Шетелдіктерге арналған ағылшын тілі бойынша халықаралық тест жүйесі) Educational Testing Service (ets) (Принстон, Нью-Джерси, АҚШ) әзірлеген ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест




Скачать 158.03 Kb.
НазваниеШетелдіктерге арналған ағылшын тілі бойынша халықаралық тест жүйесі) Educational Testing Service (ets) (Принстон, Нью-Джерси, АҚШ) әзірлеген ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест
Дата конвертации28.11.2012
Размер158.03 Kb.
ТипДокументы
«Назарбаев Университетіне» тікелей түсу критерийлеріне сәйкес келетін үміткерлерді Дайындық орталығысыз бірден "Назарбаев Университетіне" оқуға қабылдау қағидасы
1. Жалпы ережелер

1. Осы «Назарбаев Университетіне» тікелей түсу критерийлеріне сәйкес келетін үміткерлерді Дайындық орталығысыз бірден «Назарбаев Университетіне» оқуға қабылдау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Директорлар кеңесінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 9 шешіміне, Қамқоршылық кеңесінің 2011 жылғы 27 шілдедегі № 2 Университет Ректорына (Президентіне) Қамқоршылық кеңесінің өкілеттіктерін беру туралы шешіміне және әріптес университеттердің: University College London, University of Wisconsin-Madison, Carnegie Mellon University және iCarnegie Inc бакалавриат бағдарламасына түсуге қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген.

2. Қағида «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – Университет) Мектебінің бакалавриат бағдарламасына үміткерлерді, сондай-ақ ауысатын студенттерді 2012-2013 оқу жылына конкурстық негізде қабылдау тәртібіне қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.

3. Университет Мектептеріне бакалавриат бағдарламасына түсу Университетте бірінші және/немесе екінші оқу жылындағы бос орындарға конкурстық негізде жүзеге асырылады.
2. Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен қысқартулар

Мектептер – Назарбаев Университетінің Инженерия мектебі, Ғылым және технологиялар мектебі (премедициналық бағдарламаны қоса алғанда) мен Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі;

IELTS (International English Language Testing System – Ағылшын тілі бойынша халықаралық тестілеу жүйесі) – Британдық Кеңес, Кэмбридж Университеті ESOL, және IDP Education Pty Ltd әкімшілік ететін ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест;

TOEFL (Test of English as a Foreign Language – Шетелдіктерге арналған ағылшын тілі бойынша халықаралық тест жүйесі) – Educational Testing Service (ETS) (Принстон, Нью-Джерси, АҚШ) әзірлеген ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест;

Дайындық бағдарламасы – халықаралық студенттерге арналған, оларға Ұлыбритания университеттеріне түсуге мүмкіндік беретін университет алдындағы дайындықтың бір - екіжылдық бағдарламасы («Академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі» негізгі пәнімен);

А-level (The Advanced Level General Certificate of Education) –A-Level деп аталатын, орта білім туралы сертификат; Англия, Солтүстік Ирландия, Уэльс, Шотландия елдеріндегі және Еуропада, АҚШ-та, сондай-ақ әлемдегі басқа да көптеген жерлерде кеңінен танымал оқу орындары ұсынатын стандартты оқуды аяқтау біліктілігі. А-level екі жыл бойы оқытылады және Англия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия университеттерінің академиялық талаптарына үміткерлердің сәйкестігін бағалауға арналған стандартты оқуға түсу біліктілігі;

SAT Reasoning Test (Академиялық қабілеттілікті анықтауға арналған емтихан) – АҚШ-тың жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған стандартталған тест. Тест студенттердің жоғары оқу орнына түсуге дайындығын бағалауға арналған. SAT Reasoning Test үш бөлімнен тұрады: математика, сыни оқу және жазу;

SAT Subject Test (Пәндік тест) – студенттердің АҚШ-тың жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламасына түсуге белгілі бір пәндерді меңгеру қабілеттілігін анықтауға арналған стандартталған тест. Кейбір жоғары оқу орындары студенттерді тиісті курстарға тіркеу үшін пәндік тестілердің қорытындыларын да пайдаланады. Бес пәндік бағыт: ағылшын тілі, тарих, тілдер, математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша 20 пәндік тест бар;

Кредит (академиялық кредит немесе кредиттік сағат) – оқу орнында оқытылатын курс (пән) бойынша студенттің оқу жүктемесінің еңбек сыйымдылығын өлшеу бірлігі;

Ауысатын студент – «Назарбаев Университеті» бакалавриат бағдарламасына түскісі келетін, Қазақстанда немесе шетелде орта білім алған және жоғары оқу орнында кемінде бір жыл оқуды аяқтаған студент;

ACT (АСТ – American College Testing) – АҚШ университеттерімен оқуға түсу емтиханы ретінде танылатын, орта мектеп оқушыларының үлгерімін бағалаудың стандартталған тесті. Тестіде жазбаша дағдыларды бағалайтын, ұзақтығы 30 минут қосымша бөлім қарастырылған (ACT және жазбаша дағдыларды бағалау қорытындылары).
3. Қабылдау тәртібі – Бакалавриат бағдарламаларына тікелей қабылдау

4. Университет осы Қағидаға 1-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес үміткерлерден бакалавриат бағдарламасына түсуге өтініштерді қарастырады.

5. Осы Қағиданың 4-тармағында аталған үміткерлердің кандидатуралары Университеттегі бакалавриат бағдарламаларының бірінші жылына қабылдауға қарастырылады.
4. Қабылдау тәртібі – Ауысатын студенттерді қабылдау

6. Университет мына үміткерлерден:

1) соңғы екі жыл ішінде Қазақстанның университеттерінде бакалавриат бағдарламасы бойынша бір немесе екі жыл оқуды ойдағыдай аяқтаған үміткерлерден;

2) соңғы екі жыл ішінде шетелдік жоғары оқу орындарында бакалавриат бағдарламасы бойынша кемінде бір жыл оқуды аяқтаған үміткерлерден осы Қағидаға 2-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес бакалавриат бағдарламаларына ауысатын студенттерді қабылдау жөніндегі өтініштерді қарастырады.

7. Осы Қағиданың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған үміткерлердің кандидатуралары Университет Мектептеріне бакалавриат бағдарламаларының бірінші немесе екінші жылына ауысатын студенттер ретінде қарастырылады.

8. Кредиттер оқытылған пәндердің егжей-тегжейлі сипаттамасының негізінде бағаланады. Ауыстыру кредиттерінің ең көп саны 30-ды құрайды. Бұл ретте ауыстырылатын пәндер үшін бағалар есепке алынбай, кредиттер қабылданады. Алдыңғы оқу орнында алынған бағалар орташа академиялық үлгерімді есептеу кезінде ескерілмейді.
5. Өтініштерді қабылдау шарттары мен тәртібі

9. Конкурсқа қатысу үшін үміткер Университет сайтының тіркеу жүйесі арқылы Өтінішті толтырады.

10. Үміткерлер бакалавриат бағдарламасына түсу бойынша конкурсқа қатысу үшін өтінішті толтырып жібергеннен кейін осы Қағиданың 3-қосымшасында көрсетілген құжаттарды Университеттің мына пошталық мекенжайына жібереді: Қабанбай батыр даңғылы, 53, Офис 1118, 010000, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.
6. Үміткерлерге қойылатын талаптар

11. Университеттің бакалавриат бағдарламасына түсу бойынша конкурсқа қатысу үшін стандартталған тестілерді өткенін куәландыратын ресми күші бар құжаттар ұсынылады.

12. Студенттерді Университеттің кез келген Мектебіне қабылдау үшін қажетті тестілер тізбесі осы Қағидаға 1 және 2-қосымшаларда келтірілген.
7. Мектептердің Қабылдау комиссиялары

13. Үміткерлердің өтініштерін Мектептің Университетте бакалавриат бағдарламасы бойынша оқытуға студенттерді іріктеу жөніндегі қабылдау комиссиясы (бұдан әрі – Қабылдау комиссиясы) қарастырады.

14. Қабылдау комиссиясының құрамын әрбір Мектептің Деканы қалыптастырады және Ректор (Президент) бекітеді. Әрбір Мектептің Қабылдау комиссиясы Төраға болып табылатын Мектеп Деканынан, сондай-ақ Мектептің оқытушыларынан тұрады.

15. Қабылдау комиссиясы мүшелерінің саны тақ саннан, бірақ кемінде  3 адамнан құралуы тиіс.

16. Қабылдау комиссиясының мүшелері көпшілігінің болуы отырыс кворумын құрайды. Қабылдау комиссиясының шешімдері отырысқа қатысқан Қабылдау комиссиясы мүшелерінің қарапайым көпшілік дауыстарымен қабылданады және Қабылдау комиссиясының Төрағасы қол қоятын хаттамалармен ресімделеді.

17. Дауыстар тең болған жағдайда Қабылдау комиссиясы Төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

18. Осы Қағидамен регламенттелмеген мәселелерді Қабылдау комиссиясы шешеді.
8. Өтініштерді қарау тәртібі

19. Үміткердің құжаттары осы Қағидада көрсетілген талаптарға сәйкес болғанда, үміткер конкурсқа жіберіледі.

20. Қажет болған жағдайда Қабылдау комиссиясы қосымша материалдарды сұратуға құқылы.

21. Қабылдау комиссиясы өз қалауы бойынша үміткерлерді жеке әңгімелесуге шақыруға құқылы.

22. Қабылдау туралы шешім үміткерлердің талаптарға сәйкестігіне, академиялық үлгерімі мен стандартталған тестілерінің нәтижелеріне негізделеді.

23. Конкурстың қорытындысы бойынша Қабылдау комиссиясы үміткерлерді қабылданған шешім (оң немесе теріс) туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

24. Өтініші бойынша оң қорытынды алған үміткерлер Қабылдау комиссиясына хат жіберу арқылы Университетке оқуға шақыруды қабылдауы немесе одан бас тартуы туралы ресми мәлімдейді.

25. Оқуға қабылдау Қабылдау комиссиясы шешімінің негізінде Университет Ректорының (Президентінің) шешімімен ресімделеді.

26. Үміткерлерді бірінші немесе екінші академиялық жылдың күзгі семестріне Университет Мектептеріне оқуға қабылдау жүргізіледі.

1-қосымша
НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ БАКАЛАВРИАТ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША

ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША ЕҢ ТӨМЕНГІ ТАЛАПТАР


#

Назарбаев Университетінің мектептері

A-Level*

Американдық модельді мектептердің түлектеріне арналған академиялық үлгерімнің орташа бағасы

Қазақстандық жалпы білім беру мектептері мен колледждердің түлектеріне арналған академиялық үлгерімнің орташа бағасы

АСТ with Writing Part бойынша қорытындылар

SAT

Reasoning

Test

SAT

Subject Test

IELTS/TOEFL

1

Инженерия мектебі

кемінде ААВ математика мен физика және

немесе химия, тереңдетілген математика, экономика,

немесе физикалық ғылымдар/өмір туралы ғылымдар бойынша

жоғарғысы 4.0 болса,

кемінде 3.4

Қолданылмайды

кемінде 27

жиынтығында кемінде 1860

математика

мен физика, әрбір пән бойынша кемінде 600

IELTS кемінде 6.5

және әрбір бөлім бойынша 6.0 деген көрсеткішпен

2

Ғылым және технологиялар мектебі

кемінде ААВ 3 және одан астам негізгі пәндер бойынша (мысалы, математика, физика, химия, биология) бойынша

Қолданылмайды

Жоғарғысы 5.0 болса, кемінде 4.5

кемінде 27

жиынтығында кемінде 1860

математика, физика, химия және биология пәндерінің 2-інен және әрбір пән бойынша кемінде 600 деген көрсеткішпен

IELTS кемінде 7.0, әрбір бөлім бойынша 6.0 деген көрсеткішпен

TOEFL iBT кемінде 88-95 немесе TOEFLPBT кемінде 567-587

3

Премедициналық бағдарлама

кемінде ААВ бірнеше

(3 немесе одан астам) негізгі пәндер бойынша (химия мен биологияны қоса алғанда)

Қолданылмайды

Жоғарғысы 5.0 болса, кемінде 4.5

кемінде 27

жиынтығында кемінде 1860

химия және биология, әрбір пән бойынша кемінде 600

IELTS кемінде 7.0, әрбір бөлім бойынша 6.0 деген көрсеткішпен

TOEFL iBT кемінде 88-95 немесе TOEFL PBT кемінде 567-587

4

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі

кемінде ААВ сәйкесті

(3 немесе одан астам) пәндер бойынша

Қолданылмайды

Жоғарғысы 5.0 болса, кемінде 4.5

кемінде 27

жиынтығында кемінде 1860

--

IELTS кемінде 7.0, әрбір бөлім бойынша 6.0 деген көрсеткішпен

TOEFL iBT кемінде 88-95 немесе TOEFL PBT кемінде 567-587

*Ескертпе: Британдық модельдегі шетелдік жалпы білім беру мектебінде 13-жылдық орта білім алған үміткерлерден талап етіледі

2-қосымша


АУЫСАТЫН СТУДЕНТТЕРДІ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ БАКАЛАВРИАТ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША ЕҢ ТӨМЕНГІ ТАЛАПТАР

#

Назарбаев Университетінің мектептері

Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған академиялық үлгерімнің орташа бағасы

IELTS/TOEFL

SAT

Reasoning

Test

АСТ with Writing Part бойынша қорытындылар

SAT

Subject Test

1

Инженерия мектебі

Жоғарғысы 4.0 болғанда кемінде 3.4

IELTS кемінде 6.5

және әрбір бөлім бойынша 6.0 деген көрсеткішпен

жиынтығында кемінде 1860

кемінде 27

математика

мен физика, әрбір пән бойынша кемінде 600

2

Ғылым және технологиялар мектебі

Жоғарғысы 4.0 болғанда кемінде 3.4

IELTS кемінде 7.0, әрбір бөлім

бойынша 6.0 деген көрсеткішпен

TOEFL iBT кемінде 88-95 немесе TOEFLPBT кемінде 567-587

жиынтығында кемінде 1860

кемінде 27

математика, физика, химия және биология пәндерінің 2-інен және әрбір пән бойынша кемінде 600 деген көрсеткішпен

3

Премедициналық бағдарлама

Жоғарғысы 4.0 болғанда кемінде 3.4

жиынтығында кемінде 1860

кемінде 27

химия және биология, әрбір пән бойынша кемінде 600

4

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі

Жоғарғысы 4.0 болғанда кемінде 3.4

жиынтығында кемінде 1860

кемінде 27

--

3-қосымша
НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕКТЕПТЕРІНЕ БАКАЛАВРИАТ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚУҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ



БАКАЛАВРИАТ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ТІКЕЛЕЙ ҚАБЫЛДАУҒА АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ (МЕКТЕПТЕР БОЙЫНША)

ИНЖЕНЕРИЯ МЕКТЕБІ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕКТЕБІ

ПРЕМЕДИЦИНАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР МЕКТЕБІ

1. Өтініш

2. Эссе

3. Екі ұсыным хат

4. Паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі

5. SAT Reasoning Test немесе ACT with Writing Part бойынша қорытындылар *

6. Жалпы білім беру мектебін бітіргені туралы аттестаттың қосымшасымен нотариалдық куәландырылған көшірмесі

7. TOEFL немесе IELTS ресми күші бар сертификаты *

8. Математика және физика бойынша пәндік SAT тесті*

8. Математика және физика немесе биология және химия бойынша пәндік SAT тесті

8. Биология және химия бойынша пәндік SAT тесті

--

АУЫСАТЫН СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ (МЕКТЕПТЕР БОЙЫНША)

ИНЖЕНЕРИЯ МЕКТЕБІ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕКТЕБІ

ПРЕМЕДИЦИНАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР МЕКТЕБІ

1. Өтініш
2. Жалпы білім беру мектебін бітіргені туралы аттестаттың қосымшасымен нотариалдық куәландырылған көшірмесі

3. TOEFL немесе IELTS ресми күші бар сертификаты

4. Эссе

5. Үміткер оқыған оқу орнынан екі ұсыным хат

6. Оқыған университетінен ресми транскрипт

7. Оқыған курстардың (пәндердің) сипаттамасы екі тілде: оқыған және ағылшын тілінде

8. Паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі

9. SAT Reasoning Test немесе ACT with Writing Part бойынша қорытындылар

10. Математика және физика бойынша пәндік SAT тесті*

10. Математика және физика немесе биология және химия бойынша пәндік SAT тесті

10. Биология және химия бойынша пәндік SAT тесті

--

*Ескертпе: A-Levels аяқтамаған үміткерлерден талап етіледі

Похожие:

Шетелдіктерге арналған ағылшын тілі бойынша халықаралық тест жүйесі) Educational Testing Service (ets) (Принстон, Нью-Джерси, АҚШ) әзірлеген ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест iconКәсіби шет тілі бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиада туралы Ереже
Кәсіби шет тіл бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне...
Шетелдіктерге арналған ағылшын тілі бойынша халықаралық тест жүйесі) Educational Testing Service (ets) (Принстон, Нью-Джерси, АҚШ) әзірлеген ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест iconҚазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – Қазтест бойынша тестілеу емтиханын өткізу нұсқаулығы
Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау емтиханының мақсаты азаматтардың Қазақстан Республикасының заңнамасынан туындайтын талаптарға...
Шетелдіктерге арналған ағылшын тілі бойынша халықаралық тест жүйесі) Educational Testing Service (ets) (Принстон, Нью-Джерси, АҚШ) әзірлеген ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест icon002 НҰСҚа тегі Аты Облыс Аудан Мектеп Сынып 2009 назар аударыныз
Сұрақ кітапшаcы орыс тілі, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі және география пәндері бойынша тест тапсырмаларынан тұрады
Шетелдіктерге арналған ағылшын тілі бойынша халықаралық тест жүйесі) Educational Testing Service (ets) (Принстон, Нью-Джерси, АҚШ) әзірлеген ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест icon001 НҰСҚа тегі Аты Облыс Аудан Мектеп Сынып 2009 назар аударыныз
Сұрақ кітапшаcы орыс тілі, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі және география пәндері бойынша тест тапсырмаларынан тұрады
Шетелдіктерге арналған ағылшын тілі бойынша халықаралық тест жүйесі) Educational Testing Service (ets) (Принстон, Нью-Джерси, АҚШ) әзірлеген ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест icon1. жалпы мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
Азтест те тіл қолданушының тілді меңгеру деңгейін сатылы түрде анықтауға бағытталған, және екі түрлі арнамен беріледі: бірі Қазтест...
Шетелдіктерге арналған ағылшын тілі бойынша халықаралық тест жүйесі) Educational Testing Service (ets) (Принстон, Нью-Джерси, АҚШ) әзірлеген ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест iconКлубтың атауы
Ағылшын тілін білу машықтары, ағылшын тіліндегі философия, ағылшын тіліндегі шешендік клубы
Шетелдіктерге арналған ағылшын тілі бойынша халықаралық тест жүйесі) Educational Testing Service (ets) (Принстон, Нью-Джерси, АҚШ) әзірлеген ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест iconАғылшын тілі қазақ тілінде тест сұрақтары. Сұрақ кітабына 35 нұсқа

Шетелдіктерге арналған ағылшын тілі бойынша халықаралық тест жүйесі) Educational Testing Service (ets) (Принстон, Нью-Джерси, АҚШ) әзірлеген ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест iconҚазақ тілін үйренуге талаптанатындарға арналған тест Қазақ тiлi тест сұрақтары (300 сұрақ 300 жауап)

Шетелдіктерге арналған ағылшын тілі бойынша халықаралық тест жүйесі) Educational Testing Service (ets) (Принстон, Нью-Джерси, АҚШ) әзірлеген ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест iconҚазақ тілін үйренуге талаптанатындарға арналған тест Қазақ тiлi тест сұрақтары (300 сұрақ 300 жауап)

Шетелдіктерге арналған ағылшын тілі бойынша халықаралық тест жүйесі) Educational Testing Service (ets) (Принстон, Нью-Джерси, АҚШ) әзірлеген ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест iconАқмола облысы Зеренді ауданы Троицк орта мектебі Баяндама: Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі
Ағылшын тілі сабағында әрбір оқұшының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница