2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы




Скачать 55.71 Kb.
Название2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы
Дата конвертации13.06.2013
Размер55.71 Kb.
ТипДокументы
2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары

бойынша Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық

дамуының қорытындылары туралы
Өнеркәсіп

2010 жылдың І жартыжылдығында өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 1 336,4 млн. теңгені немесе былтырғы жылдың 6 айының деңгейіне 100,6 пайызды құрады.

Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда барлық кәсіпорындар және есептік топтар бойынша өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемінің төмендеуі орын алған жоқ.

2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тау кен саласының – 5,3 пайызға, электрмен жабдықтау, газ және бумен қамтамасыз ету бойынша – 37,0 пайызға, сумен жабдықтау, канализация жүйесі бойынша және қалдықтарды жинау мен таратуды бақылауда – 71,2 пайызға өсім байқалады. Сонымен қатар, өңдеу саласының көлемі 2009 жылдың 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 12,9 пайызға төмендеді. Оған «Даңқ» және «Тасқара» ЖШС-тері бойынша өндіріс көлемінің 400,0 млн. теңгеге азаюы елеулі әсер етті.

Инвестициялар

2010 жылдың 6 айында негізгі капиталға инвестицияның көлемі 1 301,7 млн. теңгені құрады, ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 1 199,4 млн. теңгеге немесе 48 пайызға кем.

Инвестицияның негізгі төмендеуі несиелік қаражатқа және шетелдік инвестицияға жатады. 2009 жылдың сәйкес кезеңінде «Казахцемент» ЖШС-гі зауыттың негізгі құрылысын жүргізгендіктен 2 251,7 млн. теңге сомасында қаражат игерген. Ағымдағы жылы «Казахцемент» серіктестігі негізінде монтаждау жұмыстарын жүргізетініне байланысты, 2009 жылмен салыстырғанда аудан экономикасына тартылған және игерілген инвестицияның көлемі 81 пайызға немесе 1 828,6 млн. теңгеге төмендеп, 423,1 млн. теңгені құрады.

Шетел инвестициялары бойынша төмендеу – 44 пайызды құрады. 2009 жылы «Бақыршық тау кен кәсіпорны» ЖШС-де сульфид кенін күйдіру бойынша тәжірибелік-өндірістік қондырғыны орнату құрылысы аяқталып, цехтарды қосып реттеу жұмыстары жүргізіліп, 88,3 млн. теңге инвестиция игерілді. Ал биылғы жылы «Бақыршық тау кен кәсіпорны» ЖШС-нің бұндай жұмыстарының болмау себебінен инвестициясының көлемі 44 пайызға немесе 39 млн. теңгеге азайып, 49,4 млн. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы

2010 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1 980,0 млн. теңгені құрады, ол 2009 жылдың сәйкес кезеңіне 103,3 пайыз. 6 айдың жоспар тапсырмасының орындалуы – 92,1 пайыз.

Былтырғы жылмен салыстырғанда ірі қара мал басының өсімі 100,2 пайызды, жылқылар бойынша 100,7 пайызды, шошқа басы бойынша 118,9, қой мен ешкі басы 99 пайызды құрады.

Ағымдағы жылдың 6 айында 3,2 мың тоннаға барлық шаруашылық санаттарында ет (тірі салмақта) өндірілді, ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 107,3 пайызды құрады.

24,2 мың тонна – сүт өнімі өндірілді, ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 100,5 пайызды құрады.
Шағын бизнес

2010 жылдың 1 шілдесіне ауданда 86 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Жұмыс жасайтын кәсіпорындардың үлесі - 52 пайызды (45 кәсіпорын), жұмысы тоқтап тұрған кәсіпорындардың үлесі – 48 пайызды құрады (41 кәсіпорын). Жалпы жұмысы тоқтап тұрған 41 кәсіпорындардың 3-еуі жабылу сатысында.

Бюджет

2010 жылдың 1 шілдесіне 315,1 млн. теңге болжамында бюджетке 363,8 млн. теңге түсті, ауытқуы +48,7 млн. теңге, орындалу пайызы – 115,5.

2010 жылдың 1 жартыжылдығында меншік кіріс болжамының асыра орындалуына аудандық бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің теңгерімінің бұзылуына байланысты жергілікті бюджеттің негізгі салық көздері бойынша болжамның төмендетілуі себеп болып келеді.

Сондай-ақ, болжамнан асыра түскен, яғни меншік кіріс болжамын әзірлеу кезінде ескерілмеген салық түсімі бар, жекелей жағдайда, шетел азаматтарынан түскен жеке табыс салығы – 6,2 млн. теңге, жер телімдерін сатудан түскен салық – 1,2 млн. теңге.

Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігі 99,4 пайызға орындалды, 2010 жылдың 1 шілдесіне 1 693,6 млн. теңге болжамында кассалық орындалу – 1 684,2 млн. теңгені құрады. 9,4 млн. теңге сомасында қаражат игерілмеген. Соның ішінде: ауылдық округтер бойынша игерілмеген қаражат көлемі – 3,8 млн. теңгені құрады. Білім бөліміне қарасты мекемелер – 1 778,9 мың теңгені игермеді.
Тұрғын жайды енгізу

2010 жылдың 6 айында жеке құрылысшылар бойынша тұрғын жайды енгізу 348 шаршы метрді құрады, ол 2009 жылдың сәйкес деңгейіне 30,6 пайыз (1136 шаршы метр). Нақтылы есеп бойынша пайдалануға берілген үйлердің жалпы алаңы 1160 шаршы метрді құрады, маусым айында 1-ЖТҚ нысанның облыстық департаментке аудандық статистика бөлімімен дұрыс жолданбағандықтан көрсеткіш 348 шаршы метрді көрсетіп тұр.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2010 жылдың 1 шілдесіне ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны 177 адамды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 59 пайызды құрады.

372 жаңа жұмыс орындары құрылды, ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 122,8 пайыз.

Жұмыспен қамту бойынша уәкілетті органдар арқылы 700 азамат жұмыспен қамтылды.

Ең аз күнкөрістік шамадан төмен тұратын азаматтар саны 2561 немесе 2009 жылдың 6 айына 98,5 пайызды құрады.

Жергілікті бюджет қаражатының есебінен – 9,8 млн. теңге мемлекеттік атаулық әлеуметтік көмекке, 4,2 млн. теңге – материалдық көмекке, 22,3 млн. теңге – 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төленді.

Жұмыссыздық деңгейі – 0,7 пайызды құрады.
Қосымша кіріс көздерін анықтау

2010 жылға «Қосымша резервтер іздестіру бойынша іс-шаралар жоспары» әзірленіп, бекітілді. Аудан бойынша 17 салық түрлері мен жинағы бойынша іс-шаралар жоспарланды. Жоспарды жүзеге асыру барысында 2010 жылдың 1 шілдесіне бюджетке қосымша 10 236,6 мың теңге түсті.

«Жол картасы» бағдарламасы

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2010 жылға 311,1 млн. теңге бөлініп, 382 жаңа жұмыс орындарының ашылуы көзделіп отыр.

2010 жылдың 1-ші шілдесіне 29 объектіге 250 жұмысшы жұмыспен қамту орталығынан жолдама алды. 29 жобасы бойынша 166,3 млн. теңге игерілді, ол мамыр-шілде айларында бөлінген қаражаттың 99,8 пайызын құрады. Игерілуі мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен – 104,0 млн. теңгені немесе 99,7 пайызды, облыстық бюджет есебінен – 11,3 млн. теңгені немесе 100 пайызды және жергілікті бюджет есебінен – 50,6 млн. теңгені немесе 99,8 пайызды құрады.

Есеп бойынша 2010 жылдың 1 шілдесіне 1 млн. 803,0 мың теңге көлемінде салықтың түсуі жоспарланғанмен, нақтылы түскен салық көлемі 583,0 мың теңгені немесе 32 пайызды құрады. Салық төлемдерін толық төлемеген мердігерлер: «Жарма құрылыс газ» ЖШС-гі жоспарланған 575,0 мың теңгенің 145,0 мың теңгесін, «Жарма құрылыс» ЖШС-гі жоспарланған 199,0 мың теңгенің 34,0 мың теңгесін, «Квант» ЖШС-гі жоспарланған 128,0 теңгенің 52 мың теңгесін, «Жарма тас жолы» ЖШС-гі жоспарланған 252,0 мың теңгенің 150,0 теңгесін бюджетке төлеген.
Экономиканың нақты секторында жалақы қорын ұлғайту және мүлік салығы резервтерін іздестірудің іс-шаралары бойынша Алгоритм

2010 жылдың 01 шілдесіне экономиканың нақты секторында жалақы қорын ұлғайту Алгоритмінің орындалу барысында бекітілген кестеге сәйкес жалпы 1002 хронометраждық зерттеулер жүргізілуі тиіс. 2010 жылдың 30 маусымына жалпы 826 хронометраждық зерттеулер өткізілді, соның ішінде: заңды тұлғалар бойынша - 39, жеке кәсіпкерлер бойынша - 281, шаруа қожалықтары бойынша - 506. Бүгінгі таңда Алгоритмнің бұл түрі бойынша бекітілген кестеге сәйкес 1 002 хронометраждық зерттеулер толығымен жүргізілді.

Хронометраждық зерттеулер кезінде 377 жалданған жұмысшы анықталып, ең төменгі айлық жалақыдан төмен қаражат төлеудің 580 жағдайы орын алды.

Жалпы күтілетін жеке табыс салық түсімі 1 431,9 мың теңге. Нақтылы 01.07.2010 жылға жеке табыс салығы бойынша түсімдер сомасы 58,1 мың теңгені құрады.

2010 жылдың 01 шілдесіне мүлікке салынатын салық бойынша қосымша резервтер іздестіру жөнінде іс шаралар өткізу алгоритмінің орындалу барысында тұрғын үй иелерімен жалпы 2000 хронометраждық зерттеулер жүргізіліп, 919 бекітілген төлқұжатта тіркелмеген нысан анықталды, оның 750-і «ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК Жарма аудандық филиалымен бағаланды, мүлік салығының күтілетін түсімі 21,5 мың теңге.

Кәсіпкерлік салаға қызмет ететін және салығы жеке тұлғалар мөлшерлемесі ретінде төленетін 14 нысан анықталды. Олардың иелерімен кеңестер жүргізіліп, жергілікті бюджетке 4,6 мың теңге сомасында қаржы түсті.

Жеке кәсіпкерлермен жүргізілген кеңес қорытындылары бойынша 4 нысан қайта бағаланды. Осы бағаланған нысандардан бюджетке 59,1 мың теңге түсті.

Инвентаризация қорытындысы бойынша 13 жұмыс жасамайтын әлеуметтік нысан анықталып (клуб, балабақша және т.б.), олардың иелерімен кеңестер жүргізілді.

Көп уақыт іске қосылмаған кәсіпкерлік салаға қызмет ететін 6 нысан анықталды.

2010 жылдың 01 шілдесіне жер салығы бойынша жетілдірілген Алгоритмге сәйкес іс шаралар өткізу барысында жер телімдерінің иелерімен 1200 кеңес жүргізілді. Зерттеу барысында мемлекеттік актіде көрсетілгенге сәйкес келмейтін 224 тұрғын үй иелерінен заңсыз қолданылатын 16,97986 га жер телімі анықталды. Анықталған жер телімдері бойынша салық түсімінің күтілетін сомасы 50,9 мың теңге.

Похожие:

2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы iconКатонқарағай ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық...
2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы iconҰлан ауданының 2010 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Анықтама
...
2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы iconШемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайы және болашағы туралы
...
2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы iconАягөз ауданының 2007 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік – экономикалық дамудың қорытындылары
Ауданның 2007 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары экономикалық өсу тенденциясын көрсетіп...
2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы icon2010 жылдың Жарма ауданы 3 квартал бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда барлық кәсіпорындар және есептік топтар бойынша өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемінің...
2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы icon1. Жалпы мәліметтер 3
Есептік жылдың қорытындылары бойынша ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы iconЦелиноград ауданының әкімі М. Т. Мыңжановтың 2009 жылдың әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы жылдың тапсырмалары туралы есебінен алынған тезисі
Целиноград ауданының әкімі М. Т. Мыңжановтың 2009 жылдың әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы жылдың тапсырмалары...
2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» ақпарат
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы icon«2011 жылдың 9 айына облыс аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуының қарқыны бойынша ішкі аймақтық рейтингтің және Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»
Неркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 312,9 млрд теңгеге жетті бұл 2010 жылдың ұқсас аралығынан 47,4 жоғары. Табиғи индекс көлемі 122,7%...
2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы icon«2011 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» анықтама
Неркәсіптік өнімнің өндіріс көлемі 205,6 млрд теңге деңгейіне жетті, бұл 2010 жылдың ұқсас кезеңінен 56,1 жоғары. Табиғи индекс көлемі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница