Жұмыстарды сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»




Скачать 99.87 Kb.
НазваниеЖұмыстарды сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
Дата конвертации10.07.2013
Размер99.87 Kb.
ТипДокументы
Жұмыстарды сатып алу туралы

КЕЛІСІМШАРТ №
Алматы қ. « »_____________ 2009 жыл
(1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 13.07.2009 ж. күнгі № І-29/705.1 Сенімхатының негізінде әрекет етуші «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарушы директоры – «Хабар» Агенттігі» АҚ АФ директоры С.В. Федорова атынан, бірінші тараптан, және

(2) ____________________________________ алдағы уақытта «Орындаушы» деп аталып, _______________________________________ негізінде әрекет етуші _______________________________________ атынан, екінші тараптан, алдағы уақытта бірлесіп «Тараптар» деп атала отырып, « »______________ 2009 ж. күні болған баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алу қорытындыларының хаттамасы негізінде (алдағы уақытта – Келісімшарт) қол қойды және төмендегідей келісімге келді:


  1. Келісімшарт негізі

1.1. Орындаушы жылыту жүйесін тұщыту және шаю арқылы профилактикалық жұмыстарды жүргізу, соның ішінде жылыту жүйесін тұщыту және шаю, ысырма мен тетіктер сальниктерінің құрсауларын алмастыру, жылыту жүйесінің құбырларын гидравликалық сынақтан өткізу бойынша жұмыстарды (алдағы уақытта - Жұмыс) жалпы сомасы ҚҚС қоса алғанда _________________________ ( _____________________ ) теңге (алдағы уақытта – Келісімшарт бағасы) көлемінде орындауға міндеттеледі.

1.2. Орындаушы осы Келісімшарттың 1.1. бөлімінде көрсетілген жұмыстарды Алматы қ., Желтоқсан көш., 185 мекен-жайы бойынша орындауға міндеттеледі (алдағы уақытта - Объект).

1.3. Орындаушы жұмыстарды алдын ала төлем түскен күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асыруы тиіс. Орындаушы жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға құқылы.

1.4. Жұмыстар Тапсырысшы немесе оның уәкілетті өкілі орындалған жұмыс актісіне қол қойғаннан кейін орындалды деп есептеледі.


  1. Тараптардың міндеттері мен құқықтары

2.1. Орындаушы міндетті:

2.1.1. Жұмысты тиісті сапада және өз қолымен осы Келісімшартта қарастырылған көлемде және мерзімде жүзеге асыруға және Жұмыстарды Тапсырысшыға Объектіні дұрыс пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайда орындалған жұмыстар актісі бойынша тапсыруға;

2.1.2. Жұмыстарды осы Жұмыс түрлеріне қойылатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормаларына, стандарттарына және ережелеріне сәйкес жүргізуге;

2.1.3. егер Орындаушы жұмысты орындау кезінде Келісімшарт шарттарынан Жұмыстардың сапасын нашарлатып жіберетіндей ауытқып кетсе, Тапсырысшы анықтаған мерзімде барлық анықталған кемшіліктерді Тапсырысшының талабы бойынша Тапсырысшыдан хабарландыру алған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қайтарымсыз реттеуге.

2.1.4. Жұмыстарды жүргізуге қажетті өзінің материалдарын пайдалана отырып Жұмыстарды толық көлемінде Келісімшарттың 1.2. бөлімінде қарастырылған мекен-жай бойынша орындауға.

2.1.5. Объектіде қауіпсіздік техникасы бойынша қажетті іс-шаралардың орындалуын өртке қарсы қауіпсіздікті, өндірістік санитарияны Жұмыстарды жүргу үрдісінде сақтай отырып қамтамасыз етуге;

2.1.6. орындалға жұмыстар актісі бойынша жұмыстарды «Алматытеплокомэнерго» АҚ өкілдеріне Объекті аумағы бойынша жылыту жүйесін шаюдың қажетті актілерін ала отырып тапсыруға және Объекті аумағы бойынша жылыту жүйесін шаю жұмыстарын орындау актісін Тапсырысшыға ұсынуға;

2.1.7. Жұмыстарды жүргізіп болғаннан кейін Объектінің аумағынан өзінің жабдықтарын, құрал-сайманарын, материалдарын, басқа да мүліктерін алып кетуге;

2.1.8. Тапсырысшы және Тапсырысшының Объектісінде болған үшінші жақ тұлғаларының мүлкіне, өміріне, денсаулығына зиян келтірген жағдайда Орындаушы тиісті емес/сапасыз орындалған Жұмыстардың салдарына, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған толық көлемде жауап береді;

2.1.9. Өткізу режимінің ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ Тапсырысшының жол сілтеуші өкілінің талаптарын орындауға.

2.2. Тапсырысшы міндетті:

2.2.1. Орындаушының өкілдерін Жұмыстарды орындау уақытына өткізу қағаздарымен қамтамасыз етуге;

2.2.2. орындалған жұмысты осы Келісімшарттың 3 бөлімінде көрсетілген баға бойынша және мерзім ішінде төлеуге;

2.2.3. Тапсырысшы кез-келген уақытта Орындаушы атқарып жатқан Жұмыстардың барысын және сапасын тексеруге құқылы.

2.2.4. Тапсырысшы егер Орындаушы Келісімшартты орындауға уақытында кіріспесе, Келісімшартты орындаудан бас тартуға құқылы.

2.2.5. Тапсырысшы Жұмыстардың көлеміне қажет деп тапқан кез-келген өзгерістер енгізе алады. Ол Орындаушы үшін міндетті жазбаша мынадай нұсқауларды бере алады:

- Келісімшартқа кірген кез-келген Жұмыстың көлемін үлкейту немесе қысқарту;

- Кез-келген жұмысты алып тастау;

- Жұмыстың кез-келген бөлігінің сипатын немесе сапасын немесе түрін өзгерту;

- Жұмысты жүргізуді аяқтак үшін қажетті кез-келген сипаттағы қосымша жұмысты орындау.

Егер осынадай өзгерістер Жұмыстардың құнына және аяқтау мерзіміне өсу жағына қарай ықпал етсе, онда Орындаушы тараптар осы Келісімшартқа қосымша келісімге қол қойғаннан кейін ғана орындауға кіріседі.

2.2.6. Тапсырысшы Жұмыстарды жүргізу барысында Орындаушы мамандарына алып жүруді, олырдың орындалуы мен сапасын техникалық қадағалауды және бақылауды, сондай-ақ Орындаушы пайдаланатын жабдықтар мен материалдардың осы Келісімшарттың шарттарына сәйкестігін тексеруді, сондай-ақ орындалған Жұмыстар актісі бойынша нәтижелерді қабылдауды жүзеге асыратын Жұмыстар өндірісіне өзінің өкілін тағайындауға құқылы.
3. Келісімшарт бағасы және есептер тәртібі

3.1. Келісімшарт бағасы _____________ ( ___________________ ) теңгені құрайды, ҚҚС қоса алғанда.

Жұмыстар бағасына сол Жұмыстардың құны, сондай-ақ осы Келісімшартта айтылған Жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдардың құны кіреді.

Келісімшарт бағасын осы Келісімшарттың бүкіл әрекет ету мерзімі кезеңінде өсу жағына қарай өзгертуге болмайды.

3.2. Келісімшарт бағасын төлеуді Тапсырысшы келесі ретпен жүргізеді:

3.2.1. Тапсырысшы алдын ала төлемді Орындаушының шығарған төлеу есебіне сәйкес Келісімшартқа қол қойылған күннен бастап 10 (он) операциялық күн ішінде Келісімшарт бағасының 50% мөлшеріндегі Орындаушының есеп-шотына аудару арқылы жүргізеді.

3.2.2. Қалған 50% мөлшеріндегі келісімшарт құнының сомасын Тапсырысшы жұмыстарды орындау актісіне қол қойылған күннен кейін Орындаушы шығарған төлем есебіне сәйкес 10 (он) операциялық күн ішінде Жеткізушіге төлейді.

3.3. Жұмыстарды орындау көлемі мен мерзімдеріндегі немесе олардың параметрлерінің біріндегі барлық өзгерістерді Тараптар жазбаша түрде қосымша келісіммен рәсімдейді.
4. Форс-мажор

4.1. Егер игерілмейтін күш жағдайларының, яғни апаттық құбылыстар, өрт, жер сілкіністері, электр энергиясын жаппай өшіріп тастау, лаңкестік акциялар, әскери іс-қимылдар секілді төтенше және алдын алу мүмкін емес жағдайлар, жоғарғы билік органдарының шешімдер қабылдауы салдарынан осы Келісімшарт бойынша міндеттерді толықтай немесе бөлшектеп орындамағаны үшін және осы жағдайлар осы Келісімшарттың орындалуына тікелей әсер етсе, онда Тараптар жауапкершіліктен босатылады. Бұндайда осы Келісімшарт бойынша міндеттерді орындау мерзімі аталған жағдайлардың әрекет еткен уақытына мөлшерлес кейінге шегеріледі.

4.2. Егер Келісімшарттың 7.1. бөлімінде көрсетілген жағдайлар бір айдан астам уақытқа созылса, онда әрбір Тарап бір-бірін 5 (бес) күн бұрын хабарландыра отырып, Келісімшарттың күшін жоюға құқылы. Бұл жағдайда Тараптардың ешбірі қандай да бір шығынның орнын толтыруды талап етуге құқылы емес.
5. Кепілдемік міндеттер

5.1. Орындаушы кепілдік береді:

5.1.1. пайдаланылатын материалдардың, жабдықтардың тиісті сапасы Объектінің жылыту жүйесін шаю бойынша Жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкестігіне;

5.1.2. Жұмыстарды толықтай орындау сапасы қолданыстағы нормалар мен техникалық шарттарға жауап беретін Келісімшарт шарттарына сәйкестігіне;

5.2. жылыту жүйесін дұрыс пайдаланудың кепілдемелік мерзімі Тараптар орындалған Жұмыстар актісіне қол қойған күннен бастап 12 (он екі) айға орнатылады.

Егер жылыту жүйесін пайдаланудың кепілдемелік кезеңі дұрыс пайдалануға кедергі келтіретін ақаулықтар анықталса, онда Орындаушы оны өз есебінен және тапсырысшымен келіскен мерзімде жоюға міндетті.

Орындаушы растауға арналған анықталған ақаулықтар актісін құрудан немесе қол қоюдан бас тартса, Тапсырысшы ақаулықтарды және олардың сипаттамаларын тіркеу бойынша сәйкес акт құратын білікті сараптама тағайындайды, ал оның шешімі Орындаушы орындау үшін міндетті болып табылады.
6. Тараптардың жауапкершіліктері

6.1. Келісімшарт бойынша міндеттерді орындамау немесе тиісті емес орындау жағдайында, Тараптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.

6.2. Келісімшарттың 5 бөлімінде көрсетілген мерзімін, кепілдемелік қызмет көрсету шарттарын бұзғаны үшін, Орындаушы Тапсырысшының талабы бойынша мерзімі өтіп кеткен әрбір күн үшін Келісімшарт бағасының 0,5% мөлшерінде өсімпұл төлейді.

6.3. Келісімшарттың 1.3. бөлімінде көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімін бұзғаны үшін Орындаушы Тапсырысшының талабы бойынша мерзімі өтіп кеткен әрбір күн үшін Келісімшарт бағасының 0,5% мөлшерінде өсімпұл төлейді.

6.4. Келісімшартың 2.1.3. бөлім тармағында қарастырылған міндетерді орындамағын үшін Орындаушы Тапсырысшының талабы бойынша мерзімі өтіп кеткен әрбір күн үшін Келісімшарт бағасының 0,5% мөлшерінде өсімпұл төлейді.

6.5. Тапсырысшы тиісті емес сападағы Жұмыстарды төлеуден бас тартуға, ал егер бұндай Жұмыстар төленіп қойса, төленген соманы толық мөлшерінде қайтаруды талап етуге құқылы.

6.6. Тұрақсыздық төлемін төлеу, сондай-ақ шығындарды өтеу Тараптарды өз міндеттерін орындаудан босатпайды.
7. Келісімшартты бұзу

7.1. Тапсырысшы осы Келісімшартты келесі жағдайларда біржақты ретпен бұза алады:

7.1.1. егер Орындаушы бакротқа ұшырағанда немесе төлеуге қабілетсіз болғанда Орындаушыға сәйкес жазбаша хабарландыру жіберу арқылы. Бұл жағдайда бұзу жедел түрде жүзеге асырылады, және Тапсырысшы Келісімшартты бұзу шығын әкелмеген немесе әрекеттерді атқаруға не болмаса Тапсырысшыға қойылған немесе кейіннен қойылатын санкцияны қолдануға қандай да бір құқықтарға кері әсер ептеген жағдайда Орындаушыға қатысты ешқандай қаржылық міндеттерге ие болмайды;

7.1.2. Тапсырысшы Орындаушыға сәйкес жазбаша хабарландыру жібере отырып, Келісімшартты әрі қарай орындау тиімсіздігіне орай оны кез-келген уақытта бұза алады.

7.1.3. Келісімшарттың 7.2. бөлімінде қарастырылған форс-мажорлық жағдайлар туындағанда, сондай-ақ Келісімшарттың 4.2. бөлімінде қарастырылған жағдайда.

7.2. Осы Келісімшартты Орындаушы Келісімшарттың 6 бабында қарастырылған жағдайда бұзуға құқылы. Осы Келісімшартты бұзу жағдайында Орындаушы, егер осы Келісімшарттың шарттарында қарастырылмаса, хабарландыру алған сәттен бастап 5 (бес) операциялық күн ішінде Келісімшарт бойынша алынған қаржы сомаларының барлығын қайтаруға міндетті.
8. Дауларды шешу тәртібі

8.1. Осы Келісімшартқа сәйкес туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешілетін болады.

8.2. Егер осын келіссөздердің басталуынан кейін 21 (жиырма бір) күн өткен соң Тараптар келісімге келіп, Келісімшарт бойынша дауды шеше алмаса, дау Қазақстан Республикасының сот органдарының қарауына жіберіледі және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
9. Қорытынды ережелер

9.1. Осы Келісімшарт Тараптардың оған қол қою сәтінен бастап күшіне енеді және Тараптардың Келісімшарт бойынша өздеріне қабылдаған міндеттерін толықтай орындағанына дейін әрекет етеді.

9.2. Осы Келісімшарт Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған негіздеме бойынша немесе Тараптардың келісімі бойынша өзгертіле, толықтырыла немесе бұзыла алады. Оның кез-келген өзгерістері және толықтырулары егер олар жазбаша түрде жасалып, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойғанда ғана жарамды болады.

9.3. Сатып алу туралы осы Келісімшарт «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамында тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру (уақытша) Ережесінде қарастырылған шектеулерді бұзу анықталған, сондай-ақ сатып алудың ұйымдастырушысы жеткізушіге қолдау көрсеткен жағдайда кез-келген кезеңінде бұзыла алады.

9.4. Келісімшартқа өзгерістер енгізу Орындаушының таңдауы үшін негіздеме болып табылатын жүзеге асырылатын Жұмыстардың өзгеріссіз жағдайында және егер Келісімшартты орындау үрдісінде сатып алынатын баламалы Жұмыстардың құны төмендесе Жұмыс бағасын, сәйкесінше Келісімшарт бағасын да төмендетудегі Тараптардың өазара келісімі бойынша жол беріледі.

9.5. Осы Келісімшарттың барлық шарттары құпия болып табылады. Орындаушы Тапсырысшының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз кімге болмасын осы Келісімшарттың мазмұны мен қандай да бір оның ережесін, сондай-ақ осы Келісімшартты орындау үшін Орындаушы тартқан тұлғадан басқа адамдарға Тапсырысшының және оның атынан берілген техникалық құжатнаманы және ақпаратты ашуға тиісті емес. Көрсетілген ақпарат осы тұлғаға құпия түрде және келісімшарттық міндеттерді орындау үшін қажетті шамада ғана берілуі керек.

9.6. Бірінші Тарап екінші Тарапқа Келісімшартқа сәйкес жіберетін кез-кезген хабарландыру кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, телеграмма, телекс немесе факс түрінде кейіннен түпнұсқасы жіберілетін болып аттандырылады.

9.7. Хабарландыру жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күнінде (егер Хабарландыруда көрсетілсе), осы күндердің қайсысы кешірек келетіне байланысты күшіне енеді.

9.8. Тараптар бір-бірін заңды статустың, орналасу орнының, банк деректемесінің, бағыныштылықтың кез-келген өзгерісі туралы жазбаша түрде 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарландыруға міндетті.

9.9. Осы Келісімшарт қазақ тілінде екі данамен, мазмұны бойынша бірдей және бір заңды күшке ие, Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан шығарылды.
10. Ерекше шарттар

10.1. Осы Келісімшарт Тараптардың оған қол қою сәтінен бастап күшіне енеді және Тараптардың Келісімшарт бойынша өздеріне қабылдаған міндеттерін толықтай орындағанына дейін әрекет етеді.

10.2. Орындаушы өзінің осы Келісімшарт бойынша құқықтары және/немесе міндеттерін толықтай немесе бөлшектеп заңнама нормаларын (ережелерін) қолдану жолымен де, басқа да тәсілмен де Тапсырысшының келісімінсіз бере алмайды. Осы Келісімшарттың шарттарына қайшы жүзеге асырылған кез-келген осындай беру жарамсыз және тараптар және/немесе үшінші жақ тұлғалары үшін заңды салдары жоқ болып табылады.

10.3. Жаңа жағдайлар тудырған, Келісімшартпен қарастаралмаған тараптар арасындағы кез-келген келіссөздер, егер оны тараптар жазбаша формада қосымша келісім түрінде мақұлдаса жарамды болып саналады.

10.4. Осы Келісімшартты орындау кезінде тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын басшылыққа алады.

10.5. Келісімшартта көрсетілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.

10.6. Осы Келісімшартты орындау барысында туындайтын даулы мәселелерді тараптар келіссөздер жолымен шешуге міндеттеледі, ал келісім жасамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасынла қарастырылған ретпен шешіледі.

10. Заңды мекен-жайлар мен банк деректемелері

Тапсырысшы:

«Хабар» Агенттігі» АҚ

Мекен-жайы: Астана қ., Сарыарқа даң., 30

СТН 600400087853

ЖИК 000363501 «Нұрбанк» АҚ филиалында

БЖК 190501749 Алматы қ.

Кбе: 17
«Хабар» Агенттігі» АҚ

Басқарушы директоры –

Алматы филиалының директоры
__________________ Федоров С.В.




Жеткізуші:







Похожие:

Жұмыстарды сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconЖұмыстар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2010 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 13. 07. 2009 ж күнгі № і-29/705. 1 Сенімхатының негізінде...
Жұмыстарды сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconТауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 13. 07. 2009 ж күнгі № і-29/705. 1 Сенімхатының негізінде...
Жұмыстарды сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconҚызметтерді сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 13. 07. 2009 ж күнгі № і-29/705. 1 Сенімхатының негізінде...
Жұмыстарды сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconҚызметтерді сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 13. 07. 2009 ж күнгі № і-29/705. 1 Сенімхатының негізінде...
Жұмыстарды сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconЖұмыстар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2010 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 12. 07. 2010ж күнгі №01-09/818 Сенімхатының негізінде...
Жұмыстарды сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconТауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. ««2010 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 12. 07. 2010ж күнгі №01-09/818 Сенімхатының негізінде...
Жұмыстарды сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconТауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. ««2010 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 12. 07. 2010ж күнгі №01-09/818 Сенімхатының негізінде...
Жұмыстарды сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconТауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2010 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 12. 07. 2010ж күнгі №01-09/818 Сенімхатының негізінде...
Жұмыстарды сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconТауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. ««2010 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 12. 07. 2010ж күнгі №01-09/818 Сенімхатының негізінде...
Жұмыстарды сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconТауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. ««2010 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 12. 07. 2010ж күнгі №01-09/818 Сенімхатының негізінде...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница