Әдіснамалық ТҮсініктемелер




Скачать 34.76 Kb.
НазваниеӘдіснамалық ТҮсініктемелер
Дата конвертации28.05.2013
Размер34.76 Kb.
ТипДокументы

ӘДІСНАМАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР



Туризмнің қосалқы шоты (бұдан әрі ТҚШ) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Дүниежүзілік туристік ұйым, Еуропалық қауымдастықтың Статистикалық бюросы, БҰҰ-ның Статистикалық бөлімімен бірігіп әзірленген әдіснамалық ұсыныстар негізінде құрылды.

ТҚШ-ның әдіснамалық негізі Ұлттық шоттардың жүйесі (ҰШЖ) болып табылады, мұнда негізгі стандартты қабылданған тұжырымдамалар, анықтамалар және ережелер пайдаланылады.

Туризм демалу, іскерлік және өзге мақсаттарда бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі, баратын орындағы қаражатымен төленетін қызметпен байланысты емес.

Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың (бұдан әрi - туроператор) өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi.

Туристiк агенттiк қызметі (турагенттiк қызмет) қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрi турагент) туристiк өнiмдi ұсыну және өткiзу жөнiндегi қызметi.

Туристерді орналастыруға арналған тұрғын жайлар – бұл туристерді жатын орынға орналастыру бойынша қызметтерді үнемі немесе ара-тұра көрсететін қандай да бір объект (қонақ үйлер және басқа да ғимараттар).

Келу туризмi – резидент емес келушілердің кез-келген елдің экономикалық аумағы шегiндегi саяхаты.

Ішкi туризмі – резидент-келушілердің өз елінің экономикалық аумағы шегiндегi саяхаты.

Шығу туризмі – резидент-келушілердің өз елінің экономикалық аумағы шегіндегі саяхаты.

Ішкі және келу туризмінің ұқсастығы ел шегіндегі (ішіндегі) туризм категориясын құрайды.

Келушілер – өзінің әдеттегі жерінен бір жылдан астам саяхатқа шығатын адамдар.

Келушілер екі топқа бөлінеді: туристер (қонуға келгендер), олар жайғасу жерлерінде тәулік немесе одан астам уақыт, біркүндік келушілер осы жерде тәуліктен аз уақыт өткізеді.

Тұтыну – бұл адамның ұжымдық және жеке қажетіліктерін қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтерді пайдалану қызметі.

Туристік тұтыну туризм, іскерлік немесе басқа мақсатпен қозғалатын келушілердің тұтынуы, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының және үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың (ҮШҚКЕҰ) жеке сипатындағы қызметтерін тұтыну.

Келу туризміне қатысты тұтыну – бұл қандай да бір экономикалық аумағы шегіндегі резидент емес–келушілердің шығындары.

Ішкі туризмге қатысты тұтыну – бұл өз елі шегіндегі резидент-келушілердің шығындары.

Шығу туризміне қатысты тұтыну – бұл өз елінің экономикалық аумағы шегіндегі респондент-келушілердің шығындары.

Қазақстан ішіндегі туризмге қатысты тұтыну – бұл Қазақстанның экономикалық аумағы шегіндегі резидент және резидент емес келушілердің шығындары (келу және ішкі туризмнің шығындарын қоса).

Туристiк өнiм саяхат барысында туристiң қажеттілігін қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi туристiк қызмет көрсетулер жиынтығы және оған дайындық.

Келушілердің тұтынуы туристік өнімнің екі түрінен құралады – типтік және аралас туристік өнім:

  • типтік туристік өнім көп елдерде келушілердің болмағанынан өзінің қомақты көлемдерде қолдануын тоқтатады немесе оны тұтыну деңгейі едәуір төмен болады;

  • аралас туристік өнім, типтікке жатпайды, бірақ туристік тұтынуда едәуір үлесті алады;

  • өзгешелікті туристік өнім алдындағы екі өнім категорияларының жиынтығы.

Типтік қызмет түрлері – бұл қызмет түрінде типтік туристік өнімдер құрылады. Осы қызмет түрімен айналысатын өндірушілер типтік өндірушілер деп аталады.

Туризм саласы – бұл типтік туристік өнім шығарумен айналысатын салалардың жиынтығы.

Туризмнің құрылған жалпы ішкі өнімі (туризмнің ЖІӨ) елдің ішіндегі туризмге жатқызылатын туристік тұтыну нәтижесінде құралған жалпы қосылған құн және өнім мен импортқа салынған салықтар (демеу қаржыларды алғанда) сомасы.

Жалпы қосылған құн – туризм салалары өнімінің құнынан олардың аралық тұтыну құнын шегеру.

Туризм саласында құрылған жалпы қосылған құн – барлық типтік өндірушілердің олармен өндірілетін барлық өнімнің туристерге арналғанына қарамастан құрылған қосылған құн жиынтығы.

Туризмда құрылған жалпы қосылған құн тұтынуды қанағаттандыру үшін ел ішіндегі туризм саласында және басқа да экономика салаларында құрылған қосылған құн сомасы. Ол туристік тұтынуға арналған және барлық салаларда құрылған қосылған құнның бөлігін қосады.

Өнімдерге салынған салықтар – бұл резидент-бірліктер шығарып өндіретін, сататын немесе импорттайтын тауарлар мен қызметтердің саны немесе құнынан бірдей алынатын салықтар (ЖҚҚ, акциздер және басқалар).

Аралық тұтыну – басқа тауарлар мен қызметтерді өндіру мақсатында белгілі бір кезең ішінде тауарлар мен қызметтерді тұтыну құны.

ЖІӨ-дегі туризмнің үлесі – туризмнің ЖІӨ-і мен ЖІӨ-нің жалпы көлеміне ара қатынасымен анықталады.

Похожие:

Әдіснамалық ТҮсініктемелер iconӘдіснамалық түсініктемелер
Еңбек бойынша статистикалық ақпараттарды жинау және жариялау екі бағытта жүргізіледі
Әдіснамалық ТҮсініктемелер iconҚысқаша әдіснамалық түсініктемелер
Интернетке жоғары жылдамдықпен қатынауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа технология. Мұның өзінде телефон желісі бос қалады
Әдіснамалық ТҮсініктемелер iconӘдіснамалық түсініктемелер 3 Методологические пояснения 3
Экономикалық қызмет түрлері және жұмыспен қамту статусы бойынша жұмыспен қамтылған халық
Әдіснамалық ТҮсініктемелер iconҚысқаша әдіснамалық түсініктемелер
Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам
Әдіснамалық ТҮсініктемелер iconМазмұны Содержание Әдіснамалық түсініктемелер
Тауарлар мен қызметтер бағасына құн салығы және акциздерге салынған салық қосылмаған үстеме сауда бағасы кіреді
Әдіснамалық ТҮсініктемелер iconМазмұны Содержание Әдіснамалық түсініктемелер
Тауарлар мен қызметтер бағасына құн салығы және акциздерге салынған салық қосылмаған үстеме сауда бағасы кіреді
Әдіснамалық ТҮсініктемелер iconӘдіснамалық түсініктемелер 5 Методологические пояснения 5
Осы бюллетеньде мал мен құс саны және мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру туралы деректер келтірілген
Әдіснамалық ТҮсініктемелер iconӘдіснамалық түсініктемелер 4 Методологические пояснения 4
Осы бюллетеньде мал мен құс саны және мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру туралы деректер келтірілген
Әдіснамалық ТҮсініктемелер iconӘдіснамалық түсініктемелер
Жалақы статистикасы жалдамалы қызметкерлер еңбекақысының орташа деңгейінің шамасы, оның өзгерістерінің үдерісі мен заңдылығын, құрылымдық...
Әдіснамалық ТҮсініктемелер iconӘдіснамалық түсініктемелер Методологические пояснения
Методологические пояснения
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница