Қосымша 2012 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша




Скачать 312.73 Kb.
НазваниеҚосымша 2012 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша
страница1/2
Дата конвертации28.05.2013
Размер312.73 Kb.
ТипДокументы
  1   2


Қосымша
2012 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша

2011 - 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық жоспарын іске асыру туралы талдамалық анықтама
Ұзақ мерзімді кезеңге денсаулық сақтау саласы дамуы 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарында, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі - Мембағдарлама) анықталған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында (бұдан әрі - Стратжоспар) 2 бағыт, 3 мақсат, 6 міндет, 61 көрсеткіш және оларды орындау үшін 77 іс-шара қарастырылған.

Стратегиялық бағыттарды таңдау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ( бұдан әрі - Министрлік) қызметінің негізгі екі бағытына негізделген:

бірінші бағыт - Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім деңгейін төмендету;

екінші бағыт - Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру.

Республиканың негізгі демографиялық көрсеткіштері 2012 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша 1000 адамға шаққанда мынадай көрсеткіштермен көрсетіледі: халықтың табиғи өсімі – 13,90
(2011 жылдың ұқсас кезеңінде - 13,02), туу – 22,77 (2011 ж. - 22,29), өлім – 8,87 (2011 ж. - 9,27). Халықтың табиғи өсімінің жоғары көрсеткіші орташа республикалық деңгейден жоғары Оңтүстік Қазақстан (25,60), Маңғыстау (24,05), Қызылорда (22,05), Атырау (21,09), Жамбыл (19,66), Астана қаласында (19,56), Алматы (16,01), Ақтөбе (14,15) облыстарында байқалады.

Халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы бойынша деректерді Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 2012 жылғы қыркүйекте ұсынады.

2012 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өлім көрсеткішінің құрылымында өлімнің негізгі себептеріне қанайналымы жүйесі аурулары (бұдан әрі - ҚЖА), қатерлі ісіктер, жазатайым оқиға, жарақаттанушылық және улану жатады.

2012 жылдың 5 айының шұғыл деректері бойынша 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қанайналымы жүйесі ауруларынан өлім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 397,9- дан 250,1-ге дейін төмендеген, төтенше жағдайлар, улану және жарақаттар 101,3-тен 95,5-ке дейін төмендеген.

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтан өлім көрсеткішінің өсуі байқалады, ол
2011 жылғы ұқсас кезеңдегі 90,3 қарсы 100 мың тұрғынға шаққанда 90,8 құрады. Қатерлі ісіктерден өлім көрстеткішінің өсуі МСАК ұйымдарында ісік ауруларын дер кезінде диагностикалау бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларды (скринигтер) күшейтумен байланысты.

«Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім деңгейін төмендету» атты бірінші бағытқа аурулардың профилактикасы және саламатты өмір салтын қалыптастыру әдістемелерін жетілдіру, ана мен бала денсаулығын нығайту, негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды және жарақаттардың диагностикасын, емдеуді және оңалтуды жетілдіру, инфекциялық сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу, кадр ресурстарын және медицина ғылымын дамыту міндеттері кіреді.

Алдыңғы жылдардағы денсаулық сақтауды дамытудың басты бағыты денсаулықты жақсарту саламатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың профилактикасы болып табылады.

2011 жылғы наурыз айында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін 7 министрлікпен келісімге қол қойылды. Азаматтардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға, халықты дұрыс тамақпен қамтамасыз етуге және тамақтануға байланысты аурудың алдын алуға, балалар мен жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын жасақтауға, жол-көлік жарақаттанушылығы мен өлімді төмендетуге және табиғи және техногендік сипат алатын төтенше жағдайлардан зардап шеккендердің арасында шығынды төмендетуге бағытталған
7 сектораралық бағдарламаны жүзеге асыру көзделген.

Аталған міндеттерді жүзеге асыруға Үкіметтік емес ұйымдар кеңінен тартылған. Министрлік алғашқы рет 141,0 млн теңгеден астам сомаға әртүрлі ҮЕҰ арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастырды. Әлеуметтік жобалар саламатты өмір салтын насихаттауға және репродуктивті денсаулықты нығайтуға, қант диабетімен ауруларды ақпараттандыруға, профилактикалық медицинаны және т.б. одан әрі нығайтуға бағытталған.

Ана мен бала өлімінің көрсеткіші Мембағдарламаның және Стратегиялық жоспардың негізгі индикаторларының бірі болып табылады.

Ана өлімі көрсеткішін өткен жылмен салыстырғанда 100 мың тірі туғанға шаққанда 2011 жылғы бірінші жартыжылдық көрсеткіші
17,7 қарсы 13 % азайып және 15,4 құрады. Ана өлімі себептерінің құрылымында бірінші орында жүктілікке қатысты емес - экстрагениталдық аурулары (65,5%), акушериялық асқыну– 34,5%, оның ішінде акушериялық қан кетулер, жатыр жанындағы судың эмболиясы және эклампсия тіркелді.

Нәрестелер өлімінің көрсеткіші 2011 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 2012 жылғы бірінші жартыжылдық көрсеткіш 15,6 қарсы 5,1% төмендеп және 14,8 құрады. Нәрестелер өлімі себептерінің құрылымында бірінші орынды перинатальдық кезеңнің кейбір кезеңдері (61,5%), екінші – өмірімен сәйкес келмейтін туа біткен даму кемістігі (19,4%), үшінші – тыныс алу жолдарының аурулары (5,0%) байқалады.

Ана мен бала өлімін төмендету бойынша жүйелі шаралардың шеңберінде мынадай іс-шаралар өткізілуде:

1) 0 ден 5 жастағы балаларды диспансерлік бақылау мен патронаждау күшейтілуде;

2) генетикалық аурулар мен туа біткен ұрықтың дамуы кемістігінің босануға дейінгі скринингі жүргізіледі, ҚР ДСМ 2012 жылғы 19 наурыздағы №183 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында перинатальдық кезеңінде скринингті ұйымдастыру бойынша жол картасын» іске асыру мақсатында жүргізіледі;

3) амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін, денсаулық сақтау ұйымдарында жүкті, босанатын және босанған әйелдердің және фертильді жастағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде;

4) ана мен бала өлімін төмендету бойынша жедел шараларды қабылдау жөніндегі Республикалық штаб отырысы тұрақты жүргізіледі;

5) диагностика және емдеу хаттамасы жетілдіруде.

Сонымен қатар, Министрліктің деңгейінде күн сайын өлімді болдырмау шараларын қабылдауға және басқарушылық шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жүкті, босанатын және босанған әйелдердің қиын жағдайына «Емхана» бағдарламасының «Жүкті, босанатын және босанған әйелдер тіркелім» ААЖ мониторинг жүргізу, бұл республика бойынша барлық кезең бойынша жүктілікті бақылау жүкті әйелдердің денсаулығын тұрақты бақылауды, медициналық ұйымдардың шұғыл әрекеті және әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығы үшін болуы мүмкін қауіптерді төмендетуді қамтамасыз етеді.

Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының базасында балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеуді (бұдан әрі - БШЫЕ) үйлестіру орталығы құрылды және тиімді перинаталдық көмек үшін Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталықтың базасында практикалық жұмысқа медицина қызметкерлеріне, профессорлық-оқытушылық құрамға үздіксіз кәсіби білім беруді жүргізу, ДДҰ ұсынған тиімді перинаталдық технологиялар енгізілді, 5 жасқа дейінгі жас шамасындағы дені сау және ауру балаларды қадағалап қарау стандарттары енгізілді, республиканың 16 өңірінде БШЫЕ және тиімді перинаталдық көмек көрсететін өңірлік орталықтар құрылды.

Бұдан басқа, Министрлік халықтың аз қамтылған топтарының арасында баланың денсаулығына қауіпті себептердің төмен деңгейін анықтай отырып, ЮНИСЕФ және ДДҰ-мен бірлесе отырып аналарды
5 жасқа дейінгі балаларды қалай күтіп қарау бойынша кең ауқымды ақпараттандыру науқанын жүргізеді. Қазақстандағы әрбір жас ана бүгінгі күннен бастап 0 айдан бастап 5 жасқа дейінгі баланың әрбір кезеңіне қауіпті себептер мен ұсынымдары жазылған балалық шақтағы баланы күту және дамыту жөніндегі нұсқау алатын болады.

Алғашқы рет 2011-2012 жылдары республикада Министрлік ҮЕҰ-мен бірлесіп мынадай «Дені сау отбасы», «ЖЖБИ/АИТВ контрацепциясы, профилактикасы мәселелері бойынша консультациялық телефон желісінің қызметі», «Мүмкіндігі шектеулі әйелдердің денсаулығын сақтау», «Ана мен бала», «Семья может все» әлеуметтік жобалар іске асырылуда.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар, медициналық ұйымдар, ЖОО және ҒЗИ, ҰО басшыларының қатысуымен ана, бала өлімін төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі республикалық және өңірлік штабтың жұмысы жалғасуда.

2012 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша халықтың туберкулезбен сырқаттанушылығын талдау республика бойынша мынадай төмендеу көрсеткіштері туралы мәлімдейді,
2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 100 мың халыққа шаққанда 94,6-дан 86,09 құрады.

Республикада 2012 жылдың 6 айында туберкулезден қайтыс болу көрсеткіші 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда
100 мың халыққа шаққанда 8,6- дан 7,4 құрайды.

Қазақстан мен Германия арасындағы Үкіметтік келісім мен Неміс Банкінің қаржыландыру туралы шарттың негізінде (Туберкулез
ІІ Бағдарламасы» жобасын жүзеге асыру шеңберінде (Kfw) дамыту мен қайта құрылымының ақысыз негізде, 2012 жылы Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарының азаматтық және пенитенциарлық туберкулезге қарсы ұйымдарына туберкулезді бактериоскопиялық және өсіріндіні анықтауға арналған қажетті зертханалық құрылғылардың жеткізілуі қарастырылған.

Сотталғандар арасында аурудың дәріге төзімділік түрінің таралуы және кадрлардың жетіспеушілігі, туберкулез ұйымдарында инфекциялық бақылау үрдістерінің болмауынан сотталғандар арасында туберкулезден сырқаттанушылық мен қайтыс болу көрсеткішінің жоғары болуы, ҚР ІІД ҚАЖК туберкулез ұйымдарының пенитенциарлық жүйесіндегі күрделі жағдайдың ықпалы еліміздегі туберкулезге бақылау жасау жағдайына кері әсерін тигізуде.

2012 жылғы 1 наурызда «Туберкулезге қарсы күрес және АИТВ/ЖИТС пенитенциарлық жүйесіндегі шаралар туралы» ҚР Үкіметінде Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілген.

2010 жылдан бастап ҚР ІІМ ҚАЖК туберкулез ұйымдарында КДК ТБ таралуын төмендету үшін туберкулез ұйымдарының пенитенциарлық жүйесіне енгізілген DOTS-plus пилоттық жобасы жалғасуда.

Тұрғындарға профилактикалық және скринигтік тексеріп-қаралу жүргізуге байланысты қант диабеті ауруынан сырқаттанушылық көрсеткішінің өсуі байқалады. Сонымен, 2012 жылғы бірінші жартыжылдықта қант диабеті ауруынан сырқаттанушылық 2011 жылғы ұқсас кезеңдегі 151,99 қарсы 100 мың халыққа шаққанда
173,41 құрады.

2012 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша психикалық және мінез-құлық бұзылуларымен сырқаттанушылық көрсеткіші төмендеген, өткен жылғы ұқсас кезеңдегі 114,77 қарсы
100 мың халыққа шаққанда 100,94 құрады.

Өзекті әлеуметтік және медициналық проблема нашақорлық болып табылады. 2012 жылғы бірінші жартыжылдықта психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға (бұдан әрі-ПБЗ) байланысты психикалық және мінез-құлық бұзылуларымен сырқаттанушылық көрсеткішінің өткен жылғы ұқсас кезеңдегі 341,04 қарсы 100 мың адамға шаққанда 332,02-ге дейін төмендеуі байқалды.

«Құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестациялаудан өткізу туралы» 2012 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығын орындау үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне психологиялық тексеру ұйымдастыру үшін бірқатар нормативтік құқықтық актілер әзірленді.

Мынадай ғылыми-техникалық бағдарламалар орындалуда: «ҚР халқының суицидті мінез-құлқын диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша тиімді іс-шаралар әзірлеу және суицидтік тәуекелдің клиникалық-әлеуметтік факторларын зерделеу», «Қазақстанның егде жастағы адамдарының белсенді өмір сүруін қамтамасыз етудегі қартаюға қарсы үлгіні (бағдарламаларды) әзірлеу», «Егде жастағы негізі ретінде белсенді ұзақ өмір сүру қартаюға қарсы когнитивтік компонент үлгісінің (бағдарламалары) әзірлемесі».

Қазақстанда суицид саласында және суицид әрекетінде ЮНИСЕФ пен бірге 5 республикалық өңірде зерттеу жүргізілуде.

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтан көрсеткіштің өсуі байқалады, ол 2011 жылғы ұқсас кезеңдегі 178,14 қарсы 100 мың адамға шаққанда
179,55 құрады. Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың өсуін МСАК ұйымдарында ісік ауруларын дер кезінде диагностикалау бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларды (скринигтер) күшейтумен байланысты.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы
27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында 2012 жылы 29 наурызда 2012-2016 жылдарға арналған ҚР онкологиялық көмекті жетілдіру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленіп ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді.

Бағдарламаны іске асыру ерте диагностикалауды, онкологиялық ауруларды емдеуде жаңа технологияларды енгізу және жетілдіру, сонымен қатар онкологиялық ауруларға паллиативтік және оңалту көмектерін дамыту арқылы онкологиялық сырқаттанушылықты және өлімді төмендетуге бағытталған.

Бағдарламаны іске асыру шаралары үстіміздегі жылдан басталды, бұл үшін республикалық бюджет қаржатынан 10,8 млрд. теңге қарастырылған, соның ішінде:

- Шығыс Қазақстан облысында қуықасты безі обырының скринингінің пилоттық жобасын енгізу;

- колоректалдық обырдың скринингі бойынша гемокульт-тестін жүргізу;

- иммуногистохимиялық зерттеулер жургізу;

-қатерлі ісікпен ауыратын науқастарды стационарлық деңгейде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;

- өңірлік онкодиспансерлерде амбулаториялық химиотерапия қабылдаған онкологиялық науқастарды динамикалық бақылау үшін
19 амбулаториялық химиотерапия кабинетін ашу, колопроктология мәселелері бойынша хирургтардың біліктілігін арттыру;

- ҚазОРҒЗИ-ды медициналық жабдықтармен жарақтандыру;

-иондаушы сәулелеу көздерін ауыстырудың орталықтандырылған жүйесін және сәулелік аппараттар паркінің сервистік қызметін жетілдіру.

2012 жылғы бірінші жартыжылдықта жазатайым оқиғалар, жарақаттанушылық пен уланулардың саны 2011 жылғы ұқсас кезеңдегі 101,3 салыстырғанда 100 мың адамға шаққанда 95,5 құрады.

Еліміздің шалғайда және жетуі қиын өңірлерінде тұратын ауыл халқына сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін көлік медицинасын дамыту жоспарланып отыр.

Республикада 49 жылжымалы медициналық кешен (бұдан әрі - ЖМК) жұмыс істейді. 2012 жылғы бірінші тоқсанында ЖМК көмегімен медициналық тексеріп-қараумен 175 110 адам қамтылды, 147 562 диагностикалық зерттеу, 118 133 зертханалық зерттеулер, 156 438 білікті мамандардың кеңестері жүргізілді.

Санитариялық авиация бойынша республикалық үйлестіру орталығы (бұдан әрі - РҮО) 2012 жылғы 1 жартыжылдықта 353 ұшу жүзеге асырылды, 464 науқасқа көмек көрсетілген, оның ішінде
293 (63,1%) адам облыстық және Астана және Алматы қалаларының республикалық клиникаларына жеткізілген, 143 (30,8%) адамға республикалық және облыстық мамандар кеңес берген, 28 (6,1%) адамға операция жасалған.

2012 жылғы мамырда Ка-32 сериялы екі санитариялық тікұшақ сатып алынды. Сондай-ақ, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-мен 13 687 037 000 (он үш миллиард алты жүз сексен жеті миллион отыз жеті мың) теңге сомасында ЕС-145 сериясы 6 санитарлық тікұшақты жеткізуге шарт жасалды, оны 2012 жылғы 15 желтоқсанға дейін жеткізу белгіленді.

2012 жылғы бірінші жартыжылдықта ҚАЖ ауруларымен сырқаттанушылық көрсеткіші өсіп, 2011 жылғы ұқсас кезеңдегі
1914,11 қарсы 100 мың адамға шаққанда 2006,22 құрады.

Өткізілген іс-шаралардың негізінде ағымдағы жылдың 5 ай қорытындысы бойынша ҚАЖ өлімі төмендеді және 397,9 қарсы
100 мың адамға шаққанда 250,0 құрады.

ҚАЖ құрамында артериялық гипертония (2012 жылғы бірінші жартыжылдық – 1104,62-ден, 2011 жылғы бірінші жартыжылдық 847,59) және жүректің ишемиялық аурулары (2012 жылғы бірінші жартыжылдық – 305,02-ден, 2011 жылғы бірінші жартыжылдық
264,03 қарсы).

ҚАЖ сырқаттанушылықтың өсуін МСАК ұйымдарында жүрек-тамыр ауруларын дер кезінде диагностикалауды жетілдіру іс-шараларымен, оның ішінде скринингке байланысты болды.

Мемлекеттік бағдарламаның бірінші кезеңін жүзеге асыру шеңберінде ҚАЖ- дан болатын аурулар мен өлімді төмендету мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізілді:

негізгі әлеуметтік мәні бар, оның ішінде ҚАЖ ауруларын ерте сатысында анықтау мақсатында Ұлттық скринингілік бағдарламаны іске асыру жалғасуда;

МСАК ұйымының деңгейінде артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруының мектептері құрылды;

жедел медициналық көмек кезеңінде миокард инфарктісімен ауыратын науқастар үшін тромболитикалық терапия жүргізілді;

өңірлерде 8 инсульт орталықтар (ИО) ашылды және ИО мамандарын шетелдерде, сондай-ақ республика бойынша дәстүрлі және каскадты әдісімен білім беру жүргізілуде;

кардиологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтау.

Қазіргі таңда республикада 38 кардиохирургиялық операциялық бөлме қызмет етуде. 48 ангиографиялық қондырғы қажеттілігінде нақты 29-ы ғана бар, солардың ішінде өңірлерде –
19, республикалық ұйымдарда – 10. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша республикада 4651 жүрекке ашық, оның ішінде республикалық медициналық ұйымдарда - 2415 (51,9%), өңірлерде - 2236 (48,1%) операциялар жасалды. Интервенциондық араласу саны 18584, бұл өткен жылмен салыстырғанда (14662) араласу 3922-ге артты, оның ішінде 81,8%, өңірлерде (15201 араласу), республикалық медициналық ұйымдарда 3383 араласу, 18,2% жүргізілді.
13205 (62,2%) коронароангиография жасалды, оның ішінде 57,2% (8213) жоспарлы және 37,8% (4992) жедел.

Денсаулық сақтау министрлігі халықтың денсаулығын одан әрі нығайту мақсатында отбасы денсаулық орталықтарын, профилактика бөлімшелерін және әлеуметтік-писхологиялық көмек құру арқылы әлеуметтік қызметкерлерді, психологтарды МСАК штаттық нормативтеріне енгізу жолымен МСАК әлеуметтік-ахуалды үлгісін енгізуге ерекше назар аударуда.

Бүгінгі күнде республикада 2060 әлеуметтік қызметкер және
462 психолог бар, МСАК шеңберіңде әлеуметтік қызметкерлермен толықтырылуы 94,5 %-ды және психологтармен – 89 %-ды құрайды.

Сонымен бірге, МСАК шеңберіңде пациенттерді жеке басының, кәсіби және психологиялық мәселелерін шешу, денсаулық ахуалын және психологиялық, емдеу және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалау, медициналық, әлеуметтік психология негізіне медициналық қызметкерлерді оқыту, жекеленген, жыныстық және жас ерекшелік факторларын есепке ала отырып дамыту және психологиялық әдіспен түзеу бағдарламалары әзірленуде.

Қазақстан Республикасының тұрғындарының ақпараттандыруын арттыру мақсатында 2012 жылғы 5 айда 6 млн. астам адам қамтылған 250 мыңға жуық іс-шара (Дүниежүзілік обырға қарсы күрес орайластырылған онкологиялық сырқаттанушылық профилактикасы бойынша он күндік, Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күнге орайластырылған айлық, Дүниежүзілік онкологиялық ауруларға қарсы күні және соған орайластырылған он күндік, Дүниежүзілік бронхы демікпесіне қарсы күрес күні және соған орайластырылған он күндік. Дүниежүзілік артериалдық гипертонияға қарсы күрес күні, Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күні және соған орай он күндік) өткізілді. Барлық іс-шаралар БАҚ жарияланды.

Барлығы 400-ден астам мақала жарық көрді, 75-тен астам телебағдарлама ұйымдастырылды, онкологиялық аурулардың, туберкулездің, тыныс алу органдарының профилактикасы, темекі шегушіліктің профилактикасы бойынша ақпараттық – ағартушылық материалдарының 1 млн.жуық данасы таратылды.

