Конкурстық ҚҰжаттама «Петропавл қаласында «Солтүстікмемсараптама»




НазваниеКонкурстық ҚҰжаттама «Петропавл қаласында «Солтүстікмемсараптама»
страница1/6
Дата конвертации08.07.2013
Размер0.63 Mb.
ТипКонкурс
  1   2   3   4   5   6
                                                   Бекiтемiн:

«Солтүстікмемсараптама» ЕМК директоры
____________________Дорошенко В.И.

2011 жылғы "27" 08 №69 бұйрық

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

«Петропавл қаласында «Солтүстікмемсараптама» ЕМК-ның әкімшілік ғимаратының құрылысы» нысаны бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын орындауға мемлекеттік сатып алу бойынша

Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының («Мемсараптама» РМК) Солтүстік Қазақстан аумақтық еншілес мемлекеттік кәсіпорыны («Солтүстікмемсараптама» ЕМК), 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі, №15 үй, СТН 481400001290, БСН 931140000207, ЖСК KZ728560000000009852, Петропавл қаласында «БанкЦентрКредит» АҚ филиалы банкі, БСК KCJBKZKX, Кбе 16.

Веб-сайт: www.north.gosexpertiza.kz 

Тапсырысшының өкiлі бас маман Савина Людмила Михайловна, тел.8(7152)49-40-63, e-mail: north@gosexpertiza.kz.
Конкурстық құжаттама ­Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 21 шілдесінен №303-Ш «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына (бұдан әрі Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсаннан №1301 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережелеріне сәйкес әзірленді.

Аталған конкурстық құжаттамада келесі түсініктер пайдалынады:

әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерден басқа, егер оларға Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталмаған жағдайда), мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуға үміткер заңды тұлғалардың консорциум)уақытша бірлестігі.

Конкурстық құжаттама тегiн ұсынылады.

1. Жалпы ережелер

1. Конкурс «СҚО Петропавл қаласында «Солтүстікмемсараптама» ЕМК-ның әкімшілік ғимаратының құрылысы» нысаны бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарына әлеуетті жеткізушіні таңдау мақсатында өткiзiледi.

2. Жобалау-іздестіру жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа бөлінген сома 5777000 теңгені (бес миллион жеті жүз жетпіс жеті мың теңге) құрайды.

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:
      1) осы конкурстық құжаттамаға №1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын жұмыстар тiзбесiн;
      2) осы конкурстық құжаттамаға №2-қосымшаға сәйкес техникалық ерекшелікті (сатып алынатын жұмыстардың сипаты және қажетті техникалық, сапалық және эксплуатациялық (пайдалану)сипаты);
      3) осы конкурстық құжаттамаға №3 және №4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi;
      4) осы конкурстық құжаттамаға №5-қосымшаға сәйкес әлеуеттi жеткізушінің бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi;
      5) әрбiр өлшемнiң пайыздық мәнiн (№12-қосымша) көрсете отырып, әлеуетті жеткізушінің шартты бағасына әсер ететін мiндеттi өлшемдердiң тiзбесiн;
       4. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi жеткізуші конкурсқа қатысуға өтiнiммен қоса соманың бір пайызы мөлшерiнде конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз етудi төменде санамаланған нысандардың бiрiнде енгiзедi:
      1) мынадай банктiк шотқа орналастырылатын ақшаның кепiлдiк берiлген ақшалай жарнасын «Солтүстікмемсараптама» ЕМК, KZ728560000000009852, Банк "ЦентрКредит" АҚ филиалы банкте, Петропавл қаласы, БИК KCJBKZKX, СТН 481400001290, БИН 931140000207, Кбе 16. банк шотына аударады.

2) осы конкурстық құжаттамаға №7 қосымшаға сәйкес банктiк кепiлдiк.

Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмнiң өзiнiң мерзiмiнен кем болмауға тиiс.

Осы конкурстық құжаттама мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастырылды. Осы конкурстық құжаттама мәтінінің мемлекеттік және орыс тілдерінде айырмашылықтары болса, орыс тіліндегі мазмұнының күші басымдау болады.

2. Мемлекеттiк сатып алуды тапсырушысының конкурстық
құжаттаманың көшiрмесiн алған әлеуеттi өнiм берушiлерге оның ережелерiн түсiндiруi

   5. Конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi жеткізуші 2011 жылғы "23" қыркүйегі сағ.11. 00 мин. кешiктiрмей конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы жазбаша сұрау салумен жүгiнуге құқылы. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрау салуларын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелерi бойынша жiберу қажет: «Солтүстікмемсараптама» ЕМК, 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі, №15 үй, 309 бөлме.

