Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының




Скачать 76.72 Kb.
НазваниеҚұрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының
Дата конвертации18.06.2013
Размер76.72 Kb.
ТипДокументы




Қазақстан Республикасы

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының

2012 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілген



Қазақстан Республикасының қалалары мен елді мекендерінде құрылыс салудың аумақтық ережелерiн әзірлеудің қағидасы

1. Жалпы ережелер мен талаптар
1. Осы мемлекеттік норматив «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

2. Осы Қағида нақты елді мекен бойынша құрылыс салудың аумақтық (облыстық, Астана және Алматы қаласының) ережелерін (бұдан әрі – (Құрылыс салу ережелері) жасауға арналған, елді мекендердің шекаралары шегіндегі қазіргі заманғы және перспективалық қала құрылысы және әлеуметтік-экономикалық даму, табиғи және басқа да жергілікті шарттар мен ерекшеліктерге қолданылады.

3. Осы Қағиданың талаптары мемлекеттiк, қоғамдық және жеке мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған бектілген қала құрылысы құжаттамасы мен қала құрылыс регламенттерін, сондай-ақ аумақтың, жылжымайтын мүліктің және тіршілік ету ортасының қалыптасқан жағдайын өзгертуге алып келетін өзге де қызмет түрлерін іске асыруға арналған.

4. Құрылыс салу ережелерi аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары, елдi мекендердiң бас жоспарлары, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, нормативтік-техникалық құжаттар негiзiнде әзiрленедi және елді мекендердің аумағында құрылыс салған кезде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді, төтенше жағдайлар кезінде құрылыстың жинақтылығын және тұрақтылығын, бөлініп берілген алаңды игерген кезде озық жол құрылысын, басқа да инженерлік коммуникациялар мен құрылғыларды пайдаланған кезде олардың сақталуын көздейді.

5. Құрылыс салу ережелерi сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жер учаскелерiн пайдалану, елдi мекендер аумағы мен қала маңындағы аймақтарды жобалау мен оларға құрылыс салу жағдайлары мен талаптарын анықтайды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктiң жаңа объектiлерiн орналастыруға және салуға немесе қолда барын өзгертуге (қайта бейiндеуге, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға, реконструкциялауға, кеңейтуге, күрделi жөндеуге) рұқсат етiлетiн рәсiмдердi өткізу тәртiбiн белгiлейдi.

6. Нақты елді мекен бойынша құрылыс салу ережелерін осы Қағиданың талаптарын ескере отырып, сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган әзірлейді, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік органмен келісіледі және облыстық (қалалық) мәслихаттар бекітеді.

7. Құрылыс салу ережелері мынадай тәртіп пен шарттарды айқындайды ж»әне бекітеді:

1) құрылыс объектісі үшін құжаттарды орналастыру, беру және құқықтық ресімдеу, оның ішінде:

елді мекеннің аумағына құрылысты кешенді орналастыру және нақты объектіге алаң таңдау;

әлеуметтік маңызы бар не мемлекеттің қорғауындағы аумақта құрылыс объектісін орналастыру және абаттандыру;

құрылыс салуға, абаттандыруға, көгалдандыруға арналған жобалау құжаттамасын бекіту және елді мекенді сәулеттік-көркемдік ресімдеу, бекітілген жобалар бойынша құрылысты жүзеге асыру және объектілерді пайдалануға қабылдау;

құрылыс объектісін құқықтық ресімдеу;

2) құрылысты жүзеге асыру, оның ішінде:

құрылыс объектісі үшін бастапқы деректерді беру;

құрылыс объектісіне арналған жобалау құжаттамасын алдын ала келісу және жер учаскесін таңдау актісін бекіту (қажет болған жағдайда);

сараптама жүргізу (қажет болған жағдайда) және жобалау құжаттамасын бекіту;

құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру, құрылыс объектілерінің сапасын бақылау және қадағалау және құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау;

сәулет-құрылыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік жазалау шараларын қолдану;

3) мыналар:

қолданыстағы жылжымайтын мүлік объектілерін өзгерткенде (қайта жаңартқанда, қайта бейімдегенде, қайта жабдықтағанда, қайта жоспарлағанда, кеңейткенде, күрделі жөндегенде және т.б.);

кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін уақытша сауда, қызмет көрсету объектілерін, шағын сәулеттік нысандарды, сыртқы жарнаманы орналастырғанда.

8. Қағидада елді мекендер аумағының өзіндік ерекшеліктерін, олардағы құрылыстарды, елді мекендерді дамытудың, даму бағдарламаларын әзірлеген кезде тарихи, мәдени және сәулет-қала құрылысы құндылықтарын не табиғи ландшафты сақтаудың басым бағыттары бойынша мемлекеттік, өңірлік және жергілікті бағдарламаларды есепке алу туралы талаптар болуға тиіс.

9. Қағида аумақтың шекарасын,орташа қорғалатын аумақтың шекарасын және графикалық қосымшалары бар басқа да регламенттерді көрсете отырып, аумақты қала құрылысына пайдалану жоспарын жасау қажеттілігін көздеуге тиіс.

10. Қағида қала құрылысы жобаларына және жерді пайдалану құқығына арналған құжаттарға сәйкес функционалдық мақсаты бойынша және белгіленген шекара шегінде берілген аумақта құрылыс салудың қала құрылысы регламенттерін ескере отырып (шектеулер мен шарттарды), елді мекендердің аумағында сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру қажеттілігін белгілейді.

11. Ерекше қала құрылысын реттейтiн аумақтарда жылжымайтын мүлiк объектiлерiн орналастырудың, салудың немесе өзгертудiң қосымша талаптары белгiленуi мүмкiн.

12. Аса маңызды қала құрылыс тораптары (объектілері) сәулет-жоспарлық және көлем-кеңістіктің шешімдерді нақтылау мақсатында облыстың, ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдарының Сәулет-қала құрылысы кеңесінде (қажеттілігі бойынша және өкілді органдарда) қаралуға тиіс.

13. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасы болмаса, құрылысқа рұқсат етілмейді.

14. Құрылыс салу ережелері қайта игерілетін және қайта жаңартылатын аумақты жоспарлаған, онда құрылыс салған және абаттандырған кезде халықтың iс-қимылы шектеулi топтарының тұрғын, қоғамдық, өндірістік ғимараттар (үй-жайлар) мен оған iргелес жатқан аумақтағы құрылыстарға және өтпе жолдарға кіруін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды көздеуге тиіс.

15. Құрылыс салу ережелері мемлекеттік (халықаралық) маңызы бар, елді мекендердің аумағында салынуға тиіс объектілер бойынша қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы қарауды, келісуді және бекітуді көздейді.

16. Құрылыс салу ережелері ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін, қауіпсіздігін, күтіп-ұсталуын қамтамасыз ету, олардың қасбеттерін ұстау шарттарының сақталуын, қоғамдық және азаматтық мақсаттағы үй-жайлардың интерьерлерінің пайдаланылуын бақылау жөніндегі тәртіпті және іс-қимылдың жүйелілігін белгілейді.

17. Азаматтардың қалыпты демалуын және тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында Қағидада авариялық инженерлік желілердегі, жүйелердегі және коммуникациялардағы аварияларды жою жөніндегі қалпына келтіру жұмыстарын қоспағанда,түнгі уақытта (23.00-ден 6.00-ге дейін) шу шығаратын құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізуді шектеу туралы нұсқау болуға тиіс.

18. Құрылыс салу ережелері жер асты су көздерінен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін пайдалану туралы талаптар болуға тиіс. Олар болмаған немесе оларды пайдалану мүмкін болмаған жағдайда елді мекендерді сумен жабдықтау жүйелері санитарлық-эпидемиологиялық органдардың келісімі бойынша ашық су көздерінен көзделуге тиіс.

19. Жобаларды келiсу және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге  құрылыс салу ережелерi немесе оларға енгiзiлген өзгерiстер қолданысқа енгенге дейiн заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат бұрын берiлген рұқсат құжаттарында көрсетiлген мерзiм iшiнде қолданылады.

Бұл ереже жаңа талаптарды енгiзуге байланысты осының алдындағы ережелердiң қолданылуы адамдардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрудi жоймайтын жағдайларда қолданылмайды.

20. Аумақтық құрылыс салу ережелеріне экологиялық сараптамаға жүргізіледі.

2. Құрылыс салу ережелерінің құрамы және мазмұны
1.1. Құрылыс салу ережелерінің мынадай бөлімдері бар:

1. Жалпы ережелер

2. Құрылыс мақсатында қала құрылысы құжаттамасын іске асыру:

2.1. Жер учаскелерін пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары

2.2. Жер учаскесіне құқық беру

2.3. Жобаларды әзірлеу үшін бастапқы-рұқсат құжаттарының негізгі тізбесі

2.4. Жобалауға арналған тапсырманы жасау және бекіту

2.5. Жобалау алдындағы рәсімдер және бастапқы материалдарды (деректерді) беруге арналған өтініштерді қарау мерзімдері

2.6. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы. Жасау және беру тәртібі

3. Құрылыс салуды жүзеге асырған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің міндеттері, жауапкершілігі және құқықтарын қорғау:

3.1. Құрылыс процесін мемлекеттік реттеу

3.2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін субъектілердің жауапкершілігі

3.3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құқықтарын қорғау

4. Аумақта құрылыс салуды реттеу тәртібі:

4.1. Тұрғын аумақта құрылыс салу тәртібі

4.2. Қала маңындағы аумақта құрылыс салу

4.3. Құрылыс салуды реттеу аймағының аумағында және табиғи кешенде құрылыс объектілерін орналастыру және абаттандыру тәртібі

4.4. Экологиялық талаптар

5. Жобалау:

5.1.Жаңа құрылыс объектілерін жобалау және қолданыстағы объектілерді өзгерту

5.2. Жеке құрылысты жобалау

5.3. Елді мекендердің аумағандағы инженерлік желілерді және құрылғыларды жобалау және салу

5.4. Қолданыстағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды өзгерту (қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)

6. Құрылыс:

6.1. Құрылысты жүзеге асырудың жалпы тәртібі

6.2. Құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат беру тәртібі

6.3. Уақытша, сауда, қызмет көрсету жә»не жарнама құрылыстарды (объектілерді) орналастыру және салу тәртібі

6.4. Құрылыс объектісінің жобасына (жұмыс жобасына) паспорт беру

6.5. Құрылыс алаңын күтіп-ұстау жөніндегі және жүктерді тасымалдау жөніндегі талаптар

6.6. Жер үстіндегі және жер астындағы инженерлік коммуникациялар мен құрылыстарға авариялық және жоспарлы жөндеу жүргізуге ордер алу тәртібі

6.7. Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау

6.8. Құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау

6.9. Жеке тұрғын үй салу

6.10. Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау

7. Халыққа тиесілі көлік құралдарын сақтау және қызмет көрсету үшін құрылыстар орналастыру

8. құрылыс салу, жөндеу бойынша жұмыстарды және инженерлік желілердегі аварияларды жою бойынша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ережелері:

8.1. Инженерлік желілер мен құрылыстарды салу және жөндеу бойынша жұмыс жүргізу ережелері

8.2. Инженерлік желілердегі аварияларды жою бойынша қалпына келтіру жұмыстары

9. Сілтеме жасалған нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі

10. Терминдер мен анықтамалар

Құрылыс салу ережелерінде қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер сілтеме жасалған нормативтік құқықтық актілерден алынуға тиіс (9-бөлім).

11. Қала құрылыс объектілерін орналастыру мәселелерін шешу және оларды жобалау үшін бастапқы материалдарды беру тәртібін белгілейтін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да бөлімдер

Похожие:

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының
Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconҚазақстан республикасының ҚҰрылыс және тұРҒын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі
Жұмыс Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттіктің тапсырысы бойынша орындалды
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconҚұрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының
Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі, 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ», 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының...
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconСумен жабдықтау және су бұру қызметінің КӨрсетілген көлемін анықтау әдістемесі
Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы 30. 12. 2010 жылғы №611...
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconҚұрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының
Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі...
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconӘдістеме сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдалану кезінде материалдық ресурс шығындарының техникалық ЖӘне технологиялық нормаларын анықтау мазм ұ н ы
...
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconҚазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі, “Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар
Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Агенттігі арасындағы
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconБюджеттік бағдарламаның атауы
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі»
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconӘдістемелік нұСҚау елді мекендердің су бұру жүйесіне өндірістік сарқынды суларды ағызу алдында оның сынамасын іріктеу жөнінде кіріспе
Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 29. 12. 2010 жылғы №606 және 21. 01. 2011...
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық Экономикалық даму және шаруашылық істері агенттігі сауда министрлігі
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница