Скачать 59.69 Kb.
|
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Қарағанды қаласы 2010 жылғы 9 желтоқсан Ұжымдық келісім шарттарда еңбекақыны индекстеу жөніндегі тармақтарды көрсету және оның орындалуына бақылау жасау туралы шешім Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен (ҚР ЕК 124-бабы) қарастырылғандай, еңбекақыны көбейту тиісті кезеңге ҚР нормативтік құқықтық актілерімен анықталған инфляция деңгейінен таралып, келісімдермен, ұжымдық келісім шарттармен немесе жұмыс берушінің актісімен белгіленген тәртіпте жұмыс берушімен орындалатын еңбекақыны индекстеуді қосады. 2009-2011 жылдарға арналған облыстық келісімде (71, 77-тармақша) жұмыс берушілер мен жұмыскерлер өкілдерінің келесідей міндеттемелері бар – еңбекақының көбеюіне қол жеткізу және еңбекақының индекстеуін өткізу. Бұл жағдайда ұжымдық келісім шарттың талаптары еңбек заңнамасымен, салалық және аймақтық келісімдермен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайын нашарлатпауы тиіс. Осының негізінде облыстың кәсіподақтар федерациясының кәсіподақтар ұйымдары кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдық келісім шарттарына еңбекақыны индекстеу жөніндегі ережені енгізу жұмыстарын орындады. Барлығы олармен 1376 ұжымдық келісім шарт жасасты, сонымен қатар оның ішіндегі 1000 ұжымдық келісім шарт еңбекақының көбеюі инфляция пайызына ықпал етпейтін бюджеттік ұйымдарда жасалған. Кәсіподақтар федерациясы атап өткендей, аталған мәселе жайындағы келіссөздер қиын өтуде. Ұжымдық келісім шарттар талаптарының орындалуына бақылауды ұйымдастыру жөніндегі кәсіподақтардың жұмыс тәжірибесінде әкімшілік атына бұзушылықтар, жекелеген тармақтардың орындалмауы жөнінде ресми түрдегі жазбаша өтініштер, хабарландырулар, атқарушы билік органдарынан, прокуратурадан, облыстық еңбек, жұмыспен қамту департаменттерінен, ТЖ органдарынан жәрдем сұрау өтініштері немесе сот атына талап ету арыздары қолданылады. Кәсіподақтар ұйымдарымен ұжымдық талаптарды қоя отырып, компания жетекшілерімен еңбек дауына түсу тәжірибесі де қолданылады. Осылайша, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір және болат департаменттерінің ұжымдық келісім шарттарында еңбекақыны индекстеу тармақтары қарастырылған, алайда жұмыс берушімен қабылданған міндеттемелердің орындалуы жөніндегі келіссөздер соттық қарауға дейін қиын өтті. Келіссөздер нәтижесінде келісімге қол қойылып, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның жұмыскерлеріне 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тарифтік мөлшерлемелер мен 6,2 пайызға еңбекақының индекстелуі өткізілді. Келешекте еңбекақыны индекстеу жөніндегі мәселені шешу мақсатында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның кәсіподағымен және әкімшілігімен «Еңбекақының индекстеуін өткізу тәртібі туралы» ережесі әзірленді. «Қарағанды металлбұйымдар зауыты – Имсталькон» ЖШС-нің ұжымдық келісім шартына сәйкес еңбекақы 01.01.2010 жылдан (2009 жылғы) бастап 10 пайызға индекстелген болатын. «Бидай НАН ЛТД и Со» ЖШС-нің әкімшілігі еңбекақының 7 пайызға индекстелуін қамтамасыз етіп отырады. «Централ Азия Цемент» АҚ ұжымдық келісім шартының талаптарына сәйкес инфляция деңгейінен шығара отырып, қолданыстағы тарифтік мөлшерлемелер мен еңбекақы жылына бір рет қайта қарастырылады. Кәсіподақтар федерациясымен «Централ Азия Цемент» АҚ мен «Карцемент» АҚ-да Үкіметтің 01.01.2009 жылғы қаулысымен бекітілген 1,5 мөлшеріндегі көбеюші салалық коэффициенттің қолданылмау мәселесі қозғалды. Ұжымдық келісім шарттарды жасасқан кезде құрылыстық материалдарды өндіру «басқа да металлдық емес өнімдердің өндірісіне» қатысты болғандықтан, ал жұмысшылар цемент өндірісінің зиянды жағдайында ауыр жұмыс істей отыра, аталған салада көбеюші коэффициент ҚР Үкіметімен бекітілмеу себептерінен жұмыс берушілер кәсіподақтардың талаптарынан бас тартты. Облыс кәсіподақтары еңбекақыны индекстеу туралы ереженің облыс ұйымдарының ұжымдық келісім шарттарына қосылатынын, алайда барлық жерде орындалып жатқанын атап отыр. Осылайша, «Қарағанды асбоцемөнімдер зауыты» АҚ-ның ұжымдық келісім шарты инфляция деңгейіне байланысты жұмыс беруші жыл сайын қаңтар айында еңбекақыны индекстеуді қарастырады, шын мәнінде жұмыс беруші тек 2008 жылдың сәуір айынан бастап еңбекақыны 10 пайызға көбейтті. Одан кейінгі жылдары (2009-2010 жылдары) кәсіподақтың талаптарына қарамастан не индекстеу, не еңбекақыны көбейту жасалған емес. «Гефест» Ассоциациясы, «Шұбаркөл көмір» АҚ және т.б. кәсіпорындарында индекстеу жөніндегі тармақтың орнына ұжымдық келісім шарттарға салалық коэффициенттерге және ең төменгі еңбекақыны көбейтуге сәйкес лауазымдық еңбекақы мен тарифтік мөлшерлемені жыл сайын көбейту тармағы қосылды. Сонымен қатар, кәсіподақтар осылайша еңбекақыны көбейту индекстеумен бірдей емес, жыл ішінде осы көбейтілгенді инфляция деңгейі одан артады деп есептейді. Облыстың кәсіподақтар федерациясы түрлі деңгейде бюджеттік ұйымдар жұмыскерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесін өзгерту мәселесін көтеруде. Кәсіподақтар бюджеттік сала жұмыскерлерінің лауазымдық еңбекақыларын базалық лауазымдық еңбекақыдан емес, ең төменгі еңбекақы есебінен шығара отырып қалыптастыруға қол жеткізуге ұмтылуда. Шешімін таппаған мәселелердің бірі, жылумен, энергиямен, сумен қамтамасыз ету ұйымдары жұмыскерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесі болып қала беруде. Аталған кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбекақысы тарифтердің өсуіне тәуелді, ал тарифтердің өсуі тұтынушыларға ауыртпалығын тигізеді және азық-түлік өнімдер мен аса қажетті тауарлар құнының өсуіне әкеліп соқтырады. Сонымен бірге ұйымдарда ескірген жабдықтарды ауыстыру қажеттілігі туындады; төменгі еңбекақы салдарынан жоғары біліктілікті мамандар тапшы болып жатыр, ал екінші жағынан тұтынушылардың көпшілік бөлігінің төлемқабілеттілігі шектеулі болғандықтан, тұрғындар үшін шексіз тарифтерді көтеру мүмкін емес. Облыстың тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясы жұмысшылардың ұжымдық келісім шарттарымен қарастырылған мүдделерін сақтау мақсатында әлеуметтік бағытталған меморандумдар жасасқан кезде кәсіпорындардың кәсіподақтарымен кеңестерді өткізуді ұсынды. Аталған мәселені талқылау нәтижесінде әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үш жақты комиссия мүшелері шешім етті:
Тараптар:
|
![]() | Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы Ағымдағы жылда жоспарда көзделген іс-шараларды жүзеге асыру қалалар мен аудандардың бюджеттерінде 513,2 млн теңге қаралған | ![]() | Қарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар және Қарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу... |
![]() | Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы Федерациясы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, заңнамасын орындауда еңбек шарттары ерекше жұмыстармен... | ![]() | Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы Жұмыскерлерге еңбекақыны, жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшылардың міндетті зейнетақы салымдарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру... |
![]() | Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс» Жезқазған қаласының жұмыс берушілерінің, кәсіподақтар бірлестіктерінің және атқарушы өкімет органдарының жұмысы туралы | ![]() | Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс» Республикасы «Жұмыскерлердің еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені үшін жұмыс берушінің... |
![]() | Әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қарағанды облысының үш жақты комиссиясы №3 Облыстық үш жақты комиссияның 2009 жылғы 31 наурыздағы шешімімен комиссияның үйлестірушісі болып Қарағанды облысының әкімі аппаратының... | ![]() | Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы Жұмыс берушілерге рұқсат бергенде ерекше жағдай жасау жүктеледі: даярлық, қайта даярлау және шетел жұмыс күші тартылатын мамандықтар... |
![]() | Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комисиясы Тарифтерді негізсіз өсіруді болдырмау шаралары және табиғи монополиялар тарифтерін реттеу жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органның... | ![]() | Әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қарағанды облысының үш жақты комиссиясы №3 Жұмыскерлердің денсаулығын сақтауды ұйымдастыру, жұмыс пен демалыс үшін қолайлы жағдай жасау, жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерінің... |