Скачать 54 Kb.
|
Сұрақ: Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерімен есеп айырысу қалай жасалады? Жауап: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 23-3-бабының 3-тармағына сәйкес кесте бойынша зейнетақы төлемдерінен аушыға ұсынылған зейнетақы төлемдерінің ай сайынғы сомасы тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген зейнетақының барынша төмен мөлшерінен кем болмауы тиіс. Заңның 23-3-бабының 4-тармағына сәйкес кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерінің есебін жүзеге асыру әдістемесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 04.07.2003ж. № 661 қаулысымен бекітілген кесте бойынша зейнетақы төлемдері мөлшерінің есебін жүзеге асыру әдістемесінің 1-тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері зейнетақы төлемдері мөлшерінің есебін жүзеге асыру әдістемесін ескеріп, тараптардың зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты бойынша жасаған келісімі бойынша белгіленген төлем жасау, сомасы және кезеңділігі (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) түрінде кесте бойынша жүзеге асырылады. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен кесте бойынша жылдық зейнетақы төлемдері сомасы есебінен мынадай шектердің мейлінше жоғары мөлшерімен былайша есептеледі: 1) тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген зейнетақының барынша төмен мөлшерінің он екі есе мөлшерімен: 2) жүз мың теңге: 3) төменде келтірілген кестеге сәйкес алушының тиісті жасындағы ағымдағы құнның коэффициентіне жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын жасауға есептелген шек. Алушының жинақталған зейнетақы қаражаты тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген зейнетақының барынша төмен мөлшерінен (аталған шектердің қайсысы көп екендігіне байланысты) жүз мың теңгеден немесе барынша төмен зейнетақы мөлшерінің он екі еседен төмен мөлшерінде болған жағдайда, алушы жинақталған зейнетақы қаражатының барлық сомасын ала алады.
|