2012 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша көптеген инфекциялық сырқаттанушылық бойынша қалыпты эпидемологиялық ахуал байқалды.

Туберкулез бойынша эпидемологиялық ахуал 2012 жылғы бірінші жартыжылдықта жақсарды, сырқаттанушылық 9%-ға, өлім 14%-ға төмендеді.

2012 жылғы бірінші жартыжылдықта халықтың тырысқақпен, іш сүзегімен, паратифтермен, обамен, түйнемемен, дифтериямен, сіреспемен, полиомиелитпен, аусылмен сырқаттанушылық жағдайлары тіркелген жоқ.

Туляремияның, малярияның, трихинеллездің бірлі-жарым жағдайлары тіркелді.

2011 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда қызамықпен сырқаттанушылық 2,7 есеге, листериозбен 41,6%-ға, жіті вирусты гепатиттермен 38,6%-ға, оның ішінде А вирусты гепатитімен 39,3%-ға, В вирусты гепатитінің 32,6%-ке, қызылшамен 39,5%-ға, қышымамен 30,5%-ға, менингококк инфекциясымен 22,0%-ға, бруцеллезбен 22,6%-ға, бактериялық дизентериямен 15,9%-ға, ЖИТС-пен 15,1%-ға,шигеллездердің 14,2%-ға, тыныс алу органдары туберкулезінің 7,8%-ға, жіті ішек инфекцияларының 3,9%-ға, эхинококкоздың 3%, көкжөтел 8 жағдайға, сүзектен 2 жағдайға, кене энцефалитінен 1 жағдайға төмендегені байқалды.

Оба бойынша энзоотиялық аумақтағы 125 елді мекеннің айналасына қорғаныш аймақтары құрылды.

Далалық дезинсекция 202,1 шаршы км, кенттік дератизация - 817,055 мың шаршы м, кенттік дезинсекция – 323,11 мың шаршы метр алаңға жүргізілді.

Халықтың Конго-Қырым геморрагиялық қызбамен (бұдан әрі – КҚГҚ) сырқаттанушылығын төмендету мақсатында «Оңтүстік Қазақстан облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбаны эпидемиологиялық қадағалау және оның алдын алу жүйесін жетілдіру туралы» ҚР ДСМ 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 82 бұйрығы шығарылды.

Бұл бұйрық Конго-Қырым геморрагиялық қызбаны эпидемиологиялық қадағалау және оның алдын алу жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленді. Осы бұйрықтың шеңберінде Ауруларды бақылау орталығы (бұдан әрі - СDС) Оңтүстік Қазақстан облысындағы КҚГҚ-ға күдікті барлық жағдайларға эпидемиологиялық тексеруді бірлесіп жүргізуде және кене шағып температурасы көтерілген адамдарды қоса алғанда, науқас ауруының кез келген сатысында КҚГҚ-ның алдын алу және емдеу мақсатында «рибавирин» препаратын қолданудың тиімділігін бағалау бойынша зерттеулер жүргізуде техникалық қолдауды жүзеге асыруда.

АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалауды жетілдіру шеңберінде ЖИТС РО референс-зертханасы үшін сомасы 7 731,8 мың теңгеге (әрбір жиын 48 анықтауға есептелген, 1 жиынның бағасы – 644,3 мың теңге) АИТВ-инфекциясын жұқтырған вирус жүктемесін анықтау үшін сараптау тест-жүйелерінің 12 жиыны және сомасы 1 313,2 мың теңгеге (бағасы 218,9 мың теңгеден) вирустық жүктемені анықтау үшін 6 скринингтік тест жүйелері сатып алынды.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесіне балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау енгізілді.

Балаларды пневмокок инфекциясына қарсы вакцинациялау
2010 жылы енгізілді. 2010 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғанда Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының балалары егумен қамтылды.

2012 жылдың 6 айы ішінде республика бойынша 54 237 бала пневмококк инфекциясына қарсы егілді. Вакцинадан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің нормативтік құқықтық актілерін халықаралық стандарттармен және Кеден одағының талаптарымен үйлестіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында мынадай жұмыстар жүргізілді:

1) 26 санитариялық қағида әзірленді және ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді;

2) «Қазақстанның ДСҰ-на кіруі шеңберінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» Дүниежүзілік банкінің жобасының Ғ компоненті іске асырылуда;

3) «Арнайы тамақ өнімдерінің, балаларға арналған және емдік-профилактикалық тамақтың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының тағам саласындағы техникалық регламенті бекітілді.

Кадрлық ресурстар және медициналық ғылым.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2011 жылғы қазанда 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық білімді дамытудың Тұжырымдамасын (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітті.

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында аталған Тұжырымдаманы іске асыруда мынадай іс-шаралар жүргізілді:

- «2012 жылға арналған медициналық жәе медициналық емес жабдықтарды сатып алу тізбесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 сәуірдегі №217 бұйрығына сәйкес ұжымдық пайдалануға 2 ғылыми зертханасына жабдықтар сатып алу басталды;

- Дүниежүзілік банктің «Медициналық білімді реформалау» кішікомпонентін іске асыру шеңберінде мынадай бағыттар бойынша жеке халықаралық консультанттар үшін техникалық тапсырмалардың жобалары әзірленді:

  • «Қазақстан Республикасында медициналық білімді басқарудың жаңа моделін әзірлеу және енгізу»,

  • «жоғары медициналық білім ұйымдарында азаматтарды қабылдау бойынша жаңа моделді әзірлеу және енгізу»,

  • «медициналық білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру»,

  • «денсаулық сақтау саласының мамандарын сертификациялау және лицензиялау жүйесін жетілдіру».

- ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012 жылғы
29 маусымдағы №442, №443, №444 бұйрықтарымен «Медициналық білімді реформалау» кішікомпонентін іске асыру шеңберінде іс-шараларды іске асыру жөніндегі жұмысшы топ, құрамы бекітілді:

  • медициналық білімді менеджменттеу бойынша;

  • мақсатқа негізделген бюджеттендіру бойынша пилоттық жобаны енгізу бойынша;

  • Көптеген кіші интервьюді енгізу бойынша зерттеуді жүргізу бойынша.


«Қазақстан Республикасы медициналық ғылымын реформалау 2008-2012 жылдарға арналған Тұжырымдамасын (бұдан әрі - Тұжырымдама) іске асыру индикаторлары туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 14 маусымдағы №217 бұйрығын орындау үшін Тұжырымдаманы іске асыруды бағалау мен мониторингілеу мақсатында 2012 жылғы 1 жартыжылдық бойынша медициналық ғылым және білім ұйымдары ұсынған ақпараттарға талдау жүргізілді. Тұжырымдаманы іске асыру индикаторлары бойынша баллдарды есептеуде 30 ұйым (ЖОО және ҒЗИ/ҒО) қатысты.

2012 жылғы 1 жартыжылдық бойынша ұйымдар барлығы республикалық маңызы бар 44 патент және 2 еуразиялық патент алды (2011 жылғы 30 желтоқсанда тіркелген). Халықаралық патенттердің үлес салмағы 4,3%-ды құрайды. Еуразиялық патенттерді «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми зерттеу институты» АҚ алды (№015927, 2011ж. 30.12., Способ хирургического лечения отслойки сетчатки (интравитреальное введение витреосинеретика «Vitrenal») және (№015928, 2011ж. 30.12., Способ хирургического лечения отслойки сетчатки (пломбирование сетчатки в зоне ее разрыва белочной оболочки яичка).

Осы кезеңде медициналық ғылым және білім ұйымдары
1060 ғылыми мақала, оның ішінде жақын шет ел жорналдарында -
62 мақала және алыс шет елдерде - 63 мақала. Халықаралық рецензияланатын жорналдарда – 75 (мақала жақын және алыс шет елдер), оның ішінде 16 мақала импакт-факторлы жорналдарда жарияланды.

Денсаулық сақтау саласы жүйесінде 24 ғылыми-зерттеу ұйымдары жұмыс істейді, олар тиісті бағыт бойынша ғылыми зерттеу, ұйымдастыру-тәсілдік, емдеу-диагностикалық және консультативтік жұмысты басқаратын және үйлестіретін жетекші мамандырылған медициналық ұйымдар болып табылады.

2012 жылдың 6 айында жалпы сомасы 751 296,0 мың теңгеге жалғастырушы ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға шарт жасалды.

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының заңына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №318 «2012-2014 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдерді бағдарламалы-мақсатты қаржыландыру туралы» қаулысына өзгерту енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
6 сәуірдегі № 420 қаулысына сәйкес 9 жаңа ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру үшін 558 333,0 мың теңгеге шарт жасалды.

Бұдан басқа, «Ғылым туралы» Қазақстан Республика заңына сәйкес 131 «ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде базалық қаржыландыру бойынша
24 ғылыми қызмет субъектісімен шарт жасалды.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдар тізбесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы №511 қаулысымен бекітілген 24 ғылыми ұйым бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігіне 2 637 867,0 мың теңге сомасына 2013-2015 жылдарға арналған бюджеттік өтінім ұсынылды.

ҚР БҒМ мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасының қарауына бағдарламалық-мақсатты қағидат бойынша қаржыландыру үшін ҚР Ұлттық ғылыми кеңестің оң шешімін алған 14 ғылыми-техникалық жоба жолданды, оның ішінде 5 жобаның іске асырылу мерзімі - 2013-2015 жылдар аралығы.

2013-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасы бойынша 7 204 832,0 мың теңге сомасына бюджеттік өтінім жасақталды.

Медициналық және фармацевтикалық кадрларды дипломнан кейінгі даярлауға ЖОО-дан кейінгі және қосымша кәсіби білім беру кіреді.

Докторантурада, магистратурада және резидентурада мамандарды даярлау медициналық ЖОО-да, ҒЗИ-та, ҒО-та, Дәрігерлерді жетілдіру және денсаулық сақтау саласы ұйымдарының жоғары мектебінде жүргізіледі. 60 РһD докторанты, 1199 резидентура тыңдаушылары, 247 магистрант оқуын жалғастыруда.

Мамандарды даярлаудың сапасын арттыру және даярлау деңгейін халықаралық талаптарға жақындату мақсатында денсаулық сақтау мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша 2012 жылға Қазақстанда 19 530 медициналық кадрлар, 126 маманды шет еліне оқуға, 44 шет елінің бас мамандарын шақырылу қарастырылған.

2012 жылдың бірінші жарты жылдығында:

- заманауи медициналық технологияларда онкология, невропатология,сот-медициналық сараптама, кардиология және эндокринология мәселелері бойынша халықаралық алдыңғы қатарлы медициналық технологияларды игеру үшін 75 маман оқуға жіберілді (Япония, Литва, Беларусия);

- неврология, нейрохирургия, трансплантологии, онкология, кардиохирургия, реабилитология, балалар офтальмологиясы, балалар урологиясы, балалар және неонаталды хирургия, анестезиология-реаниматология, хирургия, акушерия и гинекология, беру, мейірбике ісінің ғылымы мен білімі өзекті мәселелері бойынша қазақстандық
772 маманды оқыту үшін отандық денсаулық сақтау ұйымдарының базасына АҚШ, Дания, Австрия, Канада, Германия, Польша, Туркия, Украина,Израиль, Ресейден 71 алдыңғы қатарлы шет ел мамандары шақырылды.

Стратегиялық жоспардың екінші бағыты іске асыру шеңберінде жүйенің тиімділігін арттыру бойынша, атап айтқанда Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (бұдан әрі – БҰДЖ) дамыту, денсаулық сақтау саласын басқару мен қаржыландыруды, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру, денсаулық сақтау бірыңғай ақпараттық жүйесін (бұдан әрі –ДБАЖ) енгізу, денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту және инфрақұрылымын құру.

Елбасының тапсырмасына сәйкес БҰДЖ енгізу жалғасуда.

БҰДЖ енгізу жағдайында бәсекелестік ортаны дамытуға, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының дербестігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

2012 жылдың есептік кезеңінде Бірыңғай төлеуші жүйесіндегі мемлекеттік емес секторға жататын қызмет ұсынушылар үлесінің 12%-дан 16%-ға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар санының 307-ге дейін артқандығы көрінеді, олардың ішіндегі 66 кәсіпорында байқау кеңесі бар.

Пациенттің стационарды еркін таңдау құқығын жүзеге асыру БҰДЖ басты қағидаттарының бірі болып табылады, ол денсаулық сақтау саласында бәсекелестікті дамыта отырып, көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды күшті ынталандырады.

Стационарды еркін таңдау қағидатын жүзеге асыру қорытындылары Қазақстан Республикасы халқының барлық деңгейлері үшін медициналық көмекке қолжетімділіктің артып отырғандығын көрсетеді. Тәулік бойғы стационарға емдеуге жатқызылғандар санының 34% немесе 391 мыңнан астамы өзінің еркін таңдау құқықтарын пайдаланған, бұл ретте олардың 45,53%-н ауыл тұрғындары құрайды. Өз өңірлерінде азаматтардың 92,5% емделді, тұрғындардың 1,7%-ы өзге өңірлерде, 5,8%-ы республикалық клиникаларда мамандандырылған көмек алды.

Емдеуге жатқызылғандардың жалпы санының 84%-ы 10 күнге дейінгі күту мерзімінде емдеуге жатқызылған, азаматтардың тек 16%-ы ғана емдеуге жатуды 10 күннен артық күткен.

Жоғары шығынды стационарлық технологиялардың жүктемесін азайту бойынша жүргізілген сәйкесті іс-шаралардың нәтижесінде Бірыңғай ақы төлеуші жүйесіндегі стационарлық көмек көрсеткіштерінің 2012 жылғы 6 айда оң бағыты байқалады, мысалы, емдеуге жатқызу деңгейі 1,5%-ға дейін азайған (100 мың тұрғынға шаққанда өткен жылдың ұқсас кезеңінде 7,0%), өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда стационарлық көмекті тұтыну 1000 тұрғынға шаққанда 625,8 төсек-күніне немесе 6%-ға және төсекпен қамтамасыз етілу 4,6%-ға азайған.

Сонымен қатар, қазіргі таңда еліміз түкпір-түкпірінде диагностика мен емдеудің жоғарғы технологияларын енгізу және оларды еліміздің барлық деңгейдегі медициналық ұйымдарында кеңінен қолдану қарқынды дамуда. Есепті кезеңде республикалық клиникалар деңгейінде ЖММК технологиясы бойынша емделіп жалпы саны 42% құрады, қалған бөлігін өңірлік деңгейде ЖММК технологиясы бойынша емделген 8910 науқас құрады (58%).

Медициналық қызметтерге түпкілікті нәтижеге бағытталған ақы төлеу әдісін енгізу денсаулық сақтау саласын дамытуды ынталандырудың және денсаулық сақтау саласының алға қойылған мақсаттарға жетуінің күшті серпіні болып табылады. Сонымен,
2012 жылы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге арналған клиникалық-шығындық топтар (бұдан әрі – КШТ) бойынша ақы төлеу жүйесі енгізілді.

Халықаралық тәжірибеде КШТ жүйесі өзін стационарлық сектордағы қаржыландыру, медициналық көмектің шығындарын, тиімділігін және сапасын басқару құралы ретінде көрсетті.

Осы іс-шаралардың шеңберінде халықаралық кеңесшілердің қолдауымен веб-технологияға негізделген жаңа бағдарламалық жасақтама әзірленді, медициналық қызметті ұсынушылар үшін оқыту семинарлары жүргізілді.

2012 жылдан бастап стационарлық және стационарды алмастыратын қызметке ақы төлеу тарифінің құнына медицина қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру үшін 1,1 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат шеңберінде әрбір медициналық ұйымнан оқытылатын медицина мамандарының саны 20 %-дан кем болмауы тиіс.

2012 жылдан бастап медициналық қызметті ұсынушылардың лизинг арқылы негізгі құралдарды өз бетімен сатып алуына арналған қаражат қарастырылған, ол медициналық ұйымдардың кадрлық қорларының әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді, материалдық-техникалық базасын күшейтеді және негізгі құрал-жабдықтарды пайдалану тиімділігін арттырады.

2012 жылдан бастап онкологиялық науқастарға көрсетілген медициналық көмекке ақы төлеу қағидаттары өзгерді, ол электрондық тізімде тіркелген пациентке кешендік тариф («ғаламдық бюджет» қағидаты) бойынша ақы төлеуді көздейді. 2012 жылы ТМККК шеңберінде республикалық бюджет қаражатынан ағымдағы нысаналы трансферт түрінде 23 131,5  млн. теңге бөлінді, ол 2009 жылмен салыстырғанда бөлінген қаражатты 3,8 есеге (6 118,9 млн. теңге),
2011 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге (13 676 млн.теңге) артқандығын көрсетеді. Осы қаржыландыру әдісі онкологиялық диспансерлердің ауруды ерте анықтауға мүдделілігін және 5 жылдық өміршеңдікті ұзартуға арналған халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы емдеуді қамтамасыз етеді.

Есепті кезеңде кешенді жан басына шаққандағы тариф бойынша амбулаториялық-емханалық көмекке ақы төлеуді пилоттық енгізуге арналған дайындық іс-шаралары жүргізілді. Осы пилот 2012 жылғы
1 шілдеден бастап 5 өңірде жоба қатысушылары ретінде таңдалған
15 медициналық ұйымның базасында енгізіледі.

Ресурстарды басқару тиімділігін арттыру шеңберінде денсаулық сақтау менеджменті саласындағы кәсіби нысанында басқару институтын кезең кезеңмен енгізу жалғасуда. Қазіргі уақытта «Бүгін ең үздік – сен, ертең – бәрі» жобасын іске асыру қазіргі заманғы менеджментті енгізудің озық тәжірибесін өңірлерге осы жобаның қатысушылары ретінде анықталған медициналық ұйымдардың көмегімен әрі қарай тарату сатысында. Осы мақсатта
64 жаттықтырушы даярланды. Олардың көмегімен 535 стационар мамандарын және 244 БМСК ұйымдарының мамандарын қамтитын каскадты түрде оқыту жүргізілуде.

Персоналдарды уәждеу деңгейін одан әрі арттыру БҰДЖ негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Стационар деңгейінде сараланған еңбекке ақы төлеу енгізілуде, халықтың көрсетілетін медициналық қызмет сапасымен қанағаттануы және дәрігердің өз жұмысының түпкілікті нәтижесіне бағдарлануы оның негізгі өлшемдері болып табылады. Ол қарым-қатынастың «уәжденген қызметкер және қанағаттанған пациент» үлгісін құрады.

МСАК қызметкерлері жан басына шаққандағы компонентке ынталандырушы компонентті енгізу жалғасып жатыр, ол түпкі нәтижеге қол жеткізілуіне қарай төленеді және денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштерінің (ана мен бала өлімінің болмауы, туберкулез бен онкологиялық патологиялардың ерте анықталуы) жақсаруын қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерін уәждеген медициналық ұйымдардың үлес салмағы артып келеді (ағымдағы жылдың есепті кезеңінде 64,5%, өткен жылы – 30,6%). Медицина қызметкерлерін түпкі нәтижеге уәждеу деңгейі 34,1% құрайды, оны 50% дейін ұлғайту жоспарлануда.
  1   2

Похожие:

Қосымша 2012 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша жиынтық
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылдың 1 жартыжылдығы...
Қосымша 2012 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша icon-
Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі...
Қосымша 2012 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы
...
Қосымша 2012 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша icon2012 жылдың қаңтар-маусым айларына Шемонаиха ауданының бюджетті орындау бойынша ақпарат
Жасалған іс-шаралардың жоспары аясында қосымша табыс көздерін анықтау бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде
Қосымша 2012 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша iconБаспасөз хабарламасы «Хоум Кредит Банк» АҚ 2012 жыл басынан бері несие қоржынын 33,7%-ға көбейтті. Алматы, 22 тамыз 2012 ж
Алматы, 22 тамыз 2012 ж. – Бүгін «Хоум Кредит Банк» АҚ, Қазақстандағы тұтынушылық несие беру нарығындағы жетекшілердің бірі, 2012...
Қосымша 2012 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша icon2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы
Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда барлық кәсіпорындар және есептік топтар бойынша өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемінің...
Қосымша 2012 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша iconҚылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама
Ақтөбе облыстық сотының 2011 жылғы бірінші жарты жылдығына арналған жоспар негізінде қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты...
Қосымша 2012 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша iconБаспасөз релизі 20. 04. 2012ж. Өскемен қаласы ШҚО бойынша Салық Департаменті 2012 жылдың
ШҚО бойынша Салық департаментінің өндірістіқ кеңесінің отырысы өтті. Өндіріс кеңесті ашып, «2012 жылдың 1 тоқсаны бойынша асб рейтингтік...
Қосымша 2012 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша iconПавлодар қаласы әкімдігінің 2012 жылғы № қаулысына 3 қосымша
«Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының...
Қосымша 2012 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша iconҚұрметті салық төлеушілер!
Салық комитетімен 2012 жылдың 1 тоқсаны үшін қосылған құн салығы бойынша 2012 жылдың 23 қарашасының жағдайы бойынша тапсырылған декларациялар...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница