Ауданның 2012 жылдың І тоқсанының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы




НазваниеАуданның 2012 жылдың І тоқсанының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Дата конвертации14.06.2013
Размер34.6 Kb.
ТипДокументы
Ауданның 2012 жылдың І тоқсанының

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Өнеркәсіп

2012 жылдың 1 тоқсанына өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 183,1 млн. теңге құрап, өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 3,4 пайызға артты. Нақты көлем индексі 120,7 пайызды құрады.

Өнеркәсіп саласында, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тау – кен өнеркәсібінде 1,6 есе; машина жасау – 8 пайызға; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 2,5 пайызға өсім байқалады.

«Қалбатау насос - сорғы жабдықтау зауыты» серіктестігінің өнеркәсіптік өнім көлемі былтырғы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 1,5 есеге, «АС Горняк» - 1,7 есеге, «Бақыршық тау кен өнеркәсібі» ЖШС-інің өнеркәсіптік өнімі 24 пайызға өсті.
Инвестициялар

2012 жылдың 3 айына негізгі капиталға инвестицияның нақты түсімі 1 395,3 млн.теңгені құрады, немесе 2011 жылдың 3 айымен салыстырғанда 1,5 есеге артты.

Жалпы инвестицияның құрамында республикалық бюджеттен түскен инвестициялар үлесі 86,1 пайызды құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 1,5 есеге өсті.

Меншік қаражат есебінен түскен инвестициялар үлесі 12,5 пайызды құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 есеге артты.

Негізгі капиталға инвестициялар құрамында жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың үлесі 1,2 пайызды құрап, 1,4 есеге артып отыр.

Шетелдік инвестициялар қаражатының үлесі 0,3 пайызды құрап, 96,6 пайызға төмендеді. Бұған себеп болған, «Бақыршық тау кен өнеркәсібі» ЖШС-нің шетелдік инвестициясының ағымдағы жылы болмауы.

Несиелік қаражаттың түсімі цемент зауытының құрылысы уақытша тоқтатылған себептен болған жоқ, былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде 13,5 млн. тенге түсті.
Ауыл шаруашылығы

2012 жылдың І тоқсанында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1 185,6 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі – 106 пайызды құрады.

Ірі қара мал басы 70 688 басты құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,7%, қой мен ешкі басы 252 420 басты (100%), жылқы басы 15 764 басты немесе былтырғы жылдың 3 айымен салыстырғанда 101,4 % - ды құрап отыр.

Шошқа басы 555 басты немесе 100,5 пайызды құрады.

Шағын бизнес

2012 жылдың 1 сәуіріне ауданда 83 тіркелген кәсіпорынның 48 кәсіпорыны жұмысы істеп, 35 кәсіпорынның жұмысы тоқтап тұр. Белсене жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындардың саны 47 бірлікті құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5 кәсіпорынға артты.

Бөлшек сауда тауар айналамы

2012 жылдың 1 сәуіріне бөлшек сауда тауар айналымы 977,1 млн. теңгені құрауы күтілуде, былтырғы жылдың 3 айының деңгейінен 181,6 млн. теңгеге артады. Бөлшек тауар айналымы нақты көлем индексі 116,5 пайызды құрады.
Бюджет

2012 жылдың 1 тоқсанына жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 1 468,1 млн.теңге, оның ішінде меншік кірістер 267,6 млн.теңге көлемінде түсті. Болжамның орындалуы 121,2 пайызды құрап, түсімдер 46,9 млн.теңгеге артты.

2012 жылдың 1 тоқсанына жергілікті бюджеттің шығыс бөлігі 1 430,5 млн. тенге құрап, 99,9 пайызға игерілді.
Тұрғын үйді енгізу

Ағымдағы жылдың 3 айы бойынша тұрғын үй еңгізу жұмыстары 226 шаршы метрді құрап, 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға артты.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2012 жылдың 1-ші тоқсанына жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласының уәкілетті органдар арқылы 198 азамат жұмыспен қамтылды. Өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 2 адамға өсті. Сонымен қатар, 230 жаңа жұмыс орындары құрылып, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен тең. Ресми тіркелген жұмыссыздар саны 160 адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17 адамға азайды.

Бала өлімі көрсеткішінің төмендеуі байқалуда. Былтырғы жылдың 1 тоқсанында 3 бала өлімі болып 20,3 промиль құрады. Ағымды жылдың 1 тоқсаны бойынша бала өлімінің 1 жағдайы тіркеліп (4,3 промиль), былтырғы жылдың 1 –ші тоқсанымен салыстырғанда 2 жағдайға немесе 16,0 промильге азайды.

Былтырғы жылдың 1 тоқсанында туберкулез ауруына шалдыққан аурулар саны 14 адамды (деңгейі - 31,2) құраған. Биылғы жылдың 1 тоқсанының жағдайы екі айдың көрсеткішімен сақталады – 9 жағдай (деңгейі – 20,3) немесе былтырғы жылдың І-ші тоқсанымен салыстырғанда 5 жағдайға (деңгейі – 35 пайызға) азайды.

2012 жылдың 3 айында қылмыстардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда 41 қылмысқа өсіп, 10 мың адамға шаққанда қылмыстық деңгейі 11,5 пайызға өсті. Тіркелген қылмысты ашу деңгейі 21,1 пайызға төмендеп, 61,3 пайызды құрады.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аясында аудан бойынша 3 елді мекен тірек ауылы болып анықталды. Бұл Жарық ауылы, Үшбиик және Шалабай ауылдары.

Тірек ауылдарды дамыту жоспарында 2012 жылы Жарык ауылы бойынша, 2013 жылы Үшбиик ауылы, 2014 жылы Шалабай ауылы бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Шағын қалаларды дамыту бағдарламасына Шар қаласын қосу жұмыстары жүргізілуде. Кәзіргі таңда, Шар қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша іс-шаралар дайындалуда.

Похожие:

Ауданның 2012 жылдың І тоқсанының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы iconАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы туралы хабарлама
Ауданның 2007 жылдың 1 тоқсанының әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылмен салыстырғанда, оның негізгі көрсеткіштерінде өсу қарқыны...
Ауданның 2012 жылдың І тоқсанының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы iconКатонқарағай ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық...
Ауданның 2012 жылдың І тоқсанының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы iconАягөз ауданының 2007 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік – экономикалық дамудың қорытындылары
Ауданның 2007 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары экономикалық өсу тенденциясын көрсетіп...
Ауданның 2012 жылдың І тоқсанының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» ақпарат
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
Ауданның 2012 жылдың І тоқсанының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы iconАуданның 2007 жылғы 3 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Ауданның 2012 жылдың І тоқсанының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы iconШарбақты ауданының 2009 жылдың 1-ші жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
...
Ауданның 2012 жылдың І тоқсанының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы iconАудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттері туралы» халық алдында есеп беру баяндамасы

Ауданның 2012 жылдың І тоқсанының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы iconҰлан ауданының 2010 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Анықтама
...
Ауданның 2012 жылдың І тоқсанының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы icon1. Жалпы мәліметтер 3
Есептік жылдың қорытындылары бойынша ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Ауданның 2012 жылдың І тоқсанының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы icon2009 жылдың 1 тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы
Оған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының алға басқандығы, партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынасы ықпал...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница