Скачать 1.02 Mb.
|
Бекітемін: Мектеп директоры: Б. Сыздық №46 А.С.Пушкин атындағы орта мектептің 2009-2010 оқу жылына арналған жылдық жоспары 2009-2010 оқу жылы Жарғыға сәйкес білім беру мекемесінің толық атауы Мемлекеттік мекеме №46 А.С.Пушкин атындағы қазақ орта мектебі ( жалпы мәліметтер)
Шиелі кенті, Бұдабай көшесі №56 Телефон: 4-30-87, 4-29-63 ЭЛЕКТРОНДЫ почта : е – таіl: 46 текtер @ таіl. ru Wев – сайт : текtер 46. narod.ru 1 М А З М Ұ Н ЫІ. Кіріспе.
ІІ. Міндетті Білім заңының орындалуы. ІІІ. Педагогикалық кадрлармен жұмыстарды ұйымдастыру. ІV. Оқу – тәрбие жұмысына педагогикалық – методикалық бақылау. V. Оқу – тәрбие жұмысына басшылық пен бақылау. VІ. Оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары. VІІ. Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту. ҮІІІ. Ата – аналар комитетінің жұмыс жоспары. ІХ. Психологтардың жұмыс жоспары. КіріспеМектеп ұжымының 2008-2009 оқу жылындағы атқарған жұмыстарына қысқаша талдау. № 46 А.С. Пушкин атындағы орта мектебінің педагогикалық ұжымы Ел Президентінің “Қазақстан-2030” жолдауын, “Білім туралы заңды”, Қазақстан Республикасының “Тіл туралы” заңын, “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасын” басшылыққа ала отырып, 2009-2010 оқу жылына арналған мектепішілік жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарды. 2008-2009 оқу жылында жалпы 178 мұғалім жұмыс істеді. Оның 150 жоғары білімді, аяқталмаған жоғары , 22 арнаулы орта білімді мамандар. Сапалық құрамына келсек 1-і жоғары, 49-ы І санатты, 27-сі ІІ санатты, қалғаны түрлі разрядтағылар. Оқу жылы 1362 оқушы, 50 сынып комплектісімен басталды. Екі мектеп алды даярлық тобы жұмыс жасады. Оқу жылын 1270 оқушымен аяқтадық, оның 441-і бастауыш сыныптарда, 710-ы 5-9 сыныптарда, 119-ы 10-11 сыныптарда бітірді. Жылдық қорытынды бойынша 172 оқушы үздік, 350 оқушы екпінділер қатарында аяқтаса 5 оқушы үлгермеді. Жалпы білім сапасы 41%, үлгерім 98,8% құрады. Мектептің стратегиялық даму мақсаттарын ойдағыдай жүзеге асыру шарттары белгіленді:
5. Оқу-тәрбие үрдісіне зерттеушілік қатынастар енгізілді. Мектептің стратегиялық даму мақсаттарын жүзеге асыру нәтижесінде мектеп ұжымы төмендегі көрсеткіштерге қол жеткізді: 2008-2009 оқу жылында мектебіміз Қызылорда облысы мектептері арасында “Үздік білім ордасы” номинациясын иеленді. 2008 жылы Шиелі ауданы мектептері арасында “Үздік өнер ордасы” атағын жеңіп алды. 2008-2009 оқу жылында 11-сыныпты бітіруші 53 оқушының 51-і ҰБТ-ге қатысып, оның 23 оқушысы грант игерлері атанды. ҰБТ-да жинаған орта балл көрсеткіші-74,2. 11 “А” сынып оқушысы Нұралиев Азамат Қожахметұлы 115 ұпай жинап, алтын белгі иегері атанды. Аудандық олимпиадада орын алған оқушылар
|