      6. Мемлекеттiк сатып алуды тапсырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оған жауап беруге және сұрау салу кiмнен келiп түскенiн көрсетусiз:
      1) олар туралы мәлiметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзiлген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiрудi жiберуге;
      2) конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiрулердiң мәтiнiн веб-сайтта жариялауға мiндеттi.
      7. Мемлекеттiк сатып алуды тапсырушы 2011 жылғы " 27 " қыркүйегі 11 сағ.00 мин. кешiктiрмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттiк сатып алуды тапсырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген әлеуеттi өнiм берушiнiң сұрауына жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуі тиiс. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу конкурстық құжаттаманы бекiтудегi сияқты тәртiппен ресiмделедi.
      Енгiзiлген өзгерiстердiң мiндеттi күшi болады және мемлекеттiк сатып алуды тапсырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерiстер бекiтiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде тегін конкурстық құжаттаманың көшiрмесi берiлген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге жiбередi. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмiн мемлекеттiк сатып алуды тапсырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде осы өзгерiстердi әлеуеттi өнiм берушiлердiң есепке алуы үшiн кемiнде он күнтiзбелiк күн мерзiмге ұзартады.
      Мемлекеттік сатып алуды тапсырушы енгiзiлген өзгерiстер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы веб-сайтта жариялайды.
      8. Мемлекеттiк сатып алуды тапсырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмелерi берiлген әлеуеттi өнiм берушiлермен не олардың уәкiлеттi өкiлдерiмен конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн мына мекен-жайда: Петропавл қаласы, Абай көшесі,15,309 бөлмеде, 2011 жылдың «15» «қыркүйегі» 10 сағ.00 мин.кездесу өткiзедi.
      9. Мемлекеттiк сатып алуды тапсырушы әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесудiң хаттамасын жасайды, онда әлеуеттi өнiм берушiлердiң (жалға беруші) конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы олардың көздерiн көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетiледi. Хаттама әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзiлген күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурстық комиссияға және мемлекеттiк сатып алуды тапсырушы конкурстық құжаттама алған әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналында көрсетiлген почталық деректемелерi бойынша конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге жiберiледi.
      Мемлекеттiк сатып алуды тапсырушы әлеуеттi өнiм берушiлермен болған кездесу хаттамасының мәтiнiн веб-сайтта жариялайды.

3. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi әлеуеттi өнiм берушiлердiң ұсынуы

Конкурсқа қатысуға өтiнiм

      10. Конкурсқа қатысуға өтiнiм осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жұмыстарды орындауға конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады. Әлеуетті жеткізушілердің ұсынған конкурсқа қатысуға конкурс өтінімінің қолдану мерзімі конкурс өтінімдерін ашқан күннен 35 күннен кем болмауы керек.

    11. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды тапсырушыға беретiн конкурсқа қатысуға өтiнiм мыналарды қамтуға тиiс:
      1) әлеуеттi өнiм берушi осы конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтiнiмдi;
      2) әлеуеттi өнiм беруші оның жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау ретiнде ұсынатын құжаттардың тiзбесiн:
      құқықтық қабiлеттiлiгiн (заңды тұлғалар үшiн), жеке тұлғалар үшiн азаматтық қабiлеттiлiгiн (кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде тiркелгенi туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлiгiнiң көшiрмесi) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
      заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынуға тиiс. Қазақстан Республикасының резидентi еместер мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiне аудармасымен сауда тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн ұсынуға тиiс;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарды орындауға және көрсетiлетiн қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
      заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi. Егер заңды тұлға қызметiн заңнамада белгiленген тәртiппен Типтік жарғы негiзiнде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттiк тiркелгенi туралы өтiнiмнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
      құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзiндiсi не конверттердi ашу күнi алдындағы бiр айдан бұрын берiлген акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен нотариалдық куәландырылған үзiндi;
төлем қабiлетiн растайтын құжаттарды:
әлеуеттi жалға берушiге қызмет көрсететiн банктiң немесе банк филиалының қолы мен мөрi бар әлеуеттi берушiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген осы конкурстық құжаттамаға №8 қосымшаға сәйкес Екiншi деңгейдегi банктердегi, кредиттiк серiктестiктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының Типтік жоспарына сәйкес банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осы анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын күннiң алдындағы бiр айдың iшiнде берiлуi тиiс;
      бiрiншi басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу ағымдағы жылдың 30 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде жүргiзiлсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылуы мүмкiн;
      конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы бiр айдың iшiнде берiлген бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейiнге қалдырылған кездегi жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендiгi туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
      Конкурстық құжаттама әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiммен бiрге жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу сомасының жүз процентiне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше банк-резиденттердiң банктiк кепiлдiктерi түрiнде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы осы конкурстық құжаттаманың 9 қосымшасына сәйкес төлем қабiлеттiлiгi туралы жалпы бiлiктiлiк талабына сәйкестiгiн растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиiс. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуеттi өнiм берушiлерге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толық орындау үшiн конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмге берiледi;

Әлеуетті өнім жеткізуші, сонымен қатар қатыстырылатын қосалқы мердігерлерді жалпы біліктілік талаптарға сәйкестілігін келесі құжаттардың бірін ұсыну арқылы растауға құқылы:

А) халықаралық рейтингтік ұйымның әлеуетті өнім берушіге рейтинг бергендігін растайтын құжат;

Б) әлеуетті өнім берушінің биржаның ресми листингіне енуі туралы қор немесе сауда биржасынан үзінді;
      3) әлеуеттi өнім берушiнiң арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң және олардың қосалқы мердігерлерінің осы талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы бiлiктiлiк және өзге де талаптардың толық тiзбесiн қамтитын осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi;

Әлеуетті жеткізуші жұмысқа қосалқы мердігерлерді қатыстырған жағдайда, әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысына қатыстырылатын қосалқы мердігерлерінің жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.

Конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер және әлеуетті жеткізушінің қосалқы мердігерлерге қосалқы мердігерлікке жұмыс ауқымының (жобалау-іздестіру жұмыстарының бағасы) екеуден артық беруге тыйым салу шаралары конкурсқа №10 қосымшаға сәйкес

     4) қызметтердің кызмет көрсету мерзімдерінің және немесе ауқымдарының техникалық сапалық және пайдалану сипаттарын қызмет көрсетудің кестесін (әдістерін)және шарттарын көрсетумен техникалық ерекшелiкті, жұмыстарды орындау шарттары, жобалау-іздестіру жұмыстары сапалылығына кепіл беру (орындалған жұмыстарды тапсыру-қабылдау актісіне тараптардың қол қойған күнінен бастап 3 жыл кепілдеме мерзімі,техникалық тапсырмаға, СНжЕ нормалары мен талаптарына сәйкестілігі, құрылыс барысында жұмыс түрлерін қайта келіскен жағдайда жобалауды қайта есептеуге және түзетуге),

      5) банктiк кепiлдiк не мемлекеттiк сатып алуды тапсырушының банктiк шотына орналастырылатын кепiлдiк берiлген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрiнде Заңда белгiленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi;
      6)өтінімде конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін критерийлер болса, оларды растайтын құжаттардың болуы.

      7) әлеуеттi өнiм берушiнiң жарғысына сәйкес сенiмхатсыз қол қою құқығы бар әлеуеттi өнiм берушiнiң бiрiншi басшысын қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң мүдделерiн бiлдiретiн адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтiнiмге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берiлетiн сенiмхат.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның – әлеуеттi өнiм берушiнiң өтінімі құрамында сонымен қатар арнайы мемлекеттік орган берген заңды тұлғаның білімсіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі болуы тиіс (мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқыққабілеттігінің болуын растау үшін).

Әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса осы бапта бекітілген Қазақстан Республикасының резиденттері сияқты біліктілік талаптарға сәйкестілігін растайтын құжаттарды немесе нотариуспен куәландырылған конкурстық құжаттаманың тілге аударылған Қазақстан Республикасының әлеуетті жеткізуші резиденті еместің біліктілігі туралы сол сияқты мәліметтерді ұсынады.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Конкурстық ҚҰжаттама «Петропавл қаласында «Солтүстікмемсараптама» iconКонкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерге Конкурстық құжаттама бойынша түсініктеме беру
Республикасының 21. 07. 2007ж. №303 «Сатып алу» Заңының 5 бабына сәйкес, жылдық жоспарды конкурстық құжаттаманың Ережеге 2 қосымшасында...
Конкурстық ҚҰжаттама «Петропавл қаласында «Солтүстікмемсараптама» iconКонкурстық құжаттама
Жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі, кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылмайтын Ақсу қаласында жақсартылған 4 бөлмелі...
Конкурстық ҚҰжаттама «Петропавл қаласында «Солтүстікмемсараптама» iconКонкурстық ҚҰжаттама мемлекеттік сатып алу бойынша
Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Қостанай облыстық кітапханасы” мм ғимаратын күрделі жөндеуге арналған...
Конкурстық ҚҰжаттама «Петропавл қаласында «Солтүстікмемсараптама» iconКонкурстық ҚҰжаттама жұмыстарды конкурстық тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша
«Серебряково кентін сумен қамту (ескі бөлігі)» сараптаманың оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттамалар дайындау
Конкурстық ҚҰжаттама «Петропавл қаласында «Солтүстікмемсараптама» iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама
Конкурстық ҚҰжаттама «Петропавл қаласында «Солтүстікмемсараптама» iconСолтүстік Қазақстан облысында және Петропавл қаласында 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтердің қолданысы

Конкурстық ҚҰжаттама «Петропавл қаласында «Солтүстікмемсараптама» iconКонкурстық ҚҰжаттама

Конкурстық ҚҰжаттама «Петропавл қаласында «Солтүстікмемсараптама» iconКонкурстық ҚҰжаттама

Конкурстық ҚҰжаттама «Петропавл қаласында «Солтүстікмемсараптама» iconКонкурстық ҚҰжаттама

Конкурстық ҚҰжаттама «Петропавл қаласында «Солтүстікмемсараптама» iconКонкурстық ҚҰжаттама

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница