленуі, Дон Жуан, Сикырлы флейта, т.б. опералары.

Л.В.Бетховен: Эгмонт, Леонора, Кориолан увертюралары, Фиделио операсына қысқаша шолу.

Ф.Лист: Фауст, Данте симфониялары.

Э.Григ: Пер Гюнтдрамасына музыка, романс, балалар хоры, т.б. шығармаларымен танысу.

Ф.Шопен: мазуркалар, полонездер, ноктюрндер, прелюдиялар, т.б.

М.И.Глинка: Иван Сусанин, Руслан және Людмила опералары, Мадрид түні увертюрасы, фантазия вальсі, т.б.

П.И.Чайковский: Евгений Онегин, Қарғаның мәткесі, Мазепа, Иоланта опералары, Аққу көлі, Ұйқыдағы ару, Щелкунчик балеттері

С.В. Рахманинов: Франческо да Римини, Өлілер аралында симфониялары

С.Прокофьев: Александр Невский, Иван Грозный кинофильмдеріне жазылған музыка

Д.Шостакович: квартеттері, симфониялары, опералары және т.б. шығармалары.

Г.В.Свиридов: Қар жауғанда, курск әндері.

А.И. Хачатурян: Гаянэ, Спартак балеті, Маскарад драмасына музыка.

У.Гаджибеков: Аршин малалан комедиясы.

М.Ашрафи: Бақыт туралы ән кантатасы, Сұрапыл жылдар вокалды поэмасы.

Қазақстан композиторларының вокалды музыкасы, (ән-романс жанрлары).

А.Жұбанов: Ақ көгершін

Е.Брусиловский: Отан

Б.Байқадамов: Алтын бидай

Қ.Мусин: Аққу

Л.Хамиди: Қазақ вальсі, Бұлбұл, Алатау

Н.Тілендиев: Құстар қайтып барады, Өз елім

М.Қойшыбаев: Құйқылжыр көңіл құсы шартарапқа

М.Төлебаев: Тос мені, тос. Кестелі орамал.

Вокалды, хор (кантаталар, ораториялар) жанрларына қысқаша шолу.

А.Жұбанов: Ақ көгершін (хор).

М.Төлебаев: Коммунизм оттары (кантата).

Б.Байқадамов: Ақбай (хор).

С.Мұхамеджанов: Ғасыр үні (оратория).
Қазақстандағы опера өнері

Е.Брусиловский: Жалбыр, Қыз жібек, Ер тарғын.

А.Жұбанов пен Л.Хамиди: Абай.

М.Төлебаев: Біржан –Сара.

Б.Жұманиязов: Махамбет.

Ғ.Жұбанова: Құрманғазы.

Е.Рахмадиев: Алпамыс.
Қазақстандағы балет өнері

В.Великанов: Қалқаман –Мамыр, Қамбар-Назым, Көктем.

Е.Брусиловский: Қозы көрпеш- Баян сұлу.

Қ.Қожамияров: Чин Томур.
Қазақтың халық ойындары

Ақ сүйек, Ұшты - ұшты, Жасырынбақ, Асау мәстек, т.б.

ІІІ. ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5-сынып оқушылары үшін :

Білуі тиіс:

  • халық музыкасын тындай және түсіне білуі;

  • естіген күй-аңыздың үзіңділерін тануы, олардың мазмұнын айта алуы;

  • жеңіл халық әңдерін, қазіргі кездегі балалар композиторларының шығармаларын; дәстүрлі қазақ музыкасының (жыр, терме, желдірме, толғау, өсиет) шығармаларынан және классикалық шығармалардан үзінділер орындай алуы;

  • үйренген әнді, әуенді қол шапалақтау арқылы түсіндіре білуі;

  • дәстүрлі қазақ музыкасының және классикалық еуропа музыкасының жанрларын тани алуы;

  • аймақтық орындаушылар мектебінің өзіндік ерекшеліктерін білуі;

  • естуі бойынша регистрді (жоғары, төмен, орташа), тембрді, әуеннің бағытын (жоғары немесе төмен қарай, бір биіктіктегі), темпті (тез, жай, бірқалыпты), ладты (мажор-ды және минорды) анықтай алуы;

  • нотадан сауаты болуы;

  • музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруындағы тембірлік ерекшеліктерді анықтай алуы;

  • дыбыстың тембрі бойынша оркестр түрін анықтай білуі,

  • балаларға арналған үрмалы және үрмелі аспаптарда ойнай білуі,

  • музыкалық шығарма туралы өзінің ойын жеткізуде бейнелі эпитеттерді пайдалана алуы;

  • естіген әуенінің мотиві бойынша ертегі (әңгіме) сюжетін құрастыра алуы;

  • естіген музыкаға суреттер салуы, ырғақты қозғалыс жасай білуі;

  • белгілі композиторлардың өмірі мен шығармашылық жолы туралы түсінктерінің болуы керек.

6 сынып оқушылары үшін:

Білуі тиіс:

  • халық музыкасын және кәсіби музыканы бір-бірінен ажырата алуы;

  • Қорқыт, Құрманғазы, Тәттімбет, Абай, Біржан, Әсет,Мұхит, А.Жұбанов және т.б. әйгілі композиторлар шығармалары туралы мағлұматтар болуы;

  • ән, күй, терме, жырау, толғау, желдірме, айтыс, қиса-дастан, опера, оратория, романс, ария, симфония, квартет, поэма, увертюра, сюита, соната, хор, би балет, кантата, драма және т.б. жанрлық ерекшеліктерін ажырата алуы;

  • шетел композиторларының шығармалары мен Қазақстан композиторларының шығармаларын тыңдай білуі және салыстыра алуы;

  • еуропа дәстүріндегі кәсіби жанрларды: симфониялық музыканы, операны, балетті, ораторияны, кантатаны ажырата алуы;

  • қазіргі заманғы музыкалық мәдениеттің негізігі жанрларын білуі;

  • эстрадалық музыканың жетекші стильдері мен бағыттарын білуі;

  • әндерді нақышына келтіріп айта алуы;

  • домбырамен күй тарта алуы немесе басқа аспапта (дұрыс отыру, аспапты ыңғайлы ұстауескеріле отырып) ойнай алуы;

  • темп, ритм, өлшем, метр, акцент, такт, лад, тон, тоника, гамма, минор, мажор, арпеджио, аппликатура, интервалдар, кансонанс , диссонанс, ұзақтықты және т.б. альтерация белгілерін ажырата білуі;

  • халық аспаптарының түрлерін және олардың тембрлік ерекшеліктерін білуі;

  • дыбыс шығаруы және тембрлік бояуы бойынша ұрмалы, үрмелі, сылдырмақты, шертпелі аспаптарды ажырата алуы;

  • симфониялық, халық аспаптары, камералық-эстрадалық, үрлеп ойнайтын музыкалық аспаптар (духовой) оркестрлерін ажырата алуы;

  • қазіргі уақыттағы электронды музыкалық аспаптарды (синтезатор, ТS-10 электр гитаралары), дыбыс зорайтқыштардың (күшейткіштер, колонкалар, т.б.) аттарын айта алуы;

  • дауыс тембрін (тенор, бас, сопрано, альт, баритон) ажырата алуы;

  • хор құрамын – ұлдар хорын, қыздар хорын, аралас, академиялық, халық хорларының құрамын білуі;

  • хор, ансамбль, оркестр ұжымына қатынасуы тиіс.


IV. Оқытудағы әдістемелік жүйенің ерекшелігі
Негізгі орта мектептерде музыкалық білім және тәрбие берудегі әдістеме тұлғаға-бағдарланған тәсілмен ерекшеленеді және дәстүрлі музыкалық мәдениет негізінде балалардың музыкалық қабілетін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар білім алушыларды әлемдік мәдениеттің түрлі жанрларының барлық бай қырын меңгеруге дайындау. Оқытушының бар зейіні музыкаға емес тікелей оқушының өзіне бағытталуы тиіс. Себебі, музыкалық шығармалардың құндылығы тұрақты және өзгермек емес. 5-6 сынып оқушыларының музыкалық өнерге деген тұрақты қарым қатынасы дамып қалыптаспаған, өмірлік тәжірибе дағдылары жеткіліксіз, музыкалық шығармаларды сарапқа салып, саралай алатын тәжірибесі жинақталмаған.

Оқытушы өзінің оқушыларын шығармашылық қабілеттерін байқап, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін аша білу керек. Музыкалық материалдарды оқушының өмірлік тәжірибесімен байланыстыра отыра жұмыс жасағаны жөн. Музыкалық шығармаларды қабылдап, оларды талдауда оқушының өз ойын тыңдау өте маңызды болуға тиіс. Музыка сабағы барысындағы оқытушының әңгіме әдісі оқушының сенімін артып қарым қатынасын нығайта түседі. Оқушының берілген музыкалық шығармаларға деген өз көзқарасы қалыптасып, оқытушымен ой бөлісе алатын жеке тұлғаға айналады. Оқушының музыкалық өнерге деген нақты тұжырымы айқындалып, көркемдік құндылықтарды бағалай алатын түсінігі қалыптасады.

Музыкалық іс әрекеттің тағы бір тәсілі дамыта оқыту әдісі болып табылады. Оқытушы жаңа тақырыпты тек түсіндіріп қана қоймай, оқушыны музыкалық өнердің терең сырларын ұғындыруға талпындырады. Оқушының музыкалық іс әрекеті композитордың шығармашылық мақсатын барынша ашуға бағытталады. Мұндай әдіс тәсіл өнердің құдіретіне терең бойлап, оның тек адам өмірімен ғана емес тұтас қоғаммен біте қайнасып жатқандығын дәлелдеп береді. Дамыта оқыту әдісі музыканы оқушының көзқарасы арқылы қарастырып, оның білімі мен тәжірибесіне сүйенеді. Бұл әдіс тәсілдің жаңалығы екі процестің басын тоғыстыру яғни жаңа сабақты меңгерту және оқушыны шығармашылық қабілетін дамыту.

Ең басты тыңдаушы мен орындаушыны қалыптастыру оқытушының басты назарында болуы шарт. Оқушылар музыкалық шығармаларды ұқыпты тыңдап қана қоймай оның даму барысындағы ерекше сипатын ажырата білуі қажет. Сонда ғана оқушы қазіргі замандық музыкалық ақпараттық кеңістікті нақты бағдарлай алады; көркемдік шығармалардың түп нұсқасын анықтайды, жалпы мәдениеттегі теріс ағымдарды ажырата біледі.

Вокалдық хор айту музыка сабағындағы орындаушылықтың басым түрі болып табылады. Хор айту оқушының музыкаға деген құлшынысын арттырып, түсінігін кеңейтуде маңызды орын алады. Орындаушылық іс әрекет арқылы музыкалық шығармаларды көркемдік шығармашылық тұрғыда талдап, музыкалық көркемдеуші құралдармен жұмыс жасайды. Негізгі орта мектептерде оқытушы әрбір оқушыға аса мән беріп, олардың дауысындағы өтпелі кезеңді ескере отыра, берілетін әндерді жас ерекшелігіне сай вокалдық мүмкіндіктерін ескергені жөн. Ұлттық дәстүрлі аспаптық өнер сақталған Қазақстанның белгілі аймақтарындағы мектептерде музыкалық аспаптарда орындау негізгі орындаушылық іс әрекет бола алады.



Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы
Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Музыка» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010. – 19 б
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы геометрия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы жаратылыстану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы геометрия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница