Скачать 139.31 Kb.
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы « » № қаулысымен бекітілген «Аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік қызметті облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолының (бұдан әрі – ЭЦҚ) болу шарты кезінде www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е–лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет: 1) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 9-бабы 5) тармақшасының; 2) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 14-бабы 2) тармақшасының; 3) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының; 4) «Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 757 қаулысының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында; 2) жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындардағы орнатылған стендтерде; 3) порталда орналастырылады. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкін. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі: 1) жергілікті атқарушы органда – аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны (бұдан әрі – лицензия) қағаз тасығышта жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында (www.elicinse.kz порталында) беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетілуден бас тарту туралы дәлелді жауап; 2) www.elicense.kz порталында – лицензияны жергілікті атқарушы органның уәкілеттік берілген тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында беру не мемлекеттік қызметті көрсетілуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде көрсетіледі: 1) мемлекеттік қызмет алушы жергілікті атқарушы органға не порталға өтінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: лицензияны беру үшін – он бес жұмыс күнінен кеш емес; лицензияны қайта ресімдеу үшін – он жұмыс күні ішінде; лицензияның телнұсқасын беру үшін – екі жұмыс күні ішінде; 2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең етілген уақыты отыз минуттан аспауы керек; 3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек; 4) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап лицензияны беру үшін ұсынылған құжаттардың толық болуын тексеру екі жұмыс күні ішінде көрсетінеді. Егер белгіленген мерзімдерде лицензияны берілмеген не лицензияны беруден дәлелді бас тарту берілмеген жағдайда, оларды беру мерзімі аяқталған күннен бастап лицензия берілген деп есептеледі. 8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету (лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру) үшін мемлекеттік қызмет алушы жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығына ие болу үшін бюджетке 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі лицензиялық жарнаны қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлейді. Портал арқылы лицензияны алуға электронды сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 9. Жұмыс және мемлекеттік қызметті көрсету жұмыс кестесі: 1) жергілікті атқарушы органдарда – жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады. 3) порталда – тәулік бойы. 10. Жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күту креслолары, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. Физикалық мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызмет алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделеді. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсеткен кезде қызмет мемлекеттік қызмет алушының порталдағы жеке кабинетінде көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мыналарды ұсынады: Жергілікті атқарушы органдар арқылы: лицензияны беру үшін:
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
лицензияның телнұсқасын беру үшін:
портал арқылы: лицензияны беру үшін:
Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін жергілікті атқарушы органдар тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады; лицензияны қайта ресімдеу үшін:
Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін жергілікті атқарушы органдар тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады; лицензияның телнұсқасын беру үшін:
Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін жергілікті атқарушы органдар тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады; 12. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініш бланкісін жергілікті атқарушы органдардың осы стандартқа 1-қосымша көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан кеңселерінен не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz және жергілікті атқарушы органдардың осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарында алуға болады. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салу нысанын толтыру қажет. 13. Қызмет жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілген кезде құжаттар жергілікті атқарушы органдардың кеңселеріне осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша тапсырылады. Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау мемлекеттік қызмет алушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады. 14. Қызмет жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілген кезде мемлекеттік қызмет: 1) құжаттарды қабылдау нөмірін және күнін; 2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрін; 3) қоса берілген құжаттар санын және атауларын; 4) мемлекеттік қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын; 5) құжаттарды қабылдаған сараптамалық ұйымның жауапты тұлғасының тегін, атын, әкесінің атын; 6) мемлекеттік қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлға үшін) немесе атауын (заңды тұлға үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі. Портал арқылы ықылас білдіргенде, мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетінің» порталына ескерту жіберіледі – мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінімді қабылдағаны жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетудің күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет нәтижесі туралы есеп. 15. Қызмет жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға электрондық поштамен жолданады не мемлекеттік қызмет алушының талабы бойынша оған жеке келген кезде басылған түрінде беріледі. Портал арқылы өтінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға порталдағы жеке кабинетіне жолданады. 16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз: 1) осы субъектілер санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы; 2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жеке қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның төленбеуі; 3) мемлекеттік қызмет алушының біліктілік талаптарына сәйкес болмауы; 4) мемлекеттік қызмет алушыға лицензияны беру тиісті мемлекеттік органмен келісілмеуі; 5) мемлекеттік қызмет алушыға қатысты оған жеке қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы; 6) сот орындаушысы ұсынымының негізінде соттың мемлекеттік қызмет алушыға лицензия алуға тыйым салуы; 7) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 40-бабында көзделген негіздер негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызмет алушы жергілікті атқарушы органда не порталдағы жеке кабинетінде электрондық құжат түрінде алады. 3. Жұмыс қағидаттары 17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: 1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау; 2) сыпайы және әдепті болу; 3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну; 4) қызмет көрсету мерзімдерін және күту уақытын қысқарту үшін күш салу; 5) мемлекеттік қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету; 6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету. 4. Жұмыс нәтижелері 18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі. 5. Шағымдану тәртібі 20. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан жергілікті атқарушы органдарының заң қызметінің мамандары жүзеге асырады. Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады. 21. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым тиісті Әкімнің атына мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша: 1) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан жергілікті атқарушы органның кеңсесіне; 2) жергілікті атқарушы органның осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурсында орналасқан Әкімнің блогына; 3) портал арқылы өтіну жолымен беріледі. Шағымды жергілікті атқарушы органдардың кеңсесіне тапсырған кезде шағым жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. 22. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым тиісті әкімнің атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі. Портал дұрыс жұмыс істемеген жағдайда шағым call-орталығының (1414) телефоны бойынша беріледі. 23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолға жұмыс күндері осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады. Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне ие лауазымды тұлғаның атына жолданады. Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі. Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі. 25. Шағым жергілікті атқарушы органның кеңсесіне берілген кезде шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады. Шағым портал арқылы жөнелтілген кезде шағымды қарау барысы туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгендігі, орындалуы, қарау нәтижесі туралы белгі) мемлекеттік қызмет алушының жеке кабинетінде қол жетімді болады. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады. 26. Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты жергілікті атқарушы органдардың кеңселерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан ала алады. ______________________ |