Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

НазваниеМемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру енгiзу туралы
страница1/25
Дата конвертации17.06.2013
Размер4.95 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" газетi 19.03.2010 ж., № 100-103 (25949); "Казахстанская правда" от 20, 27 марта 2010 г., № 66-68, 71-72 (26127-26129, 26132-26133); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 15-16, 132-құжат

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексi 34-бабының 2-тармағына және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Ескерту. Кiрiспеге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.19 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлер ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiлер ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлер ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.19 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.07.20 N 745 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2010 жылғы 17 ақпандағы
№ 102 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлердi ресiмдеу
және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.19 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актi дайындайтын, осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген тиiстi мамандандырылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (бұдан әрi – мамандандырылған кәсiпорындар) қатысуымен жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi.
      Мемлекеттiк қызмет жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша баламалы негiзде тiзбесi осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – Орталық) арқылы көрсетiлуi мүмкiн.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.01 N 1429 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 23-бабы, 43-бабының 9-тармағы, «Мемлекеттiк кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңының 26-бабы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысының 70-тармағы негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Осы стандарт уәкiлеттi органның және Орталықтың арнайы ақпараттық стендiлерiнде орналастырылады және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жарияланады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат тiзбесi осы стандарттың 1, 3-қосымшаларында көрсетiлген мемлекеттiк қызмет көрсету орындарындағы стендiлерде, интернет-ресурста орналастырылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актi немесе жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнiң телнұсқасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту себебi жазбаша көрсетiлген ол туралы уәжделген жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      РҚАО-ның ескертпесi!
      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.01 N 1429 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету
мерзiмi – 10 жұмыс күнi, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн – 7 жұмыс күнi, жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнiң телнұсқасын берген кезде 4 жұмыс күнi;
      2) құжаттарды тапсыру және алу кезiнде кезекте күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды тапсыру және алу кезiнде қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы негiзде көрсетiледi, уәкiлеттi органға немесе Орталыққа осы стандарттың 7-қосымшасына сәйкес мөлшерде жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызмет ақысын төлегенi туралы құжатты (түбiртектi) бередi.
      Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнi дайындау үшiн ақы төлеу қолма қол немесе қолма-қол емес тәсiлмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы мамандандырылған кәсiпорынның есеп шотына не мамандандырылған кәсiпорынның кассасында жүргiзiледi, олар төлемнiң мөлшерi мен уақытын растайтын төлем құжатын бередi. Құжаттың (түбiртектiң) нысаны осы стандарттың 8-қосымшасында көрсетiлген.
      9. Мемлекеттiк қызмет:
      уәкiлеттi органға өтiнiш бiлдiрген кезде:
      демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына бес жұмыс күнi, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейiн көрсетiледi. Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады;
      Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде:
      жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты жұмыс күнi, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9-00-ден сағат 20-00-ге дейiн көрсетiледi, филиалдар мен өкiлдiктер үшiн сағат 13-00-ден 14-00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9-00-ден сағат 19-00-ге дейiнгi жұмыс кестесi белгiленедi. Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет уәкiлеттi органның немесе Орталықтың ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер, өтiнiш бланкiлерi бар тағандар орналастырылады.
      Физикалық мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар (пандус, лифт) көзделедi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнi немесе жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнiң телнұсқасын беру үшiн уәкiлеттi органға немесе Орталыққа мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) мемлекет жер учаскесiне жеке меншiк құқығын берген кезде:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актi беруге өтiнiш;
      жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiне жеке меншiк құқығын беру туралы шешiмiнен үзiндi көшiрме;
      уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
      жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерiн орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, көрсетiлген жұмыстарды орындаған ұйым беретiн, нақты жер учаскесiне арналған жерге орналастыру жобасының бiр бөлiгi және оның жергiлiктi жердегi шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар;
      салық төлеушi куәлiгiнiң (СТН) көшiрмесi;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы құжат (түбiртек);
      тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не тұтынушының атынан берiлген сенiмхаттың және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.
      Тұлғаның жеке куәлiгiнiң немесе сенiмхаттың көшiрмелерiн тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн тұтынушыға қайтарылады;
      2) жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актi беруге өтiнiш;
      жергiлiктi атқарушы органның жеке меншiк құқығына бұрын берiлген жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгеруi туралы шешiмiнен үзiндiнiң және/немесе сәйкестендiру сипаттамаларының өзгергендiгiн растайтын өзге құжаттың көшiрмесi;
      уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
      салық төлеушi куәлiгiнiң (СТН) көшiрмесi;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы құжат (түбiртек);
      тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не тұтынушының атынан берiлген сенiмхаттың және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.
      Тұлғаның жеке куәлiгiнiң немесе сенiмхаттың көшiрмелерiн тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн тұтынушыға қайтарылады;
      3) жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнiң телнұсқасын беру кезiнде:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнiң телнұсқасын беруге өтiнiш;
      жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнiң телнұсқасын дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы құжат (түбiртек);
      тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не тұтынушының атынан берiлген сенiмхаттың және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi облыстық газеттiң жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнiң түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы.
      Тұлғаның жеке куәлiгiнiң немесе сенiмхаттың көшiрмелерiн тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн тұтынушыға қайтарылады.
      12. Өтiнiштердiң бланкiлерi уәкiлеттi органның анықтама бюросында болады.
      Орталықта өтiнiштердiң бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанға орналастырылады не Орталықтың консультантында болады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес орналасқан жерi бойынша уәкiлеттi органның жауапты қызметкерiне тапсырылады.
      Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда «терезелердiң» мақсаты және орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ құжатты қабылдаған Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi.
      14. Уәкiлеттi орган және/немесе Орталық тұтынушыға осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi, онда:
      1) сұраудың нөмiрi және қабылданған күнi;
      2) сұрау салынған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      5) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi.
      15. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнi беру тұтынушының жеке өзiне не сенiмхатты, қолхатты және тұтынушының не сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, сенiм бiлдiрiлген тұлғаға жүзеге асырылады.
      16. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартылады.
      Мемлекеттiк қызмет мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
      1) аталған жер учаскесi бойынша сот шешiмдерiнiң болуы не сот қарауы жүрiп жатқаны туралы хабарламаның болуы;
      2) заңнама нормаларының бұзылуы жойылғанға дейiн прокурорлық қадағалау актiсiнiң болуы;
      3) бiр учаскеге құқықты ресiмдеуге қатысты бiрнеше өтiнiштiң болуы немесе құқықты ресiмдеу үдерiсiнде осы жер учаскесiнiң басқа да пайдаланушылары анықталған кезде.
      Жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеудi сот шешiмдерi және прокурорлық қадағалау актiлерi бойынша тоқтата тұру тоқтата тұру үшiн негiз болып табылған мән-жайлар анықталғанға дейiнгi, ал бiрнеше өтiнiштер түсу себебi бойынша тараптар арасында келiсiм орнатылғанға дейiнгi не заңды күшiне енген сот шешiмi ұсынылғанға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдырылған деп есептеледi.
      Жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеудi тоқтата тұру туралы мәлiметтер тiркеу және есепке алу кiтабына енгiзiледi. Тұтынушыға жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнi ресiмдеудi тоқтата тұруға негiз болған құжатты және тоқтата тұру мерзiмдерiн көрсете отырып, ресiмдеудi тоқтата тұру себептерiн жою үшiн тұтынушының кейiнгi iс-қимылын көрсете отырып жазбаша хабарлама жолданады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органның және Орталықтың қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк мiндеттердi орындау кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық
      4) түбегейлi және толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және құпиялылықты сақтау;
      6) белгiленген мерзiмде тұтынушы алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттiгi төрағасының бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағымдарды дайындауға жәрдем көрсету үшiн тұтынушы уәкiлеттi орган белгiлеген жауапты қызметкерге жүгiне алады. Мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген.
      Орталық инспекторының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетiлген телефондар арқылы, сондай-ақ Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 58-00-58 телефоны арқылы алуға болады.
      21. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудi ұйымдастыруға облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы жауапты болып табылады. Тұтынушы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мекенжайы және телефондары осы стандарттың 6-қосымшасында көрсетiлген облыстардың (республикалық маңызы бар  қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының жауапты лауазымды адамына жүгiне алады.
      22. Уәкiлеттi органның, сондай-ақ Орталықтың мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына наразылықтар болған кезде шағым уәкiлеттi орган немесе Орталық басшысының атына берiледi. Мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1, 3-қосымшаларында көрсетiлген уәкiлеттi органның және Орталықтың үй-жайларында орналасқан стендiлерде көрсетiлген.
      Уәкiлеттi орган бастығының және Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестесi олардың жұмыс кестесiне сәйкес анықталады.
      23. Тұтынушы көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде немесе қолма-қол қабылданады.
      25. Қабылданған шағым кiрiс құжаттарын есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Тұтынушыға күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      Азаматтардың өтiнiштерiн қараудың белгiленген мерзiмдерi күнтiзбелiк 30 күн, ал қосымша ақпарат алуды және зерделеудi талап етпеген жағдайда күнтiзбелiк 15 күн.
      Шағымды қарау нәтижелерi жазбаша түрде баяндалады, оларды тұтынушының жеке өзi ала алады не шағымда көрсетiлген мекенжай бойынша пошта немесе электронды пошта арқылы жiберiледi.
      26. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде келмеген жағдайда, уәкiлеттi орган оларды 6 ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды мамандандырылған кәсiпорынның мұрағатына өткiзедi.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде келмеген жағдайда, Орталық оларды 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды уәкiлеттi органға бередi.

«Жер учаскесiне жеке меншiк
құқығына актiлердi ресiмдеу
және беру»       
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша        
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Похожие:

Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру енгiзу туралы iconМемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру енгiзу туралы iconОблыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
«Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру...
Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру енгiзу туралы icon"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру енгiзу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница